46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Қосжарнақтылар класы. Жалғызжабықтылар қатары. Талдар және шамшаттар қатары



бет26/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Ботаника

81.Қосжарнақтылар класы. Жалғызжабықтылар қатары. Талдар және шамшаттар қатары.
Шамшаттар тұқымдасы (лат. Fagaceae) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының көпжылдық ағаш өсімдіктерінің бір тұқымдасы. Шамшаттықтардың 400-ден астам түрі бар, олардың ішінен бұрынғы КСРО-да өсетіндері: емен, шамшат, каштан (талшын).[2]
Жапырақ түсетін және мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұталар, басым қоңыржай және субтропикалық облыстарда кеңінен тараған 8 туыс, 950 түрді біріктіреді. Шамшаттар мен емендер жалпақжапырақты орман түзетін негіз болып табылады.
Ағаштар кезекті жай жапырақты, ерте түсетін бөбе жапырақтары бар, гүлдеуі жапырақ ашалғанға немесе ашылғаннан кейін жүреді. Бір үйлі өсімдік, гүл шоғыры дара жынысты. Гүлдері бір жынысты, дұрыс, ұсақ, гүл шоғырының негізгі осінде топтанып немесе бірден орналасады.
Гүл қоршауы қарапайым, түссіз, 4-7 жарнақта. Аталық гүлдеріндегі аталықтары бос, олардың сандары гүл қоршауының жарнақтарының санынан екі есе артады. Аналық гүлдеріндегі аналығы 3-6 жемісжапырақшалы. Түйіні төменгі. Жемісі – жаңғақ. Тұқымы ірі ұрықты эндоспермсіз. Негізгі өкілдері – емен, шамшат, каштан.
Қазақстанда еменнің (орыс. дуб черешчатый - лат. Quercus robur) аязға төзімді 1 түрі өседі, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Шамшаттардың ағашы бағаланады, еменнің қабығында дубильді заттар болады оны медицинада қолданады. Каштан мен еменнің жемістерін тамаққа пайдаланады, кофеге суррогат болып табылады. Тығындық еменнен тығын жасайды, шығысазиат еменінің жапырағымен қытай емен жібекқұртының кокондарын қоектендіріп, олардан ерекше жібек сорттарын алады.
Талдар тұқымдасы (лат. Salicaceae) – Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді (карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әртүрлі особьтарында (екі уйлілік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде одаңца көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс жапырақшасынан түратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының тұп жағыңда бір топ талшығы болады, эндоспермі болмайды. Талдар тұқымдасьша 400-дей түр жатады, олар үш туыстың қурамына кіреді: терек (тополь — Рориіиз, 25—30 түр), тал (ива, 350—370 түр) және чозения (, 1 түр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет