47. Мәтінмен жүргізілетін жұмыстар, олардың түрлері.
Мәтін - « байланысу, бірігу » деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.
Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады.
Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Мәтінде оқиға хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді. Ал құбылыс сипатталады, суреттеледі.
Мәтіннің 3 түрі бар. Олар.
1) Әңгімелеу мәтіні - болған оқиғаны толығымен баяндап береді де не істеді? деген сұраққа жауап береді. Әңгімелеу мәтінінің құрылымындағы сөйлемдер оқиғаның дамуына байланысты бірінен кейін бірі жалғасып келіп, бір-бірімен тығыз байланыста құрылады. Оқиғаның басталуы, оның әрә қарай дамуы, оқиғаның аяқталуы әңгімелеу мәтінінің құрылымы болып табылады.
2) Сипаттау мәтіні - болған оқиғаның түр-түсін, сапасын, сынын, қасиетін сипаттап көрсетеді де қандай? деген сұраққа жауап береді. Сипаттау мәтінімен жұмыс оқушыларды салыстыра білуге, аңғарымпаздыққа және бақылампаздыққа үйретеді. Сипаттау мәтінінде сөйлемдердің басталуы, аяқталуы бірдей тұлғада, сөздердің орналасу тәртібі де біртектес болып келеді.
3) Пайымдау мәтіні - болған оқиғаның себеп-салдарын, түйінін білдіреді де неліктен? деген сұраққа жауап береді. Пайымдау мәтіні грамматикалық жағынан бір-бірімен сабақтастық байланыстары арқылы жасалады. Сонымен бірге мұнда қыстырма сөздер "біріншіден", "екіншіден", "ендеше", "олай болса", "сондықтан" т.б. қолданылады.
А. Байтұрсынұлы мәтіннің бұл үш түрін былай түсіндіреді: "Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылсақ, я ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, я тұлға-тұрпатын, кескінін айтып, не болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, байымдай сөйлейміз. Осыған орай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады".
Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы әңгімелер мен сөйлесулер жатады.
Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі ой, айқын идея арқылы да бірігеді. Яғни мәтіндегі негізгі ойда қандай мәселеге баса назар аударылады, неге көз жеткізу мақсат етіледі, неге үйретеді деген жайлар анықталады. Негізгі ой мен тақырып мәтіннің өн бойынан ажырамас бірлікте көрініп, ашылады.
Мәтін бұл жалпы тақырып төңірегіндегі ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Мысалы: дыбыстармен жұмыс, сөздіктермен жұмыс, сөздік қорларын жетілдіру, тіл дамыту және т.б.
Мәтінді оқудың бірнеше түрі бар. Олар:
1) Дауыстап оқу;
2) Іштей оқу;
3) Араласып оқу (кезекпен);
4) Буынға бөліп оқу;
5) Мәнерлеп оқу;
6) Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай ырғағымен оқу.
Бастауыш сынып оқушысы меңгеруге тиіс болатын мәтінге тән негізгі белгілерді, яғни мәтінде берілетін ой, пікір, мазмұн белгілі бір тақырыпқа негізделіп, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретіндігін, мәтінде барлық уақытта негізгі ой болатындығын, мәтінді құрылымдық бөлімдерге бөлуге болатындығын, мәтіннің құрылымдық-мазмұндық бөлімдері және ондағы сөйлемдер бір-бірімен жүйелі түрде байланысатындығын мұғалім оқыту үдерісінде басшылыққа алып, жүзеге асырады.
20. Фонетика – тіл ғылымының бір бөлімі, оның бастауыш мектептегі мазмұны.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала екені мәлім. Тіл дыбыстарының қолданылуы, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес.
Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты болып табылады. Тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын еркін жеткізе алады. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей болады. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс. Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Бірініші сабақта сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе солай қалыптасып кетеді. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін, графикалық талдау дұрыс жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.
Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытудың маңызы ерекше. Негізгі оқытылым түрі тындалым,оқылым,жазылым,тілдесім. Апроксимация принципы негіз ретінде қолдану.Яғни тіліміздің ерекшелігін,акцентін сақтай отырып әріпті,сөзді уйрету.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.
Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын , түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшклігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес.
Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол – тек тіл дыбыстарын ғана тексереді.
Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығады. Бұл – бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.
Мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.
Адам баласы бірімен бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлесу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады екен, ол – тіл дыбыстары. Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз-сіз, соз-сөз немесе тал-сал, бал-қал, зал, бала-дала, шала-сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл – дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет.
Тіл – ойды жарыққа шығарады, сондықтан да К. Маркс “Тіл – ақиқат шын сана” деп көрсетеді. Адам ойын сөз арқылы білдіреді, ойлаған ой сөз арқылы басқа адамға жетеді. Тіл – ойды жарыққа шығаратын құрал. Ой сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ойдың қамтитын өрісі.
Тілдің физиологиялық аспектісі дегеніміз дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметі. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің тікелей іске (жұмысқа) кірісуімен байланысты екендігін, дыбыстау мүшелерінің актив болып келетіндігін игергені жөн. Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет.
Тіл дыбыстары адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Тіл – қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл болуы мүмкін емес. Тіл – қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі) дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.
Адам баласы тілді өзін қоршаған ортадан, қауымнан үйренеді. Қандай ортада тәрбиеленсе, ұлтына қарамастан, сол өзі тәрбиеленген ортаның тілімен сөйлейтін болады. Бала тілдің заңдылықтарын тіл білімінің әр саласын мектепте оқу арқылы үйренеді, өзінің білімін жетілдіреді. Сөз бен ойлаудың арқасында адамдар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын, білімін молайта түседі. Ойлау – адамның нақтылы іс-әрекетімен тығыз байланысты.