46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата05.02.2017
өлшемі12,74 Mb.
#3473
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41

5.  Соғыстың  аяқталуы:  Соғыстың  аяқталуы 1945 жылғы  сәуірдің 16-ындаБерлин 
операциясы басталды. Оған 3,5 млн.-ға жуық адам қатысты. 
Кеңес  Одағының  батыры,  Қазақстан  республикасының  қорғаныс  министрі  Сағадат 
Нұрмағамбетов  те  Берлин  үшін  ұрыстарға  өз  жауынгерлерін  бастап  кірді.  Берлинге  шабуыл 
жасауға  жерлестеріміз  Есжанов,  И.Я.Сянов,  Х.Қайдаусов,  З.  Тұрарбеков,  Х.  Көбеков,  Т.  Би-
гелдинов,  А.Еремеев,  Н.Шелихов  және  т.б.  көптеген  адамдар  қатысты.  Жас  офицер  Р.Қош-
қарбаев  өзінің  досы  Г.Булатов  пен  бірге  рейстаг  терезелерінің  біріне  алғашқыларының  бірі 
болып  алқызыл  Жеңіс  туын  желбіретті,  ал  Орал  өңірінің  жас  офицерлері  Қ.Меденов  пен 
Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті 
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.  
1.  Екінші дүние жүзілік соғыс қай жылдары болды? 
2.  Ұлы Отан соғысы болған жылдар. 
3.  Ленинград шайқасы 
4.  Бауыржан Момышұлы кім? 
5.  Берлин операциясы басталған уақыт: 
6.  Батыр қыздарымыз: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова не білеміз? 
Ү.  Үй  тапсырмасы:  Өткен  тақырыпты  қайталап  оқу  және  сабақта  қарастырылмаған 
сұрақтарды  қосымша  оқу.  Тест  кітаптарынан  осы  тақырыпқа  байланысты  сұрақтарды  қарас-
тыру.  Қазақтың  батырлары  Әлия,  Мәншүк,  Бауыржан  туралы  түсірілген  фильмдерді  тамаша-
лау. Деңгей бойынша тыңдаушыларға слайдтар жасауға, крассворд жасауға тапсырма берілді. 
ҮІ. Бағалау 
ҮІІ. Қорытындылау 
Қорыта  келе  айтарымыз,"Ұлы  Отан  соғысы" Қазақстан тарихындағы  ең  қиын  тақырып-
тардың бірі саналады. Адамның аттары мен жер - су аттары, жылдар мен сандар  жиі кездесетін 
бұл тақырыпты жан - жақты талқылап, видеолар көрсетіп жүргізу тыңдаушыларға ерекше әсер 
етеді.Әсіресе, Әлия мен Мәншүк туралы деректі фильмдерді көргенде тыңдаушылардың бойы-
нан  қобалжу  мен  толғанысты  байқаймыз.  Олардың  ойланып,  үнсіз  қалуы  сабақтың  нәтижелі 
болғанын деп ойлаймыз. Тест, крассворд, слайд, видео тыңдау-шылардың есте сақтау қабілет-
терін арттыруға көмектеседі.  
 

93 
 
Ибраимова Ж.Т. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ  
ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының 8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің 
басты  міндеттерінің  бірі – оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпа-
раттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  жолдауында  айқандай: «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің 
қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған 50 елдің  қатарына 
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің 
алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Бұл  тұрғыда    А.Бай-
тұрсынұлы: «Шеберліктің  белгісі – түрлі  әдісті  болу».  Бір  сабақтың  өз    кезеңдерінде  түрлі 
әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. 
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын бақылаудың кең тараған түрлерінің 
бірі – тест  түріндегі  тапсырмалар. «Тест»  ағылшын  сөзі,  қазақша  «сынақ», «байқау»  деген 
мағынаны білдіреді. Ғылымда алғаш рет 1864 жылы ағылшын педагогы Дж.Фишер қолданған. 
Бақылаудың  бұл  түрі  қазір  жоғары  оқу  орындарына  түсуге  дайындауда,  әсіресе,  дайындық 
факультеттерінде  кеңінен  қолданылып  жүр.  Тесттің  бірнеше  түрлері  бар.  Олардың  негізгі 
түрлерін белгілі әдіскер-ғалым Ф.Ш.Оразбаева: 
1)  Баламалық тест; 
2)  Таңдамалық тест; 
3)  Қосымшалық тест; 
4)  Жұмбақтық тест; 
5)  Толықтырмалық тест; 
6)  Өлшемдік  тест – деп  көрсетеді.  Тестің  аталған  түрлерімен  қатар  қазіргі  уақытта 
сәйкестендіру және дұрыс жауап деген түрлері де кеңінен қолданылып жүр. 
Тест  әдісінің  басқа  бақылау  әдістерінен  ерекшелігі – тыңдаушылардың  бағдарлама 
көлеміндегі  білімін  нақтылы  әрі  толық  бақылауға  болады.  Сондай-ақ  грамматикалық  негізгі 
ұғымдар  мен  тұжырымдарды  меңгеру  деңгейлері  де  анықталады.  Әсіресе,  баламалық  және 
дұрыс жауабын табу тесін орындау барысында тыңдаушылар тілдік материалдарды салыстыра 
отырып талдау жасайды, яғни олардың ойлау қабілеттері дами түседі. 
Тест тапсырмалары мазмұнына қарай: тақырыптық, салалық, (фонетикалық, лексикалық, 
морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік т.б.) ағымдық қорытынды болып бөлінеді. Соны-
мен  қатар  мақсаты  мен  мәні,  методикасына  қарай  әртүрлі  болып  келеді.  Осы  себепті  тест 
тапсырмалары  түрлі  деңгейлік  мазмұнда  болып  келеді.  Қорытынды  тест  тапсырмалары 
біршама  күрделілігімен  ерекшеленсе,  ағымдық  бақылау  тестілері  оларға  қарағанда  жеңіл 
мазмұнға  құрылады.  Тақырыптық  немесе  салалық  тестілері  оқу  бағдарламасында  бекітілген 
тақырыпты немесе саланы тыңдаушылардың меңгеру дәрежесін анықтайды. Осы бақылаудың 
нәтижесі  арқылы  олардың  жіберген  кемшіліктері  дер  кезінде  түзетіліп,  олармен  қосымша 
жұмыс жасалады. Осыған байланысты тест құрастыруда төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс: 
1.  Сұрақтардың тақырыптан ауытқымауы 
2.  Нақты, қысқа әрі түсінікті болуы 
3.  Келтірілген мысалдар көлемі жағынан түсінікті болуы. 
Қазіргі  уақытта  білім  беру  жүйесінде  жоғары  оқу  орындарына  қабылдау  мемлекеттік 
стандарт  талаптарына  сәйкестігін  бақылаудың  бірден  бір  жүйесі – тестілік  бақылау 
болғандықтан,  дайындық  бөлімдеріндегі  басты  мақсат – тыңдаушыларды  кешенді  тестілеуге 
дайындау. Сол себепті де әр сабақта түрлі тест тапсырмаларын қолданып отыру оң нәтижесін 
берері сөзсіз.  
«Сын  есімнің  мағыналық  топтары»  тақырыбы  бойынша  жүргізілетін  тест  түрлеріне 
тоқталып көрсек.  
Үй  тапсырмасын  тексеру  барысында  баламалы  (интернативті)  тест  түрін  қолданудың 
маңызы зор. Бұл тест бойынша, жауаптың үлгілері «иә – жоқ», «дұрыс-бұрыс» түрінде беріліп, 
тыңдаушылар осылардың біреуін ғана таңдап алады. Өтілген материалды еске түсіруде тестің 
бұл түрі уақыт үнемдеу жағынан да тиімді. Мысалы: үй тапсырмасына құрылған баламалы тест 
үлгісі: 

94 
 
Үйге  берілген  тапсырма: «Сын  есім.  Оның  жасалу  жолдары.  Тұлғалық  және  құрамдық 
ерекшеліктері». 
1.   Сын есім тұлғасына қарай үшке бөлінеді. 
а) иә  ә) жоқ 
2. сын есімдер құрамына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді 
а) иә  ә) жоқ 
3. Морфологиялық жағынан сын есім түрленбейтін сөз табы 
а) иә  ә) жоқ 
4. -ғыш, -гіш, -ғақ, -гек есім сөздерден сын есім жасайды 
а) иә  ә) жоқ 
5. Көнетоз, алаңғасар құрамы жағынан дара сын есімдер 
а) иә  ә) жоқ 
 
Жаңа  сабақты  бекіту  мақсатында  толықтыру  немесе  сәйкестендіру  тестерін  қолданған 
тиімді.  Толықтыру  тестінде  жаттығу  құрамындағы  сөйлемдердің  кейбір  сөздері  немесе 
тіркестері түсіріліп қалады. Тыңдаушылардың міндеті – осы көп нүктелердің орнына тиісті сөз 
не  сөз  тіркестерін  қою,  кей  жағдайда  аяқталмаған  ойды  тиянақтау.  Тестің  бұл  түрі  тыңдау-
шылардың  жаңа  сабақтың  маңызды  белгілерін,  грамматикалық  ережелерді  жадыларында 
жақсы сақтауларына мүмкіндік туғызады. Мысалы: 
1.  Сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалған сөздерді ......................дейміз 
2.  Күрделі сын есімдер дегеніміз........................................... 
3.  Негізгі  түбірсын  есімнің  өзінен  болып,  заттың  сынын,  сапалық  белгілерін,  түр  түсін 
анықтайтын сын есімнің мағыналық түрі........................... деп аталады. 
4.  Қатыстық сын есімдерге тән басты қасиеттер.................. 
1)................................................................ 
2)................................................................. 
3)................................................................. 
5. Сапалық сын есімдерге тән басты қасиеттер 
1)................................................................ 
2)................................................................. 
3)................................................................. 
Сәйкестендіру  тесті  бойынша  екі  бағанадағы  орналасқан  фактілерді  бір  бірінің 
мағынасына, мазмұнынына байланысты тауып, таптастырады. 
Сын есімнің талдамасының сәйкесін тап. 
1)  Ашық             а) туынды, қатыстық 
2)  Ұйқышыл      ә) туынды, сапалық   
3)  Таулы            б) күрделі, күшейтпелі шырайлы 
4)  Аппақ            в) дара,туынды 
Жауабы: а)1Ә, 2А, 3В, 4Б 
Ә) 1а, 2ә, 3б, 4 в 
Б) 1в, 2Ә, 3б, 4ә 
В) 1ә, 2в, 3а, 4б 
1) негізгі сын есім а) түрлі сөзжасамдық жұрнақтыр арқылы жасалады 
2) туынды сын есім ә) ары қарай бөлшектенбейтін түбір тұлғалы сын есім 
3) дара сын есім  б) кемінде екі түбірдің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалынған 
сын есім 
4) күрделі сын есім в) бір ғана түбірден құралған сын есім 
Сабақты бекіту немесе қорытындылау кезеңінде дұрыс жауабын таңдау тесін қолдануға 
болады.  Тестің  бұл  түрін  ауызша  да  жүргізуге  болады.  Дұрыс  жауабын  таңдау  тесі  арқылы 
тыңдаушылар  тілдік  материалдарға  салыстыра  отырып  талдау  жасау  арқылы  логикалық  ой 
қорытындысын жасайды. Дұрыс жауаптың неліктен дұрыс екенін, қате жауаптың неліктен қате 
екенін дәлелдеп шығады. 
1)  Негізгі сын есімді көрсет 
А) ақылды, арлы 
Ә) жазған, оқыр 
Б) ана, мына 
В) белсенді, еңбекқор 

95 
 
2) Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты тап 
А) биіктеу адам 
Ә) малды ауыл 
Б) кішкене төбешік 
В) белсенді, еңбекқор 
2) Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты тап 
А) биіктеу адам 
Ә) малды ауыл 
Б) кішкене төбешік 
В) баспахана үйі 
Г) сынайы бала 
3) Күрделі сын есімді тап 
А) тұп-тұнық 
Ә) жақсырақ 
Б) биіктеу 
В) қызғылтым 
Г) көгілдір экран 
4) Сапалық сын есімді тап 
А) үлкен үй 
Ә)сүтті сиыр 
Б) малды ауыл 
В) құмды жер 
Г) қарлы қыс 
5) Қатыстық сын есімді тап 
А) ыстық күн 
Ә) жұмыр ағаш 
Б) орманды өлке 
В) қызыл орамал 
Г) қою шай 
6) Сын есімнің салыстырмалы түрін көрсет 
А) жеп-жеңіл 
Ә) ауыр 
Б)ірірек 
В) қараша  
Г) ашық 
7) Сын есімнің күшейтпелі түрін көрсет 
А)ұзындау 
Ә) сүйкімді 
Б) әп-әдемі 
В) бостау 
Г) қысқаша 
8) Сын есімнен болып тұрған толықтауышты тап 
А) Ол көршімен әңгімелесті 
Ә) Мен сізбен ақылдассам 
Б)Жаманға сөз айтпа 
В) Елу-беске бөлінеді 
Г) Өнерлі жетер мұратқа 
Сонымен,  қазақ  тілі  сабақтарында  жоғарыда  аталған  тестің  түрлерін  қолдану  арқылы 
тыңдаушылар  білімін  жүйелі  түрде  бақылауға  болады.  Бақылау  барысында  оқытушы 
тыңдаушылардың  білім  сапасын,  дағдысы  мен  іскерлік  әрекетін  дер  кезінде  бағдарлай  алады. 
Оларға  уақытында  дұрыс  нұсқау,  бағыт-бағдар  беруге  мүмкіндігі  бар,  сондай-ақ  тест  тап-
сырмалары тыңдаушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып оқытудың тиімділігіне қол 
жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. 
 
Әдебиеттер: 
1)  ҚР Білім туралы заңы 
2)  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – А., 2000 

96 
 
3)  Михайлычаев Е.А. Дидактическая тестология. –М.: Народное образование, 2001 
4)  Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана, 2002 
5)  Қазақ тілі: тест жинағы. – Алматы, 2001 
 
 
 
Игнатова Л.В., Кистаубаева А.С., Савицкая И.С.,  
Мукашева Т.Д., Бержанова Р.Ж. 
 
ПРИМЕНЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ  
В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ ПРЕПОДАВАТЕЛЯМ ЦИКЛА 
БИОТЕХНОЛОГИЧЕСКИХ ДИСЦИПЛИН 
 
В настоящее время отличительной особенностью образовательных программ становится 
их нацеленность на формирование у обучающихся готовности к инновационной деятельности, 
основанной  на  высоком  уровне  овладения  кластером  творческих  компетенций.  В  ряду 
творческих  компетенций  при  подготовке  кадров  по  приоритетным  направлениям  биотех-
нологии  особую  роль  играют  компетенции,  определяющие  способность  человека  к  твор-
ческому  саморазвитию  на  протяжении  всего  периода  профессионального  совершенствования. 
Наличие  указанных  компетенций  у  выпускника  вуза  делает  его  конкурентоспособным  в 
условиях динамичных изменений в областях знаний, определяющих становление в Казахстане 
инновационной экономики. 
В  новой  образовательной  парадигме  студент  из  пассивного  потребителя  знаний  должен 
превратиться  в  активного  субъекта,  умеющего  грамотно  сформулировать  проблему,  про-
анализировать  возможные  пути  ее  решения,  найти  оптимальный  результат  и  доказать  его 
правильность.  То  есть,  по  сути,  речь  идет  об  изменении  парадигмы  обучения  на  парадигму 
образования. 
Важной  педагогической  задачей  высшей  школы  является  подготовка  специалиста, 
имеющего  определенные  профессиональные  качества  (профессиональные  компетенции)  и 
обладающего ключевыми компетенциями через повышение качества подготовки. С этой целью 
проводится  большая  работа  по  совершенствованию  форм  и  методов  обучения,  обеспечи-
вающих  развитие  мыслительной  деятельности,  познавательной  активности,  овладение  зна-
ниями,  умениями,  навыками.  Это  формы  и  методы  проблемного  обучения,  практико-ориен-
тированные, деятельностные  технологии, личностно-ориентированные  формы  и  методы  само-
стоятельной работы, деловые игры, ситуационные задачи. 
По  мнению  Т.Г.  Хащенко  и  Е.В.  Макаровой  целью  проектного  обучения  является  соз-
дание  условий,  при  которых  студенты  самостоятельно  и  охотно  приобретают  недостающие 
знания  из  разных  источников;  учатся  пользоваться  приобретенными  знаниями  для  решения 
познавательных  и  практических  задач;  приобретают  коммуникативные  умения,  работая  в 
различных  группах;  развивают  исследовательские  умения  (умения  выявления  проблем,  сбора 
информации,  наблюдения,  проведения  эксперимента,  анализа,  построения  гипотез,  обобще-
ния); развивают системное мышление. 
Применение  метода  проектов  в  практике  преподавания  дисциплины  «Основы  физио-
логии  микроорганизмов» позволяет  решить  проблему  различного  стартового  уровня  знаний  и 
умений студентов по дисциплинам естественно-научного цикла (химии, биологии, физике), так 
как  даже  в  одной  группе  становится  практически  невозможно  преподавание  дисциплины  без 
личностно-ориентированного  подхода.  Выбор  метода  проектов  в  качестве  дополняющего  к 
традиционной  форме  обучения  обусловлен  рядом  факторов,  выгодно  отличающих  его  от 
других  методов.  Прежде  всего,  это  возможность  своевременно  идентифицировать  пробелы  в 
знаниях студентов, приобрести новые навыки, а также возможность связать учебный процесс с 
научно-исследовательской работой. 
Метод  проектов,  безусловно,  является  исследовательским  методом,  способным 
сформировать  у  студента  опыт  творческой  деятельности.  Работа  над  проектом  вырабатывает 
устойчивые  интересы,  постоянную  потребность  в  творческих  поисках,  ибо  вне  деятельности 
интересы и потребности не возникают. 
Организация  метода  проектов  требует  от  преподавателя  большой  работы  по  конструи-
рованию  специальных  условий  для  студента  с  целью  выявления  и  развития  его  творческого 

97 
 
потенциала.  Практически,  это  заключается  в  искусственном  конструировании  проблем  и 
проблемных задач. 
Опыт применения метода проектов, описанный в литературе, дает возможность выделить 
два уровня тем для проектирования: 
 
тематические — это, как правило, индивидуальные проблемные задания, сравнительно 
небольшие по объему и включающие во все возможные варианты решения, вновь полученные 
знания; 
 
итоговые — это,  как  правило,  объемные  проблемные  задания  для  рабочих  групп,  со-
стоящих из нескольких учеников, выполняемые на протяжении длительного периода времени. 
При  организации  проектной  деятельности  студентов  учитываются  типологические 
признаки проекта: 
1.  по  доминирующей  деятельности:  поисковая,  творческая,  прикладная  (практико-
ориентированная), 
2.  предметно-содержательная: межпредметный проект, 
3.  характер контактов (среди участников одной группы), 
4.  количество участников проекта (5 человек). 
Выполнение проекта позволяет повысить успеваемость за счет обобщения, закрепления и 
повтора  учебного  материала,  организации  его  практического  применения,  устранения  про-
белов.  Благодаря  проекту  увеличивается  самооценка  студента,  обогащаются  его  социальный 
опыт, студент приобщается к творчеству, развивая свою личность. 
Можно  привести  пример  использования  проектного  метода  при  проведении  занятий  по 
дисциплине «Основы физиологии микроорганизмов». 
Студентом дается задание: Выявить микроорганизмы, обладающие ростстимулирующей 
способностью. Это задание связано с темой и календарным планом научно-исследовательского 
проекта  «Разработка  технологии  получения  препаратов  для  улучшения  плодородия  почвы», 
осуществляемого на кафедре биотехнологии КазНУ им.аль-Фараби. 
Студенты делятся на малые группы, включающие от 3-х до 4-х человек. Каждая группа 
получает  определенные  микроорганизмы  из  коллекции  кафедры  биотехнологии.  Группа 
выбирает растение, которое будет использовать в качестве тест-культуры.  
Для  эксперимента  отбирают  одинаковые  по  размерам    и  внешнему  виду  семена  одного 
сорта  с  хорошей  всхожестью.  Семена  замачивают  в  культуральной  жидкости  исследуемых 
культур  с  титром  клеток 10
-4 
КОЕ/мл.  Контролем  служат  семена,  замоченные  в  стерильной 
водопроводной воде.  
Семена помещают в стерильные чашки Петри  на фильтровальную бумагу. Длительность 
опыта  составляет  от 7 до 14 суток.  По  окончании  опыта  измеряют  длину  корней  и  стеблей 
проростков, а также подсчитывают количество листьев и заполняют таблицу.  
На  заключительной  стадии  проекта  проводится  статистическая  обработка  данных, 
оформление результатов в форме презентации и его защита. 
Исследовательские  проекты,  в  контексте  реализации  интегрированных  программ 
образования  и  науки, являются одними из  самых  сложных, и  поэтому  требуют  от  участников 
проектирования  определенных  знаний,  умений  и  навыков.  При  этом  необходимы  хорошо 
продуманная структура, обозначение целей, обоснование актуальности предмета исследования, 
обозначение  источников  информации,  продуманные  методы,  результаты.  Такие  проекты 
полностью подчинены логике исследования и имеют похожую структуру.  То есть, необходимы 
аргументация  актуальности,  принятой  для  исследования  темы;  определение  проблемы 
исследования, его предмета и объекта; обозначение задач исследования; определение методов 
исследования, источников информации; выдвижение гипотез решения обозначенной проблемы, 
определение  путей  ее  решения;  обсуждение  полученных  результатов,  выводы;  оформление 
результатов  исследования;  обозначение  новых  проблем  для  дальнейшего  процесса 
исследования.  При  использовании  данных  проектов  при  обучении  необходимо  учитывать 
готовность студентов к такому высокому уровню проектирования. 
В  настоящее  время  больший  интерес  представляет  интеграция  игровых  технологий, 
технологий  проблемного  и  проектного  обучения.  Одна  из  моделей  подобной  интеграции – 
квест-технологии.  Термин  «квест  (квестор)»  происходит  от  латинского  слова quaero – ищу, 
разыскиваю,  веду  следствие;  в  переводе  с  английского  языка quest – продолжительный 
целенаправленный  поиск,  который  может  быть  связан  с  приключениями  или  игрой;  термин 
также  служит  для  обозначения  одной  из  разновидностей  компьютерных  игр,  требующих  от 

98 
 
игрокарешения умственных задач. В обобщенном виде понятие «квест» – это игра, в которой 
необходимо  решать  задачи  для  продвижения  по  сюжету;  суть  подобной  игры  в  том,  что,  как 
правило,  есть  некая  цель,  дойти  до  ко-  торой  можно,  последовательно  разгадывая  загадки, 
каждая из которых – ключ к следующей точке и следующей задаче. 
Во  время  квеста,  разработанного  ППС  кафедры  биотехнологии  были  проверены 
теоретические  и  практические  навыки  студентов-биотехнологов.  Все  задания  проходили  в 
игровой  форме.  Главной  поставленной  задачей  являлся  поиск  противоядия  от  неизвестного 
заболевания,  созданного  сумасшедшим  ученым.  В  качестве  подсказок  студентам  раздавались 
карты-путеводители, указывающие места проведения заданий, среди которых были: 
- загадки на микробиологическую тематику; 
- сопоставление ученых с их открытиями, в том числе и профессоров КазНУ; 
- изображение форм микроорганизмов; 
-  проверка  на  знание  представителей  различных  групп  микроорганизмов  (дрожжей, 
грибов и бактерий); 
- проверка знаний на приготовление разведений и питательных сред; 
- тематическая викторина; 
- изготовление халата из подручных материалов. 
Все  конкурсы  проходили  с  использованием  иллюстрированных  материалов, 
микробиологического оборудования.  
 
 
 
Рисунок 1 - Решение проблемы методом квест-технологий  
 
Таким  образом,  проведение  подобных  занятий  позволяет  достигать  выраженныго 
командообразующего  эффекта:  дополнительное  неформальное  знакомство  студентов  между 
собой в приписываемых ролях, повышение принятие студентами друг друга, развитие чувства 
доверия,  общности  и  чувства  «мы».  В  конечном  итоге  командные  проекты  и  квест-игры 
способствуют  формированию  у  студентов  установки  на  достижение  общей  цели.  Кроме  того, 
студенты  получают  тренировку  собственного  поведения  в  нестандартных  изменчивых, 
требующих креативности и зачастую стрессоустойчивости условиях.  
 
Список использованной литературы
1.  Хащенко  Т.Г.,  Макарова  Е.В.  Интерактивные  методы  обучения  в  образовательном  процессе 
вуза (методические рекомендации для преподавателей Ульяновской ГСХА). 
 Ульяновск, УГСХА, 2011. 
 46 с. 
2.  Дворецкий  С.,  Пучков  Н.,  Муратова  Е.  Формирование  проектной  культуры // Высшее 
образование в России. – 2003. – № 4. – С. 138–144. 
3.  Ильин Г.Н. Проективное образование и становление личности // Высшее образование в России. 
– 2001. – № 4. – С. 15–22. 
4.  Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе  образования:  Учеб.  пособие 
для студентов пед. вузов и системы повышения квалификации пед. кадров / Под ред. Е.С. Полат. – М.: 
Академия, 2000. 
5.  Современные  подходы  к  компетентностно-ориентированному  образованию:  Мате-риалы 
семинара / Под ред. А.В. Великановой. – Самара: Профи, 2001. – 60 с. 

99 
 
6.  ispolzovanie-kvest-tehnologiy-v-inklyuzivnoy-podgotovke-bakalavrov-psihologo-pedagogicheskogo-
obrazovaniya.pdf 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет