№48 (5435) 28 қараша 2015 жыл Газет 1932 жылдан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата08.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3667
1   2   3   4   5   6   7

Шерубаев Санжар, 

Киевка №2 жалпы орта білім беретін 

қазақ мектебінің 10-сынып оқушысы

Қазақ хандығына 550 жыл

Елімнің тарихи тұлғалары

Сағыныш..... Осы бір адамзат атаулыға  жаратылыстан

сыйға берілген тамаша сезім туралы ой толғағым келіп

отыр.


Мен алтын  ұя  мектебімнің қабырғасында жүрген

шағымда тезірек ержетсем, студент атансам деп арман-

дадым. Енді бүгінгі  күні аяулы ата-анамның, құрметті

ұстаздарымның еңбектерінің  арқасында   студент те

атандым.  Жаңа орта, жаңа достар, қала өмірінің  тыным-

сыз қозғалыс тіршілігі  мен  үшін  қызықты. Əрине, ата-

анама, туған  ауылыма, ұстаздарыма, алтын  ұя

мектебіме, достарыма  деген сағынышым шексіз.

Сағыныш- ұлы сезім екенін енді ұққандаймын.  Мектеп

деген – бірінші кезекте адамның балалық балдəуренінің,

ең қымбат кезеңінің естелігі. Балалық шаққа деген

сағыныш сезім жылдар өткен сайын арта түсетіндігіне

мен  үлкен  ағалар мен апалардың сыныптастар кездесу-

леріне жиналып жатқандарынан  білемін. Үлкендер сол

сағыныш сезімді жүректерінде өмір бойы сақтайды да кез-

десу кезінде сыныптастарын көріп, қайтадан сол балалық

деген қызығы мол кезеңге қайта оралғандай  болады

екен.


Менің алтын ұям, талай  түлектің  қара шаңырағы-

Р.Асубаев атындағы орта мектеп деп аталады.

Аяулы  мектебімде  оқыған  кезімде жыл сайын  15

қыркүйекте ұлы ұстаз Р.Асубаевтың туған күнін атап өту

рəсімі өткізіледі.  Майдангер –ұстаздың туған күні

құрметіне арналған мазмұнды  тəрбие сағаттары,

спорттық ойындар өткізіп тұру мектебімізде дəстүрге

айналған. Осындай өнегелі жандардың ұлағатты істері,

көпке үлгі болар еңбегі туралы  жақсы əңгімелерді естіп,

кішкентайынан  бойына сіңіріп өскен жас жеткіншектердің

де болашағы жарқын болатындығы сөзсіз. Ізгілікті қоғам

жақсылық пен адамгершілікті, еңбексүйгіштікті жүрегіне

ұялатқан жандардан құралатындығына өмірдің өзі куə.

«Өзгелердің қолынан келетін менің қолымнан келмейді

деу- намыссыздық. Намыссызды бұл дүниеде ешкім ая-

майды, ол дүниеде Тəңірінің өзі аямайды» деген

Ə.Кекілбаевтың сөзі бар. Сондықтан өнегелі жандардың

өнегелі өмірін көбірек насихаттау, оларды жас ұрпаққа

көбірек танытудың маңызы  зор деп есептеймін. Бұл  ізгі

қасиеттерді  бала мектеп қабырғасында жүргенде бойына

жинақтайды.

Ендігі кезекте осы алтын ұям – мектебіме есімі берілген

өнегелі өмір сүрген, артына өшпес із қалдырған Рахым

Сыздықұлы Асубаев туралы , ол кісінің ерен еңбегі ту-

ралы жəне өзімнің аяулы ұстаздарым мен мектептің

бүгінгі таңда əр салада еңбек етіп жүрген бұрынғы

түлектерінің ұйымдастыруларымен  майдангер, ұстаз,

өнегелі тұлға ретінде артында  ізі қалған Рахым

Сыздықұлының  жүз  жылдығының  атап  өтілуі  туралы

əңгімелегім келеді. Рахым Сыздықұлы Асубаев 1915

жылы Ақмола облысы, Сары-Адыр ауылында дүниеге

келген. Əкесінен жастайынан жетім қалған Рахым үлкен

ағасы Қадырдың қолында тəрбиеленеді. Мектепті бітір-

геннен кейін, білімін Петропавл қаласындағы педтехни-

кумда жалғастырады.  Техникум қабырғасында оқи жүріп,

қоғамдық іс-шараларға да белсене қатысады. 

Еңбек жолын 1936 жылы Шақаман ауылындағы мек-

тепте бастайды. 1939 жылға дейін Киевка орта мекте-

бінде мұғалім болып, ал 1939 жылдан 1941 жылға дейін

Көбетей ауылында мектеп директоры болып жұмыс іс-

тейді. 

Рахым Сыздықұлы 1941 жылдан 1945 жылға дейін Ұлы



Отан соғысына қатысқан. І дəрежелі Отан соғысы, ІІІ

дəрежелі Даңқ ордендерімен, соғыс жəне еңбектің бір-

неше медальдарымен, Қаз КСР Жоғарғы кеңесінің мақтау

қағазымен марапатталған. Соғыстан кейін мектеп дирек-

торы қызметін жалғастырады. 1954 жылы Қарағанды

мемлекеттік мұғалімдер институтын сырттай оқып бітіріп,

ұзақ жылдар Калинин орта мектебінің ұжымын басқарды.

1994 жылдан Көбетей ауылындағы мектеп Р. С. Асубаев

есімімен аталады.  

Үстіміздегі жылдың 23 тамызында мектебім Рахым

Сыздықұлының  жүз  жылдық мерей тойын атап өтті. Мек-

тебімізде жөндеу жұмыстары жасалып , өте көркейіп кетті.

Əдемі безендірілген залдар көңіліңе қуаныш ұялатады.

Рахым Сыздықұлына  мұражай ашылып, қызыл жолақ ке-

сілді.Осы мектепте еңбек еткен зейнеткер ұстаздар,

мектебіміздің түлектері жиналып, үлкен  мерейтой болды.

Мектеп  тарихының айтулы беттері өз  ұстаздарының

жəне оқушыларының өмірімен тығыз байланысты.

Мектебіміздің көркеюіне жəне дамуына өз үлестерін

қосып ат салысып жүрген азаматтар бүгінгі күні орта-

мызда. 

Осы еліміздің айтулы мерекелерімізбен бірге  бүгін



мектебімізде дүбірлі тойы өтті. Бұл той- Ұлы адамның,

Ұстаздың, Ұлы Отан соғысының ардагері, атын

мақтанышпен мектебіміз иеленген Рахым Сыздықұлы

Асубаевтің 100 жылдық мерейтойы.  Ауылымыздың

мəдениет үйінде концерттік бағдарлама өтті. Осы іс-

шараға арналған спорттық сайыстар өтіп, марапаттаулар

болды.            

Осы сағыныш сезімнің əсерімен алтын ұям мектебіме

есімі берілген ұлы тұлға туралы жоғарыда айттым, ой

толғадым. Мектеп қабырғасында алынған білім, тəрбие

ары қарай менің өмірдегі өз орнымды табуыма, өз

уақытымды тиімді пайдалануыма қызмет етеді. Ұлы

тұлғалардың өмірі мен үшін болашаққа бағыт берер

бағдаршам іспетті.



Шеркенова Жулдыз

филология факультеті

журналистика  бөлімінің  

1- курс студенті

Оқырман хаты

Сағыныш

5

28 қараша

2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Қолдарына шар ұстаған ақ бантикті  кіш-

кентай қыздар  мектепке асыға кірді.

Көңілдері алабұртып, жүздері бал-бұл

жайнайды.  Бүгін олар үшін ерекше күн,

себебі Абай атамыздың 170 жыл мерейто-

йына арналған мерекелік кеште өлең

оқиды.

Майоровка ауылы, Абдолла Асылбеков



атындағы ЖОББ орта мектебінің кітапха-

нашысы Тоқан Сабираның

ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың

шығармашылығына арналған əдеби-

музыкалық кеш өткізілді.

Шағын орталықтың бүлдіршіндерінен ба-

стап жоғары сынып оқушыларына дейін

ғұлама ақынның ғибратқа толы өлеңдерін

оқып, əндерін шырқады, қарасөздерін,

«Ескендір» дастанынан үзіндіні жатқа

айтты.Сахна төрінде ұлы ақынның

өлеңдері айтылып жатқанда презентация-

дан көрсетілген ақпараттар Абай

атамыздың өмірінен көрермендерге

көптеген мəліметтер берді.

Абай атамызға арнап талантты

оқушылар жүректен шыққан балауса жыр-

ларын оқыды. Ақын Мұзафар

Əлімбаевтың:”Абай- бүкіл қазақ  халқының

данышпандығын, таланттылығын,

дарындылығын, философтығын бойына

толық сіңірген тұлға. Абай өзінің халқымен

мəңгі жасайды. Өйткені ол күнде

əрқайсымызды жеке тəрбиелеп келе

жатыр.  Абайдың ойшылдығы, адамгерші-

лігі, бүкіл халқына, тіпті бүкіл адамзатқа

қамқоршылығы- қайталанбайтын нəрсе “-

дегендей,  бұл кештің мектеп

оқушыларына ақыл-ой, рухани азық,

адами қасиеттерді бойына сіңіруде берері

мол болды. Кештің ұйымдастырылуы,

жүргізілуі эстетикалық жоғары деңгейде

болуы көрермендерді тəнті етті.

“Абайдың басқа ақындардан ерекшелігі,

Абайдың өлеңдері ермек үшін жазбай,

өнеге етіп қалдыра алғандығында.

Ұрпақтарына қалдырған еңбегі ғасырдан-

ғасырға жалғасып кете береді. Абайды сіл-

кіп-сілкіп алғанда, отыз-ақ өлеңі, 45

қарасөзі бар. Бірақ, отыз кітап шығарған

адамдар Абайдың дəрежесіне жеткен

жоқ”, -деген ақын Жарылқасын Амановтың

сөзімен аяқтағым келеді.

Сүлейменова Арайлым.

10-сынып оқушысы

АбдоллаАсылбеков 

атындағы ЖОББ мектебінің 

Жас журналистер үйірмесінің мүшесі

Жүрегімнің түбіне терең бойла...  

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 

Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма!

Абай

Абай кітаптары көптеген тілдерге ауда-

рылып, оқыған жұртты ой дүниесінің шек-

сіз тереңдігімен, өлең құрылымының

қуаттылығымен таңдандандыра түседі.

Міне сондықтан да,Абайдың  алға ұстаған

қазақ жұртының мақтанышы өте заңды. Ол

бүкіл шығыс халқының да бел баласы, бі-

туар азаматы. Бұл сөзімізді М.Əуезовтың

мынандай сөздерімен дəлелдеуге болады.

Ол, « Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы

халқы» атты еңбегінде «Абайдың ақындық

ісіне дем беріп, шапағатты нəр төккен

арнаның бірі халықтың өзі жасаған, ауыз-

дан ауызға тарап, баспа жүзінде сақталып

келген қазақтың баяғы замандағы халық

мəдениетінің бай мұрасы, ақындығына ру-

хани дем беріп, азық болған екінші арна

шығыс мəдениетінің  тамаша мұрасы,

араб-иран жəне түрік халықтарының

классикалық поэзиясы», дейді                                                                                

«Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы ерінбе

Адамдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге» 

- деп С. Торайғыров айтқандай,

Абайдың əр сөзін терең бойға сіңіріп үңіле

отырып сезіну тек əдебиет айдынында

жүргендердің ғана емес сонымен қатар

нұрын сырын көре білер, көкірегі ояу əр-

бір азаматтың парызы.

Абайдың нақыл сөздері адамға рухани

адамгершілік үйрететіні сөзсіз.

«Адамға негізгі екі қасиет болуы тиіс,

адалдық пен махаббат»,

«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны

қосыңдар»,

«Мұсылман да, кəпір де адамғ, оны ала-

лайтын қандай надан»-деген сөздері

адамды ойға салмай қоймайды.

Ия, Абай ақын, философ, ағартушы, ау-

дармашы, сазгер.

Биыл бүкіл шығыстың, Орта Азияның

асқан ойшылы, қазақтың классик ақыны

Абай Құнанбаевтың туғаныны 170 жыл

толып отыр.

Бұдан 10 жыл бұрын Абайдың

160жылдығын ЮНЕСКО бойынша дүние

жүзі халықтары, өкілдері тойлап өтті.

Еліміздің түпкір-түпкірінде Абайдың 160

жылдығы тойланды.

Сондай-ақ, Нұра орта мектебінде де Абай

Құнанбаевтың 170 жасқа  толуына

арналған апталық өтті.  Апталық бастал-

мас бұрын жоспар құрылып,хабарландыру

жасалды. Апталықтың алғашқы күні сал-

танатты жиын өткізілді. Бұл жиында 11-

сынып оқушысы Смагулова Айжан

баяндама оқыды. 5-11сыныптар арасында

«Абайды оқы таңырқа» тақырыбында

ашық тəрбие сағаттары өткізілді. «Елім –

Абай, Жерім-Абай» тақырыбында қазақ,

орыс, ағылшын тілдерінде шығарма

байқауы өткізілді. Мектеп

кітапханашысының ұйымдастыруымен 5-

11сыныптар арасында «Абай жəне Пуш-

кин» тақырыбында əдеби-сазды кеш

өткізілді  Кешті ашып берген соң

жүргізушілер; Турдыбаева Ару, Карип-

баева Мөлдір ары қарай жалғастырды.

Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен

8сынып оқушысы Əкім Жансая,

А.С.Пушкиннің өмірбаянымен 8сынып

оқушысы Хазиз Асемгүл таныстырып кетті.

«Абай шығыс поэзиясының ой-санасының

жұлдызы» тақырыбында       8 сынып

оқушысы Сағидолла Гүлзада оқыды.

Кешті ары қарай Абайдың қара сөздерімен

жалғастырған оқушылар: 5сынып

оқушылары  Турдыбаев Азамат, Сарва-

рова Сабина, Боранбай Ерхан,

Ақболатова Аида, өздерін ерекшеліктері-

мен танытты. Абайдың өлеңдерін

нақышына жеткізіп оқыған  8сынып

Оқушысы Есмухан Ұлжан, Берлибекова

Жансая, 5сынып оқушысы Абильдина

Гүлназ болса.

Абайдың əнге айналған өлеңдерін

тамашалаған 8 сынып  оқушысы Карип-

баева Мөлдір, 7сынып оқушысы Абилха-

сов Мейіржан т.б.  əндерімен кешімізді

аяқтады.


Дала данышпаны,Қазақ халқының ұлы

данышпаны, терең ойшыл,ғұлама Хакім

Абай! Қазақ өнері, мəдениеті əдебиеті та-

рихында бұрын зор ілтипатқа алынған,

мұндай көп қастерленген, мұндай көп сыр

шертер, мұндай жүрек тебірентер есім

жоқ. 

Абай жыры мен əуені, нағыз адамға тəн



махаббаты, күн шапағаты,əр адамның

жүрегіне жол табады. Абай əлемі-шексіз.

Абай əлемі - түпсіз тұңғиық дей отырып :  

Абай жаққан бір сəуле  ешқашан сөнбесін

дегім келеді.Оның əр шығармасын зор ма-

хаббатпен тану, оқу, оқыту біздің

азаматтық парызымыз.Əлем таныған

Абайдың төл баласы екенімізді мақтан

тұтайық!.

К.А.Даирова

Нұра орта мектебінің кітапханашысы

Абай-дана, Абай-дара қазақта

Абай Құнанбаевтың туғанына – 170 жыл

Танытты ол өзін-өзі халыққа,

Жамандыққа сірə барыппа.

Жақсылықпен игілікті мұра ғып, 

Өшпестейін ізін салды  қалыпқа.

Абайға арнау

Ақын бопты терең ойлы салмақты,

Игі істерді бір-біріне жалғапты.

Филосов та,  композитор атамыз,

Ешқандай   бір жамандыққа бармапты.

Абай

Қатпар-қатпар таулардың,

Қатпарында бар тарих.

Санасында ерлердің,

Қалыптасты бұлтарих.

Абай деген ұлы адам ғой мəңгілік,

Оны халқы жырға қосар əн қылып.

Мақтан тұтқан, көтеріп көкке атын,

Біз Абайды ұмытпаймыз мəңгілік.

Абай-дана, Абай-дара, асыл жан,

Артық  көреді оны халқы асылдан.

Қиналғанда ол  халқына тіреу боп,

Қашпаған ғой кедей-кемтар  масылдан.

Ерлер ғой ол еңселі,

Етігімен су кешкен.

Ойларында өр сенім,

Халқыменен үндескен.

Табысбек Қажымұрат,

АбдоллаАсылбеков атындағы ЖОББ мектебінің 

Жас журналистер үйірмесінің мүшесі

6-сынып оқушысы 


6

28 караша

2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Расши-

ренное со-



в м е с т н о е

заседание

М е ж в е -

домствен-

ной рабочей группы по реализации

инициативы «Город, дружественный к

ребенку» и Совета НПО при Комитете

по охране прав детей Министерства

образования и науки РК  с участием

представителей Детского фонда ООН

(ЮНИСЕФ) в Республике Казахстан

прошло в Астане 20 ноября 2015 года. 

Совместное заседание стало свое-

образным стартом национальной си-

стемы признания городов  и районов,

дружественных к детям, разработан-

ных с учетом лучших международных

программ.

В ходе пленарной части расширен-

ного заседания состоялось обсуждение

результатов работы городов и рай-

онов, присоединившихся к реализа-

ции инициативы и торжественная

церемония вручения дипломов и зва-

ния «Город (район), дружественный к

ребенку» городам (районам) Казах-

стана, подтвердившим наличие про-

гресса в  положении детей в городах и

районах. 

20 ноября 2015 года в городе Астане

в здании Сарыаркинского акимата

прошла церемония награждения горо-

дов получивших статус «Города дру-

жественного к ребенку».  5 областей из

21 регионов республики  были удо-

стоены этого статуса. От Карагандин-

ской области было предоставлено 7 до-

кладов и очень высоко отмечен Доклад

Нуринского района о положении детей

в районе. В торжественной обстановке

и.о. заместителя акима Нуринского

района Мукановой С.А. вручен диплом

и сертификат МОН РК и ДО ЮНИСЕФ

о присвоении статуса «Район, друже-

ственный к ребенку». 

Участие в данной инициативе

означает постоянное стремление забо-

титься о детях, стать более доброжела-

тельным к детям во всех аспектах,

касающихся управления, инфраструк-

тур и услуг. 

Исходя из этого, Координационный

Совет обращается ко всем руководи-

телям отделов и организаций, учреж-

дений и предприятий всех форм

собственности, представителям непра-

вительственных организаций и бизнес

- структур заинтересованных в вопро-

сах защиты прав и законных интере-

сов детей поддержать данную

инициативу.                                          

Пресс служба акимата 

Нуринского района

Международные инициативы

Город, дружественный к ребенку

Əнге толсын барлық қала, ауыл бар,

Қағылсын бар барабандар, дабылдар,

Елбасының туған күнін ардақтау

Бəріміздің борышымыз, бауырлар!!!

Демекші, 1991 жылы 1 желтоқсанда

Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сайланды.

Жылдар өте мемлекеттік ресми мереке-

лер қатарына ел қалауымен 1 желтоқсан

«Қазақстанның Тұнғыш Президентінің

күні» ретінде енді. Ол біздің елдің,

отандастардың Президентімізге деген се-

німі шексіз екендігінің дəлелі. Елге, əлемге

мəлім: Нұрсұлтан Назарбаев сияқты та-

лантты, жанжақты, тынымсыз еңбек ететін

тұлға – заманның ерекшелігі екені. 

«Мен үшін елімді – дамыған елдердің са-

нына тұрғызып, санатына қосудан үлкен

мақсат жоқ» жəне «Қазақтың өзінің ұлттық

қасиеттерінің қайта қалыптасуына

қамқорлық жасау Президенттік те, Пер-

зенттік те парызым» – деген болатын. Еш-

кімді шектетпей, еш ұлттың намысына, ар,

ожданына дақ салмай, бөлінбей,

болашағы кемелді, керегесі кең, сəн-сал-

танаты келіскен, ынтымақтығымен,

əлемде теңдесі жоқ Ел болдыру, «Нұрлы

жол» бағытпен бірге еңбек ету – парызы-

мыз. Осы Елбасының бағыты –

жарқыраған, ертеңгісі мол, болашаққа апа-

ратын бағыт. 

Мемлекет басқару ісі – машақатты да

мəртебелі  міндет. «Жолды жүрген кешеді»

- демекші, біздің Нұр-аға шаршамай,

Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің шаһарлы

кемесін тасқа, тауға соқпай, шөлге бұрмай,

тік, дұрыс жолмен, көк байрағын

мақтанышпен желбіретіп жетектеуде.

Тұнғыш Президентіміздің тынымсыз еңбегі

арқасында Қазақстан мемлекеті бар елге,

əлемге танымал, сыйлы. Жəне дос та, қас

та, əр мемлекет басшылары да Нұр-

ағаның мемлекет басқарудағы іскерлігіне,

əлемде бейбітшілік пен ынтымақтықты

жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясат-

керлігіне таң, риза. Біздің Елбасының пі-

кірі, жаңа бастамалары, қиялдары –

сапалы, құнды. Оның бəріне шетелдіктер

құлақ қойып, талқылап, санасып,  көбісін

жүзеге асыратынына, қолдайтынына

дəлелі көп.

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында

Елбасына арналған экспозиция бар. Оның

ерекшелігі – нұралықтар мақтаныш ететін

жағдай. 1964 жылы Нұрсұлтан Назарбаев

Қарағанды политехникалық институтында

оқып жүрген кезі екен. Ол жылдары

студенттердің құрылыс отрядтары (ССО),

ауыл шаруашылығына көп көмек ететін.

Олар складтар, баздар, үйлер,

балабақшалар тұрғызып, жаздың үш айы

өздерінің демалыстарында құрылыс

жұмыстарын жүргізетін. Сол, 1964 жылы,

Нұрсұлтан Назарбаев Балықтыкөл

ауылындағы құрылыс отрядын басқарып

келіп, комиссар, бригадир болып он екі

пəтерлік үйдің қабырғасын көтеріп кетеді.

Жаңа үйге кірген кісілердің алғысы,

қуанышы шексіз болған. Аудандық

мұрағаттан сол жылдардың

анықтамаларын алып, танысқанда екі

құжат таң қалдырды. Біріншісі студент-

терге нəтижелі еңбегі үшін совхоз дирек-

торы Б.Б.Балабиевтың алғыс айтқан

бұйрығы, екіншісі жалақы алған

ведомостьтағы студенттердің

қолтаңбалары, соның ішінде

мемлекетіміздің келешегі, ұлтымыздың

мақтанышы – Нұрсұлтан Назарбаев

(47.83р) жалақы алған туралы қолтаңбасы

тұр. Бұл өмірінің бір көрінісі – еліне жасы-

нан жанашыр, пана болу, өмірде өз оры-

нын тауып, кірпіш болып қаланып, Азамат

болу жоспары көрінеді.

Сондықтан да, нұралықтар Тұнғыш Пре-

зидент алғашқы еңбек қадамын біздің кең

байтақ, киелі Нұра жерінде бастағанын

мақтана айта жүреді.

Осы жағдай жасөспірімге, ұл, қыздарға

өнеге. Қирату оңай, салу, өндіру қиын. Əр

азаматтың артында жақсы істері ескерткіш

болып қалады.

Сондықтан да өсіп, оқып, өніп, іскерлікті,

білімдік, қажеттілікті сезіну керек, соған ты-

рысу үлкен мəртебе. 

Мұражайдың жылдық жоспарымен іс-ша-

ралар өтіп жатады.  Мемлекетіміздің бар

ресми мерекелерін əр-түрлі шара

қолданып, айтып өтеміз. 

Алдымыздағы 1-ші желтоқсан – Тəуелсіз

Қазақстанының Тұңғыш Президентінің

күні, осы мерекеге аудан мектептерінің

қатысуымен бірнеше жиындар өткіздік.

Осындай бір отырыстың маңыздылығын,

құндылығын оқырмандармен бөліскім ке-

леді. Осы (23 – 26 қарашада) аптада 5 – 6

сынып оқушыларымен жұмыс атқардық.

Тақырыбы: Менің Тұнғыш Президентім!

Көздеген мақсатымыз: Еліміздің еңсесін

тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген,

халқымызды əлемге танытып, алаш

баласының абыройын асқақтатқан

Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Жəне

Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген

Президенттен үлгі алу қасиеттерін

тəрбиелеу. 25-ші қарашада №2 Киевка

орта мектебінің 5 «ə» сыныбының, 26

қарашада №3 КОМ 6 «а» сыныбының ба-

лалары сынып жетекшілерімен мұражай

іс-шарасына қатысты. 

Өткізу барысында экскурсия жүргізуші

Лаура Мажит, балаларға тапсырма берді,

қалам, қарындаш, бір парақ қағаз тараты-

лып, «Егер де мен Президент болсам...»

деген тақырыпқа қысқаша шығарма

жазып, оның мағынасын қорғап оқып беру. 

Шамалы уақытта олар дайындығын біл-

дірді. Бірден, 5 «ə» сынып оқушыларының

көзге ерекше түскені: ұйымшыл, көпшіл,

ширақ, пікірін бөлісуге ұялмайтыны жəне

біріктілігі. Он бір, он екідегі балалар Пре-

зидент болса нені іске асыратынын айтты.

Ең терең ой – Елбасына ризашылық,

қалаларымыз, ауданымыз əдемі, көркейіп

жатыр, елге қамқоршылық жасалатыны,

Нұр-ағаның бағыты дұрыс, осы бағыттан

таймасын, ол кісіден басқа Елбасшы бо-

латын ешкім жоқ – деген пікірлер болды.

Төменде, бірнеше балалардың ой-пікірі. 



Володя Нұрболат – 5 «ə» сынып

оқушысы. «Егер мен Президент болсам

ормандарды баптап, күтіп, көркейтемін.

Жемқорлыққа ешқашан жол бермей адал,

жəне əділ болуға көмектесіп, қол үшін бе-

ремін. Ешқашан өзімшіл болмай, еліме

көмекке дайын тұрамын. Жол апаты бол-

мау үшін жаяу жүргіншілерге жол сала-

мын». 

Иманкулов Арман: «...Біздің Президен-

тіміз Астананы көркейтті, «Ханшатырды»

салды жəне біздің жақсы көретін

«Бəйтерегімізді» салды. Мен өзімнің туған

жерімді көркейтіп, ең əдемі ғимараттар

салар едім».



Əйбекова Жұлдыз: «Мен Президент

болсам əр ауыл, қалада иесіз жүрген

иттер, мысықтар тағы басқа жанурларға

қамқоршы болып, тұрақ жасар едім».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет