46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Қосжарнақтылар класы. Астрагүлділер қатары. Астралар тұқымдасы



бет27/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
82.Қосжарнақтылар класы. Астрагүлділер қатары. Астралар тұқымдасы.


Астралылар тұқымдасы (лат. Asteraceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер (лат. Compositae) — қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады.
Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының ең көп тараған тобы. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Негізінен - шөптесін өсімдіктер, көбіне көпжылдық, кейде бір жылдық, жартылай бұта, бұта және кейде кішігірім ағаш. Сонымен қатар өрмелегіш және суккулентті өсімдіктер. Жапырақтары жай, бөбежапырағы жоқ, жапырақ алақаны бүтін немесе тілімделген. Жапырақтарының орналасуы көбіне әрқашанда кезекті. Көпшілік өсімдіктердің вегативтік органдарында (смоляные ходы) шайыр өзегі болады, инулин түзу тән.
Гүлшоғыры әрқашанда корзинка - зембілгүл. Бұл өз қатарында күрделігүл шоғырына әртүрлі құрылысты және әрқалай болып жиналған. Зембілгүлдің негізін сабақтан шыққан ось жасайды. Осьтің төменгі бөлігіндегі гүлшоғырының өсі бір-бірімен жақындайды да қоршай орналасып, орам жапырақшаларын жасайды. Олардың түстері жасыл немесе керісінше түсі және құрылысы жағынан ерекше болады. Зембілгүлдің үсті түкпен немесе трихомадан (қапталған) тұрады, және кішкене ойықтардан, кейде тор немесе ұя тәрізді гүлдің бекіну орыны болып табылады. Кейбір жағдайларда гүлдер гүлтабанының редукцияға ұшыраған төбешіктерінде орналасады. Бір зембілгүлде гүлдің саны өте көп болуы мүмкін (ірі күнбағыстың зембілгүлінде - мың) немесе керісінше, шектеулі (мыңжапырақтың зембілгүлінде). Күрделігүлділердің гүлдері қосжынысты, бірақ аналық, аталық, тіпті жыныссыз да болады.

83.Түтікшетүстес және тілшелі тұқымдастарына сипаттама.

84.Дара жарнақтылар класы. Лалагүлділер, астықтар тұқымдастарына сипаттама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет