Барлық оқушылар істей алады: Иррационал теңдеудің анықтамасын біледі және оның ММЖ-ны анықтай алады; Көптеген оқушылар істей алады: Иррационал теңдеуді дәрежелеу арқылы шеше алады;
Кейбір оқушылар істей алады: Иррационал теңдеуді айнымалыны алмастыру әдісі арқылы шеше алады.
Бағалау критерийлері
Есептер шығару барысында білімдерін нақтылау, ой қорытындылау арқылы алған білімдерін баяндап, көрсете білуі, пәнге қызығушылығын арттыру;
Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту;
Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білуге, жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құндылықтарға баулу
Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
2 мин.
8 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Өткенге шолу. Бірнеше сұрақ беру арқылы өткен сабақты қайталаймыз. (W) Үй тапсырмасын келесі сұрақтарды қою арқылы сұрау:
1.Бөлшекпен түбір шығару қалай орындалады?
2.Түбірдің дәрежесі көрсеткішімен түбір таңбасының ішіндегі өрнектің көрсеткіші туралы ережені тұжырымда
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Дискриптор:
-Берілген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы балл -3