№4(72)/2013 Серия филология



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,95 Mb.
#5589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бəрекелді, Ақтоқты, тапқаныңа, 
Жібектен шоқ шекеңе таққаныңа. 
Бұдан артық Құдайдан не тілейсің, 
Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңа...» — 
деп мысқыл қылады ақын [7; 196, 197]. 
Ақанның Ақтоқтының атынан шығарған қайғы-мұңға толы «Ақтоқты», «Ақтоқтының аужары», 
«Ақтоқтының зары» атты əндері де оның Ақтоқтыға деген шексіз махаббатын білдіреді. 
Қорқамын шымылдықтың құруынан, 
Бір жаман қолын салып тұруынан. 
Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен, 
Айрылып кете барар руынан?! 
Ахау, ахау, арман, 
Айхай, жалған дүние-ай!!! — 
деп  келетін  «Ақтоқтының  аужары»  атты  əні [6; 109] сол  замандағы  қазақ  қыздарының  басындағы 
ауыр тағдырын бейнелейді. 
Ақырында  Ақтоқты  берілген  күйеуіне  барады.  Ақанның  жүрегінде  махаббат  та,  ашу  да 
күшейеді: 
Ақтоқты, кеткенің бе шыныңменен, 
Тар жерде бал берушең тіліңменен. 
Кез болдық дарияның қайраңына, 
Зарланып əн шырқаймын үнімменен. 
Алдында есігіңнің балдырған жоқ, 
Көңілді сұлу қыздар қалдырған жоқ. 
Түсімде ұйықтасам да жанымдасың, 
Ояна тұра келсем, дəнеме жоқ, — 
деп («Ақтоқты» əні [6; 108,109]) ашулы зар шығарады Ақан сері. 
Ақан  өмірінде  қанша  əйел  кездескенімен  де  дəл  Ақтоқты  оқиғасындай  шиеленісті,  шытырман 
болмаған секілді. Бұл Ақанның Ақтоқтыға деген махаббатының биіктігін, беріктігін танытады [8]. 
Өзінің туындыларында Ақтоқтыны «Қыпша бел, бəйгі кердің жарауындай» дей келіп, «Барлық 
қыздың  туындай  асыл  еркем», «Тартылған  телеграмма  сымындай  қылып»  деп  оны  ерекше 
мүсіндейді. Ақтоқтыны жан-жақты суреттей келіп, ол: 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
39 
Оралдың ақ иығы аңға тартқан, 
Шолпанның жұлдызындай таңға тартқан. 
Жамбы мен алтын балдақ жарқыраған, 
Секілді Үргеніште ханға тартқан, — 
деп  нəзік  сұлудан  биік  тұлға  шығарады.  Аңға  түсер  ақиық  сұңқарға,  таңғы  шолпанға  ұқсатады.  Ал 
сұлу  жүзін  əмірі  күшті  ханға  ғана  сый-таралғы  болар  жарқыраған  жамбыға,  асыл  алтын  балдаққа 
балайды. 
Не  деген  төгілген  өрнек, құйылған  əсем  сөз?  Ақынның сұлуға  деген жүрегі  қандай  бай?! Ақан 
сері  қолданған  поэтикалық  тілдердің  байлығы,  жаңалығы,  жарқындығы  таңдануға  да,  арнайы  сөз 
етуге де тұрарлық [4; 790]. 
Құс салып, ит жүгіртіп, атын бəйгеге қосып, көңілін көтеріп жүргенде Ақан Жүсіп төренің үйінде 
оның Жамал атты сұлу қызына көзі түседі. Екеуі біраз сырласып,  көңіл  қоспақ  болады.  Ақын  «Жамал 
қыз» атты əнін [6; 112] шығарады: 
Қыздарды мен қайтейін қылаң-сылаң, 
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам. 
Бірге өскен кішкенеден қимас сəулем, 
Басы «жем», ортасы «мем», аяғы «лəм». 
Жамалжан, етің аппақ мақтадайсың, 
Əр уақыт мені есіңе сақтағайсың. 
Тұсынан ауылыңның əн саламын, 
Сол кезде шырт ұйқыда жатпағайсың. 
Өкінішке  орай,  ескі  қазақ  салты  бойынша  бұрыннан  айттырылып,  қалың  малы  төленіп  қойған 
қыз  əке-шешесінің  ықтиярын  аттай  алмайды.  Тойы  болып,  ұзатылғалы  жатқан  қыздың  ауылы 
сыртынан Ақан түн ортасында атақты «Сырымбет» əнін шырқайды [6; 118, 119]: 
Ауылым қонған Сырымбет саласына, 
Болдым ғашық ақ сұңқар баласына. 
Бидайыққа лайық қарағым-ай, 
Бөктергіге қор болып барасың ба? 
Ауылым қонған Сырымбет жел жағына, 
Артық туған бала едің ел бағына. 
Бидайыққа лайық дейтін сəулем, 
Бөктергінің іліндің тырнағына. 
Алтын қайық жарасар күймесімен, 
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен. 
Қоскөл жаққа таныса киіп барған, 
Бешпетіңді беріп кет түймесімен, — 
деп,  Жамалдың  күйеуінің  жаман,

жасық  екенін,  амалы  жоқ  малға  сатылып  кете  барғанын,  өзінің 
бұдан басқа жасайтын қайраны жоқ болғансын, өлеңнің, музыканың тілімен ішіндегі шерін сыртына 
шығарады. «Сырымбет» əнін білмейтін кісі аз. «Қарындас-ау, енді есен бол», — деп аяқталатын бұл 
əн талай əншілердің орындауында тыңдаушылардың жүрегін қозғап, сезімін оятқан. 

Р.С.Каренов 
40 
Вестник Карагандинского университета 
Ақанның көпке белгілі шұрайлы шығармасының бірі — «Мақпал əні» [6; 115]: 
Үйірі қысырақтың мақпал қара, 
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара. 
Алыстан ат аямай келгенімде, 
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара! 
Үш жүзге атым мəлім Ақан сері, 
Келгенім Мақпал қыздың туған жері. 
Алыстан ат сабылтып келдім іздеп, 
Бір көріп қайтайын деп, Мақпал, сені. 
Біз қайтып елге таман бастық қадам, 
Сымбатың хатқа сыймас айтсам тəмам. 
Ей, қалқам, мұнша неге зарланасың, 
Елге алып қайтпас па едім келсе шамам. 
Біраз күн Дəнетінге салдым салық, 
Артымда зарланамын Мақпал қалып. 
Қосылған ғашық болып қайран құрбым, 
Қасіретің өзегімді кетті жарып! — 
деген  сөздеріне  қарағанда,  мұнда  да  баяғы  əңгіме:  бірін-бірі  жақсы  көрген  қыз  бен  жігіттің  заман 
заңы бойынша қосыла алмауы. 
«Мақпал» — терең  сырлы,  ішінде  мұң  да,  үрей  де,  арман  да,  өкініш  те  бар  əн.  Ақынның  бұл 
туындысының  қандай  жағдайда  шығуы  жайлы  анық  дерек  жоқ.  Осы  əн  туралы  І.Жақанов  былай 
толғанады: «Ақан  сері  социалистік  идеология  қаһарына  ə  дегеннен  ұшырады  ғой.  Сол  себептен 
«Шəмшіқамары», «Маңмаңгері», «Кербез  сұлуы», «Мақпалы», «Көкшетауы»  Біржан  сал,  Үкілі 
Ыбырай,  Балуан  Шолақтарға  телінді.  Ежелден  Ақан  серінікі  деп  шырқалған  бір  ғана  «Мақпалдың» 
өзін дəлелдеп жатудың өзі қандай қиямет...» [9]. 
Өмірінің соңғы жылдарында Ақан сері ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға 
көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны əр саққа жүгіртіп, өсек таратады. Бірақ ақын 
өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы əн-өлеңдерінің елеулісі — «Балқадиша» [6; 111]: 
Қызы едің Ыбыкеңнің Балқадиша, 
Бұралған белің нəзік тал, Қадиша. 
Жиылған осы тойға қалың қыздың, 
Ішінде қара басың — хан, Қадиша. 
Дегенде, Балқадиша, Балқадиша, 
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша. 
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың. 
Боласың қандай жанға жар, Қадиша. 
Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша 
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша, 
Бір түгіл екі жеңгең келіп отыр, 
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша. 
Ақынның бұл шығармасы — өз теңіне атастырылған əдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір 
тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған əн. 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
41 
«Балқадиша»  əнінің  тарихын  зерттеу  барысында  Балқадишаның  ұрпақтарынан  сыр  тартқан 
жазушы  І.Жақанов  Балқадишаның  қызы  Нағиманың  айтқан  сөзін  былайша  жазады: «Анамыз  бен 
əкеміз жарастықты ғұмыр кешті. «Балқадиша» əнін ел жыр ғып жатқанда екеуі қызыға тыңдайтын-ды. 
Мен еркелеу боп өстім бе, анамнан əр кез Ақан серіні сұрай беретінмін. Сонда анам: «Е, балам-ай, Ақан 
серідей  адамның  сыртынан  кім  сүймейді»  деп  қана  күлетін.  Сол  күлкісінде  қанша  лəззат  бар  еді. 
«Балқадиша» əнін ыңылдап айтқанда адамды өзгеше бір қиял дүниесіне алып кететін..., — деді» [10]. 
Құлагер  қайғысынан  біраз  уақыт  өткеннен  кейін,  шығармашылық  шабытқа  қайтадан  оралған 
Ақан сері махаббат мəселесін музыкада тағы көтереді. Жасы елуден асқан шағында, ақын бірде үш 
сұлу қызды көріп, оларды былай мадақтайды [6; 122]: 
Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, 
Наркес көз, қалам қасты лағыл бала. 
Иранның Құсни-зия тотысындай, 
Гауһардан шыққан нəсіл тудың зада. 
Топ көрсе қырындайтын біз бір тұлпар, 
Бұлбұл құс қызыл гүлге болып іңкəр. 
Қадиша, Ғалия мен Нұркүлəндам, 
Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар. 
Ақанның бұл əні халық аузында «Үш тоты құс» атанып кетеді. 
Қорыта  келе  айтарымыз,  Ақан  сері — махаббаттың  мəңгілігін,  оған  қарсы  еш  нəрсенің  бөгет 
бола алмайтынын бар даусымен жар сала ұрандап өткен өлмес, өшпес Серінің өзі. 
Құлагер — Ақан серінің атағы əйгілі, жүйріктігі жыр болған тұлпары 
Кезінде  Ақанның  жас  та  болса  жан-жақты  дарын  иесі  екенін  таныған  алыс  ағайындары  оған 
жүйрік  тай  сыйлайды.  Осы  тайды  «Құлагер»  деп  атаған  Қызылжар  қаласы  мен  Омбы  қаласының 
арасындағы Үлкен Қарой деген көлдің жағасын мекен еткен атақты Зілғара шешеннің баласы Əлібек 
екен. 
Ол  туралы  М.Мұқатов  «Құлагер»  атының  шығуы»  деген  мақаласында [11] мынадай  қызық 
мəліметтер  келтірген: «...Əлібектің  күтуші  адамдары: «Сыртта  басында  үкісі,  үстінде  салтанатты 
киімі, қолында үкілі домбырасы, астында қара бедеу аты бар, бір құла ат жəне жетегінде үш-төрт саяқ 
ерткен екі адам түсуге рұқсат сұрап тұр», — деп хабарлайды. Əлібек паң адам болу керек, бірсыпыра 
ойланып  отырып,  дəуде  болса  Атығай-Қарауылдың  Ақан  серісіне  ұқсайды,  қонақ  үйге  түсіріп  ас 
беріңдер, маған ертең жолықтырыңдар деп, қонақ үйіне түсіреді. Астан кейін Ақан сері əн шырқап, 
əні  мен  өлеңі  Əлібектің  құлағына  жаққан  болу  керек,  Ақанды  өзі  отырған  үйге  алдырады.  Өлең-əн 
айттырып, артынан бұйымтайын сұрайды. 
Ақан  сері  жүйрік  атым  бар  еді,  елдегі  бəйгеге  қосып  жүрмін,  үш  жүздің  асына  қосам  ба  деген 
оймен сізге келген едім дегенде, Əлібек тұрып, менде де жүйріктер бар. Əкем Зілғара жылқысының 
санын  білу  үшін,  Үлкен  Қаройдың  ортасында  өткелді  арал  бар  екен,  соған  бүкіл  жылқыны  қамап, 
қайтар өткелде санағанда, жылқысының саны отыз екі мың бопты, одан кейін санағымыз жоқ. Олай 
болса,  аттың  терін  алдырайық  деп,  бір  жетіден  кейін  қырық  шақырымнан  Құлагермен  он  бір  ат 
жібергенде  Ақанның  Құлагері  алдында  бір  шақырым  бұрын  келеді,  енді  бір  жетіден  кейін  елу 
шақырымнан  жібергенде  екі  шақырым  алдында,  енді  бір  жетіден  кейін  алпыс  шақырымнан 
жібергенде үш шақырым алдында келеді. 
Əлібек: «Ақан сері, атың шын жүйрік екен. Астың бəйгесіне Əлібектің аты боп қосылсын, егер 
атың  озып  келсе,  үш  жүзге  атыңның  атын  шығарайын», — дегенде,  Ақан  сері: «Маған  одан  артық 
ештеңенің керегі жоқ», — деп уəделескен екен. Келесі жылдың жазында Əлібекке еріп Жағалбайлы 
еліне барады. 
Бəйгеге үш жүз төрт ат тіркеліп, Əлібек апарған жеті аттың үшеуі тізімге ілігіпті. Əлібек Омбы 
губернаторынан  жүз  солдат  алдырып,  бəйгеге  қосылған  аттарға  жолда  жамандық  істемесін  деп,  ат 
шабатын  жолға  екі  шақырымға  бір  солдаттан  қойғызған  екен.  Əлібек  өзі  орысша  сөйлей  білетін 
сауатты  адам  болыпты.  Бəйгеден  Құлагер  алдында  келеді.  Əлібектің  өзге  қосқан  екі  атының  біреуі 

Р.С.Каренов 
42 
Вестник Карагандинского университета 
мүше тістеп келін бəйгеге ілігеді. Екі аттың бəйгесі 75 жылқы болады. Сонымен Əлібектің дəрежесі 
көтеріледі. 
...Əлібек ас басқарып жүрген ақсақалға: «Мына той жалпақ елдің игі жақсыларының бас қосқан 
жері екен. Сізден сұрайтыным, ертең ана төбенің басына асқа келген адамдар түгел жиналсын. Мен 
бір парасатты адамға берген «Антым» бар еді, соны халыққа естіртейін», — дейді. 
Сол уəдемен ертеңінде төбенің басына халық жиналады. Түйенің үстіне шатыр орнатып соның 
астында тұрған Əлібек: «Мынау Ақан сері жетектеген құла ат кешегі бəйгеден озып келді. Бұл ат — 
серінің  меншікті  аты.  Серіге  берген  сертім:  атың  жүйрік  екен,  бəйгеге  менің  атым  боп  қосылсын. 
Егерде  атың  озып  келсе,  үш  жүздің  жиналған  жақсыларының  алдында  ат  иесі  Ақан  сері  еді  деп 
айтпақ  едім.  Ат  озып  келді,  антымды  жұтпай  орындадым,  куəгер  сіздер,  бұрын  құла  ат  болса,  енді 
Ақан серінің «Құлагері» болсын, — деп сөзін аяқтаған екен». 
Тай  кезінен  баптап-күтіп,  жаратқан  Құлагер  ат  бəйгесінің  алдын  бермейтін  жүйрік  болып 
шығады.  Атығай,  Қарауыл  деп  аталатын  Арқадағы  қалың  ел  ішінде  қандай  жарыс  болса  да, 
Құлагердің  шаңына  ілесетін  қылқұйрықты  табылмайды.  Құлагердің  даңқы  Ақанның  əншілік 
атағымен қоса шығады. Аққошқар Сайдалы деген кісінің бес болысқа сауын айтқан асында Құлагер 
үш жүз аттың алдында қара үзіп келеді [12]. 
Бірақ  осы  аста  бір  көңілсіз  əңгіме  болып  қалады.  Құлагердің  артынан  Барақбай  дегеннің 
Кетеберкөк деген аты келе жатады. Белгі алуға шыққан Барақбай құлдырап келе жатқан Құлагердің 
шылауынан  ұстаңқырап  қалса  керек,  мұны  көріп  тұрған  Ақанның  Барақбайға  тілі  тиеді.  Осы 
уақиғадан Барақбайдың ішінде Ақанға қарсы кек қалады [7; 196]. 
Ереймен жақта Керей руынан шыққан Сағынайдың асына арнайы шақырылғанда, күндеушілері 
көп Ақан барғысы келмеген деседі. Бірақ ауыл-елдің беделді адамдары кеу-кеулеп, Ақан сері Құлагер 
арқылы  тағы  бір  абырой  алмақ  болады.  Осы  уақиғаны  С.Жүнісов  өзінің  белгілі  романында  былай 
суреттейді: «Кейінгі  жылдары  қайғыдан  қайғыға  ұшырап,  Ұрқияның  қазасынан  соң,  туыстарының 
ішінде ала-бөтен ақынның өзіне  тартып жаңа ержете бастаған ең  сүйікті  інісі, əнші Əйберген  аттан 
құлап өлгелі Сері əбден қажып, жиі-жиі төсек тартып, шерменде боп жатып алатын күйге ұшыраған. 
Оның үстіне, ел арасындағы «кие соқты, ант атты» деген қожа, моллалардың сөзі шынға айналғандай 
болып,  Ақан  көпке  топырақ  шаша  алмай,  іштен  тынатын  еді.  Ең  жақын  серігі — əнін  ел  арасында 
еркін  шырқап  айта  алмай,  дəтке  қуат  санаған  жалғыз  Құлагерін  ұлы  бəйгеге  қосып  қызығын  көре 
алмай,  үйде  тобан  аяқ  боп  отырып  қалды.  Осыны  сезген  ет  жақын  досжар  жандар  Сағынай  асына 
алыстан  барып,  бір  серпіліп  қайтуын  мақұл  көрген.  Оның  үстіне,  алыстан  Біржаннан,  Мəшһүр 
Жүсіптен  арнайы  хабар  келген.  Біржан: «Мен  болсам,  кейінгі  кезде  ауру-сырқаулы  болып,  үйден 
шыға  алмайтын  халге  ұшырадым.  Тегі,  осы  жиынға  да  бара  алмаспын.  Ақын — елдің  ақыны,  оған 
қарауыл,  керей  деп  екі  араны  бөлер  деңгей  жоқ.  Халықтың  шөлін  қандырып,  бас  қосқан  жиынның 
көркі болу, жаңа əн, жаңа сəнмен күйге қосу — ақын парызы. Ақан барса екен, тым құрмаса екі ел 
арасындағы караңғы араздыққа аз да болса шырақтай» деп сəлем айтып жіберіпті. Мəшһүр Жүсіп те 
хат жолдап, аяғында былай депті: «Ақан, сенің бұлай қан жұтып, қайғы арқалап жатып алуың атыңа 
лайық емес. Сен қайғырсаң да, ел қайғырмасын. Қалың ел сені де, əніңді де жоқтап отыр. Жоқтатпа 
қауымыңды. Серпіл, жаным». Кіші жүз Мөңке би: «Ер қайғысын сұлудың құшағы, тұлпардың тұяғы, 
сұңқардың  қияғы  алады»  деген  екен.  Ендеше  үйде  жатып  басылу  ел  еріне  жараспайды.  Көтер  еңсеңді. 
Қосыл жұртыңа. Сал думанды. Сағынай асында амандықпен көрісейік...». 
Ақан енді ештемеге алаңдап тоқтар емес. Атын əдейі баптап, алыс сапарға жүргелі жатыр» [13]. 
Сонымен  Ақан  сері  Сағынайдың  асына  Құлагерді  қосады.  Ол  кезде  бүгінгідей  айналып  шабу 
жоқ,  аттар  ұзаққа  жіберіледі. 313 аттың  алдында  Құлагер  жұлдыздай  ағып  келе  жатқанда,  анау 
Сайдалы асында ішінде қан қатқан Барақбай қамыс ішінде жасырынып тұрып, Құлагерді шоқпармен 
ұрып өлтіреді. 
Соңғы жұбанышы, қызығы болып жүрген сəйгүлігінің бұл өлімі онсыз да қам көңіл Ақанды зар 
еңіретеді.  Ол  айтқан  «Құлагер»  əні [14; 329–332] осы  күнге  дейін  тыңдаған  адамның  сай-сүйегін 
сырқыратады: 
Жел соқса қамыс басы майда деймін, 
Атыңды, ат айдаушы, айда деймін. 
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, 
Жығылмаса, Құлагер қайда деймін?! 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
43 
Түбінен дəйекшенің тұрдым тосып, 
Алушы едім бəйгеңді талай қосып. 
Отыз ат уəделі өтіп кетті, 
Сол жерде тұра алмадым денем шошып. 
Міңдім де Саралама тұра шаптым, 
Бəйгі алам деп бұл істен залал таптым. 
Намазшам, намаздыгер арасында 
Баланы жылап жатқан əрең таптым. 
Құлагер, айналайын шабысыңнан, 
Атағың елге шыққан дабысыңнан. 
Біліп ем өлеріңді, Құлагерім, 
Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан. 
Құлагер, шешең сұңқар, əкең тұлпар, 
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар. 
Сен өлсең, орның басар көк бесті бар, 
Болады Құдай қосса о да тұлпар. 
Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым, 
Тұсына қызды ауылдың көп байладым. 
Өлді деп Құлагерді естігенде, 
Бір тұрып, бір отырып ой ойладым. 
Құлагер, құлыныңнан керім едің, 
Нағашым сұрағанда беріп еді. 
Жылқымды Жыланшыққа айдағанда, 
Бір сыншы көзің шыққыр көріп еді. 
Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай, 
Жарасар келте жібек құйрығың-ай. 
Түбіне Ерейменнің айдап келіп, 
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай. 
Тұлпардың аунағаны туған жерің, 
Биеден туа бермес сендей құлын. 
Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ, 
Бір жолда əперіп ең ердің құнын. 
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім, 
Салбырап саптаяқтай төменгі ернің. 
Баспа-бас қызға бермес жануарым, 
Басылмас бір шырқамай менің шерім. 
Құлагер, нұрың қандай, даңқың қандай, 
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай. 
Бəйгеге жүз шақырым айдағанда, 
Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай. 
Құлагер, жерді жарған дабысың-ай, 
Өлгенше бүзылмаған шабысың-ай. 
Өлімің адамзатпен бірдей болып, 
Кетті ғой қалың елге дабысың-ай. 
Адамзат даңқыңды естіп қайран қалған, 
Атағың Орта жүзге мағлұмданған. 

Р.С.Каренов 
44 
Вестник Карагандинского университета 
Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай, 
Шырқатып пластенке əнге салған. 
Құлагер, құланыңнан жайлатқаным, 
Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным. 
Тартыншақ жаман əдет қыла ма деп, 
Артыңнан бір балаға айдатқанмын. 
Құлагер, айналайын, тұлпарым-ай, 
Бір көрмей тұра алмаймын, сұңқарым-ай. 
Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып, 
Бір көрсек деп тұратын, іңкəрім-ай. 
Қапыда өліп кеттің, жануарым, 
Жібектей күлтеленген құйрық, жалың. 
Өлді деп, жануарым, есіткенде, 
Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным. 
Қарағым, айналайын, Үркеккерім, 
Шықпаған қанша шапсаң ащы терің, 
Бір сенің жолыңда боп жұрттың көзі, 
Тілегіңді тілеуші еді жұртың сенің. 
Құлагер, саған келген бұл бір керім, 
Үш жүзді сайран қылған Ақан серің. 
Сібірден сегіз дуан қоймай озған, 
Қой мойын, қоян жақты, сандал керім. 
Күйдірдім отқа салып ашу тасты, 
Не көрмек əлі де болса басым жас-ты. 
Тұсында ешбір жүйрік ілесе алмаған, 
Күйігі Құлагердің басылмас-ты. 
Құлагер, сені өлгенше міне алмадым, 
Өлгенше сайран етіп жүре алмадым. 
Өлді деп Құлагерім естігенде, 
Ой ойлап орнымнан тұра алмадым. 
Бағаңа ділдə беріп алдым сатып, 
Ойнатып қызығыңа жүрдім батып. 
Бəйгеден жалғыз дара алда келіп, 
Жүріп ем бар халықты таңырқатып. 
Аузыңа қос ауыздық салып едім, 
Сені алып ел шетіне барып едім. 
Бір жолы бəйгесіне Құлагердің 
Он жылқы, екі жамбы алып едім. 
Қолымда ақ қағаз бен қалам, сия, 
Кетуші ем сен барыңда елден қия. 
Артыңнан тағы шығар бір аягөз, 
Көзімнің шүкір қылдым жасын тыя. 
Менің атым сұрасаң Ақан серің, 
Хазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім, 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
45 
Дүниеде оған жетер ат бар ма еді, 
Өлді ғой мен қайтейін, Құлагерім. 
Ор болып қалушы еді шапқан жерің, 
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. 
Атығай, Қарауылға олжа салған, 
Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім. 
Құлагерді өлтіргендей алдым несін, 
Əркімнің Тəңірім берген несібесін. 
Қас қылған жануарым Құлагерге, 
Жауызға, бар тілегім, өлім берсін. 
Бұл  оқиғаны  дауылпаз  ақын  Ілияс  Жансүгіров  «Құлагер»  атты  поэмасында [15] былай 
бейнелеген: 
Тұрғаны тығырықтау жердің шаты, 
Ақ мылтық — астындағы ақбоз аты. 
Ұрымтал жерден оқтай ұмтылғанда, 
Бала да білмей қалып, болды қапы. 
– А, құдай-ай!, бере көр! — деп ұмтылды,
Ұйтқып кеп соқты өкпеден жел сықылды. 
Қыспақ жол, Жыландының жырасында 
Қақтығып бір-біріне ат тығылды. 
Сап етіп бердеңкедей кеп ұрынды, 
– Бере бер, балам, бері шылбырыңды!
Жанасып Құлагерге қалғанында, 
Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды... 
Шапшып қан шекесінен шыр айналды, 
Сылқ етіп Құлагер ат құлап қалды. 
Білген жоқ не болғанын, ес қалған жоқ, 
Тек бала жерге доптай домаланды. 
Құлагер шапшытқанда көкке қанды, 
Тек бала шыр-шыр етіп аттан салды. 
Жоқ болды ақбоз атты, қара киім, 
Тұйғынкөк шыға шауып кете барды. 
«Бай-бай, Құлагерім!..» 
Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап, 
Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап. 
Шіреніп төрт аяқты, танау қағып, 
Ыңқылдап өліп барады ат қырқырап. 
«Аттандап» өткен жанға қолын былғап, 
Баласы Құлагердің жүр шырқырап. 
Қалың шаң қаптай шапқан қара-құрық, 
Балаға бұрылмайды ешкім бір-ақ. 
Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты, 
Ол тастап аста тұрған жиылысты; 

Р.С.Каренов 
46 
Вестник Карагандинского университета 
Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп, 
Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты. 
Қөргенде ол мынадай сұмдық істі, 
Үстіне Құлагердің құлап түсті. 
Білмеді не болғанын айрылды естен, 
Аймалап Құлагердің басын құшты. 
Иə, Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Əсіресе «Құлагердегі» 
экспрессивті интонация, толқыған мұңлы əуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен 
баурайды. Əн ақын өмірінің трагедиялық сəтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының 
тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның əділетсіз бет-бейнесін ашады. 
Арнау өлеңдері Ақан мұрасында жанрлық түрдің бірі ретінде 
Поэзия  сырттай  қарағанда  біртұтас  көрінгенімен,  оның  да  жанрлық  түрлері  көп  екенін 
байқаймыз. Мəселен, Ақан сері мұрасындағы жанрлық түрдің бірі — арнау өлеңдер. 
Арнау түрінде жазылған өлеңдер əлем əдебиетінде, соның ішінде қазақ поэзиясында баршылық. 
Қазақ  арнау  өлеңдерінің  бұлақ  көзі  тереңнен  арна  тартады.  Зерттеушілердің  айтуына  қарағанда 
[16; 17],  сонау VI–VIII ғасырлардағы  Орхон  ескерткіштерінде  «Түркі  халқы,  тыңдаңдар!»  деп 
басталатын арнау өлең бар екені белгілі. 
Ақанның  арнау  өлеңдері  не  бірыңғай  мақтаудан,  не  бірыңғай  даттаудан  тұрмайды.  Көбіне 
адамдардың жақсы мінез-құлығына сүйініп, ризалық білдіреді. 
Бірде  Көкшетау  еліне  келін  алуға  ақмолалық  құда-күйеулер  «Əнші  жоқ  Қараөткелде  менен 
асқан»  деп  шырқайтын  Ғазиз  əншіні  ала  келген  екен.  Той  жасалып,  ақындар,  əншілер,  қобызшы-
домбырашылар жиналады. Сол үлкен тойға Көкшетау елі Ақанды алғызыпты. 
Ойын-тойдың  гүлі  Ақан  сері  келіп  жеткенде,  Ғазиз  «Құлагер»  жырын  күңірентіп  қоя  береді. 
Əннің бітер тұсында Ғазиз: 
Ай, Бөрібай, 
Ай, Бөрібай. 
Беу, Құлагерім-ай. 
Қайран, серім-ай, — 
деген қайырма қосады [17]. 
Ғазиздің  іші-бауырыңды  елжіретіп,  ішкі  сарайыңды,  санаңды  баурап  айтқан  əнін  естіген  Ақан 
сері: 
Басасыз шаттандырып «Құлагерді», 
Басқан сайын ашасыз ішкі зарды. 
Ақмола уезінің өнерпазы 
Мадақтамай болмайды Ғазиз ерді. 
Жігіттің дүрри жауһар дүрі екенсіз, 
Дүние жаннатының гүлі екенсіз. 
Нағашы атаң дұрыс айтқан бəрімізге 
Əншінің барып тұрған сыры екенсіз, — 
деп бағалайды əн дүлдүлін. 
Ғазиз ақын: 
– Құлагерден де жүйрік бір ат тауып берсем, қайғыңыз сейілер ме еді? — деп тіл қатады.
Серінің сондағы айтқаны [18]: 
Биеден енді тумас ондай құлын, 
Табылмас жинасаң да дүние-пұлың. 
Шерімді іште жатқан қозғаған соң, 
Əншейін айтқаным ғой көңіл мұңын. 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
47 
Ғазиздің азаматтығын лайықты бағалап, жиын-тойдың гүлі, «жігіттің дүрри жауһар дүрі екенсіз» 
деп тегін айтпасы кəміл. Себебі халық əншісі, ақын, композитор Ғазиз Файзоллаұлы — өз дəуірінің 
саналы, санаулы саңлақтарымен қатарлас шыққан өнерпаз, сері. Өзінің төлтума əндерін он екі тілді 
гармонмен  орындаған.  Мұндай  қасиет  екінің  біріне  бұйыра  бермейді.  Сондықтан  Ақан  сері  оған 
құрметпен қараған, өнеріне ден қойған: 
 
Дəм айдап Көкшетауға келіп қапсыз, 
Жақсымен танысуға жыр екенсіз. 
Елдегі ақын-əнші екеу болса, 
Дəл соның қатарында бірі екенсіз. 
 
Бұл — Ақан секілді атақты өнер иесінің Ғазиз ақынға берген əділ бағасы [16; 17]. 
Ақанның  арнау  өлеңдерінің  көлемі  шағын  болып  келеді.  Ол  «Бименде  болысқа»  деген 
арнауында [19]: 
 
Əуелі сөзі бастайын бір Құдайдан, 
Құдай егіз жаратқан — 
Арғын, Найман. 
Басқа жүзден Орта жүз дара шығып 
Дүниеге өсіп-өніп қанат жайған. 
Екінші сөз сөйлейін — Абылайдан 
Хандықпен аты шыққан əрбір жайдан. 
Ұранға атын қосқан Абылайдың, 
Сөйлейін Төлекұлы Сандыбайдан. 
Сандыбай шыққан еді асыл тектен, 
Қарадан хан боп өткен ақсүйектен. 
Қара қалмақ Тортайдың 
басын кесіп, 
Бақ алған он жетіде жекпе-жектен. 
Ерлігі үш алашқа мағлұм болып, 
Ұранға аты шыққан сол себептен. 
Атасы Сандыбайдың Тулақ-Төлек, 
Ішінде Орта жүздің заты бөлек, 
Жеті атадан келеді билік құрып, 
Бəрін де келістіріп айту керек. 
Жарасар не десем де асыл затқа, 
Құдайдың қалауымен жеткен баққа, 
Кез болдым Би-екеңе Атбасарда 
Айтайын біраз мақтау аруаққа. 
Бақ қонып, аруақ қалап, 
Құдай сүйген, 
Ту ұстап, тұлпар мініп, берен киген, 
Кешегі Сандыбайдың Ерден батыры, 
Қоқанның хандығына жалғыз тиген. 
Сондай ер өтіп кетті жұртқа қорған, 
Қаймықпай Сібір менен Орынбордан, 
Айнабұлақ басында соғысқанда, 
Қоқанды қорқыратып қойдай қырған... — 
 
деп, атақты Ерден Сандыбайұлының батырлығын ерекше бағалайды. 
Ақан  серінің  арнау  өлеңдерінен  түрлі  адамдардың  мінез-машығын  байқауға  болады.  Көп 
еңбектері  кейбіреулердің  теріс  əрекет-қимылын  ашуға  арналған.  Мұндай  өлеңдер  өткір  сын,  əжуа 
түрінде болып келеді. 
Құлагері  Сағынайдың  асында  опат  болып,  қатты  қайғырып  елге  оралғанда  Есіл  бойының  ірі 
байы, қабырғалы биі Қылышбай: 

Р.С.Каренов 
48 
Вестник Карагандинского университета 
– Апырай,  Ақанжан,  бəйгеге  ат  апара  жатқанда  менен  бата  алып  та  кетпеген  екенсің!? — деп
өзеурегенде, Ақан: 
– Дүлділі орға жығылып, зүлпіһары ұңғысынан омырылып, Ғазіреті Ғали қолға түскенде сізден
бата алмай кеткен бе екен! — деп табанда тойтарып тастапты. 
Ақан  сері  бірде  бір  үйге  түссе  төрде  мұрнынан  сорасы,  аузынан  сілекейі  ағып,  алжыңқырап 
қалған шал отыр екен, Қонаққа тартқан басы бұрын сойылып тұрып қалған болса керек. Сонда дəм 
қайырып бата берген Сері: 
Жиіркендірер жас берме, 
Миы ашыған бас берме. 
Күле кіріп, күңірене шығар 
Ағайыннан қас берме, — 
депті. Сол сөзі іле елге тарап кетіпті [1; 107]. 
Ақан  серіні  дін  иелері  жек  көрген.  Олар  қайтсе  де  ақын  өнеріне  тосқауыл,  кедергі  жасап 
отырған. Солардың бірі Атбасар уезінде молдалық құрған Смағұл деген екен. 
Құлагерден  айырылып,  қасірет  шеккен  Ақанды  мұқатпақ  болып,  Смағұл  молда: «Сен  жын-
шайтанның жолына түсіп едің, ақыры осылай болдың», — деп табалап, өлеңмен ақынға мынадай хат 
жазады: 
Ғиззатлу, сəлем жаздым Ақан саған. 
Ғақлаят жауап қайтар жазып маған. 
Болса да аспан — қағаз, теңіз — сия, 
Болмайды сөз аяғы түгел тəмам. 
Өзіңді дариядай көтергенмен 
Көрінді шұқанақ боп маған тамақ, 
Бір кезде Қарауылдың серісі едің 
Жоқтаумен жалғыз тайды кетті бағаң. 
Хат жаздым қара сия қолыма алып, 
Күллісі жиырма тоғыз екен əріп, 
Қайыр хош, Ақан саған, жазған хатым 
Сəлəмəт бір кісіден келсін барып. 
Үш жүздің үлгісімен деп айтасың 
Ессіз, надан екенсің білдім анық, 
Беліңді ескен жіппен буа салып, 
Үстіңе киінгенің шекпен шарық. 
Ібіліс есуасына жолдас болдың, 
Оныңды недейді екен кітап, халық. 
Алмайтын кітап тілін не жының бар. 
Етіңіз енді оған ризалық. 
Ылғи ойда жүресің адыры жоқ, 
Сайды тəуір көресің бұдыры жоқ. 
Ескі қыстау-мекенің, күн көрісің, 
Ақаным, бұл мінездің кəдірі жоқ. 
Баласы Қорамсаның Ақан сері, 
Белгілі бір жақсының баласы еді. 
Күйзелген қайғысы боп Құлагері, 
Бұл күнде əурелеп жүр жынмен пері. 
Ат емес, айғыр емес тай Қодыға, 
Жылға емес, өзен емес сай Қодыға, 
Рулы ел жиналса да жете алмаған, 
Ішінде əкем менің Айқодыға. 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
49 
Ақан сері Құлагерінен айырылса да, ақындық шабытынан айырылған жоқ еді: 
Жақсының жолдас болдым данасына, 
Үш жүздің сөзім жетті баласына. 
Жылында мың тоғыз он екінші, 
Сөз жаздым Атбасардың қаласына. 
Молласы указный Қызылкөлдің. 
Смағұл бай Қодыға баласына. 
Өзін мақтау тірі өлім деген қайда, 
Мақтаған өзін-өзі жараса ма. 
Дүниеде Қарынбай да бай боп өткен, 
Жер жұтып, о да біраз 
мехнат шеккен. 
Атандым мен жасымнан Ақан Сері, 
Уəлаят жеті ықламға аты кеткен. 
Атаңды айға ұқсатып мақтаймын деп, 
Жүрмеңіз кəпір болып бұл реттен. 
Бастысы əзəзілдің бұл Смағұл, 
Түк жұқпас жұттан шыққан 
қу Смағұл. 
Ауызда ғайбат айтқан тазалық жоқ, 
Ауызың арам болды жу, Смағұл. 
Өзіңше мені қыпсың «тағаң — Ақан», 
«Білмеген дəнеңені надан Ақан». 
Бастасаң сен сөзіңді «бісмілладан», 
Сөз етсін ғылым жайын ағаң Ақан. 
Өлеңді жас күніңнен жаттадың ба, 
Басқа жан айтысуға таппадың ба? 
Айтасың ұлы атаңның маған жəйін, 
Айтуға өз əкеңді батпадың ба? 
Əкеңді сен жазыпсың Ай Қодыға, 
Ішінде рулы елдің бай Қодыға. 
Қодығадан қодық та туушы еді, 
Шырағым, əкең сенің қай Қодыға? — 
деп Смағұл молдаға өлеңмен өлтіре жауап береді [20]. 
Ақан сері бір жиында қожа-молдалар арасына түсіп қалады. Олардың арасында Балуан Шолақ та 
бар екен. Балуан Шолақ домбыраны қолына алып, шертіп отырады. Шалқыған көңіл мен қалықтыған 
əнді,  өмір  туралы  сөзді  жақтырмаған  молдалардың  бірі  Балуан  Шолаққа: «Домбыраны  таста,  күнə 
болады.  Одан  да  жұмаққа  қалай  баруға  болатыны  жайлы  шариғат  сөзін  айтыңдар», — дейді.  Ақан 
сонда Балуанның қолындағы домбыраны жұлып алып, қағып-қағып жібереді де, өлеңдете жөнеледі: 
Қожалар құр кеудесін көтереді, 
Паңданып, маңғазданып жөтеледі. 
О дүние бұ дүниеден жақсы болса, 
Алдымен қожа-молда кетер еді, 
Сен бе едің, көксеркесі төмен елдің, 
Асықсаң ақретіңе жүре бергін, 
Жайланып жұмағыңда жатпайсың ба, 
Сандалып Көкшетауға неге келдің. 
Қожалар күндіз жатып түнде өреді, 

Р.С.Каренов 
50 
Вестник Карагандинского университета 
Ұрлықты түнде істеген кім көреді, 
Талапты жігіттерім іс қылыңдар, 
Дем салып қожекемді үшкіріңдер. 
Сүннетін пайғамбардың көп айтады, 
Бас салып, өзін енді піштіріңдер, — 
дейді [21; 86]. 
Жігіттердің күлкісінен қатты қысылған қожа сыртқа ата жөнеледі. 
Ақан сері ел аралап жүріп, Сағындық-Сүйіндік еліне келіп, Мейрам қажының үйіне түседі. Қажы 
алты  баласының  ортасында  отыр  екен.  Қажының  ен  үлкен  баласы  Сейілбек  Омбыда  гимназияда 
оқиды екен. Үйге кіріп келген Ақан сері сəлем береді. Мейрам қажы орнынан ұшып тұрып, Ақанмен 
құшақтасып  амандасады.  Қажының  баласы  Сейілбек  айғайлап, «неге»  отырып  амандаспайсың, 
Қарауылдың  қара  шалын  əйелдерше  құшақтағанша  депті.  Сонда  Ақан  сері  тұрған  қалпында  былай 
деген екен: 
Атандың Мейрам қажы 
бала жастан, 
Атағың шығып кетті, 
алты Алаштан. 
Өз басың артық туған 
адам едің, 
Сағындық-Сүйіндікке 
үлгі шашқан. 
Ақ сұнқар үйде болмай 
түзде болып, 
Бір нəрсе балауызға 
араласқан. 
Сəлемді не алмайды, 
не бермейді, 
Алланың рахматынан 
безіп қашқан. 
Бір келген жолаушыға 
сыр білгізіп, 
Болмай ма, тəкаппардың 
қасы дұшпан. 
Əкеге бала тартып 
туу қайда, 
Туған ба балалардың 
бəрі жолдан. 
Қажыға бармасам да 
жаным таза, 
Ішпейді Ақан сері арам 
астан. 
Қырқылып қызыл тілім 
қалмаса егер, 
Айтарым Жанайдардан етіп 
дастан. 
Өз  ренішін  ашық  айтқан  Ақан  үйден  шығып  кетеді.  Іле-шала  Мейрам  қажы  да  үйден  шығып, 
оған «үйге кір ат-шапан айыбым бар» деп баласының қателігін мойындапты. Сонда Ақан ат үстінде 
тұрып: 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
51 
Қажеке, адам едің 
асыл аға. 
Атаққа дақ салады, 
ақымақ бала. 
Сіз бердіңіз жүз сомды 
мен алмаймын. 
Жүргем жоқ аймақтарға 
айып сала, — 
деп жүріп кетіпті. 
Шыңғыстың атқұмар баласы Жақып төре Ақан ауылына келгіштеп, Құлагерді сұрай беріпті. Ол 
мазалап  болмаған  соң  Ақан  сері: «Ақындықпен  Орынбайдың  даңқы  шықты.  Аға  сұлтандықпен 
əкеңнің  даңқы  шықты.  Жүйріктікпен  Құлагердің  даңқы  шықты.  Осы  сөздерімді  əкеңе  барып 
сынатшы, содан кейін Құлагерді ала бер», — депті. 
Қуанып  кеткен  Жақып  əкесіне  келіп  Ақанның  сөздерін  жеткізеді.  Сонда  Шыңғыс  төре: «Ой, 
ақымақ  балам-ай! Ақанның  Құлагері  мал  да  болса, аға  сұлтан  əкеңмен  пара-пар, ақын Орынбаймен 
пара-пар деген сөз емес пе? Біреу əкеңді сұраса берер ме едің?» — депті [21; 85]. 
Осыдан кейін Жақып төре Ақан ауылына жолауды қойыпты. 
Бір  күні  Ақан  сері  жолаушылап  жүріп,  Нұрила  деген  жеңгесінің  үйіне  қонады.  Сонда  Нұрила 
жеңгесі серіні қызға жібермей, есікті тас бекітіп қояды. Содан Ақан [17; 96–97]: 
Нұрила, мен қайтейін бөстегіңді, 
Жалғанда ғашық болған төстегіңді. 
Əншейін, көңілім ауып келіп едім, 
Есікке дайындапсың кескегіңді. 
Ойласам, ойдан, сірə, қалар емес 
Кешегі қыздар қонған кештегіңді. 
Таудағы ақ киіктің таңын қорғап, 
Қыранның ілетұғын аңын қорғап. 
Отырған қапастағы тоты құстың 
Өміріне өң беретін қанын қорғап, 
Ішіне құрт-майыңды салушы ма ең, 
Бір келген жолаушының қабын қорғап, — 
деп, сайрап қоя береді. 
Бірде  Ақанның  жолдасы: «Сері,  мынау  «Сарыала»  мені  ренжітіп  тұр.  Бұрын  қасқырдың  иісін 
сезіп аңсырайтын осы сұм, бүгін көкжалдың қарасын көре тұра бармады. Таңмын, таңмын, бұған не 
болды екен?» — деп таңырқанады. Сонда Ақан сері: 
– Е, мынау саған арыз айтып тұр ғой, естімейсің бе? — дейді.
– Нендей?
Бұрынғыдай денемде ет қалмады, 
Мойында күш, аяқта еп қалмады. 
Көженің қоюы да қалмаған соң 
Қасқырға менде қарар бет қалмады, — 
деп тазының бабы жетіспей тұрғанын əзілмен жеткізген екен [21; 85, 86]. 
Ақанның  Оспан  деген  досы  Серінің  науқастанып  жатқанын  естиді  де,  көңілін  сұрамаққа 
əдейілеп  жолға  шығады.  Оның  қасына  сол  ауылдан  Мұқаметжан  деген  кісі  ереді.  Кезінде  оның 
Ақанға тіл тигізген қиянаты болса керек, кешірім сұрап қалайын деген мақсатпен шығады ол. Олар 
келсе  Ақанның  науқасы  қатты,  қасында  екі  шал  күзетіп  отыр  екен.  Бұларды  көрген  Cері 
қасындағыларға  ымдап, «басымды  көтер»  деген  белгі  береді.  Сонда  Ақан  бойына  күш  жиып: 
«Қалайсың,  қыраным,  асылым?» — деп  отырған  Оспанға  бір,  одан  кейінірек  тізе  бүккен 
Мұқаметжанға бір қарап алады да, оларды иегімен нұсқап: 

Р.С.Каренов 
52 
Вестник Карагандинского университета 
Мынау келген Оспан ғой, 
Оны Ақанға жасынан 
Тағдыр дос қып қосқан ғой. 
Əрқашан да ол маған 
Ақ ниетін тосқан ғой. 
Арғы отырған дұшпан ғой, 
Оспан келе жатқан соң, 
Қолтығына қысқан ғой, — 
дейді. 
Мұқаметжан  бұғып,  шөккендей  болып  қалды.  Сонда  Ақан  ентігіп  отырып: «Тіл  тигізген 
қиянатың бар еді, соныңа кешірім сұрағалы келіп отырсың ғой, Мұқаметжан, кештім», — дейді  де, 
жымиып қана күледі. Мұндайда ол қарқылдап тұрып күледі екен, бірақ оған шамасы келмепті» [18; 
180]. 
Ақан серінің «Сараң əйелдің еріне» деген өлеңінде [16; 19] əйел затының қонақ күте білмейтін 
сараңдығы сыналады. Бірақ арнау еріне қарата айтылған: 
Қуарыңқы тартыпты сақал-мұртың, 
Жеңгейдің ұнатпадым ниет-құлқын. 
Тұрмысың, тұрпатыңның бəрі жақсы, 
Кім еді түсіндірші қайын-жұртың? — 
дейді. 
Мұндай  ниеті  мен  пиғылы  төмен  əйелді  қайдан  тапқансың  дегендей  ой  танытады. «Кім  еді 
түсіндірші қайын-жұртың» деп сараң əйелдің шыққан тегіне назар аударады. Қонақты дұрыс қарсы 
алмау əдепсіздік, көргенсіздік саналады. Жоғарыдағы өлең жолдары пейілі тар сараң əйелге де, оның 
еріне  де  берілген  мінездеме  деуге  болады.  Себебі,  арыдан  келе  жатқан  дəстүрлік  əдепті  бұзуға 
болмайды. Ақын ойын тағы жалғастырады: 
Бұл жеңгейді жақсылап бағу керек, 
Шырағын жұрттан асыра жағу керек. 
Мейманға сараңдығын қоймас болса, 
Азуын алты қарыс қағу керек, — 
деп, бекер қағытып отырған жоқ. Қонаққа сараңдық көрсету ата-баба салтына қайшы келеді. Мұны 
əрбір  адам  білуге  тиіс.  Қонақты  дұрыс  қабылдамау  халықтың  жақсы  қасиетін  сыйламау  болып 
табылады. «Халқымыз  ежелден  ақкөңіл,  қонақжай,  меймандос  ел  болған.  Меймандостық 
бейбітшіліктің  символы  іспеттес.  Көшпенді  ата-бабаларымыз  қашан  да  бейбітшілікті  аңсаған.  Өз 
бетімен ешкімге ұрынбаған [22]. 
Ақынның  «Сараң  мырзаға»  атты  арнауы  да  пейілі  тар,  қолы  қатты  адамға  арналған [16; 19]. 
Бірде Ақан сапар шегіп, жолжөнекей Жақып төренің үйіне түседі. Жақып шықбермес Шығайбайдай 
сараң  екен.  Ол  Ақан  серіге  көтерем  тоқты  сойып  береді.  Ас  пісіп,  алдына  келгенде,  көтерем 
тоқтының етін көрген ақын мына өлеңді сойылған тоқтының сөзі етіп суырып салған екен: 
Жаңа май жан денеме шашып едім. 
Көк шыққан соң көзімді ашып едім. 
Тамыз бен шілдеде сойылғанда, 
Ауызға алмайтындай жасық едім. 
Не бетіммен ілбиіп көрінем деп, 
Меймандардан қорғалап қашып едім. 
Жақып мырза бір қиял бастап алдың, 
Үш жүз қойдан əдейі қастап алдың. 
Қорғалап талдан талға қашсам дағы, 
Босатпай жұлдыз туа ұстап алдың. 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
53 
Өзіне  берілген  қонақасыға  разы  болмаған  ақын  мырзаны  əзіл-шынын  араластыра  шымбайына 
батыра  шенейді.  Осы  үйге  келгеніне  өкініш  білдіреді.  Абзал  ақын  түйінді  сөзін  байға  былай  деп 
тікелей айтады: 
 
Жануардың енесі имеді ме? 
Емшектен аузына сүт тимеді ме? 
Қойшысы əлде мұны бақпады ма? 
 
Иесі əлде сауып қақтады ма? 
Ыңғайлы қонақ бұрын келмеген соң, 
Мен келер деп əдейі сақтады ма? 
 
Сөзден  жеңілген  Жақып  төре  Серіге  қайтадан  семіз  қой  сояды.  Сонымен  Ақан  сері 
Қорамсаұлының  арнау  өлеңдері  көбіне  белгілі  бір  адамдарға  қарата  айтылған  сын-сықақ  түрінде 
болып  келеді.  Ақын  өз  дəуіріндегі  қоғамдық  ортаның  қыр-сырына  үңіліп,  кейбір  кереғар  өмір 
шындығын көркемдік шындыққа айналдырып отырған. Адам бойындағы кем-кетікті бетіне айту үшін 
сын-сықақты  күрес  құралына  айналдырған.  Халық  мүддесін  қорғап,  əділдікті  жақтаған.  Қандай 
жағдайда да адам адамдық қалып-қасиетті сақтау керек деп тұжырымдаған. 
Көңіл айту Ақан əндерінің бұрын-соңды терең зерттелмеген бір қыры 
Əр  халықтың  өмір-тұрмысы,  əдет-салтынан  туындап  жататын  «Сүйінші», «Шілдехана», 
«Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар», «Бесік  жыры»  сияқты  халықтың  шат-шадыманды  қуанышты 
кездері  мен  «Қоштасу», «Естірту», «Жұбату», «Жоқтау», «Көңіл  айту»  тəрізді  қайғылы  мұңды  хал-
ахуалдарын күйттейтін жыр үлгілері болады. 
«Өмір  бар  жерде  өлім  бар».  Демек,  басы  бар  нəрсенің  аяғы  да  болмақ.  Адам  баласының  ең 
қымбаты  өмір  болса,  өмірден  кету — ең  ауыр  сəт.  Ақырғы  сапар  жолында  адам  қиын  да  жауапты, 
абыройлы  кезеңді  басынан  кешпек.  Бұл  ақ  өлімге,  ер  өліміне,  топырақты  өлімге  соқтыруы  тиіс. 
Өлімнің де абыройлы, абыройсызы болған, бар да. Сұраусыз өлім де болады. Ал қазақ халқы өлімнің 
де  жөнелуін  нысанада  ұстаған. «Өлместі  Құдай  жаратпайды,  сынбасты,  тозбасты  ұста  соқпайды», 
«Тумақ — хақ,  өлмек — хақ»  дейтін  қазақ  халқы  өлімнен  қорықпаған.  Жасы  келген  қарт,  сырқат 
адам, бой жазудағы азамат кейінгілермен арыздасып, бақұлдасады. 
Адам дүниеден өтер жолында естірту, жылау, жұбату, тоқтау айту, қоштасу, көңіл айту, жоқтау, 
кейіннен еске алу, бата оқу рəсімдері болады. Кісі қайтқаннан кейін азалау күні (кей өңірлерде үші, 
жүзі  өткізіледі), «жетісі», «қырқы», «жылы», «асы»  өткізіледі.  Марқұм  отбасынан  шалғайда  немесе 
ұзақ жолда қайтыс болған болса қайғылы хабарды жанашыр адамдары туыстарына естіртеді. 
«Естірту», «Көңіл  айту», «Жұбатудың»  көбінесе  көпшілік  болып  жинала  барып  айтылатыны 
тұрмыста  белгілі  дəстүр.  Сонда  сөзді  көпшілік  ортасынан  жасы  үлкендерге  бастатады.  Немесе 
термелеп,  пернелеп  сөйлейтін  ақын,  жыршыларға,  сөз  білетіндерге  жол  береді.  Сол  қарияның,  яки 
ақынның, айтқаны өзге көпшіліктің сөзі болып шығады [23]. 
Кісі дүние салғанда оны естірту, жоқтау, жұбату бəрі-бəрі белгілі бір əуенмен, əнмен айтылған. 
Оған көп мысал боларлық мұралар сақталған. Сол мысалдың бірі Шоқанның қазасына байланысты. 
1865  жылы  дарынды  ғалым  Шоқан  Уəлиханов  Алтынемелде  Тезек  төренің  үйінде  қайтыс 
болады.  Сырымбеттегі  егілген  ел  өз  ортасынан  Жаулыбай  есімді  көсем  қартты,  Тулақ, 
Қанқожалардай  қобызшыларды,  Ақан  серідей гауһар  сөзді əншіні шығарып, Шыңғыс төренің үйіне 
келеді. Қабағы түскен елдің мына түрінен секем алған сұңғыла ойлы Шыңғыс төре: 
– Қаңқожа, бір күй тартшы, — дейді дір-дір етіп. 
Қанқожа қобызы ботасы өлген іңген боп боздайды. 
– Жоқ, басқа бір күй тарт! — дейді Шыңғыс төре басын шайқап. Қаңқожа қобызы енді жоқтау 
созған əйел боп уһілейді. 
– Тоқта, Қанқожа! Қобызды сен ал, Тулақ! — деп Шыңғыс төре дегбірден айырылады. 
Тулақтың  қобызы  ə  дегеннен  ішін  тарта  өксіп-өксіп  қалғанда  Шыңғыс  төре  іштей  түйіліп,  бар 
сұмдықты сезіп: 
– Ə, дүние, Шоқанымнан айырылдым ба? — дейді дымы құрып, — соны естіртіп отырсың ғой, 
Жаулыбай! 
 

Р.С.Каренов 
54 
Вестник Карагандинского университета 
Сол шақта Ақан сері көкіректі қарсы айырған азалы толғаумен: 
«Шыңғыстың сүйер ұлы Шоқан еді, Империя, патша жұртын тамам көрді. Өнері жұрттан асқан 
жігіт еді, Құдайым сапар жолда қаза терді», — деп сарната жөнеліп, көңіл айтады. 
Дін оқуына терең Ақан сері жалғанның пəнилігін, ғұмырдың қас-қағым сəт екендігін, пешенеге 
не жазылса соны көру, тағдырдың салуы, дəм-тұздың бітуі Алланың ісі, жазмыштан озмыш жоқ деп, 
тəуба сөзімен келтіреді. Сабырға шақырып, орны толмас қайғыға душар болған Шыңғыс төренің есін 
жиғызады [24; 176]. 
Сері  ғұлама  Шоқанды  Көкшенің  биігіне,  теңіздегі  кемеге  теңейді. «40 темірдің  қылауы  қосқан 
өнерпаз» деп бағалайды [5; 168]. 
Аза тұтып отырған Шыңғыс төре бір жолы Ақан серіні шақыртып алып: 
– Серім,  менің  халім  мынау...  Шүкір,  тəуба  дегізіп,  əл  бердің,  Алла  разы  болсын  саған.  Менің
Шоқаным  қайтқалы  бері  қасымнан  бір  елі  кетпеген  Сəлімгерей  де  (заты — Жауар  Қарауыл) 
жалғызынан айрылып, шерменде боп қалды ғой. Көп күн бопты, нəр сызбай, күйік тартып, о дүниені 
тілеп,  жан  баласына  тіл  қатпай,  теріс  қарап  жатып  алыпты.  Мен  тұрайын  енді,  серім.  Мені 
Сəлімгерейге апар, көңіл айтайын. Менің сөзімді өзің айт, серім! — дейді. 
Сонда Ақан сері мұңды, əм өткір мақаммен тірі өлік боп жатқан Сəлімгерейге былай деп көңіл 
айтады: 
Дейсіз бе, бұл дүниеде өлмеген бар, 
Алланың құдіретіне көнбеген бар, 
Алладан қаза, тағдыр келген шақта, 
Ата-ана, туыстарын көрмеген бар. 
Қазақта Шорман ұлы, аты Мұса, 
Бір жігіт сондай болар бақыт қонса. 
Омбының қаласында тағдыр жетті, 
Не қиын бір Аллаға сондай қылса. 
Қанжығалы Меңдекей Шəңке болған – 
Ішінде Орта жүздің даңқы болған. 
Қызылжар қаласыңда Төкеш қайтты, 
Бұл дағы жақсылардың арты болған. 
Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді, 
Қазақтың ең бірінші ғалымы еді. 
Үстінде ұзақ жолдың тағдыр жетті, 
Жазуы бір Алланың солай еді. 
Сөзімнің осы айтқан жалғаны жоқ, 
Дүниеде өлмей, сірə, қаларың жоқ. 
Басқа жастық, аузына сусын берген. 
Үйінде қайтқан жанның арманы жоқ. 
Қанаты бүтін сұңқар жоқ қайырылмаған, 
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ майырылмаған. 
Алладан қаза, тағдыр келген шақта, 
Кімдерден кімдер жылап айырылмаған. 
Ей, өлімнен үлкен жау бар ма, 
Бұдан қалған сау бар ма, 
Бұлсыз береді, құнсыз алады, 
Аллаға айтар дау бар ма?! 
Жаны  жаралы  Сəлімгерей  сартап  боп  сарғайған  қалпы  үндемей  жата  береді.  Оның  шері  Ақан 
сері жүрегінен енді мүлде басқа бір зат күйін шығарып, ол «тəуба... шүкір» дегізуге жан сала əрекет 
қылады, удай ащы əуезбен: 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
55 
Қуаныш ренішпен жұбай дейді, 
Шаттығы бола бермес ұдай дейді. 
Пəлеме риза, қазама сабыр қылмаса, 
Бір Алла қаһарланып былай дейді: 
«Қолыңа мылтық алып атшы дейді, 
Болмаса қылыш алып шапшы дейді, 
Менен басқа құдайды тапшы дейді…». 
Олай болса құдайды атпақ қайда, 
Қолыңа қылыш алып шаппақ қайда, 
Жер, көктен шығып кетіп, кəпір болып, 
Мұнан басқа құдайды таппақ қайда?! 
Көтер, 
Көтер басыңды! — деп жоқтайды. 
«Иə, Алла! Иə, тəуба... шүкір... шүкір, жалғызымызды мен ғана емес, ел жоқтайды екен. Тəуба... 
Тəуба!» — деп  Сəлімгерей  байғұс  Ақан  серінің  үкілі домбырасын  сүйеді. Басын  көтереді. Өзіне-өзі 
келеді...[24; 176, 177]. 
Ақан серінің көңіл айтудағы бай қиялы, соған орай əуенді түрлендіріп, сөз əсерін күшейте түсуі 
ағыл-тегіл  импровизациясының  шексіз  мүмкіндігін  танытады.  Оны  Ақан  серінің  Науан  хазіретке 
көңіл айтуынан [25] байқауға болады: 
Мен мұны жек көрмеймін 
бір себептен, 
Сүйікті жан өткен жоқ Мұхаммедтен. 
Алланың өзі сүйген достысына, 
Əбужəһил-Мүшрек қастық еткен. 
Екі жиһан шырағын қорлаймын деп, 
Ақыры солар-дағы не боп кеткен? 
Болар деп артқы жағы сол секілді, 
Сүйініш қып қуанам Хазіреттен. 
Жүз қабат Имам ағзамға 
қамшы соғып, 
Зынданға Мансұр патша хүкім еткен. 
Кемеден Жүніс пайғамбар 
жығылғанда 
Қырық күн балық қарынын 
мекен еткен. 
Ферғауын қанша əскермен қамағанда, 
Мұсаға Ніл дариясы жол боп кеткен. 
Намұрут Ибраһимді отқа атқанда, 
От оған Гүлстан боп құрмет еткен. 
Он екі жыл зынданда Жүсіп жатып, 
Құданың құдіретіне шүкір еткен. 
Сол Жүсіп ақырында қандай болды? 
Мысырға патша болып хүкім еткен. 
Алты жыл Əюбті құрт шаққанда, 
«Нағм-үл ғабдү» атанып сабыр еткен. 
Рəхима бір бұрымын нанға сатып, 
Атпастай ақырында қалды дауға. 
Ақырында Рəхима қандай болды, 
«Сабыр түбі сары алтын» шыдағанға. 
Хазірет қайғы боп тұр Атығайға, 
Тимей тұр Қарауылдан ешбір пайда. 
Адамын бұл заманның не қыласың, 
«Дінге бұрып бермеген ықыласын». 

Р.С.Каренов 
56 
Вестник Карагандинского университета 
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ, 
Жоқтамай жатыр əлі ел ағасын. 
Дүние жарық емес күн болмаса, 
Қадір жоқ күнде өткен түн болмаса. 
Əлібек пен Бекең мырза... 
Солар-дағы болмады-ау тым болмаса. 
Кезінде  Науан  хазірет (1843–1916) Көкшетауда  мешіт,  медресе  жəне  оның  жанынан  балалар 
жататын  арнайы  орын  (интернат)  ашқан.  Медреседе  еңбек  пен  оқуды  сол  кездің  өзінде  ұштастыра 
жүргізеді,  ауыл-ауылдан  оқу  үшін  келген  шəкірттер  малдың  жаз  шөбін  шапса,  қыста  оны  күтіп  өз 
күнкөрістерін  өздері  көреді.  Мұнда  діни  оқумен  қатар  жаратылыстану  сабақтары,  шығыс  əдебиеті 
жəне қазақ ақындары мен жырауларының еңбектері, математика, орыс тілі, тіпті  əн-күй дəрістеріне 
дейін  оқытылды.  Оның  шəкірттерінің  ішінде  Ақан  сері  мен  белгілі  дін  жəне  қоғам  қайраткері 
Ш.Қосшығұлов  та  болды.  Араб  тілін  өзбек  Інгəм  қари,  орыс  тілін  қазақша  судай  білетін,  социал-
демократ  Петр  Гарлышев  деген  кісі  оқытқан.  Науан  хазірет  араб,  парсы,  орыс  тілдерін  жақсы 
меңгергендіктен,  шəкірттерін  шығыс  пен  батыстың  ғұлама  ғалымдарының,  əдебиет,  мəдениет 
салаларының еңбектеріне сусындатып отырған [26]. 
Көңіл  айту — бұл  Ақан  сері  əндерінің  бұрын-сонды  байқалмаған,  зерттелмеген,  əлі  де  мұқият 
ізденістерге меңзейтін бір қыры екендігін сездіретін қызықты құбылыс. 
Ақанның елдің қоныстан айырылуына наразылық  
білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері 
Ақан  серінің  жер-судан  айырылуына  наразылық  білдірген  азаматтық  лирикалары  мен  сықақ 
өлеңдері өткірілігімен ерекшеленеді. 
Қазақ баласының жасыл жібек жайлауларынан, шүйгінді қоныстарынан, сулы-нулы жерлерінен 
айрылып  қалғанын  Ақанның  сезімтал  жүрегі  өткір  де  терең  түсінеді.  Ол  отарлық  езгіге  қарсылық 
көрсетіп, өлеңдерімен қарғыс оғын жаудырады. 
 
Қоныс жоқ жан-жағыңнан тарылмаған, 
Патша отыр, жұтамын деп, бір əбжылан. 
 
Қазаққа айдап салды шенеунігін, 
Соқамен қазақ жерін жырымдаған, — 
 
деп ашына сөйлейді. 
Əсіресе ақынды XX ғасырдың басындағы Столыпиннің жер реформасы қатты ойландырады. Ол 
қазақ  жерін  орыс  переселендерінен  сақтап  қалу  үшін  көп  еңбек  атқарған.  Осы  уақытта  Ақан  сері 
жайында  мына  дерекке  назар  аударуға  болады: «1906 жылы  көшіп  келетін  шаруаларға  жер  өлшеп 
кесіп  беру  үшін  жоғарғы  жақтан  келген  Еличев,  Мельников  деген  екі  инженерді  Ақан  ауылы 
Қараталға атпен алып бардым, біз Баялы байдың үйіне түстік, кешікпей Ақан да келді. Көркем, орта 
бойлы,  қызыл  шырайлы  адам  екен,  басына  құндыз  бөрік  киген,  жібек  шапанның  сыртына  жібек 
белбеу буынған. Ақан екі инженерге өзінің атамекен жерінен көшірмеуді, басқа жерге орналастыру 
керектігін айтты» [27]. 
Бұдан  байқайтынымыз,  қарт  ақынның  ата  қонысының  жайын  ойлап  тыныштық  таппай 
жүргендігі.  Осы  жылдары  сері  ел  ішінде  патшаның  сойылын  соғып  жүрген  əкім-болыстарға  сықақ 
өлеңдер  көп  жазады.  Ақанның  «Нұртазаға», «Шойырмаққа», «Шар  таласы», «Парашыл  оязной», 
«Шалабай  болысқа», «Бір  болысқа»,  т.б. өлеңдері қазақ арасындағы  отаршылар  орнатқан болыстық 
билікті  сынауға  арналады.  Болыстардың  отарлаушыларға  қосыла  қанауы,  қараулық  іс-əрекеттері, 
екіжүзділіктері, жалтақ мінездері, қулық-сұмдықтары таразыға тартылады. Онсыз да бірлігі бұзылып, 
тірлігі кеміп жатқан қазақ елінің берекесін кетіріп, лаң салып жатқандарынан толық мəлімет береді 
[4; 779]. 
 
Көкшетау дуанында сайлау болды... 
Шаймұрат, Шернияздай екі мырза 
Жұртына би қой деген байлау болды... 
 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
57 
Немесе 
Шалабай, болыс болдың малды айдап, 
Соғыстың досыңменен алақайлап. 
Столыпин  ылаңы  тұсында  елдің  жер-судан,  қоныстан  айрылуына  наразылық  білдіргенін 
ақынның азаматтық сарындағы əндерінен айқын байқаймыз. Ол туралы Қазақстанның еңбек сіңірген 
мəдениет  қызметкері  Н.Оразбек  былайша  жазады: «Мен  Ақанның  басқа  өлең,  толғауларын  былай 
қойып, бір ғана патшалық Ресей отаршылдығы туралы бірнеше өлеңін «Патша өкіметі туралы» деген 
ортақ атаумен ұсынып отырмын. Ол өлеңдер Сəкен Сейфуллин құрастырған жинақтан алынды. Олар 
Ақан  серінің 1935 жылдан  кейінгі  жинақтарына  енгізілмеген.  Тек  Кəкімбек  Салықов  ағамыз 
құрастырып, 2008 жылы жарық көрген жинаққа ғана кірген» [28; 11]: 
... Патша алыс, жете алмаймыз Петерборға, 
Жəне де сегіз санат алыс қия... 
Мал өсірген халықпыз, егін екпей, 
Аз жерге сия алмаймыз сызғандай-ақ. 
Шеттен келген төрелер порым қылған, 
Қазақ жайын білмейді жалғыз қарап. 
Петербордан шапқатты санат келсе 
Патшадан жарлық алып, құдай қалап, 
Қазақ үшін қайғырып жылар еді, 
Ол мейірбан ел болса, ұялмай-ақ. 
«Қойдан қоңыр не қылған халық ед!..» деп, 
Көз жасын, қайтар еді, тия алмай-ақ... 
Барабар крестианға тең болмадық, 
Тартылып қай жараға ем болмадық? 
Малымыз, жерімізден пайда тиіп, 
Қалайша патшамызға дəм болмадық? 
Орыс, ноғай, сарт, сауан саудагерге 
Қалайша малмен, жермен тең болмадық?.. 
Сексен бес жыл болыпты бодандыққа, 
Кайырсыз патшамызға ел болмадық. 
Құр мен қоян секілді алуға оңай, 
Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық?.. 
Қазақ малы азайса халқың азар, 
Қалайша бай көпестер дүкен жасар? 
Патшалық дүкендердің бірі кемір, 
....................................... 
Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп, 
Соятын крестианға ылақтай боп. 
Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң, 
Шетке шығып қалдық қой брактай боп... 
Қор болып крестианның табанында 
Қалайша күн көреміз дəурен кешіп? 
Темір айыр, ақ балта қолдарында, 
Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп. 
Іштен келген тоңмойын, надан халық 
Бұл жұртты ойран қылмай ма төбелесіп! 
Осы күйде мағұлұм сұрасаңыз, 
Талай жанның тастап жүр басын кесіп. 
Қасиетті ата-баба зияратын, 
Үстіне егін салды жайлап есіп, 
Тірі түгіл өлінің көрін алып, 
Былайша іс қылады ерегісіп. 

Р.С.Каренов 
58 
Вестник Карагандинского университета 
Қай Дума, кəмəсие болсадағы 
Бұған зəкүн сұраймыз төрелесіп. 
Жетпіс екі миллетте жол бар ма екен, 
Сүйекті, дінді қорлауға тепкілесіп? 
Құдайдан кітап келген халық болса, 
Іс қылмас айуандарша көрді тесіп. 
Русия патшасының низамында, 
Мұндай іске Інжілде зəкүн нешік? 
Бұларға патша низам білдірмеп пе? 
Надандықпен қыла ма гуілдесіп? 
Бір орыстың тимейді моласына 
Қазаққа əдейі қыла ма дүрілдесіп? 
Қазақтың халқынан да крестианға 
Ит баласы қадырлы бір көк күшік. 
Жыртқыш айуан мінезді халықпенен, 
Қалайша отыр дейсіздер біргелесіп? 
Қалайша күнін көрсін қазақ байғұс, 
Күнде сот, күнде бунт боп илесіп?.. 
Сөзімнің дəлеліне салсаң назар, 
Қазақ малы кемісе, бəрі кемір. 
Ірбіт, Мəскеу, Мəкерже — күллі базар. 
Сиыр, қой, жылқы қылы, май, терісі, 
Пəбрик те асыл пұлды жүннен тозар. 
Шолақ мəстек, қу бөшке крестиан 
Қазақтың байлығына болмас ажар. 
Сендер үшін қазақ малы азайды деп, 
Пəбриктер крестианның шашын күзер. 
Зияраттың тақтайларын ұрлап алып, 
Айуанша қараңғыда қазып мазар, 
Үстіне егін шықса қырқып алып, 
Аузына не тигенін итше қажар. 
Біз солдат патшаға бердік дейді, 
Омырауға салады өңкей ожар. 
Қай жауды əскер беріп мұқатыпты, 
Соғыста солдаттары жүреді азар. 
Күллі халық қасыбы қазақпенен 
Қисап неге қылмайды думашылар? 
Пайдасы крестианнан кейін бе екен, 
Қазақтың қайран малы көлге жүзер! 
Əскерге де ат керек, тамақ керек, 
Данышпандар қисапты қылса сезер. 
Жер, суын, баққан малын алдыңыз да, 
Қазақтан бұл уақытта болдың безер. 
Дариға, дертті заман келгеннен соң, 
Қаламда жөн қалмайды тізгін тежер!.. 
Бостаншылық берсе егер басымызға 
Патшамыз мархамат қып ризаласып, 
Бетімізбен біз де өлмес күнін көріп, 
Тынышты жай іздер едік арып-ашып. 
«Құрметті» крестианға жер кеңісін, 
Орнымызды сол алсын əһілесіп. 
Өлтірсе құн, сатылсақ пұлымыз жоқ, 
Қор елді не қыласыз «құрметтесіп. 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
59 
Осы «Патша өкілеті туралы» атты толғаудың соңғы шумақтары мынадай: 
Мархамат патшамыздан ала алмадық 
Иə Бұқар кетеміз бе, иə Түркия? 
Ородниктің (урядник) астында қалғаныңша, 
Тіршілікте іздеңіз исламия, 
Бір үш кез жер тимейді өлгеніңде, 
Бұ не кеп, бұ не қасірет қамкіния! 
Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын Ақан сері халық атынан айтады. Мемлекеттік екінші 
думаға  шағынады [5; 168]. Əділдік,  үміт  күтеді.  Қазақтың  ел  тағдырын  ойламай  бейқам,  қарекетсіз 
жайбарақат жатқанына өкініш білдіреді. 
Ақанның сындары тек болыстар үстемдігін ғана əшкерелеуге арналмайды. Ол өмірде кездесетін 
жұғымсыздықтардың бəрін де болғызбауға тырысып, адамгершілікті жақтайды. 
Ақанның терең ойлылығын танытатын нақылдар, дидактикалық тұспалдар 
Ақанның  халықтық  шешендікті  жіті  игерген  əрбір  сөзі  ұстамды  нақыл,  өнегелі  өрнекті, 
адамгершілік  дидактикаға  толы  келеді.  Ол  өмірден  түйген  тəжірибелерін  қорытып,  асыл  ойларын 
жинақтап,  өзіндік  нақылға  айналдырған.  Түйінді  озық  пікірлер  ұсынып  отырған.  Ал  мына  бір 
сөздерін тұнып жатқан философия демеу қиын («Адамның біліміне ақыл серік» деген шығармасы [3; 
103]): 
Адамның біліміне ақыл серік, 
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік. 
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер, 
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік. 
Денеге аяқ басшы, ой жетекші, 
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп. 
Жақсы менен жаманды сезбек үшін 
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп? 
Жаман, жақсы əр сөзді естіген соң, 
Бəрі дағы тұрады құлаққа еніп. 
Ақынның «Ұзатылайын деп жатқан қызға» [14; 310,311], «Көңіл сыры» [14; 314,315], «Əйелдер 
сипаты» [14; 321,323], «Достарыма» [14; 326], «Жігіттерге» [14; 326,327], т.б. өлеңдері тұнып тұрған 
ақыл-нақылдар: 
Адамға мал мен мансап жолдас емес, 
Байлықпен шайқап төгіп, ішсең үріп. 
Қазына басқан байлық арылғанда 
Алғандай қолдың кірін сумен жуып... 
* * * 
Жиырма бестен артық жас бар ма, 
Ұйқыдан жаман қас бар ма? 
Еріншектен жаман нас бар ма. 
* * * 
Ер пайдасы тиеді сасқан жерде. 
Ел жаңылып етегін басқан жерде. 
Дəулетің барда досың толып жатыр, 
Тауық көп тары, бидай шашқан жерде. 
* * * 
Аққудың астығы жоқ шайнағанмен, 
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен. 
Көнбейді жаман адам ынтымаққа, 
Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен. 

Р.С.Каренов 
60 
Вестник Карагандинского университета 
* * * 
Алтынды қорлағанмен жез болмайды, 
Жібекті жуғанменен бөз болмайды. 
Мысалы əр нəрсенің бəрі сондай, 
Жаманның көкейінде көз болмайды. 
* * * 
Зат білер зат қадірін замандардан, 
Жақсыны дұрыс болмас жамандаған. 
Жаманға қадір білмес бір сөз айтсаң, 
Тырысып болмас іске табандаған. 
* * * 
Адасып жаман бала қалар жолда, 
Үлгімен ата жолын қуа алмаса. 
Қараны көрінбеген болжау қиын, 
Белеске биік-биік шыға алмаса. 
* * * 
Көкқұтан мойнын созып қаз болмайды, 
Шын болат жасығанмен жез болмайды. 
Ит үреді жақсыға, жаманға да, 
Сары алтын қалыбынан қозғалмайды. 
* * * 
Шірімес алтын жерде жатқанменен, 
Оқ жетпес ажалсызға атқанменен, 
Жалқауға сөз, жаманға таяқ өтпес, 
Тас жібімес дарияға батқанменен. 
* * * 
Жақсыға дəулет бітсе бақ айналар. 
Жаманға дəулет бітсе əуайланар. 
Басына ер жігіттің бір іс түссе, 
Арасы қас пен достың абайланар. 
* * * 
Пасықтың пиғылы лас — қараңғылық, 
Артылып сол қалпынан мəз болмайды. 
Жамандар жауда жəрдем бермек түгіл, 
Тар жерде басын бақса аз болмайды. 
* * * 
Көңілі соқыр наданнан шықпас көсем. 
* * * 
Аққуды қарға қылар көре алмаған. 
Көбелек өлім іздеп отқа түсер. 
* * * 
Ой деген — терең дария, 
Қанша құйсаң толмайды. 
* * * 
Əлпештеп өсіреді ата-анасы, 
Кей қыздың ұлдан артық дəрежесі. 
Сүюге ұл мен қыздың бəрі бірдей, 
Туған соң бөтен емес өз баласы. 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
61 
* * * 
Сұлу қыз жаңа піскен алма-дағы 
Гауһартас жасырылған тауда бағы. 
Қадірін өз басының білген қыздар 
Қарамас көзін салып жанға-дағы. 
Ақынның  философиясы — өлеңінің  пафосы  (шабыты).  Поэзиясына  жан  беретін  де  оның 
пафостылығы демекпіз. 
Түйін 
Қазақтың классикалық əн үрдісінде Ақан сері оқшау, озық əрі дара тұр. Ол ұлы ұстаздары ұстанған 
халықтық табиғи дəстүрді ілгері дамытып, əннің құбылысын, ажарын, түрін, мазмұнын, жалпы бітім-
болмысын  байытып,  сымбатын  сұлуландырған,  тек  өзіне  тəн  үн-бояуларымен  қайталанбас  тылсым 
көркемдік дүниесін жасаған аса құдіретті дарын, кемеңгер талант иесі. 
Аяулы Ақан сері. Ақынның аңыз өмірі. Ол тірі кезінде аңызға айналған тұлға. Ал Ақанды аңызға 
айналдырған  оның  қиыншылыққа  толы  өмірінің  өнердегі  таңбасы.  Ақан  серінің  өмірінде  кездескен 
ауыртпалықтары  аз  болған  жоқ.  Бəтима,  Ұрқия  сынды  жарларынан  өлідей  айрылса,  Ақтоқтыдай 
сүйгенінен  тірідей  айрылу,  өмірінің  қызығы,  мəні  болған  Құлагерінен,  құмай  тазысы  Базаралысынан, 
ұшқыр қырандары Көкжендеті мен Қара торғайы — бəрінен бірінен соң бірінен айрылып, ең ақырында ата 
қонысынан айрылуы — бір адамның басына, «бір айналдырғанды шыр айналдырады» дегендей қиын 
тағдыр болды. Бірақ Ақан осындай қиын тағдырын өнерімен жеңе білді. 
Ақан сері өмірінің қайғылы, шиеленісті тағдыры Құлагерге байланысты. «Құлагер» əні — Ақан 
шығармашылығының шыңы. 
Ақанның алты алашқа атағының жайылуы, біріншіден,  өнері  болса,  екіншіден,  осы  Құлагердің  ат 
шабыстарында бəйгенің алдын бермеуі еді. 
«Баспа-бас  қызға  бермес  жануарым»  деуінің  өзі  Ақан  үшін  Құлагерінің  қаншалықты  қымбат 
екендігін білдіреді. 
Сайып келгенде, Ақан сері Қорамсаұлының ақындық-əншілік мұрасы — біліктілік пен білімнен, 
сыршылдық  пен  сыншылдықтан,  əдептілік  пен  əдемілікке  құмартудан,  көрегендік  пен  көсемдіктен, 
қуатты шабыт пен құдіретті қиялдан өріліп туған, өрнектеліп тоқылған саф таза поэзия. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Есжанов С. Ақан сері (1843 — 1913) // Ақиқат. — 2010. — № 6. — 106 — 107-б. 
2  Жұмабаев М. Ақан сері // Қазақ. — 2008. —№ 22 (379). — 30 мамыр. — 4–5-б. 
3  Жеті ғасыр жырлайды: Екі томдық. — 2-т. — Алматы: Жазушы, 2004. — 528-б. 
4  Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 928 б. 
5  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. — 1-т. / Бас ред. Ə.Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 1998. — 720-б. 
6  Қазақ əндерінің антологиясы: Екі томдық. — 1-т. / Құраст. Ж.Кəрменов. — Алматы: Өнер, 1990. — 336-б. 
7  Жұмабаев М. Шығармалар жинағы: Ауд., ғыл. еңб., мақал. — Алматы: Жазушы, 2003. — 232-б. 
8  Жанпейісова С. Ақан сері əлемін əспеттеген// Ақиқат. — 2008. — № 3. — 84-б. 
9  Жақанов І. Əн тағдыры// Жұлдыз. — 1991. — № 11. — 198-б. 
10  Жақанов І. Аққулар қонған айдын көл: Деректі əңгімелер, эсселер. — Алматы: Жазушы, 1988. — 74, 75-б. 
11  Мұқатов М. «Құлагер» атының шығуы // Жұлдыз. — 1990. — № 7. — 201–203-б. 
12  Тарихи тұлғалар: Таным.-көпшілік бас. / Құраст. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. — Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006, 
239-б. 
13  Жүнісов С. Ақан сері. Роман. — 1-кіт. — Алматы: Жазушы, 2003. — 276, 277-б. 
14  Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары: Үш 
томдық. — 2-т. / Құраст. М.Байділдаев, М.Мағауин. — 1984. — 336-б. 
15  Жансүгіров І. Құлагер. Поэмалар мен өлеңдер / Құраст. Б.Сахариев. — Алматы: Жазушы, 1974. — 365, 366-б. 
16  Қастеева Т. Ақанның арнау өлеңдері // Қазақ тарихы. — 2010. — № 3 (102). — 17–19-б. 
17  Негимов С. Қазақтың сал-серілері: Ғылыми эсселер. — Алматы: Ана тілі, 2005. — 78, 79-б. 
18  Ел  аузынан:  Шешендік  сөздер,  ақындық  толғамдар,  аңыз  əңгімелер / Құраст.  Б.Адамбаев,  Т.Жарқынбекова. — 
Алматы: Жазушы, 1989. — 368 б. 
19  Елеусізов М. Ғасырдан астам жасаған // Жұлдыз. — 2004. — № 2. — 168-б. 
20  Сəкен Сері (Жүнісов). Хаттар, хаттар // Жұлдыз. — 2004. — № 2. — 20-б. 

Р.С.Каренов 
62 
Вестник Карагандинского университета 
21  Сөз тапқанға қолқа жоқ: Күлдіргі əңгімелер, шешендік сөздер, толғау термелер / Ел аузынан жин. А.Бейсенғалиева, 
С.Əбілғазин, С.Қарамендин. — Алматы: Жазушы, 1988. — 608-б. 
22  Жарықбаев Қ. Аталар сөзі — ақылдың көзі. — Алматы: Қазақстан, 1980. — 93-б. 
23  Сүйіншіден көңіл айтуға дейін / Құраст. Н.Төреқұл. — Алматы: Қазақстан, 1998. — 11-б. 
24  Жақанов И. Əн тағдыры // Жұлдыз. — 1991. — № 10. — 173–178-б. 
25  Ескі сөздер. Жин. С.Сауытбек // Жұлдыз. — 2008. — № 9. — 200-б. 
26  Кəкен А. Ұлттық сана мінездемесі // Жұлдыз. — 2010. — № 9. — 140–147-б. 
27  Баймұратұлы С. Ақан сері мен Мəмбет Əлі // Түркістан. — 2011. — 20 қаңт. — 10-б. 
28  Оразбек Н. Қай заманда айтылған байлам екен? // Қазақ əдебиеті. — 2013. — № 27–28 (3348). — 5 шілде. — 11-б. 
Р.С.Каренов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет