46. «Ай, қап» журналы көтерген күрделі проблемалық мәселелерді көрсетіңіз


М.Дулатов автор ретінде "Бақытсыз Жамал" романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма? Ойыңызды дәлелдеңіз



бет4/5
Дата18.05.2023
өлшемі33,95 Kb.
#94116
1   2   3   4   5
Байланысты:
46-50

49. М.Дулатов автор ретінде "Бақытсыз Жамал" романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, даттаушы ма? Ойыңызды дәлелдеңіз.
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. 1910 жылы жарық көреді. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Сауаттысы жатып кеп оқып көзіне жас алса, сауатсыз халық сол оқығандарды жағалай отырып тыңдайтын. Сора-сора жас алып, өз бастарындағы жағдайды жіте көріп, сезіне жәбірленетін. Негізгі өзек әйел бостандығы болған соң әйел қауымы өре түрегелді. Талай басыбайлы әйел затына ой салғаны анық. Осы әйел бостандығын екі жас (Ғали мен Жамал) арасындағы махаббат мәселесі арқылы беру, романның оқырманның жанына жол тапқан кілті десек қателеспейміз.
Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға тарап, ел арасында "Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады. Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады. Жиында бітімі де, сымбаты мен сәне де, сөзі де бөлек жігіт Ғали да болады. Жастар айтысып, көңіл көтеріп отырғанда Ғали мен Жамалдың бір-біріне көңілі түсіп, сөзі жарасады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Екеуінің артынан қуғыншылар түседі. Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатқанда,аяқ асты Ғали ауырып, дүние салады. Ғали бақилық болғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешкен Жамал қыс ішінде үйінен қашып шығып, Ғалидың бейітнің басына барады. Тағдырына нала болған қыз сүйгенінің бейітінің басында жылап жатып көз жұмады.
Туындыдағы үстем тап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін. Себебі, шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген. Сонымен қатар, билік үшін қыз тағдырын аяқ асты ету, оның ішкі сезімдерімен санаспау, бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленістіре түседі.
Романның сюжетіне тоқталатын болсақ, ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады. Содан кейін қыздың өмірінде әртүрлі оқиғалар мен азапты күндері, бір-бірімен сабақтасып, махаббат жолындағы күресі суреттеледі.Қаншама тосқауылға төтеп беріп, қиын кезде қасында болған жақын адамының дүние салуы Жамалдың еңсесін түсіріп, жасытады. Ол жалғыз қалғандықтан, еріксіз Байжанның босағасын аттап, сол шаңырақта зорлық көреді. Ақыр аяғында өмірдің қиын да ащы өткелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып, қайғылы махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді. Міне, шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді даттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін. Сонымен, Міржақып Дулатұлын қаналушы таптың пұшпағын илеген, солардың тақсыретін қағазға түсіріп болсын естір құлыққа, ұғынар жанға жеткізгісі келген қаламгер деп білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет