46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Қазақстанның улы және сирек кездесетін өсімдіктер



бет33/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ботаника

90.Қазақстанның улы және сирек кездесетін өсімдіктер.
ТАҢДАМАЛЫ ШОҚПАРБАС(Шоқпарбастар тұқымдасы). Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Тек Алтай, Жоңғар Алатауы тауларында және Қазақ шоқыларының бір жерінде (Бурабайда) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Дәрілік өсімдік ретінде дайындалады, құрамында жансыздандыратын қасиеті бар улы селагин алкалоиды бар. Саны барлық жерде төмен, тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты азайып отыр. Мәдени өсіруте төзімсіз, тек Алтай ботаника бағында (Риддер қаласы) өсіріледі. Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Бурабай ұлттық паркінде (Синюха тауы) қорғалады.
КӘДІМГІ ЕМЕН (Шамшаттар тұқымдасы) Қазақстанда сирек кездесетін түр. Республиканың тек солтүстік-батысында Жайық пен Елек өзендері аңғарында кездеседі. Бұл еуропалық орман түрінің таралу аймағының шығыс шекарасы болып табылады. Өзен жайылмалары, жыралары мен сайларында шағын тоғайлар болып өседі. Емен ормандарының көлемі мен еменнің таралу аймағы Қазақстанда соңғы жүз жылдықта адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен кәдімгідей қысқарып отыр. Қазіргі кезде Орал облысының солтүстігінде тек төрт жерден ғана, яғни Кирсаново, Беленькое, Аманкелді және Жайық маңы елді мекендерінен белгілі. Мәдени түрде, әсіресе Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.
Улы өсімдік деп құрамындағы заттарының бір түйірі немесе ұсақ бөлшегі адам немесе хайуан организміне түссе, оның қалыпты жұмысын бүлдіріп, ауру туғызатын өсімдіктерді айтады. Мұндай өзгерісті улану деп атайды. Өсімдікте удың жиналуына топырақтың құрамы мен ауа райының жағдайы үлкен әсер етеді. Өсімдік өскен жерінде оңтүстікке қаншалықты жақындаған сайын, соншалықты улылығыда арта түседі. У өсімдіктің барлық бөлігіне бі р келкі жинақталмайды. Бір өсімдікте у тамырына көп жиналса, екінші өсімдікте тұқымында, ал үшінші біреулері сабағында, жапырағында,гүлінде және жемісінде көп болады. Өсімдіктің даму фазасының әр түрлі кезеңінде у әр түрлі мөлшерде жиналатыны да болады. Енді өзі улы, әрі өте әсем шипалық қасиеті өте күшті және азайып кетуінебайланысты кейбір түрлері табиғат қорғаудың одақтық “Қызыл кітабына”жазылған өсімдіктің бір туысына тоқталйық. Ол сарғалдақтар (лютиковые) тұқымдасына жататын бәрпі (борец). Бұл туысқа жататын түрлер табиғатта СССР – дің Европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, және Қазақстанда кездеседі. Қазақстанда 14 –түрі өседі. Туыс ішіндегі түрлерінң тік немесе оралып өсетін сабақтары бар шөптесін өсімдіктер. Бір гүлдегі күрделі күлтелерінің пішіндері мен көлемдері бір – бірімен ұқсамайды, гүл арқылы ойша сызық жүргізгенде теңдейбөлікке бөлінбейді. Сондықтан Бәрпі гүлін дұрыс емес немесе зигоморфты гүлдер тобына жатқызады. Жеке күлтелері түрін өзгертіп балшырын жинайтын шырындыққа (нектаринк) айналып кеткен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет