56 НАТО-ның құрылуы мен құрылымы туралы ақпарат беріңіз Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағы əлемдегі ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі .Аты айтып тұрғандай, Солтүстік Атлантика аймағына жататын мемлекеттер(шығыс-жағы- Кеңес Одағына қарсы ортақ қорғаныс мақсатында құрылған халықаралық ұйым.Жалпы теория бойынша НАТО Кеңес Одағының АҚШ пен Еуропа елдеріне және қырғи-қабақ соғыстың басындағы құндылықтарына қарсы төнген қауіп-қатердің алдын алу үшін құрылған.. НАТО Еуропа жəне Солтүстік Американың 30 мемлекетін біріктіретін саяси жəне əскери одақ болып табылады олардың 28 Еуропада және 2 Солтүстік Америкада орналасқан. НАТО - ұжымдық қауіпсіздік жүйе: оның тәуелсіз мүшелері бір-бірін сыртқы шабуылдан қорғауға келіседі.. Бұл мемлекеттер қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері бойынша қарым-қатынас орнату үшін кездесіп тұрады. Осылайша НАТО аталмыш екі құрлық арасында саяси жəне қауіпсіздік мəселесі бойынша бірегей көпір қызметін атқарады.]
НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.
Ұйымның құрылымы күрделі бюрократиялық жүйеден тұрады. Оны азаматтық жүйе және әскери жүйе деп екі жақтан қарастыруға болады.
Азаматтық жүйеге мыналар жатады:
- Солтүстік Атлант кеңес (САС) – НАТО-ның негізгі басқарушы саяси органы. Одаққа мүше елдің бәрі кеңеске мүше. Аптасына бір рет кеңес өткізіледі. САС-тың төрағасы НАТО-ның генералды хатшысы боп танылады.
- Ядролық жоспарлау тобы – ядролық қару саясатын жүзеге асыратын САС-тың деңгейіндегі құзіретті топ.
- Жеті комитет. Бұл комитеттер бүкіл мәселені қарастырады. НАТО-ға мүше елдердің өкілдері мен сарапшылары күн сайын отырыс өткізіп, саяси және техникалық мәселелерді шешеді.
57 Қырғи қабақ соғыс кезінде қару жарақты бақылауға(шектеуге) алуға қатысты үдерістерді түсіндіріп беріңіз