46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары


Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата05.02.2017
өлшемі12,74 Mb.
#3473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы пәнінің сипаттамасы төмендегідей. 
Тіл  білімінде  лексиканы  зерттейтін  сала  лексикология  деп  аталады.  Лексикология  тек 
сөздік  құрам  жиынтығын    ғана  емес,  тіліміздегі  сөздер  жүйесін  кешенді  зерттейтін  ғылым. 
Лексикологияны  оқып,  лексикалық  ұғымдармен  танысу  сөз  байлығын  игеруге,  әдеби  тіл 
нормасын  білуге  үйретеді, сөйлегенде, жазғанда  ойға  лайық  сөз  таңдау,  оны  орынды  қолдану 
мәдениетіне жаттықтырады. 
 

55 
 
Курс төрт модульден тұрады:  
1.Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының жалпы теориялық негіздері. Қазақ тілі  - ұлт тілі
ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл.  
2.  Қазіргі  қазақ  тілінің  семасиологиялық  сипаты.  Ұғым,  сөз,  мағына.  Лексика-семан-
тикалық  категориялар.   
3.  Қазіргі  қазақ  тілі  лексикасының  шығу  арналары.  Қазіргі  қазақ  лексикасының 
қолданылу сипаты. Сөздердің стильдік қызметі, түрлері.  
4.  Қазақ  тілдінің  фразеологиясы.  Түрлері  мен  белгілері.  Семантикалық  категориялары. 
Тақырыптық топтары. Этнолингвистикалық сипаттары. Стильдік ерекшеліктері.    
Мысалы, 1 модуль  бойынша  Қазіргі  қазақ  тілі  лексикологиясының  жалпы  теориялық 
негіздері  деген  көлемді  тақырыпта 4 СОӨЖ  бар.  Осылардың  ішінде  «Тіл  туралы  Қазақстан 
Республикасының    заңдары»  тапсырмасын  ХХ  ғасырдың 20 жылдарынан  бастап,  осы  кезге 
дейін қанадй заңдар қабылданғанын хронологиялық түрде кесте жасап, аса маңызды тұстарына 
түсініктеме жасап талдайды. 
 «Сөз  фомаларының  лексикографиялық  сипаттары»  деген  тақырып  арқылы  студенттер 
«Сөздік»  түрлері,  сөздік  қалай  жасалады,  әсіресе,  лингвистикалық  аударма  сөздіктерде, 
түсіндірме  сөздіктерде,  синонимдер  мен  антоним  сөздіктерде,  диалектологиялық, 
этимологиялық, фразеологиялық сөздіктерде  сөз формалары қалай беріледі деген сұрақтарды 
талдап,  жауап іздеп, тапсырма орындауы тиіс.  
Ал  «Сөз  мағыналарының  типтері:  лексикалық  мағына,  тура  мағына,  туынды  мағына, 
ауыспалы  мағына,  терминдік  мағына,  фразеологиялық  байлаулы  мағына,  грамматикалық 
мағына,  эмоциялық-экспрессивтік  мағына,  контекстік-стилистикалық  мағына»  сияқты 
түрлерін  саралай  алуға  негізгі  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын    негізге  ала  отырып,  бір  сөзге 
кешенді  семантикалық  талдау  жасау  тапсырылады.  Мысал  ретінде  лексиколог  ғалым 
Х.Ордабекованың  лексикалық  мағынаның  типтеріне  байланысты  көз  лексемасына  жасаған   
кешенді  лексика‐семантикалық талдау үлгісін ұсынуға болады: [2,78] 
1.  Бұл  атауыш  немесе  тура  мағынадағы  сөз:  көру  мүшесі. 
Себебі затты, құбылысты атап білдіреді. 
Бір  заттың  негізгі  атауыш  мағынасын  басқа    бір  затқа  атау 
етіп ауыстырып қолданудан туады. 
2.  Сөздің шығу тегіне байланысты – түпкі мағынадағы сөз. 
Себебі  қазіргі  қалпы  тұрғысынан  алғанда,  ары  қарай 
бөлшектенбейтін түбір ретінде танылатын  дербес сөз. 
3.  Бұл – синоним сөз. Себебі синонимдік 
қатары бар: көз, жанар, бұлақ.  
4.  Сөздердің  тіркеу  сипатына  байланысты – фразео-
логиялық  байлаулы  мағынадағы  сөз.  Себебі  орын  жағынан 
әбден  қалыптасқан,  құрамын  өзгертуге  келмейтін,  бәрі 
тұтасып  бір мағына білдіріп, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде 
қолданылатын сөйлем мүшесі. Мысалы: қас пен көздің арасы 
–  жылдам;  көзі  іліну – ұйықтау;  көзі  тайды - басқаға  назар 
аударды; көз майын тауысу.  
5.  Сөздің  стилистикалық  мағынасына  байланысты – 
бейнелі  мағынадағы  сөз.  Себебі  адамның  сезімі  мен  көңіл- 
күйіне  байланысты  айтылатын  эмоционалды  мағынада  қол-
данылатын сөз: дүниенің көзі, көкірек көзі  т.б. 
6.  Сөздің  стилистикалық  мағынасына  байланысты – тер-
миндік мағынаны иеленетін сөз. Адамда, барлық омыртқалы 
жануарларда жарық әсерін қабылдайтын мүше.   
7.  Сөздің  қолданылу  сипатына  байланысты – жалпылама 
лексикаға  тән  сөз.  Себебі  адам    баласының  күнделікті  күн-
көріс тіршілігіне қажетті. 
 
Бұндай  кешенді  семантикалық  талдау  үлгілері  практикалық  сабақтарда  жүргізіліп, 
талданып, екшеліп барып өздік жұмыс түрлеріне ұсынылады. Лексиколгия бойынша білім сапа 
нәтижесі - сөз мағынасына талдау жасауды үйрету,  меңгерту, дағдыландыру.  
 
к з 

56 
 
Дәрісханадан  тыс  өздік  жұмыстар  (СӨЖ)  студенттер  үшін  көп  ізденуді  қажет  етеді.  
Біздіңше,  бұл  жұмыстар  студенттің  іздену  қабілетін  ұштайды,  білімін  толықтыру  мақсатында 
тер  төгуді  қажет етді.  Көбінесе  жазба  жұмыстарының  түрлері   бағдарлама  бойынша  СӨЖ-ге 
жүктеледі. Қазақ тілінің лексикологиясы пәнінің төрт модульдік сипатына қарай, әр модульден 
соң  өздік жұмысының тапсырмалары беріледі.   
СӨЖ-ді ұйымдастыруда берілетін тапсырмалар:  
1.  Берілген тақырыптар бойынша реферат жазу.  
2.  Қазақ  тіл  біліміндегі  жаңа  зерттеу  бағыттарының  өтілетін  теориялық  материалдарға 
қатысына қарай, ғылыми еңбектерден конспект әзірлеу.  
3.  Лексикографиялық еңбектермен жұмыс істеу.  
4.  Тапсырма бойынша баяндамалар әзірлеу.  
5.  Тест сұрақтарына әзірлену, коллоквиум т.б.  
 
Ал нақты тапсырма түрлеріне мысалдар: 
СӨЖ №1 
БАҚ-тағы жаңа сөздердің (неологизмдер) қолданыстары 
СӨЖ №2 
Синонимдердің 
стильдік 
ерекшеліктері. (Таңдау 
бойынша көркем шығарма тіліне талдау жасау)   
СӨЖ №3 
Газет  жарнамаларындағы  терминдік  тіркестер  (Егемен 
Қазақстан  газетінен) 
СӨЖ №4 
Фразеологиялық семантиканың фреймдік негіздері 
 
Студенттер  аралық  бақылау  кезінде  үлгерім  рейтингісін  жоғарлатуға    дұрыс  балл  алу  
үшін  СӨЖ  тапсырмаларын  сапалы  орындауға  тырысады.  Мәселен,  жоғарыда  көрсетілген 
ғылыми  еңбектерден  конспект  әзірлеу,  сөздіктермен  жұмыс  істеу,  баяндама,  реферат  жазу 
студенттердің танымдық білімін тереңдетуге бағытталады. 
 Жұмыс  тәжірибесінен  байқағанымыз  СӨЖ-дің  екінші  кезеңін  коллоквиумға  арнаған 
дұрыс.  Оның  себебі 15 аптаға  қарай    өтілген  материалдарды  студенттің  қалай  меңгергенінен  
толық  хабардар  болу  үшін  тестке  ыңғайланған  сұрақтарға  дайындалтып,  ауызша  қабылдау 
керек. Бұл семестр соңындағы емтиханға студенттің сапалы дайындалуын көздейді.    
  Сонымен,  өздік  жұмыс  тапсырмаларының  негізінде  болашақ  маманның  кәсіби 
іскерлігін қалыптастыру мақсаты болу керек. Бұл ретте студенттің өз бетімен  шығырмашылық 
ізденіске бейімділігі маңызды рөл атқарды.    
   
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Н.  Назарбаевтың    «Қазақстан-2050»  Стратегиясы - қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты» атты  Қазақстан халқына Жолдауы.  Астана, Ақорда, 2012 жыл. 
2.  Ордабекова  Х.А. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. (Теория-лық және 
практикалық курс) Алматы, 2012. – 236 б.    
 
 
 
Дәдебаев Ж., Мұсалы Л. 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ  
ӘДІСТЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ  
 
Оқыту ісінде басты, жетекші тұлға – оқытушы. Оқу ісінде оқытушының орны айрықша 
жоғары  екендігіне  сөз  жоқ.  Алайда  оның  мүмкіншілігі  де  шектеулі:  біріншіден,  оқыту  ісі – 
оқытушы  мен  оқушының  берлескен,  өзара  сабақтасқан  салиқалы  еңбегі;  екіншіден,  оқытушы 
оқуға  ықыласы, саналы  сұранысы  бар, оқығысы  келетін, оқитын  жастарды  ғана  оқыта  алады, 
соларға  ғана  білім  бере  алады.  Өзінің  болашақ  кәсіби  қызметін  ұялмайтындай  біліктілікпен, 
білім  қорымен  бастау  үшін  әрбір  білім  алушы  білімін  өздігінше  жетілдіруге,  өздігінше  еңбек 
етуге университет қабырғасындағы алғашқы күндерден бастап ерекше мән беруге тиісті. Осы 
орайда  білім  алушылардың  семинар  тапсырмаларын  орындауы  мен  семинар  сабақтарына 
қатысуының нәтижелілігіне қол жеткізудің маңызы аса зор. Семинар тапсырмаларын орындау, 
семинар  сабақтарына  қатысу  мақсатында  білім  алушылардың  білімін  өздігінше  оқып, 
толықтыруының,  өздігінше  еңбектенуінің  қажеттілігі  мен  тиімділігі  жоғары  мектеп 

57 
 
педагогикасының  теоретиктері  мен  көрнекті  мамандарының  еңбектерінде  де  жан-жақты 
негізделген.  Университеттің  оқыту  технологиясы  талаптарына  сай  жұмыс  жасау  білім  алушы 
үшін де, білім беруші үшін де міндетті. 
Семинар (практикалық) сабағы білім алушынының шығармашылық ізденістерін нәтижелі 
етуге,  оның  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастыруға  негіз  болады,  творчестволық  ойлауға 
баулиды.  Іс  жүзінде  семинар  сабағының  маңызы  мен  мәніне  бірқатар  білім  алушылар  көңіл 
бөлмейді.  Көбінесе  білім  алушылардың  семинарға  дайындығының  жетімсіздігінен  сабақ 
қажетті  творчестволық  деңгейге  көтерілмей  қалып  отырады.  Бұл  жайлардың  себеп-салдарын 
әлеуметтік  сипаттағы  зерттеулер  нәтижелері  толық  ашып  берді:  әңгімеге  тартылған  білім 
алушылардың көпшілігі семинар сабақтарына тек қана оқулықтар бойынша дайындалады, енді 
бір  тобы - лекциялардың  конспектілері  бойынша,  тек  аз  ғана  топ  сабаққа  өздігінше 
дайындалып, білімін өз бетінше толықтыруды жүйеге айналдыра алған. Оқу ісінде белгілі пән 
бойынша дәрістерді бір оқытушы, семинар сабақтарын екінші оқытушы жүргізу тәжірибесі де 
бар. Қайсы бір оқытушылар білім алушылардың кәсіптік тұрғыда жетілуі мен кемелденуі үшін 
өздері тарапынан лекциялық сабақтарды жүргізу жеткілікті деп біледі. Ал семинар сабақтарын 
дәрежесі де, тәжірибесі де төмен оқытушыларға, ассистенттерге жүктейді. Пәнді оқытуды, пән 
бойынша  аудиториялық  және  аудиториядан  тыс  жұмыстарды  мұндай  бағытта  ұйымдастыру 
мен  жүргізу  білім  алушылардың  таным  белсеңділігін  талапқа  сай  арттыра  алмайды.  Шынайы 
семинар сабақтары білім алушылар үшін қайсы бір лекциялардан практикалық және теориялық 
мәні жағынан да, тағлымдық-танымдық маңызы жағынан да  әлдеқайда тиімді екендігінде сөз 
жоқ.  Өйткені  білім  алушылардың  ойлау,  ой  қорыту  және  оны  тиімді  жеткізу  қабілетін,  ең 
алдымен, тиісті деңгейде өткен семинар сабағы қалыптастырып, дамытады. 
Лекция  мен  семинар  сабақтарының,  өздік  жұмыстарының  арасындағы  байланыс  пен 
сабақтастықтың формаларын студенттер өз тарапынан бақылайтын жағдайда, сондай-ақ лекция 
мен семинар сабақтарын бір ғана оқытушы жүргізген жағдайда, мынаған көңіл аудару орынды: 
-  семинар  сабақтарына  дайындық,  негізінен,  білім  алушының  өздігінше  орындайтын 
жұмысы аясында жүзеге асырылуы шарт; 
-  оқудың  негізгі  формасы  ретінде  лекция  білім  алушылардың  өздігінше  орындайтын 
жұмысының мазмұны мен көлемін, бағдарын анықтайды; 
-  лекцияның  танымдық,  әдістемелік  (дидактикалық)  жаңашыл  сипаты  білім 
алушылардың семинар сабақтарына өздігінше дайындалуын нәтижелі, тиімді етеді. 
Білім  алушылардың  өздік  жұмысы  туралы  түсінік  түрліше.  Тіпті  білім  алушылардың 
өздік жұмысы туралы ережелердің өзінде де бұл мәселе жөнінде ғылыми негізделген, орнықты, 
тиімді,  пайдалы  қағидалар  таптырмайды.  Өздік  жұмыс  тақырыбын  білім  алушылар  өздігінше 
жұмыс  істеп,  өздігінше  игеретні,  өздік  жұмыс  тақырыптары  бойынша  лекция  оқылмайтыны, 
семинар  сабақтары  өткізілмейтіні  туралы  түсінік - өте  қате,  өте  зиянды  түсінік.  Оқу  пәнінің 
мазмұны  бойынша  өткізілетін  әрбір  аудиториялық  сабақ  міндетті  түрде  білім  алушының 
өздігінше  жасайтын  жұмыстарымен  жалғасып,  сабақтасып  жатуы  шарт.  Оқытушылардың 
тәжірибесінде    білім  алушыларға  қыруар  кітап  тізімі  беріліп,  солардың  әрқайсысын  оқу, 
әрқайсысы  бойынша  конспект  жасау  туралы  тапсырыс  берілетіні  кездеседі.  Бұл  ретте  білім 
алушылар Абайдың мына ғақлиясын есте ұстаса болады: 
«Естіген  нәрсені  ұмытпастыққа  төрт  түрлі  себеп  бар:  әуелі  көкірегі  байлаулы  берік 
болмақ  керек;  екінші - сол  нәрсені  естігенде  иә  көргенде  ғибратлану  керек;  үшінші - сол 
нәрсені  ішінен  бірнеше  уақыт  қайтарып  ойланып,  көңілге  бекіту  керек;  төртінші - кеселді 
нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз 
салғырттық,  ойыншы-күлкішілдік,  иә  бір  қайғыға  салыну,  иә  бір  нәрсеге  құмарлық    пайда 
болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер»  [1, 173-174]. 
Семинар  сабақтары  білім  алушылардың  лекция  үстінде  алған  білімдерін  одан  әрі 
тереңдету  мен  кеңейтуді,  олардың  кәсібі  құзіреттілігін,  творчестволық  ойлау  қабілеттері  мен 
шешен  әрі дәлелді, ұтымды, тапқыр сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді. Сабақ  
нәтижесінде  білім  алушы берілген  мәселе  бойынша  өздігінше  ізденіп, дайындалады  және  сол 
дайындығы бойынша сабақ үстінде сөйлеген сөзі, пікірлері (эссе, баяндама, реферат, бақылау 
жұмысы,  мақала,  т.б.)  негізінде  оқу  пәнінің  белгілі  бір  тақырыбының  табиғатын  жете  білуге, 
талдау мен жинақтауға, сондай-ақ сауатты, жүйелі, мәдениетті айта, жаза білуге дағдыланады.  
Семинарға дайындық жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: а) семинар тақырыбы бойынша 
лекцияларды  мұқият  тыңдау;  ә)  семинардың  жоспарымен  жете  танысып,  қажетті  текстер  мен 
әдебиеттерді игеру; б) оқу барысында жиналған ақпараттарды, ойларды сұрыптау, жүйелеу; в) 

58 
 
жүйеге  түскен  мәліметтерді,  ойларды  пайымдау,  талдап,  бағалау;  г)  баяндаманың  (эссе,  сөз, 
реферат, мақала, т.б.) тезистерін, толық мәтінін дайындау; д) семинар сабағы үстінде берілген 
тақырыпты талқылауға белсенді қатысу, т.б.  
Семинарды  өткізудің  жолдары  алуан  түрлі.  Олардың  бастылары  мынандай:  а)  сұрақ-
жауап тәсілі; ә) әңгіме-сұқбат; б) эссе немесе баяндама және оны талқылау; в) семинар-диспут; 
г) семинар-конференция, т.б. 
Аталған  әдістердің  қай-қайсысы  да,  ұтымды  пайдаланылған  жағдайда,  елеулі  нәти-
желерге  алып  келетіндігінде  сөз  жоқ.  Солардың  бәрінде  де  білім  алушының  творчестволық 
белсенділігі, саналы, жүйелі дайындығы аса маңызды.  
Семинар сабағын өткізудің әдісі мен жолдарын белгілеуде білім алушылардың өз қалау-
тілектері  ескеріледі.  Жоғары  деңгейде  өткен  семинар  сабағының  материалдары  баспасөз 
беттерінде жариялануға ұсынылады.  
Білім  алушылардың  семинар  сабағындағы  жұмысына  (эссесіне,  сөзіне,  баяндамасына, 
рефератына, мақаласына, бақылау жұмысына)  мынандай талаптар қойылады: 
- берілген мәселе туралы теориялық пікірлер мен ойларға сипаттама беру, тиісті жерінде 
оларға талдау жасау;  
-  берілген  мәселені  көрсетілген  мәтіндер  бойынша,  белгілі  теориялық  пікірлер  мен 
ойларға сәйкес еркін талдап, түсіндіру; 
- әдебиеттер мен мәтіндерді игеріп, пайдалануда оларға сыншылдық көзбен қарау; 
-  баяндамадағы  (эссе,  сөз,  реферат,  бақылау  жұмысындағы)  негізгі  ойларды  бір  емес, 
бірнеше фактілер (әдеби шығармадан алынған мысалдар) арқылы толық алып көрсетіп, дәлелді 
тұжырымдау; 
-  баяндаманы  (эссені,  сөз,  реферат,  мақала,  бақылау  жұмысын)  белгілі  жүйе,  жоспар 
бойынша жасау; 
- баяндамада (эссе, сөз, реферат, мақала, бақылау жұмысында) айтылған ойлардың өзара 
сатылы немесе жарыспалы түрде байланыста болуы; 
-  баяндамашының  өз  ой-тұжырымдары  арқылы  тыңдаушылар  арасында  пікір  жарысын 
туғызуы; 
- талданып отырған құбылыстарды ғылыми тұрғыдан бағалау; 
- талданып отырған құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық қатынас пен байланыстың 
сипатын ашу; 
- баяндамашының сөзінің нақтылығы және әсерлілігі; 
-  баяндаманың  (эссе,  сөз,  реферат,  мақала,  бақылау  жұмысының)  безендірілу  тәртібі, 
пайдаланылған әдебиеттердің тізімінің жасалу жөні туралы талаптардың орындалуы, т.б. 
Баяндаманы (эссе, сөз, реферат, мақала, бақылау жұмысын)  10 минутқа жоспарлау жөн. 
Оның 2-3 минутын – кіріспе бөлімге, 3-2 минутын қорытынды бөлімге арнаған дұрыс болады. 
Кіріспеде  баяндаманың  (эссе,  сөз,  реферат,  мақала,  бақылау  жұмысы)  тақырыбының 
маңыздылығы,  оны  игерудің  білім  алушыла  үшін  практикалық  және  теориялық  мәні 
анықталады.  Соған  сәйкес  баяндамада  (эссе,  сөз,  реферат,  мақала,  бақылау  жұмысында) 
шешімін табуға тиісті  бірқатар басты ғылыми-оқу сипатындағы міндеттер белгіленеді. Сондай-
ақ  жұмыс  тақырыбының  салыстырмалы  әдебиеттануда,  әдеби  компаративистикада  игерілу 
жайына сипаттама берілген дұрыс (ұсынылған әдебиеттер негізінде) . 
Қорытындыда  баяндаманың  (эссе,  реферат,  мақала,  бақылау  жұмысы)  тақырыбынан 
туындайтын мәселелерді талдаулардан туындайтын ойлар жинақталады. 
Әрбір  студент  семинар  сабағының  тақырыбын,  ол  тақырыптың  құрамдық  бөліктерін 
(тақырыпшаларын),  оларды  игерудің  жолдарын  еркін  біліп  шығуға  тиісті.  Әр  тақырыпты 
немесе  оның  белгілі  құрамдық  бөліктерін  (тақырыпшаларын)  оқып-үйрену  барысында, 
олардың  жалпы  және  жалқы  сипаттағы  ең  басты,  маңызды  деген  қырларын  анықтап  алудың 
маңызы зор. Бұл арқылы студент берілген тақырыптың өзекті мәселелерін тани білуге, пайым-
дауға,  оларды  талдау  мен  бағалаудың  бірден-бір  тиімді  жолдарын  анықтауға  машықтанады. 
Мұның  өзі  студенттін  таным,  творчестволық  ойлау  белсенділігін  арттыратын  басты  шарт-
тардың бірі болып табылады. 
Баяндаманың  (эссе,  сөз,  реферат,  мақала,  бақылау  жұмысын)  қағаздан  бас  алмай  оқу 
жұрттың тыңдауға деген ықыласын сейілтіп жіберуі мүмкін. Сондықтан кей тұстарда, оңтайлы 
сәттерде,  баяндамашы  өз  ойларын  аудиториямен  бетпе-бет  тұрып  айтуды  ескеруі  керек. 
Мұндай  сәттерді  ол  күні  бұрын  белгілеп,  баяндаманың  (сөз,  эссе,  реферат,  бақылау  жұмы-

59 
 
сының) мәтініне қарамай сөйлеуге алдын ала дайындалғаны оңды. Баяндамашы аудиториямен 
тығыз байланыста болудың басқа да жолдарын қарастырғаны жөн.  
Аудиториядағы  білім  алушылар  баяндаманы  (сөз,  реферат,  бақылау  жұмысын)  зейін 
қойып  тыңдауға  тиісті.  Баяндаманың  (сөз,  реферат,  бақылау  жұмысының)  мазмұны,  жүйесі, 
тілі,  баяндамашының  баяндау  шеберлігі  немесе  кемшілігі  туралы  ойлары  мен  ескертулерін 
әркім өз дәптерлеріне жазып отыруға міндетті. Білім алушы үшін мұның пайдасы мол. Сабақ 
барысында  туған  ойлары  мен  ескертулерін,  нақты  ұсыныстарын,  сұрақтарын  өз  дәптеріне 
түсірмеген  және  ондай  ойларын  ортаға  салмаған  білім  алушы  семинар  материалдарын 
игермеген болып саналады. Ал баяндама (сөз, реферат, мақала, бақылау жұмысы) бойынша өз 
ойлары  мен  ұсыныстарын,  ескертулерін  айтып,  сұрақтар  қойып,  пікір  жарысының  тууына 
жағдай  жасап  отыратын  білім  алушылардың  сабаққа  деген  ынта-ықыласы  мен  белсенділігі, 
нәтижелілігіне  қарай,  баяндамашының  еңбегімен  тең  дәрежеде,  тіпті  оданда  жоғары  бағалана 
алады.  
Баяндама  (сөз,  реферат,  мақала,  бақылау  жұмысы,  т.б.)  аяқталған  соң,  білім  алушылар 
баяндамашыға  сұрақтар  қояды.  Бұл  жерде  баяндамашыға  қойылатын  сұрақтың  сипаты, 
мазмұндылығы,  жалаңдығы  немесе  тереңдігі  сұрақ  қоюшының  өз  білімі  мен  баяндаманы 
қаншалықты зейін қойып тыңдағандығын білдіретінін есте ұстау керек. 
Баяндамашы  өзіне  қойылған  сұрақтарға  жауап  беріп  болған  соң,  баяндаманы  талдау 
басталады.  Бірінші  болып  баяндама  бойынша  алдын  ала  белгіленген  оппоненттер  (екі  оппо-
нент) сөйлейді. Оларды сөзінен кейін жарыс сөз басталады. Жарыс сөзге шығушылар баяндама 
(сөз, эссе, реферат, мақала, бақылау жұмысы, т.б.) және ол бойынша сөйлеген оппоненттердің 
сөздеріне  қатар  баға  береді,  оларды  толықтырып,  ескертулерін  айтатын  болады.  Оппоненттер 
мен жарыс сөзге шығушылар өз сөздерінде баянадаманың (сөз, реферат, бақылау жұмысырың) 
мазмұны  мен  жүйесіне  қойылатын  жоғарыдағы  талаптарды  басшылыққа  ала  отырып,  оның 
ғылыми  тереңдігі  мен  мазмұндылығын,  формалық  жүйесін,  баяндамашының  білім  қорын, 
теориялық қағидаларды әдеби құбылысты тану мен талдауға пайдалану машығы мен өздігінше 
ой  өрбіту,  ой  қорыту  қабілеті  деңгейін  анықтайды,  оның  зерттеушілік,  шешендік,  педагоги-
калық ізденістеріне баға береді. 
Семинар  сабағында  сөз  алған  білім  алушылардың  бәрі  де  ойларын әдеби  тілмен, әдепті 
және оралымды жеткізе білуге ерекше назар аударуға міндетті. Сондай-ақ басқалардың қойған 
сұрақтарын  немесе  ескертулерін  байыппен  тыңдап,  оларға  байланысты  өз  ойларын  қызбай, 
асығып-аптықпай, байсалды баяндау да студент аса маңызды. 
Білім алушылар үшін семинар сабақтарында сөйлеген сөздерін, жасаған баяндамаларын, 
айтқан  ойларын  біртіндеп  тереңдетіп,  кеңейтіп  отырған  тиімді.  Оларды  кеңейтіп,  тереңдетіп, 
өздік  жұмысқа  айналдыруға,  білім  алушылардың  ғылыми  конференциясына,  ғылыми  жұмыс-
тарының конкурсына ұсынуға әрбір білім алушы міндетті. Одан әрі қарай бұл баяндаманы (сөз, 
эссе, реферат, бақылау жұмысы, т.б.) жариялауға ұсынылатын мақалаға, курс жұмысына негіз 
етіп  алу  туралы  ойлану  қажет.  Курс  жұмысы  ретінде  тиісті  талаптарға  толық  жауап  берген 
еңбектерді магистерлік диссертация жұмысына негіз етіп алуды білім алушының өзі мен оның 
жетекшісі қамтамасыз етуге тиісті.  
Білім  алушылардың  өздігінше  орындайтын  ғылыми  және  оқу-зерттеу  жұмыстарын 
(баяндама,  эссе,  реферат,  бақылау  жұмысы,  т.б)  пәнаралық    сабақтастықтарды  жүйелі  түрде 
сақтай  отырып,  белгілі  бір  проблема  төңірегінде  ұйымдастыру  және  оның  нәтижесін  дамыту, 
басқа  деңгейдегі  жұмысқа  ұластыру  жолында  ең  алдымен,  білім  алушының  өзі  белсенділік 
танытуы  қажет.  Өйткені,  өкінішке  орай,  оқу  жоспары  білім  алушылардың  әр  пән  бойынша 
орындайтын  мұндай  жұмыстарын  өзара  байланыста,  сатылы,  жүйелі  сабақтастықта 
жалғастыруды қамтамасыз ете алмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білім алушылардың әр 
курстағы  баяндамалары  (бақылау  жұмыстары,  эссе,  мақала,  рефераттары,  курс  жұмыстары, 
т.б.)  әр  түрлі  проблемаларға  құрылады.  Пәнаралық    байланыс  жете  сақталмайды.  Сондықтан 
білім  алушы  өзінің  белсенді,  творчестволық  нәтижелі  еңбегімен  ғана  өз  жұмыстарын  белгілі 
үлкен  нәтижеге  алып  келетіндей  жүйеде  ұйымдастыруға  ұйтқы  бола  алады.  Мұндай  бағытта 
мақсатты  түрде  жұмыс  жасағысы  келетін  білім  алушылар  үшін  қажетті  тақырыптар  мен 
олардың орындалу кезеңдердің жоспарын (жобасын) ұсынуға болады. 
Семинар сабақтарында жасалған баяндама, талқыланған реферат (бақылау жұмысы, эссе, 
мақала,  т.б.) – білім  алушының  өздігінше  жүргізетін  оқу-іздену  жұмыстарының  нәтижесі. 
Семинар сабақтарының аясында қарастырылатын мәселелердің қай-қайсысы да олардың өздік 
жұмысына  негіз  бола  алады.  Соған  орай  бұл  мәселелер  бойынша  орындалған  жұмыстар 

60 
 
(реферат,  эссе,  мақала,  бақылау  жұмысы,  баяндама)  оқу  бағдарламасына  сәйкес  осы  пән 
бойынша  орындалатын  өздік  жұмысқа  материал  немесе  оның  бір  бөлігі  ретінде  пайда-
ланылғаны дұрыс. 
Төменде әрбір семинар сабағында қарастырылатын мәселелер негізінде білім алушылар 
өздігінше  орындайтын  жұмыстардың  тақырыптары  беріліп  отыр.  Берілген  бір  тақырып 
бойынша  бір  ғана  білім  алушы өздік  жұмысын (реферат, эссе,  бақылау  жұмысы, мақала, т.б.) 
орындайды.  Жұмыс  (реферат,  эссе,  мақала,  бақылау  жүмысы)  таза  және  ұқыпты  жазылады. 
Қателер,  қысқартулар  болмауы  шарт.  Жұмыстың  көлемі  компьтерде  терілгенде 4-5 бет 
шамасында болғаны жөн. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі жұмыстың соңында белгіленген 
тәртіп бойынша берілгені дұрыс. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілетін кітаптарға қатысты қажетті мәліметтер 
мына  үлгіде  беріледі  (автор,  кітаптың  аты,  шыққан  жері,  шығарған  баспаның  аты,  шыққан 
жылы, бет саны): Лессинг Г.Э. Лаокоон, или о границах живописи и поэзии. - М.: Гослитиздат, 
1957. – 200 с. Мақалаларға қатысты мәліметтер мына үлгіде жазылады (автор, мақаланың аты, 
мақала  жарияланған  кітаптың  (газет,  журнал)  аты,  шыққан  жері,  шығарған  баспаның  аты, 
шыққан  жылы,  беттері):  Әуезов  М.  Тіл  және  әдебиет  мәселесі // Әуезов  М.  Жиырма  томдық 
шығармалар жинағы. – XIX том. – Алматы: Жазушы, 1985. - 247 – 272 бб. 
Семинар сабақтарын өткізуді әдістемелік үлгілері түрліше болады. Төменде біз солардың 
кейбір үлгілерінің жалпы сипаттамасын ұсынып отырмыз.  
Бірінші  үлгі.  Сабаққа  білім  алушылардың  бәрі  де  жан-жақты  дайындалып  келуі  шарт. 
Берілген  сұрақтардың  әрқайсысы  бойынша  бір  білім  алушы  өз  қалауы  бойынша  немесе 
оқытушының  еркімен  сөз  сөйлейтін  болады.  Білім  алушының  сөзі  өзінің  мазмұндылығы, 
жүйелілігі және формасы жағынан баяндамаға қойылатын талаптарға сай келуі керек. 
Аудиториядағы білім алушылар сөйлеушіні мұқият тыңдай отырып, сөйлеушіге қосымша 
сұрақтар  қояды,  оның  айтқан  ойларын,  пікірлерін  талдап,  талқылайды,  толықтырады,  ескер-
тулерін айтады. Семинарға білім алушылар түгел қатысады. 
Екінші  үлгі.  Семинар  сабағында  қарастырылатын  әр  тақырып  (тақырыпша)  бойынша 
арнайы  баяндамалар  жасалады.  Аудитория  екі  топқа  бөлінеді.  Екі  топтан  екі  білім  алушы  екі 
тақырып бойынша баяндама жасайды. Баяндамашыға сұрақтар қойылып, ол сұрақтарға жауап 
қайтарылған  соң,  баяндаманы  талқылау  басталады.  Бірінші  топ  өкілі  жасаған  баяндама 
бойынша  екінші  топтың  екі  өкілі  (алдын  ала  белгіленген  оппоненттер)  арнайы  пікір  айтады, 
баяндамаға    (реферат,  бақылау  жұмысына)  жан-жақты  баға  береді.  Екінші  топ  жасаған  баян-
дама  (реферат,  бақылау  жұмысы)  бойынша  бірінші  топтың  екі  өкілі  (алдын  ала  белгіленген 
оппоненттер)  арнайы  пікір  айтады.  Арнайы  пікір  айтушылардан  кейін  әр  топтағы  білім 
алушылар  сөйлеушілер  туралы,  семинар  сабағының  тақырыбының  игерілу  деңгейі  туралы 
ойларын  ортаға  салады.  Баяндамаға  дайындалу,  оны  жасау,  баяндама  бойынша  жарыс  сөзге 
шығу  методикалық  нұсқаулардың  бірінші  бөлімінде  көрсетілген  талаптарға  сай  жүргізіледі. 
Сабақ жоспарындағы қайсы бір тақырыптар екі топтың да бірдей қатысуымен игеріледі.  
Үшінші  үлгі.  Семинарға  білім  алушылардың  барлығы  дайындалып  келелі.  Семинарды 
өткізу үшін аудитория екі топқа бөлінеді (бұрынғыша). Әр білім алушы  айтар сөзін өзі қалаған 
формада  (тезистер,  шағын  баяндама,  реферат)  дайындайды.  Сабақ  жоспарындағы  әр  мәселе 
бойынша  екі  топтағы  білім  алушылар  жарыса  жауап  береді.  Пысықтауға  арналған  сұрақтарға 
берілген жауаптардың тиянақтылығына да үлкен мән беріледі. 
Сабақ  соңында әр білім алушының, сондай-ақ әр топтың берілген тапсырманы орындау 
барысында алған (көрсеткен) білімдері мен мүмкіндіктері оқытушы сипаттама береді.  
Төртінші  үлгі.  Аудитория  шартты  түрде  екі  топқа  бөлінеді.  Әр  топтан  бір  білім  алушы 
берілген бір тақырыпқа баяндама жасайды. Әр топ өз баяндамашыларының ой-талғамдарының, 
сөйлеу  мәнерінің,  методикалық  ізденістерінің  жақсы,  ұтымды  қырларын  ашуға  тиісті.  Ал 
екінші топтағы білім алушылар баяндама мен оны (баяндаманы) қорғап сөйлеген студенттердің 
ой-пікірлеріне  қарама-қарсы  өз  ойларын  ұсынып,  дәлелді  тұжырымдар  жасай  білуі  шарт. 
Семинардың осы формада тиімді өтуі үшін әр топ өз ішінде белгілі бір нақты қызмет атқаратын 
студенттерді  алдын  ала  анықтап  алады. Баяндамашылар. Баяндамашыны қорғап  сөйлеушілер. 
Баяндаманы  сынап  сөйлеушілер.  Проблемалық  сұрақ  қоюшылар.  Сарапшылар  (эксперт). 
Берілген сұрақтарға (тақырыпшаларға) білім алушылар түгел дайындалады. Әрбір білім алушы 
кез  келген  сұрақ  бойынша  (оқытушының  қалауымен)  жауап  беруге  даяр  болуға  міндетті. 
Сөйлеуші (баяндамашы) тақтаға шыққан соң, өзін берілген тақырыпта сабақ өткізуші оқытушы 
ролінде ұстауға тиіс. Осы формада берілген тақырып бойынша “дәріс” (баяндама, реферат, сөз) 

61 
 
толық  таңдалғаннан  кейін,  баяндама-дәріс  талқыланады.  Талқылауға  екі  топтың    да  өкілдері 
тегіс қатысады. 
Бесінші  үлгі.  Сабақтың  сабаққа  берілген  текстер  мен  әдебиеттерден  қажетті  бірнеше 
мысалдар  (әдеби шығармалардан) мен теориялық қағидаларды (берілген әдебиеттерден) алдын 
ала  дайындап  келеді.  Теориялық  қағидалар  белгілі  әдеби  құбылыстың  мән-мағынасын 
қаншалықты  дәл,  толық,  жан-жақты  аша  алатындығы  нақты  бірнеше  мысалдар  негізінде 
анықталады. Соның нәтижесінде теориялық тұжырымдар, қағидалар толықтырылатын болады.  
Семинарды  өткізу  үшін  алдын  ала  баяндамашы,  оппоненттер,  методист,  сарапшы  
(эксперт)  белгіленеді.  Қажет  болған  жағдайда  даугер  (сыншы)  де  тағайындалады.  Семинарды 
біртұтас топқа немесе екі топқа бөлініп өткізуге болады. 
Баяндамашы 10 минутқа  берілген  тақырыптардың  бірі  бойынша  баяндама  дайындайды. 
Оппоненттер (2 ) баяндамашының  жұмысына  баға  береді.  Оппоненттердің  сөзі 5 минуттан 
аспауы  керек.  Даугер  (сыншы)  сөйлеушілерге  «өткір», «қиын»  сұрақтар  (тақырып  бойынша) 
қояды (қоюға дайын отырады) . 
Сарапшы  (эксперт)  сөйлеушілердің  әрқайсысының  сөзіне  ықшам  әрі  әсерлі,  образды 
формада  тұжырымды  баға  беріп  отырады.  Бұл  ретте  ол  өзінің  ойының  ұшқырлығын, 
ұтымдылығын, тапқырлығын көрсетуге тиісті. 
Сабаққа  қатысушы  өзге  білім  алушылар  тақырып  бойынша  өз  ойларын  ортаға  салып, 
баяндама  мен  оппоненттердің  сөзіне,  сондай-ақ  басқа  сөйлеушілердің  пікіріне  сипаттама 
береді. Сабақты оқытушы қорытады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет