46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата05.02.2017
өлшемі12,74 Mb.
#3473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41

 
Әдебиет 
1.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбаев.  Шығармаларының  екі  томдық  толық  жинағы. II том. – Алматы: 
Ғылым, 1977. - 173-174 бб. 
 
 
 
Доскалиева Р.Б., Жұбаназарова Н.С., Аяғанова А., Токсанбаева Н.Қ.,  
Жумагулова Г.Ш., Коляева М.В. 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ 
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІН ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Психологиядағы  барлық  әдістемелік  ізденістер,  адамды  жүйелі  зерттеуде  басқа  да 
ғылыми  салалар  әдістерімен  өзара  тығыз  байланыста  болу  қажеттілігімен  ерекшеленеді. 
Әсіресе, ұстанымдар мен әдістерді нақты анықталған мақсаттарға сәйкес жіктеу үлкен маңызға 
ие болып отыр. 
Диалектикалық дамудың айқындаушы маңызы психологияның әртүрлі генетикалық және 
тарихи  ұстанымдарын  алдыңғы  орынға  шығарды.  Қазіргі  психологиядағы  генетикалық  және 
тарихи  ұстанымдардың  гносеологиялық  маңызы,  бұл  ұстанымдардың  психологияның  барлық 
аймағындағы  нақты  зерттеу  әдістерін  анықтауында.  Психология  алдында  тұрған  теориялық 
және тәжірибелік міндеттердің жаңаша ұйымдастырылуына байланысты оның философиялық, 
психологиялық-педагогикалық  негіздері  жан-жақты  қарастырылуда.  Психологиялық  ғылым 
жүйесінде  осы  өзгерістерге  орай  психологиялық  қызметтің  негізгі  бағыты – психодиагнос-
тиканың зерттеу әдістерінің де өзіндік ерекшелігі бар. Психодиагностика - зерттеу барысында 
әдіс-тәсілдер мен әдістемелерді қолданудағы практикалық психологияның негізгі саласы [1]. 
Психологияның  теориялық  және  эмпирикалық  әдістері  ғылыми  психологиялық  білім 
алуға  бағытталған  жалпы  мақсатты  көздейді.  Бұл  білім  негізінде  теориялық  жалпы  бақылау 
мүмкіндігі  болатын  тәжірибелі  мәліметтер  немесе  эмпирикалық  заңдылықтарды  анықтайтын 
психологиялық  заңдар  қалыптасады.  Біз  психологиялық  зерттеу  құрылымының  негізгі 
теориялық-эмпирикалық  шеңберінде  жүзеге  асатын  әдістердің  негізгі  тобын  қарастырамыз. 
Әдетте  теориялық  әдістердің  жіктелуі  сол  немесе  басқа  да  психологиялық  теория  құры-
лымынан бөлек қарастырылмайды. Сонымен қатар негізгі эмпирикалық әдістер психологиялық 
теорияның  құрамдас  бөлігімен  байланысты  болады.  Жалпы  ғылыми  эмпирикалық  зерттеу 
әдістеріне бақылау, эксперимент және өлшеу әдістері жатады. 
Қазіргі  жүйелеуде  әдіс  және  әдістеме  ұғымдарын  ажырату  өте  маңызды.  Егер  әдістеме 
тану  жолын  эмпирикалық  мәліметтер  жиыны,  тәсілі  ретінде  эмпирикалық  зерттеу  құрылымы 

62 
 
ажыратса,  онда  әдіс  психологиялық  көрсеткіштер  мен  оларды  басқару  тәсілі  немесе 
техникасын сипаттайды . 
Б.Г. Ананьевтің көзқарасы бойынша психодиагностикада психологиялық зерттеу әдістері 
психологиялық  ғылымның  психикалық  объектілер  жүйесі,  сонымен  қатар  гносеологиялық 
объектілері болып табылады [ 2].   
Психологияда  эмпирикалық  әдістерді  қолдану  мәселелері  жүйелік  амал  талаптарына 
байланысты,  психологиялық әдістер жүйесінің түрлерін анықтау қарастырылады. Олардың бес 
деңгейін бөліп көрсетуге болады: 
1.  Әдістеме деңгейі
2.  әдістемелік тәсіл деңгейі; 
3.  әдістер деңгейі (эксперимент, бақылау және т.б.); 
4.  зерттеуді ұйымдастыру деңгейі
5.  әдіснамалық амалдар деңгейі; 
Әдіс  ұғымы  кез-келген  деңгейде  қолданылуы  мүмкін.  Мысалы  психофизикада  орташа 
қателік әдісі, әдіс шегі,  психодиагностикада жобалық әдіс (2 деңгей), психосемантикада семан-
тикалық дифференциация әдісі және репертуарлық тор әдісі (1 деңгей), даму психологиясында 
психогенетикалық  әдіс  пен  оның  көп  түрлілігін  талдайды.Психологиялық  зерттеуде  қолда-
нылатын деңгейлік бөлу әдісін Т.Д. Пирьов былай тұжырымдайды: 
1. Өзіндік әдістер (эксперимент, бақылау, модельдеу және т.б.); 
2. Әдістемелік тәсілдер; 
3.Әдістемелік амал (генетикалық, психофизиологиялық және т.б.); 
С.Л.  Рубинштейн  өзінің  «Жалпы  психология  негіздері»  атты  еңбегінде  басты 
психологиялық  әдістер  ретінде  эксперимент  пен  бақылауды  бөліп  көрсетті.  Бақылау  «ішкі» 
және  «сыртқы»  болып  екіге  бөлінеді  (өзіндік  бақылау).  Эксперимент  табиғи,  лабораториялық 
және  психологиялық-педагогикалық,  оған  қосымша  физиологиялық  эксперимент  әдістері – 
оның негізгі модификациясы (шартты рефлекс әдісі) болып бөлінеді. Сонымен қатар іс-әрекет 
нәтижесіне қарай зерттеу тәсілі мен әңгімелесу  және анкета әдістерін де қарастырады. 
Психологиялық  зерттеуде  Б.Г.  Ананьевтің  еңбектері  отандық  психологияда  жетекші 
орында болды. Б.Г. Ананьев еңбегімен таныса отырып,  болгар психологы Г.Д. Пирьов зерттеу 
әдістерін былай жүйелейді: бақылау  (объективті –тура және жанама, субъективті – тура және 
жанама),  эксперимент  (лабораториялық,табиғи  және  психологиялық-педагогикалық),  модель-
деу,  психологиялық  мінездеме,  қосымша  әдістер  (математикалық,  графикалық,  биохимиялық 
және т.б.) және арнайы әдістемелік амал (генетикалық, салыстырмалы және т.б). Бұл әдістердің 
әрқайсысы басқа да әдістер қатарына бөлінеді. Мысалы: бақылау сауалнамаға, сұрақтарға, іс-
әрекет нәтижесін оқуға бөлінеді.  
Б.Г. Ананьев Г.Д. Пирьовтың әдістер классификациясын сынай отырып, психологиялық 
зерттеу  әдістерінің  жүйесін  былай  топтастырады:1)  ұйымдастыру; 2) эмпирикалық; 3) мәлі-
меттерді өңдеу; 4) интерпретациялық . 
1. Ұйымдастыру әдісіне Б.Г. Ананьев салыстырмалық, кешендік және лонгитюдтік әдіс-
терді жатқызды. 
2.  Эмпирикалық  әдістерге  обсервациялық  әдістер  (бақылау  және  өзін-өзі  бақылау), 
эксперимент (лабораториялық, далалық, табиғи және т.б.) психодиагностикалық әдіс, іс-әрекет 
нәтижелері мен үрдісті талдау (праксиометрлік әдістер), модельдеу және биографиялық әдістер 
жатады. 
3.  Мәліметтерді  өңдеу  әдістері:  математикалық-статистикалық  талдау  және  сапалық 
сипаттау әдістер.  
4.  Интерпретациялық  әдістер:генетикалық  (филогенетикалық,  онтогенетикалық)  және 
құрылымдық әдістер (классификациялық, типтік және  т.б.) . 
М.С.Роговин мен Г.В.Залевский еңбектерінде жоғарыда аталған  зерттеулерді қарастыра 
отырып, өздерінің жүйесін ұсынады. Бұл авторлардың көзқарастары бойынша әдіс – бұл таным 
үрдісі  кезінде  объект  пен  субъект  арасындағы  қатынастардың  көрінісі.  Олар  негізгі  пси-
хологиялық әдістерді алты топқа бөлді: 
1. Герменевтивті – ғылымның ой операциялары және әдістері бөлінбеуіне сәйкес; 
2. Биографиялық – психика ғылымында таным обьектісінің тұтастығын көрсету; 
3. Бақылау – таным объектісі мен субъектісінің дифференциациясы 
4. Өзіндік клиникалық – сырттай бақылаудан ішкі механизмге ауысу міндеті; 
5. Өзіндік бақылау – алдыңғы дифференциация негізінде субъектінің  обьектіге  ауысуы; 

63 
 
6.  Эксперимент – таным  үрдісі  кезінде  субъект  ролі саналатын, объектіні тану  кезіндегі 
субъектінің белсенді қарама-қайшылығы; 
Психологтар  тек  эмпирикалық  психологиялық  әдістердің  жіктелуіне  ғана  тоқталды,  ол 
үшін  олар  модельдерді  герменевтивтік  әдістер  қатарына  қосуға  бейім  болды.  Модель – 
субъектінің объектіге және өзіне деген рефлексивті қатынасы,  субъектінің рационалды қарама-
қайшылығы [3]. 
Психологиялық  зерттеу  әдістерін  жүйелеу  мен  бейнелеудің  ерекшеліктері      зерттеудің 
эмпирикалық әдісі мен жалпы психологиялық әдістердің арасындағы ерекшелігін анықтаудағы 
белгілі  бір  жағдайлар.  Басқа  ғылымдардағы  сияқты  психологияда  әдістің  үш  класы  бөліп 
қарастырылады: 
1.  Эмпирикалық – зерттеудің  субъектісі  мен  объектісі  өзара  нақты  қарым - қатынаста 
жүреді; 
2.  Теориялық – субъект пен модельмен объект ойша әрекет етеді (зертеу нысанымен); 
3. Интерпретация немесе суреттеу – субъект сырттай объектінің белгілік- 
символдық болжамдармен (графиктермен, кестелермен, схемалармен) әрекет етеді; 
Әдістің  бірінші  тобын  қолданудың  нәтижесі  болып  құралдар  көрсеткіштерімен 
объектініің  жағдайын  бекітетін  мәліметтер,  субъектінің  жағдайы  компьютер  жады,  іс-әрекет 
өнімдері және т.б. табылады. 
Теориялық әдістерді қолдану нәтижесі табиғи тілдік, белгілік-символық және кеңістіктік-
схемалық түрінде ұсынылған. 
Интерпретациялық  суреттеу  әдісі  теориялық  және  эксперименттік  әдістерді  қолдану 
нәтижелері  мен  өзара  әрекет  ету  орындары.  Эмпирикалық  зерттеу  мәліметтері  бір  жағынан 
біріншілік өңдеуге және индуктивті гипотез, модель, зерттеу теориясын ұйымдастыру жағынан 
нәтижелер талаптарына сәйкес ұсынылады. Екінші жағынан бұл нәтижеге гипотездің сәйкестігі  
концепциясымен  бәсекелесу  терминінің  мәліметтерінің  интерпретациясы  жүреді.  Интерпре-
тация өнімі болып факт, эмпирикалық тәуелділік және гипотезді қолдау немесе  жоққа шығару 
болып табылады. 
Психологиялық зерттеулердегі теориялық әдістер түрлері: 
1.  Дедуктивті (аксиоматикалық және гипо-дедуктивті) – жалпыдан –жекеге, 
абстракциядан – нақтыға. Нәтижесі теория, заң және т.б.; 
2.  Индуктивті – фактілерді  жалпылау,  жекеден-жалпыға.  Нәтижесі-индуктивті  гипотез, 
заңдылық  жіктеу, жүйелеу; 
3.  Модельдеу – ұқсас әдістерді нақтылау, «трансдукция» жекеден-жекеге, күрделі объект 
орнына зерттеуге қолайлы қарапайым объект алынуы. 
Нәтижесі – объект моделі, үрдіс жағдайы; 
Бастауын  философиялық  психологиядан  алатын  психологиялық  теория  әдісінен  көрне-
кілі-ой  әдісін  айыру  қажет.  Ой  қорытындысы–ғылыми  фактілерге  немесе  эмпирикалық 
заңдылықтарға  сүйенбейді,  автордың  концепциялық  өзіндік  біліміне  (субъективті  шындық, 
интуиция)  негізделеді.  Көрнекі  ойшыл  психолог  философ  ретінде  өз  көзқарасы  бойынша 
психологияның  моделі  немесе  оның  жеке  құрамының  модельдерін  (тұлға  теориясы,  қарым-
қатынас, ойлау, шығармашылық, қабылдау және т.б.) тудырады. Ой қорытындысы  құрамына 
рационалды,  иррационалды  білімдерін  біріктіретін,  тұтастық  және  эмпирикалық  зерттеу 
кезінде шындықтарды түсіндіру негізі қарастырылады.  
Модельдеудің  екі  негізгі  түрі  бар:  құрылымдық–функционалды  және  функционалды-
құрылымдық.Бірінші  жағдайда  зерттеуші  оның  сыртқы  болмысына  қарай  жеке  жүйесі 
құрылымын  анықтайды.  Ол  үшін  ол  ұқсасты  (бұл  жағдайда  модельдеу)  құрастырады  немесе 
ұқсас болмысы бар басқа жүйені таңдайды. Мұндай болмыс (ұқсастықтар нәтижесінің ережесі 
негізінде) құрылымдар ұқсастығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.  Модельдеудің 
бұл түрі психологиялық зерттеудің негізгі әдісі және табиғи ғылыми психологиялық зерттеудің 
негізі  болып  табылады.  Екінші  жағдайда  модельдеудің  құрылымдық  ұқсастығы  мен  бейнесін 
зерттеуші ортақ  функциясымен  сыртқы  көріністері  және  т.б.  сипатталады.  Бұл  әдіс  көптеген  
ғылымдарда  таралған,  соның  ішінде  салыстырмалы  анатомияда,  палентологияда,  мәдениет-
тануда  және  т.б.  Басқа  адамның  психикалық  болмысын  түсіну  мүмкін  емес,  бірақ  әр 
субъектінің өзінің жеке болмысы бар, сондықтан функционалдық-құрылымдық модельдеу мен 
герменевтивтік  әдістердің  ұқсастығы  бар.  Сол  себепті  М.С.  Роговин  мен  Г.В.  Залевский 
модельдеу әдісін герменевтивтік әдістер қатарына қосты.  

64 
 
Интерпретациялық-бейнелеу  әдісі  психологиялық  зерттеуде  маңызды  роль  атқарады. 
Көбінесе зерттеушінің бұл әдістерді жете меңгеруі ғылыми бағдарламаның жетістігінің дәлелі. 
Психологиядағы  бейнелеу  әдісінің  ерекшеліктері – теорияны  сипаттау  мен  эмпирикалық 
мәліметтерді  суреттеудің  арасындағы  айырмашылық  келтірілмесе  де  В.А.  Ганзеннің  моно-
графиясында толықтай сипатталған [3]. 
Адам  зерттелуші  ретінде  іс-әрекет,  таным  субъектісі  болып  табылады.  Сондықтан 
эмпирикалық  психологиялық  әдістерін  жіктеу  кезінде  бұл  ерекшелікті  ескеру  қажет. 
Психологияда  интерпретациялық  немесе  зерттелушінің  болмысын  түсіндірудің  маңызы  зор. 
Түсіну  үрдісі  өлшеу  үрдісіне  қарама-қарсы.  Өлшеу  кезінде  зерттеу  нәтижесін  объективті 
тұрғыдан қарап,  интерпретация жасалады.  
Психологиялық зерттеудің екі спецификалық белгісін көрсететін барлық психологиялық 
эмпирикалық әдістердің орналасуын кеңістік осьтері арқылы сипаттайды. Біріншісі – зерттеуші 
мен  зерттелушінің  әрекеттерінің  бар-жоқтығы  немесе  әрекеттің  белсенділігі.  Ол  клиникалық 
экспериментте  максималды,  өзіндік  бақылауда  минималды  (зерттеуші  мен  зерттелуші  бір 
тұлға).  Екіншісі – процедураның  объективтілігі  мен  субъективтілігін  тестілеу  (немесе  өлшеу) 
және  басқа  адамның  болмысын  «таза»  түсіну, «сезіну»  эмпатия,  оның  іс-әрекетінің  тұлғалық 
интерпретациясы  болып  табылады.  Екінші  жағдайда  зерттеушінің  жеке  тәжірибесі,  жеке 
ойлары . 
Психологиялық  әдістерді  тура  бөлетін  екі  спецификалық  белгіні  басқаша  да  атауға 
болады.  Біріншісі – «екі  субъект – бір  субъект»  осін  немесе  «сыртқы  диалог – ішкі  диалог» 
түзеді.  Екіншісі – «сыртқы»  құралдар – «ішкі»  құралдар  немесе  «интерпретация»  түзеді.  Бұл 
осьтермен түзілген квадраттарда негізгі психологиялық эмпирикалық әдістерді орналастыруға 
болады.  Бұл  жерде  психологиялық  эксперимент  зерттелушімен  әрекет,  оның  болмысының 
объективті  үйлесімі болып табылады. Олардың қатарына бақылау, әңгімелесу және «архивтік» 
әдіс (іс-әрекет өнімдері мен болмысты талдау) жатады.  
Қазіргі  кезеңде  психологиялық  диагностика  зерттеулерінде  әдістер  сапалық  ерекше-
ліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: формалды және формалды емес әдістер. Формалды әдістер 
түрлері:  тестер,  сұрақ  жауап,  психофизиологиялық  әдістер  және  проектілі  техникалық  әдіс-
тер.Оларға  тән  негізгі  сипаттар:  нақты  бекітілген  ережеге  сәйкес  болуы;  зерттеу  барысында 
берілген нұсқауды дәл сақтау және процедура объективті жүргізілуі тиіс; алынған мәліметтерді 
стандартты  өңдеу  тәртібі  бойынша  қорытындылау;  диагностикалық  эксперимент  қорытын-
дыларын  жүргізу;  сенімділігі,  бұл  объектіге  қатысты  өлшеу  процедурасының  орнықтылығы;  
валидтылығы,  яғни  бұл  барлық  зерттеу  процедурасының  алынған  нәтижелер  объектілері 
қасиетіне  қатысты  болуы;  формалды  әдістер  арқылы  белгілі  бір  уақыт  аралығында  диаг-
ностикалық  ақпарат  алуға  және  индивидті  өзара  сандық,  сапалық  жағынан  салыстырмалы 
түрде сипаттауға болады. 
Формалды  емес  әдістер:  бақылау,  әңгімелесу,  іс-әрекет  нәтижесіне  талдау  жасау  әдісі. 
Психикалық процестері, қасиеттері және психикалық кейпінің жалпы көріністері мен олардың 
мазмұнына  қарай  ерекшеліктерін  білуге  болады.  Мысалы  мақсаттар  динамикасы,  тұлғалық 
қасиеттері, көңіл күйі, психикалық кейпі т.б. Кешенді психологиялық диагностикалық зерттеу 
барысында  бұл  екі  топтағы  әдістер  бір-бірін  толықтырып,  байланысты  бірлікте  қолданы- 
лады [4]. 
Психологияда, басқа ғылыми салалар, соның ішінде, жаратылыс туралы жалпы ғылымдар 
(механика,  физика  мен  химия)  әдістерін  қолданудың  ғасырлық  тәжірибесі  бар.  Шын  мәнінде 
де,  психофизика  қалыптасуымен  байланысты  эксперименталды  психология  тарихы  жалпы 
физика  әдістерін  қолданудан  басталды.  Соңғы  онжылдықтарда  жаратылыстану  әдістерін 
психологиялық  өңдеу  қарқынды  дамып  келеді.  Жоғарыда  көрсетілген,  математика – кибер-
нетикалық  әдістерді  психологиялық  әдістерге  өңдеуден  басқа  да,  салыстырмалы  психология 
мен  дифференциалды  психологияның  да  қазіргі  генетика  әдістерін  қолдануларын  атап  өтуге 
болады. Сонымен қатар, медициналық және патологиялық психологияда, нейропсихология мен 
дифференциалды психологияда жаңа биохимиялық әдістер де кеңінен қолданыс табуда. Жаңа 
биохимия  мен  фармокология  негізінде  құрылған  психофармокология  ғылыми  саласымен  қоса 
алғанда, биохимиялық әдістер жүйке – психикалық қызметті тануда жаңа мүмкіндіктер ашты. 
Салыстырмалы  психологияның  жаңа  даму  кезеңі,  жоғарғы  жүйке  қызметі  физиологиясының 
классикалық  әдісі  болып  табылатын  шартты  рефлекстер  әдісін  және  қазіргі  эксперименталды 
экологияның  ең  жаңа  әдістерін  қолданумен  байланысты.  Қазіргі  эксперименталды  психо-
логияға ең жаңа электрофизиологиялық әдістердің де әсері зор [5]. 

65 
 
Психологияның  әдістемелік  дамуындағы  жаңа  қадам,  онда  әртүрлі  әлеуметтік 
ғылымдардың  эксперименталды  емес  әдістерін  де  қолдану  болып  отыр.  Жеке  тұлғаны 
психологиялық  зерттеу  мүмкіндіктерін  кеңейтетін  бұл  әдістер  қатарына  тілтанудың 
салыстырмалы  әдісі,  әдебиеттанудағы  мәтіндік  әдіс,  тарих  ғылымындағы  құжаттану  мен 
өмірбаяндық  әдістер,  әлеуметтік  статистика  әдістері  және  т.б.  жатады.  Тарихи,  әлеуметтік 
және  дифференциалды  психологияның,  өнер  психологиясы  мен  ғылым  психологиясының, 
салыстырмалы  психологияның  дамуына  байланысты  психологиялық  зерттеу  әдістері  саны 
жағынан да, сапасы жағынан да дамып келеді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Ананьев Б.Г.О проблемах современного человекознания. - СПб.: Питер, 2000. - С.272 
2.  Корнилова  Т.В.,  Смирнов  С.Д.  Методологические  основы  психологии. - СПб.:  Питер, 2008. 
-С.70-77. 
3.  Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. - СПб.: Питер, 2008. - С.35-40. 
4.  Психологическая диагностика / Под. ред. М.К. Акимовой, К.М. Гуревича. - СПб.: Питер, 2008. -
С. 55-66. 
5.  Психодиагностика: теория и практика / Общ. ред. Н.Ф. Талызиной. - М.,1986. - С. 124-155 
 
 
 
Джанатаева А.Б. 
 
ЭКОНОМИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ                                        
 
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып 
отыр.  Тәуелсіздік  алған  қысқа  тарихи  кезең  ішінде  Қазақстан  экономикада  сілкініс  жасады, 
әлемдік  өркениетпен  ықпалдасуда,  жаңа  прогресшіл  технологияларды  пайдалануда.  Елдің 
әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары айқындалған. 
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық 
қуаты  мен  ұлттық  қауіпсіздігінің  аса  маңызды  факторлары  әрі  базасы  болып  табылатын, 
қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының 
рөлі  мен  мәні  арта  түседі.  Қоғамдық  қарым-қатынастар  жүйесіндегі  өзгерістер  өз  кезегінде 
білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла үн қосуды 
әрі  соған  сай  жауап  беруді  талап  етеді  және  де  тұтастай  алғанда  экономиканың  даму 
қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың   Қазақстан  халқына 
Жолдауында  «Осы  заманғы  білім  беру  мен  кәсіптік  қайта  даярлау, «парасатты  экономика- 
ның»  негіздерін  қалыптастыру,  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  көзқарастарды  пайда- 
лану,  инновациялық  экономиканы  дамыту  қажет.  Білім  беру  реформасы  табысының  басты 
өлшемі - тиісті  білім  мен  білік  алған  еліміздің  кез  келген  азаматы  әлемнің  кез  келген  елін- 
де  қажетке  жарайтын  маман  болатындай  деңгейге  көтерілу  болып  табылады»  делінген. 
Сондықтан да қазір еліміздің колледждерінде  мамандарды даярлау – басым бағыттардың бірі 
болып отыр.  
Экономика  пәндерін  оқытуда  білім  берудің  дәстүрлі  технологияларын  қолдану,  алды- 
мен  студенттердің  экономика  және  онымен  іргелес  ғылымдар  саласы  бойынша  білімдер- 
ді  экстенсивті  жинақтаумен  ғана  байланысты  болады.  Бірақ,  өте  кең  көлемдегі  оқу  және 
ғылыми  мәліметтерді  меңгеру  қазіргі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  болашақ  маман-
дардың  кәсіби  және  өмірлік  қалыптасуы  үшін  жеткілікті  болып  отырған  жоқ.  Сондықтан, 
ақпараттық  тех-нологияларды  меңгеру  дағдылары  нарық  жағдайында  бәсекеге  қабілетті 
тұлғаны  қалып-тастырудағы  міндетті  талапқа  айналып  отыр.  Оқытудың  жаңа  инновациялық 
технологияларын  қолдану  ғылыми  білімді  меңгеру  және  бекіту  процестерін  оңтайландыруға 
мүмкіндік береді. 
Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру – жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту  техно-
логияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге 
асыра  отырып,  оқу - тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғар-

66 
 
латуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың 
маңызы зор. 
Оқытудың  технологияларының бірі – модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту-
дың  өзегі – оқу  моделі.  Модульдік  оқыту  технологиясы-әлемдік  (Дж.  Блок,  Дж.  Керрол,  
В.  Монахов,  Р.М.  Грановская)  және  отандық  тәжірибеде  танылған  технология.  Қазақстанда 
Ж.А.  Караевтің,  Ә.  Жүнісбектің,  М.М.  Жанпейісованың  және  т.б.  ғалымдардың  оқыту  тех-
нологиялары белсенді түрде қолданылуда.        
Модуль  дегеніміз - белгілі  жүйенің  ішіндегі  бөліктердің  өзара  жинақталган  дербес 
топтамасы (С.И.Ожегов). Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз кұрылымы 
бар. Ол үш бөлімнен түрады: 
1.  Кіріспе бөлім. (модульге, тақырыпқа ену); 
2.  Сұхбат  бөлімі  (көбінесе  сұхбаттасу,  диалогты  қарым-қатынас  арқылы  білім  алушы-
лардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру); 
3.  Қорытынды бөлім. Бақылау жұмысын алу. 
Әрбір  оқу  модуліне  сағат  саны  әртүлі.  Бұл  оқу  бағдарламасы  бойынша  тақырыпқа, 
тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулін құрудың тағы бір 
ерекшілігі - оқытушының  даярлық  жүйесі.  Оқытушы  бір  оқу  модуліне  бөлінетін  сағат  санын 
анықтап  алғаннан  соң,  оның  мақсатын,  мазмұның  және  нәтижелерін,  сондай-ақ  осы  модуль 
сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.  
Кіріспе  бөлімінде  оқытушы  білім  алушыларды  оқу  модулінің  жалпы  оқытушы  осы 
модулінің  барлық  уақытында  есептелген  оқу  материалын  қысқаша  сызба,  кесте  және  т.б. 
белгілік  үлгілерде  сүйене  отырып  түсіндіреді.  Тақырып  мазмұнына  (тұтас  тақырып  немесе 
тарау  бойынша) «өсу» бағытымен - қарапайымнан  күрделіге, репродуктивтік  тапсырмалардан 
шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларға,  зерттеушілік  қызмет  элементтеріне  қарай  бірнеше 
мәрте  қайта  оралып  отыру  әр  білім  алушыға  оқу  материалымен  жүмыс  істей  отырып,  өз 
қабілеттерін, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытады.  
Сұхбаттасу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік 
пен  дағдысын  қалыптастыру  мақсатында  кейінен  алынған  білімді  талдау,  жинақтау  және 
бағалау  мақсатында  оқытудың  белсенді  формалары  қолданады.  Оқу  модулінің  сөйлесу  
бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің, екінші операционалдық - танымдық кезеңнен іске асыру 
болып  табылады.  Модульдік  оқытуда  берілген  модуль  бойынша  оқу,  тыңдау,  жазу,  сөйлеу 
әрекетгерін  меңгеру  шегіне  жету  үшін,  кем  дегенде,  әрбір  білім  алушыға  үш  деңгейлік 
тапсырмадан өз қалауынша өтуге мүмкіндік беріледі. Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда 
оқытушы  білім  алушылардың  өзара  сөйлесуін  қамтамасыз  етуге  баса  көңіл  аударады. 
Оқытушының сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылымы 
қалыптасады: 
1.  Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұнын белгілеу; 
2.  Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру; 
3.  Тақырып  бойынша  жеңілдететін  деңгейдегі  және  білім  стандартының  талаптарын 
қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау; 
4.  Осы бөліктің сабақтарында өзара пікір алмасуды қамтамасыз ету; 
5.  Білім  алушылардың  пәнге  қызығушылығын  дамытуға  арналған  шығармашылық 
сипаттағы материал дайындау. 
Қорытынды  бөлім,  тарауды  немесе  тақырыпты  оқытудың  тұтас  циклін  анықтайтын 
соңғы  бөлімі.  Ол  білім  алушылардың  сөйлесу  бөліміндегі  танымдық  қызметі  барысында 
қалыптасқан  білім,  білік,  дағдыларын  бакылауға,  тексеруге  және  бағалауға  арналған.  Осы 
бөлімде  білім  алушылар  өз  қызметін  талдайды - яғни,  баға  алады,  бұл  сонында  әр  білім 
алушының танымдық қызметінің жалпы оку нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды 
бөлімі - бақылау.  Қорытынды  бөлімінде  бақылаудың  бірнеше  түрі  бар.  Біріншісі,  міндетті - 
тестілеу. Екіншісі, оқытушының өз тандауы бойынша сынақ, бақылау жұмысы. Біз екі немесе 
одан  да  көп  бақылау  түрлерін  қолдану  қажет  деп  есептейміз.  Модульдік  оқытуда  әр  
білім алушы өзінің немен жэне қалай шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін 
анық  біледі  және  оған  қатысты  керек  материалдармен,  тәсілдермен  міндетті  түрде  қамта- 
масыз  етіліп  отырады.  Білім  алушыларға  бірін-бірі  тексеру,  багалау  еркіндігі  беріледі. 
Модульдік  оқыту  технологиясы - даралап  оқыту  ұстанымдарына  негізделгендіктен  кредиттік 
жүйемен оқитын білім  алушы жеке  бағдарлама  бойынша өз  бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік 
алады. 

67 
 
Жалпы  оқу  процесін  бүтіндей  модульдік  оқытуға  бейімдеу  ісі  оқу  пәнінің  бүтіндей 
курсын  тақырыптың  немесе  тарау,  бөлім  бойынша  модульдеуге,   сабақтың  ақпараттық - 
структуралық  компонеттерін  жасауға  тікелей  байланысты.  Сабақта  электронды  кітаптарды 
пайдаланудың  да  маңызы  зор.  Себебі,  ол  білім  алушының  танымдық  көзқарасын  қалып-
тастыруға,  ізденіс  ұлғайтуға,  шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  өзіндік  жұмыстарды  тез 
орындауға көмектеседі. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану  аса маңызды. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, 
ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында». 
Сондықтан,  әлемдік  бәсекелестікте  табысқа  жету  үшін  күшті  рух  пен  білім  қажет  
деп  білер  болсақ,  оқу  процесінде  инновацияны  қолдану – біздің  басты  міндетіміз  болып 
саналады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет