Формирование и процесс развития
современной казахской литературы в Китае
На примере литературы XIX в. – первой половины XX в.
В статье формирование и процесс развития современной казахской литературы в Китае рассмотрены в
единстве с политико-социальными условиями, культурным бытом народа. Автором изучены вопросы
становления казахской литературы рассматриваемой эпохи. Отмечено, что совершенствованию
творчества поэтов, их духовному созреванию помогали народный фольклор, восточная литература и
наследие Абая. История развития современной казахской литературы находится также в тесной связи
с таким народным творчеством, как айтыс. Определено, что поэты эпохи вышли на творческую арену
одновременно, целенаправленно формировали национальную литературную среду, благодаря чему
круг литературной тематики был расширен, а содержание и стили обновились. Сделан вывод о том,
что китайская казахская литература по своим видам, жанрам и формам с ХІХ века до первой
половины ХХ века притягивает взоры исследователей своеобразной региональной особенностью.
Қытайдағы таяу заман …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
53
Chi Zhaubin, S.Iskakuly
The formation and development of Kazakh
literature of the near period in China
For example, the literature of the XIX century – first half of XX century
In the article the formation and development of Kazakh literature of the near era in China are considered in
the unity with political and social conditions, cultural life of the people of China at that time. The author of
the article covers the establishment of Kazakh literature of the of near era, improving of poets creativity in the
way of development, as they contribute to the spiritual maturation of the so-called three great schools: a rich
folklore, the Eastern literature, heritage of Abai. The article also considers the history of Kazakh literature of
the near age in close contact with the art of aitys, as aitys mastery in this era was the chosen tradition; as
dedication verses creation by poets of that time has been transformed into a kind of literary range. The author
gives a judgment on how the poets of this era came into the arena at the simultaneously, accompanied each
other in one direction, purposefully formed the literary environment, so the circle of subjects of literature has
been expanded and contents and styles were renewed. The author of the article concludes that the Chinese
and Kazakh literature in its forms, genres and forms with the nineteenth century until the first half of the
twentieth century, attracts attention by its peculiar regional characteristics.
References
1 Masimkhanuly D. Sarap, Astana: Elorda, 2001, 238 p.
2 History of Kazakh literature, 3-rd book, Urumchi: Shynzhan’, 2003, p. 3–5.
3 History of Kazakh literature, 1-rd book, Urumchi: Shynzhan’, 2002, p. 605.
4 Mynzhani N. Kazakh auyz adebiety turaly paimdaylar, 1984, p. 622.
5 Egeubaev O. Kazakh auyz adebiety turaly paimdaylar, 1984, p. 138.
6 Auezov M. Abay, 1995, 1, 2, 140 p.
7 Akhmetov Z. Abay’s Poetical world, Almaty: Ana tili, 1995, 245 p.
8 Auezov M. Literature history, Almaty: Ana tili, 1991, 230 p.
9 Seytzhanuly Z. Kazakh literature in Shinzhan’, Almaty: Kazakh university publ., 1999, p. 87–96.
54
Вестник Карагандинского университета
ƏОЖ 821.512.122
Р.С.Каренов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Е-mail: rkarenov@inbox.ru)
Іргелі жазушы, халқымыздың асыл перзенті
Ілияс Есенберлиннің əдебиетімізде алатын орны
Туғанына 100 жыл толуына орай
Мақалада XX ғасырдың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі суреттелген.
Оның балалық жəне бозбала шағы саяси төңкеріс, азаматтық соғыс, 1930 жылдардағы қайғылы
оқиғалар секілді қазақ халқының қасіретті жылдарымен тұспа-тұс келгендігі айтылған. Оның бірқатар
өлең шумақтарына əн жазылғандығы, əндерінің бірнеше кинофильмдерде орындалғаны, оның поэма
да жазғаны, драматургия тəжірибесінің сəттілігі айрықша айтылған. Есенберлинге тəн асқан
жауынгершілік жəне жазушылықты өте жоғары бағалап құрметтеу оның үлкен əдеби жанр-роман
жазуға көшуін едəуір кешеуілдеткені көрсетілген. Оның ондаған жылдар бойы жинақтаған поэзиялық,
сценарийлік, драматургиялық тəжірибесі Есенберлин феноменінің негізін қалап, жазушының кемел
шағында жыл сайын бір романнан жазып отыруына мүмкіндік бергені дəлелденген. Оның
шығармаларының қазақ əдебиетінің алтын қорына еніп, ұлттық құндылық болып табылатындығы
жалпыланған.
Кілт сөздер: қаламгер, ата-тегі, өмірдеректері, ақын, дастандар, майдан жырлар, əндер, романдар, тың
игеру, тарихи тақырыптар.
Кіріспе
Ілияс Есенберлин туған жеріне, өскен еліне шығармагерлік алапат еңбегімен, талмас талантымен
танылған ірі қаламгер. Ол 1915 жылы қазіргі Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.
Арқа жерінде орыстандандырудың азабын көбірек тартқан аймақ — Ілияс Есенберлин мен
Сейітжан Омаровтардың кіндік қаны тамған осы Атбасар. Қазақ жері патшалық Ресейдің меншігіне
біржола тигесін, XIX ғасырдың аяғына таман бұл өңірге «переселендер» қаптап келе бастайды. 1897
жылғы санақ бойынша, Ақмола облысы тұрғындарының 33 пайызын солар құраған екен. Екінші
дүниежүзілік соғыс басталғанша, 40–50 жылдың ішінде бұлар одан сайын көбейіп өскен. Солтүстік
аймақтарда сол кезде ішкі Ресейден қоныс аударып келгендердің жеке болысы да болған.
Ілекеннің туған інісі Раунақ Есенберлин «Мен үшін ерекше адам» деген естелігінде өздерінің
балалық шағын былайша еске алады: «Біз ерте жетім қалдық. 1924 жылы анамыз дүниеден өткеннен
кейін өгей əкеміздің қолында қалған төрт бала едік: үлкен апамыз Назым, Ілияс, мен жəне əкеміздің
ағасынан қалған бауырымыз Ахметқали. Өз үйіміздегі біздің өміріміздің соңғы жазы қатты есімде
қалды. Танертең үйдің батыс жағындағы көлеңкеге жайғасып отыратынбыз. Сонан соң сол жерде
Ілияс бізге ертегі айтатын. Ертегілері өте қызық болушы еді жəне олар бітпейтін. Мен оның
осыншама көп ертегі білетініне таң қалатынмын. Кейінірек түсінгенім: ол ертегілерді өз жанынан
шығарып ойлап табады екен. Болашақ жазушының табиғи дарынының қабілеті сол балалық шақта
қалыптаса бастаған- ау деп болжаймын» [1].
І.Есенберлиннің шығу тегі — Арғын-Алтай тайпасына жататын Байдалы руы. Ата-тегі былайша
жіктеледі [2]: Алтай — Байдалы — Өмірқұл — Жəмеке — Есімбек — Сеңгірбай. Сеңгірбайдан —
Мамырбай, одан — Аймолда. Аймолдадан — Жетпісбай, одан — Бітеубай. Бітеубайдан — Есенберлі,
одан — Ілияс, Раунақ.
Жазушының маңызды өмірдеректері
І.Есенберлин 1940 жылы Қазақ тау-кен жəне металлургия институтын бітірген. Əскер қатарына
шақырылып, майданда ауыр жарақаттанған.
1942 жылы Қазақстанға қайтып оралды. 1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының ОК-нің
аппаратында істеді. 1947–1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры
қызметінде болды.
Іргелі жазушы, халқымыздың …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
55
«Халық жауы» Хамза Жүсіпбековтің қызына үйленіп, қуғын-сүргінге ұшырады. Жұмыстан
қуылып, жер аударылып, өлім аузынан қалды. 1953 жылы (Сталин өлгесін барып) бостандыққа
шықты.
1953–1954 жылдары Қазақ КСР-ның Геология министрлігінде аға инспектор, сосын Ақтөбе
облысындағы Берсүгір шахта басқармасының бастығы. 1955–1957 жылдары Қазақ мемлекеттік
көркем əдебиет баспасының аға редакторы, 1958–1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының
сценарий-редакция коллегиясының редакторы, 1967–1971 жылдары «Жазушы» баспасының
директоры, 1971–1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшы
қызметтерін атқарды [3].
Ілекең КСРО Жазушылар одағы басқармасының, «Советский писатель» баспасы басқармасының
мүшесі, одақтық съездердің делегаты болған ресми қызметтерімен қоса, халықтық істердің
қандайынан болса да бас тартпай қажырлық танытқан қайраткер. Ұлттық рухты оятқан суреткер
1983 жылы 5 қазанда Алматыда дүние салды.
Есенберлиннің əдебиеттегі алғашқы адымдары
І.Есенберлин өзінің шығармашылық өмірбаянын өлең жазудан бастаған. 1945 жылы «Сұлтан»,
«Айша» дастандары жарық көрген. Тырнақалды өлең-жырын іріктеп, 1949 жылы жарияланған
«Адамгершілік жыры» атты жинағына енгізген. «Көп алғыс Ұлы Сталин сізге бізден» деп басталатын
«Қазақ қызының Отан туралы жырына» қоса, «Отан», «Социалистік Еңбек Ері досыма», «Мойынты-
Шу ерлеріне», «Еңбекпенен гүлденем» деген сияқты саяси лириканың қызыл матаға жазылған ресми
ұрандармен орайлас жолдарын өлең етіп ұйқастырған [4; 104].
І.Есенберлиннің ақындық қуатын көлемді дастандар цикліндегі ұлт мұратына негізделген, адам
əлемі мен еңбектің асқақтаған, тарихи тұлғалар мен өмір оқиғаларын арқау еткен, уақыт таңбасы мен
тынысын терең сезінген танымдық бағыттағы, тағылым-тағзымға толы мына туындылары құрайды:
«Намыс» [5; 6–13]; «Айша» [5; 14–64]; «Сұлтан» [5; 65–75]; «Адам — мəңгілік» [5; 76–86]; «Қазақ
қызы» [5; 87–98]; «Біржан сал» [5; 132–180]; «Əбу Насыр Мұхамед əл-Фараби» [5; 181–192]; «Көңіл
дастан» [5; 193–206]; «Бір түнде» [5; 207–228].
Акынның қайсыбір өлең-жыр, дастандарының жазылу тарихына, мазмұн-құрылымына,
көркемдік-стильдік сипаттарына байыппен ден қойсақ, онда [6]:
тарих толқынының терең иірімдерін;
өмір оқиғаларының бедерлі іздерін;
дерек көздерінің көркем де келісті өрнек құрағанын;
ерен еңбек тынысы мен келелі келешек бағдары, дəуір дидары, өмір ағыны мен уақыт
шындықтарының кең өріс, жүйелі бағыт, сырлы сипат алғанын аңғаруға болады.
Ақын мұрасында Ұлы Отан соғысы тақырыбы, оның зұлмат-зобалаңы, қасірет-қайғысы мен
тағылымына да зор маңыз беріледі. Ол соғысты, басқа да ел тірлігін еске ала отырып, өзінің ащы-
тұщы өміріне қорытынды жасайды. Мəз өмірі, жаз өмірі қайтқан қаздай қайырылмайтынын ойлап бір
сəтке мұңаяды. Жалған дүниеде кейде шоқ басқанын, кейде от құшқанын, сөйтсе де қуанышы
қасіретінен көп болғанын есіне алып күрсінеді. Соғыстың өрт-жалынында өзі де шарпылып шыққан
ақын үшін майдан мəнісі құр атыс-шабыс емес. Ол — сын.
І.Есенберлиннің майдан жырларына жататын «Намыс» атты топтама өлеңдерінде елдік сыны,
өрлік пен өжеттік мəні, ерлік сипаты былай беріледі [5; 11]:
Ерлікке бармайды адам өлемін деп,
Қанымды атақ үшін төгемін деп.
Бел буар аз да болса сенгендіктен,
Алдағы жарық күнді көрермін деп.
Ойға алмай ажал барын аңдып тұрған,
Билейді шіркін жүрек аласұрған.
Шын ерлік: өлетінін біле тұра
Ел үшін өзіңді ету ашық құрбан!
Оңай ма қию өмір, жарық күнді
Қиналды, лаулап жүрек жанып, тынды...
Сүйсе де қанша ыстық бұл жалғанды
Намысын жібермесін анық білді!
Р.С.Каренов
56
Вестник Карагандинского университета
«Айша» поэмасындағы елдік пен ерліктің үлгі-өрнектері мəнді де маңызды болса, Айша мен
Сырымның достық сипаттары, ғашықтық ғаламаттары табиғи дамып, ортақ жарасым-үйлесімімен
соншалықты сенімді, табанды да тұрақты болып табылады [6; 84].
Ақын адам өмірінің жастық кезеңін, сыр мен сымбат үйлесім тапқан — сұлулық сипаттарын,
ақыл-парасаттың нұр-сəуле шашқан келісті де көркем қырларын — Айша бейнесі арқылы тартымды
да тағылымды етіп көрсетеді [5; 21]:
Ойы қандай,
Қандай жəне қылығы!
Мойны кандай,
Қандай жəне бұрымы!
Сезіміңді оятады-ау қытықтап,
Сөйлегенде дауысының дірілі!
Тоты құстай шыққан кезде түрленіп,
Кəрілер де қалу үшін бір көріп,
Терезеден үңілетін,
Ол болса —
Кергімейтін сылаң қағып,
Сыр беріп!..
Ол көшеде таң да əдемі ататын,
Ол көшеде күн де əдемі бататын.
Ертеңгілік,
Кешкілікте.
Өйткені
Тық-тық басып Айша келе жататын!
Құмырсқа бел,
Оймақ ауыз,
Қыр мұрын.
Толықтырып тұрғанын-ай бір-бірін!
Егер, егер салыстыра көз салсаң,
Күңгірт тартып кететіндей нұрлы күн.
Қиылған қас,
Айменен тең,
Жүзі тек,
Арманыңа,
Көндіре біл,
Қызды деп,
Арбаушы еді...
Бозбалалар қаншама
Қолы жетпей десеңізші болды əлек!
Осы поэмада махаббат мəселесі былай өріс алады [5; 54, 55]:
О, махаббат,
Табындырған талайды,
Түнің сенің таң секілді арайлы!
Біреу саған жақұтым деп қызығып,
Біреу саған бақытым деп қарайды.
О, махаббат,
Күрсіндірген талайды,
Түнің сенің таң секілді арайлы!
Біреу саған ғажапсың деп таңданып,
Біреу саған лəззатым деп қарайды.
О, махаббат,
Сарсаң қылған талайды,
Түнің сенің таң секілді арайлы!
Біреу саған жанарым деп жаутаңдап,
Біреу саған ақ арым деп қарайды!
Іргелі жазушы, халқымыздың …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
57
Ақынның адам өмірінің аяулы да қимас сəттерін, жан-жүректің мадақ сезімге бөленіп, көңіл
қуанған мезеттерін нұрлы да сырлы сипаттармен суреттеген өлең өрімі — өмірден өнерге ұласып,
көркемдік-эстетикалық əсер-ықпалымен үлкен-кішіге ой салады. Махаббат мəңгілігін паш етеді.
Жалын жастықты, берік достықты, сыр-сезімді ту етіп көтереді.
Ілекеңнің «Сұлтан» атты дастаны — қазақтың батыр ұлы С.Баймағамбетовтің «Халқы үшін
жүрегімен от сөндірген» ерлік үлгісін жырлайды. Ел басына туған қиын да сындарлы сəттегі ер
тұлғасы мен ерліктің, табандылық пен тұрақтылықтың үлгі-өнегесі С.Баймағамбетовтің жауға қарсы
өшпенділігінен, Отанға, ел-жерге шынайы берілгендік танытып, жанын жалау етіп, өмірін қиюынан
еркін көрініс береді [5; 74, 75]:
Абыржып, зəре қалмай неміс сасқан.
Қысылып шебін бұзып, кейін қашқан.
Осылай еді Сұлтан ер өлімі
Сол күні ұлы айқастың бетін ашқан.
Мен елмін, егін егем, кен қазамын,
Қорықпаймын, батыр жұртпын деп жазамын.
Халқымның бəрі бəрдей жүрек жұтқан
Сұлтаным — соның бірі, жас қазағым!
Ерлік не? Күш емес ол тастай берік
Батырлық о да емес сөзсіз ерлік.
Туады ерлік арман, өрт сезімнен
Жаралып махаббатай көзсіз келіп!
Өлді жас сұм ажалға бетпе-бет кеп.
Бұны ол ойлаған жоқ ерлігім деп,
Өрт сезім Отан атты өртеп жанын
Қас қақпай келді шешім, биледі кек!
Бірге өлген келешегі — алтын арай,
Кəрі емес, жас ажалы қандай!
Сен оған дəрменсізсің — ең қиыны,
Орыны кесілген қол ауырғандай!
Кəрі өлсе, көргені көп, қалғаны сəл.
Ұрпағы — өмірінің жалғасы бар.
Жас өлсе, немен орнын толтырасың,
Құлаған ол бір мүлдем жалғыз шынар?
Əрине, өлмейді адам сүйек, тəні.
Айналар басқа затқа. Өлер жаны.
Қайтадан бірақ оны тірілтеді
Еске алып елі-жұрты, туысқаны.
Мінеки, оқушым, сен тұрсың ұғып.
Шынарды дүлей дауыл кеткен жығып.
Есіне түсіріп бір туған халқы,
Сұлтанды даңққа бөлеп тұр тірілтіп!
Шын ерлік күн сəулелі дерсің дастан
Өзгеге аямай бар нұрын шашқан.
Сапта тұр сол дастанда батыр Сұлтан
Қолға ұстап автоматын тапжылмастан!
Жас та өтер, кəрі де өтер, өмір өтер.
Талай ұл, туа қалса қауіп-қатер.
Халқы үшін жүрегімен от сөндірген
Ерлігін Сұлтанының өнеге етер.
Соғыс туралы поэмаларынан жақсы аталатыны — «Адам — мəңгілік» дастаны. Өсиеттік,
тағылымдық сипаты басым дастанның ара-арасына сыналап екі-үш баллада енгізілген. Олардың
барлығы соғыс шындығынан алынған [5; 80]:
Соғыс! Соғыс!
Бар қайғының сен басы.
Бар зорлықтың
Сенсің жауыз жолдасы.
Р.С.Каренов
58
Вестник Карагандинского университета
Сені жеңер,
Жеңер сені сонда да
Қарғысы ана,
Сəбилердің көз жасы!
Соғыс! Соғыс!
Сенсің қанқой қара түн.
Сені қостар
Қорқау, құзғын, қарға жын.
Сені жеңер,
Жеңер сені сонда да
Əлсіз кұсым,
Бейбіт құсым — көкаршын!
Поэмада келтірілген бейбітшілік құсы — көкаршынның үстемдік атаулыға қарсылық білдіріп,
жан-жүрегін жалау етіп, əлемді шарлаған, көк жүзінде қалықтаған тағдырлы да тынымсыз қимыл-
əрекеттері нанымды əсер қалдырады.
Енді осы дастандағы мына жолдарға көз тігейік [5; 86]:
Ойға қалдым... Неден шықты сөз басы?
Паш етеді немен тарих, тұстасы –
Адамзатты? Əрине, жақсы ісімен!
Өйткені адам өз ісінің ұстасы.
Қаздар, қаздар,
Қаздар қайтып барады...
Жүдетіп бір,
Қоштасып əн салады.
Дейсің сонда:
Өтер бəрі,
Тек қана
Жақсы ісімен
Адам мəңгі қалады.
Бұл өлеңді оқыған жан ақынның «адам — мəңгілік» дейтін тезисімен келіседі. Өйткені өлең
адамдық аталатын алтын сарай кілтін ұсынады.
І.Есенберлин əл-Фарабидің туғанына бір мың бір жүз толуы қарсаңында əлемнің екінші
ұстазын (əл-Фарабиді) «Қазақ домбырасы» атап дастан жазғанда, ол Мағжан Жұмабаевтың
өлеңін еске алады [5; 181]:
Бір күй бар домбырада құдіретті.
Ашатын хош иістей көкіректі.
Аты оның Əбу Насыр Мұхамед қой,
Сөйлеткен тіл бітіріп, тығыз шекті!..
Ақын Шығыс халықтарының өзіндік белгі-ерекшеліктерін, тарихы бай, келешегі кемел
екендігін, өркениет пен руханият əлемінде, білім-ғылым жүйесіндегі үздік те озық, озат
тəжірибелерін кең көлемде көрсетеді [5; 185]:
О, Шығыс — Адамзаттың сен бесігі,
Алғашқы ақыл-ойдың көл-көсірі!
Адамға сенен бастап мəдениет
Ашылған, алтын қақпа, кең есігі!
Білімге басқа елден бұрын келдің,
Өзгеден жырттың бетін бұрын жердің!
Теңіз бен жұлдызтану ғылымдарын,
Дүниеге барлық жұрттан бұрын бердің!
Сен таптың құпиясын жауһар тастың,
Емдеудің ең алғашқы жолын аштың.
Қолбасшы əлемге ұлы ұлдар беріп,
Дүниеге ақыл, ойдың нұрын шаштың!
Этилла, Шыңғысты да сен туғыздың,
Сел етіп көздің жасын сен жуғыздың...
Іргелі жазушы, халқымыздың …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
59
Пəрмені пирамида — гранит тауды,
Атақты Газыны да сен тұрғыздың!
Көтердің Сфинксті немен пілдей?
Бар ғалам жүрген жоқ па əлі білмей!
Таң қалған адам жеті ғаламатты
Тудырған өзіңсің ғой бəрін бірдей!
Теңесең шайқалмалы минаретке
Бүгінгі жүз қабат үй керемет пе?
Қарасаң, Таджи Махал шын ғажап қой,
Сұлулық барма ондай жер мен көкте?!
Аз емес сен күресіп жыққан жауың,
Аз емес Батыстан ұтқан дауың,
Гете айтқан сенің ұлы ақындарың
Əлемдік поэзияға соққан тауың!
Осының бəрі Шығыс, бəрі Шығыс,
Алғашқы алыстарға берген тыныс.
1977 жылы ақынның «Жұлдыздар» атты поэмалар жинағы шықты. Оның жекелеген өлеңдеріне
əндер де жазылған.
Бір мəліметтерге қарағанда, Ілекең 40-тан астам əн мəтіндерінің авторы екен.
Енді ол кісінің драма жанрында да калам тартқанын, тіпті киносценарий жазып, сол бойынша
көркем фильм түсірілгенін де жаңғыртып өткеніміз абзал. Өйткені қаламгер шығармашылығының
зерттеушілер аузынан көп айтыла бермейтін қырының бірі де осы.
Мысал үшін алатын болсақ, «Таудағы тартыс» пьесасы 1962 жылдан бастап республикалық
балалар мен жастар театрында біраз уақыт қойылып жүрді. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма»
киносценарийі бойынша 1961 жылы фильм түсіріліп, ол Кеңес Одағы республикаларында жəне
венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді [7].
Тұтастай алғанда, І.Есенберлиннің ақындық мұрасы — өз кезеңінің шындықтарына негізделген,
өмір-уақыт, тұрмыс сырларына үн қатқан, жастық пен достықты ту еткен танымдық-рухани байлығы
мол, тағылымдық қырлары көп өміршең өнер өрісі, өлең-жырдың жауһары, парасат поэзиясы.
«Намыс» дастанына эпиграф ретінде алынған ақын өлеңінде мынадай жолдар бар [5; 6]:
Өлім не? Тыныштық ол тас қамалды.
Кəріден бұрын кейде жасты алады...
Тек қана қаһарманға қара жерден
Ұлы өмір мəңгі өлмес басталады.
Сол қаһарманның бірегейі — халқына қаруымен де, қаламымен де ерен қызмет еткен Ілияс
Есенберлиннің мəңгі өшпес екінші өмірі, ұлы өмірі ХХІ ғасырда жалғасып та кетті.
Ұлы суреткердің тың тақырыпта жазылған романдары
Қазақстан Республикасы Мемлекттік сыйлығының лауреаты, қазақ əдебиетінің тарихында
бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған Ілияс Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас» (1966),
«Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1972), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974),
«Маңғыстау майданы» (1978), «Махаббат мейрамы» (1983), «Аққу құстар қуанышы» (1984), т.б.
романдары қазақ əдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мəселелерді қозғаған, соны серпін
əкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген шығармалар.
Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу кезеңіндегі трагедиялар, колхоздастыру дəуірінің
шындығы, Ұлы Отан соғысына қазақтардың қатысуы, тың игеру жылдарының хикаясы, Маңғыстау
майданы, геологтар, мүсіншілер, артистер, жазушылар тағдыры — сол замандағы өмірді бейнелейтін
Ілияс Есенберлиннің бірнеше романнан тұратын сериясындағы өзекті тақырыптар осылар [8].
Жоғарыда атап өтілген еңбектерден екі романға ерекше тоқталған жөн. Олар «Қатерлі өткел»
мен «Көлеңкеңмен қорғай жүр» туындылары. Жазушы «Қатерлі өткел» [9] романында астарлы түрде
ол кезде аттарын атаудың өзіне тыйым салынған Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаевтың
бейнелерін сомдайды. Олардың аузына «Ұлт тəуелсіздігі» дейтін сол заманда ешкімнің ойы түгіл,
түсіне кірмеген сөздерді салады.
Бұл романда жиырмасыншы жылдарда жексұрын етіп көрсетілетін алашордашылардың
ықпалында болған жас Бүркіттің жан толғаныстары суреттеледі. Осы образ арқылы сталиндік
Р.С.Каренов
60
Вестник Карагандинского университета
тоталитарлық заманда халқымыздың басына төндірілген нешебір зұлматтарды Бүркіттің аузымен
талдатып тұрып айтқызады. Социализмді танымай, мойындамай жүрген жас адамның ойы ретінде
тіпті, жазушы осы романды жазған 1960 жылдарда Хрущевтің лаңымен қазақ елінде жасалып жатқан
зорлықтар, жұрттың қолындағы жалғыз малына дейін тартып алып, жерін рұқсатсыз дал-дал жыртып,
ақыры, жел эрозиясына ұшыратып, елді жаппай орыстандыру үшін қазақ мектептерін жауып,
ежелден тəп-тəуір өмір сүріп келе жатқан елді мекен мен қоныстарды елеусіз қалдырып деген сияқты
неше түрлі сорақыларды жасап жатқанын сонау жиырмасыншы жылдарда Бүркіттің көз алдында өтіп
жатқандай етіп көрсетуі, романды композициялық жағынан шебер құра білуі, сөзсіз, І.Есенберлиннің
шеберлігі. Сөйтіп, тоталитарлық заманның өзінде айтайын деген жүрек запыранын айтып беруі
Ілекеңнің халқы үшін ұлы тұлға екендігін танытады [10].
Бұл туралы ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ақиық ақыны Қадыр Мырзалиев былайша айтқан [11]:
Есенберлин Ілияс қызық еді.
Ерейменнің сілеме, үзігі еді.
Арктика мұзындай тақырыпты,
Алғаш рет ол өзі бұзып еді.
Осылайша сөз зергері өзінің «Қатерлі өткелінен» абыроймен өтті. Бұл бəрі күтпеген жерде
тосыннан болған, халқына арнаған сыйы болатын.
«Көлеңкеңмен қорғай жүр» [12] — тың игерушілер жайлы роман. Осы шығарманы жазу
барысындағы қаламгердің жаңалығы — көтерілген тыңға байланысты ұлт тағдырының өткір
мəселелерін алға тартуында. Бұл еңбекте тың жəне тыңайған жерлерді игерудің пайдасы мен зияны,
туғызған проблемалары, мал басының азаюы, жердің құнары күрт кеміп эрозияға ұшырауы, т.б.
шаруашылық проблемалармен қабат, саяси жағынан күйіп тұрған мəселе тіке қойылады.
Пұт көлемінде астық сататын Қазақстан енді миллиард пұт астық тапсырады. «Тың ең алдымен —
техника, өнер. Бұны бір де. Тың — мəдениет. Бұны екі де. Тың — киіз үй орнына ағаш үй, тезек
орнына — газ. Қаладағыдай екі миллион сомдық мəдениет сарайы, нейлон көйлек, айналы
шаштаразы...» — дейді Порфирий Губанов дейтін Саратовтан келген механизатор.
Тыңның өзге де игіліктері романда бүкпесіз баяндалған. Сонымен бірге романды оқыған адам
көңілінде Мəскеудегі басшылардың саясаты тек мол астық алуды ғана көздеді ме екен? — деген
сауал қалып қояды. Ол сауалдардың реті былайша келеді:
— Қазақ жеріне миллиондаған орыс, басқа ел-жұрт қаптап келіп жатыр. Қазақтың өз жерінде
азшылыққа айналуына байланысты оның əдет-ғұрпы, дəстүрі... жан дүниесі, тілі... қандай күй
кешпек?
— Қазақ малмен күн көретін ел. Арқаның табын-табын жылқысы, отар-отар қойлары
жайылымдық өріс жаппай жыртылып тастаған соң құрып барады. Жалпы экономикаға, барша тірлік
мүддесі үшін мал басын құрту тиімді ме?
— Егін егу, егістікке су жаю сылтауымен ата-баба зираты жермен жексен етіліп жыртылып
жатыр... Бұл қалай? «Күшің барда ақылдың керегі жоқ» дегендік пе?..
Шаруашылық қиындықтар, жер эрозиясы, басқа да кедергілер бірінің артынан бірі жойылып
жатады. Ал, өз жерінде өзі азшылықта қалған қазақ болашағы туралы мəселе роман күн тəртібіне
қойылса да шешімін таппаған. Ол үшін авторды жазғыруға болмайды. Ол кездің жағдайында сүйкімсіз
кейіпкердің аузымен болса да, шындық сөздің айтылуының өзі үлкен жетістікке парапар еді» [4; 114, 115].
«Қатерлі өткел», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», т.б. күнделікті өмір романдарындағы ұлттық
тақырып Есенберлин шығармагерлігінің басты идеясына айналды.
Ілекең бізге «Махаббат туралы трилогия» («Ғашықтар», «Махаббат мейрамы», «Аққу құстар
қуанышы») тастап кетті. Адамзат баласы үшін қай кезде болмасын өзекті тақырыптар осы
романдарының атауларынан бастау алады.
І.Есенберлин талантын жаңа қырынан көрсеткен туындысы — «Айқас» атты романы Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлығын алды. Аталған роман жазушының ғана емес, бүкіл Қазақ кеңес əдебиетінің
тарихындағы белесті шығармалар қатарынан саналады.
Осыдан кейін дарабоз жазушы тарихи тақырыптарға біржола бет бұрды. І.Есенберлиннің бас
кітабы — атақты «Көшпенділер» трилогиясы (1976). Үш кітапқа өзек — өзара тығыз байланысты екі
ірі проблема: бірі — XV-XIX ғасырдағы қазақ қоғамының ішкі қарым-қатынасы (дербес мемлекет
құру»; елдігі, ұлттығы үшін күресі); екіншісі — халқымыздың тəуелсіздігі үшін шет ел
шапқыншыларымен жанталасқан шайқастары. Жүздеген кейіпкерлер (хандар мен билер, батырлар
Іргелі жазушы, халқымыздың …
Серия «Филология». № 4(80)/2015
61
мен ерлер, халық өкілдері, шонжарлар т. б.), олардың тартыс-күресі, ой-сезімі, тіршілігі ірі тарихи
оқиғалар: соғыс, ел қорғау, тақ үшін, жер үшін қырқысулар осы екі мəселе төңірегінде өрілген [13].
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына сіңірген еңбегі ақталды. Орыс тіліне
аударылған соң Одақ оқырманының жылы лебізіне ие болды. Трилогия жаңа нарық заманында қайта
басылып, оқушысын тапты. «Көшпенділердің» сəтті шығуы оның авторын тарих қойнауына əрі қарай
жол тарта беруге жігерлендірді.
Шабыттана еңбектенген Ілекеңнің қаламынан жаңа қарымды роман — «Алтын Орда»
трилогиясы туды. Шығармасының денін ұлт азаттығы, тəуелсіздігі идеясымен ұрықтандырған
жазушы бұл жолы да өзі белгілеп алған күре жолынан жазбады.
Түйін
Ілияс Есенберлиннің бүкіл саналы өмірі қиындыққа толы, шығармашылығы барып тұрған
қатерлі өткел болатын. Жазушының повестері мен романдарының тек аттарына көз жүгірткеннің
өзінде көптеген деректерді біле аламыз. Ең бастысы, оның алысты болжағыштық қасиеті таң
қалдырады. Ол үшін шығармаларының ең маңызды құндылығы нақты адам, жеке тұлға тағдыры
болды. Жазушының бүкіл шығармашылық өмірбаянын «Адамдар жайлы поэма» деп атауға толық
негіз бар.
Əдетте, І.Есенберлин есімі аталғанда, ең алдымен, оның алты романнан тұратын тарихи
шығармалар циклі еске түседі. Сол туындыларына қарап, қаламгер өнерпаздығына баға беріледі.
Алайда осы бір берекелі талант иесі өзі өмір сүрген заман тынысын арқау еткен көркем
шығармаларды да жарыққа шығарды.
Мəселен, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Айқас» романында кен өндіруге
қатысты өндірістік мəселелер сөз болды. «Махаббат мейрамы», «Аққу кұстар қуанышы»
романдарында көтерілетін жайттар — шығармашылық иелері арасындағы талас-тартыс, арамдық пен
адалдықтың бітіспес күресі. «Алтын құстағы» махаббат хикаялары да өмірден алынғаңдығы
байқалады.
Қаламгер өлең, повесть, романдардан өзге пьеса, киносценарий жазып та бұл жағынан
жүйріктігін байқатқаны белгілі [14].
Қысқасы, ондаған романдарымен халқымыздың өміріндегі əр түрлі кезеңдерді шынайы
бейнелеген Ілияс Есенберлин — артында қалған мол мұрасының эпикалық тынысы қай заманда да
тарылмайтын, бір өзі бір көркемдік əлемді жасап кеткен қазақ əдебиетінің белді қаламгері,
оқырманның қалаулы жазушысы.
Кезінде ұлы суреткерді сайқал саясат, күйелеш қоғам халқынан қаншалықты алыстатқысы
келгенімен уақыт — төреші таразы басын теңестіріп, екеуін де бір арнаға түсіріп, біріктіріп, бітістіріп
жіберді.
Ендігі жерде қазақ деген халық барда, жазушы Есенберлиннің де есімі мəңгі жасайтынына күмəн
жоқ.
Аса дарынды жазушының таланты үкіметті де мойынұсындырып, I.Есенберлиннің осынау мол
еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне он алты
медальмен марапатталған. Туған халқының есінде мəңгі сақталуы да жазушы үшін ең жоғарғы сый-
құрмет болса керек. Соның белгісіндей, 1994 жылдың қысында Алматы қаласындағы өз отбасы
тұрған үйдің бірінші қабатынан мұражайы ашылды. Сондай мұражай жазушының кіндік қаны тамған
Атбасар қаласында да жұмыс істейді.
Əдебиеттер тізімі
1 Есенберлин Р. Мен үшін ерекше адам // Егемен Қазақстан. — 2005. — 26 ақп. — 8-б.
2 Алтай шежіресі / Құраст. І.Іслəмов. — Алматы: Темірқазық баспасы, 2014. — 220–226-б.
3 Қазақ əдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. — 190-б.
4 Елеукенов Ш. Ілияс Есенберлиннің мəңгілік өмірі // Жұлдыз. — 2005. — № 5. — 102–130-б.
5 Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. — 10-т.: Дастандар. — Алматы: Жазушы, 1988. — 272 б.
6 Тұрысбек Р. Ілияс Есенберлиннің ақындық мұрасы // Ақиқат. — 2015. — № 3. — 81–85-б.
7 Ақыш Н. Көкжиегі кең көркемдік пайымдаулар // Жас Алаш. — № 3. — 2015. — 13 қаңтар. — 5-б.
8 Нұрғалиев Р. Соңғы сөз / Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. — 10-т.: Дастандар. — Алматы: Жазушы,
1988. — 242–267-б.
Р.С.Каренов
62
Вестник Карагандинского университета
9 Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. — 2-т. Қатерлі өткел: Роман; Алтын құс: Роман. — Алматы: Жазушы,
1984. — 2–256-б.
10 Есмағұлов А. Тарихи зердені жаңғыртқан ұлтжанды тұлға // Көкшетау. — 2015.— № 1 (29).— 13–19-б.
11 Дүйсенбаев А. Қазақ мемлекеттілігінің шежіресі // Егемен Қазақстан. — 2015. — 10 қаңт. — 5-б.
12 Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы.— 4-т. Көлеңкеңмен қорғай жүр; Алыстағы арпалыс: Романдар. —
Алматы: Жазушы, 1985. — 5–224-б.
13 Əдібаев Х. Көшпенделердің көркем шежіресі // Жұлдыз. — 1978. — № 10. — 218–221-б.
14 Домбай Н. Мұзжарғыш (Жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына — 100 жыл) // Ана тілі. — № 3 (1261). — 2015.
— 22–28 қаңт. — 3-б.
Р.С.Каренов
Достарыңызбен бөлісу: |