5 -бет 3-4 беттер 7 -бет Заттыбек



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.03.2017
өлшемі7,38 Mb.
#8120
1   2   3

Ақмарал Ерманат, 

С.Торайғыров атындағы ПМУ 

студенті

6

Замана керуені



Қасиетті Керекудің ауасын жұтып, кең да-

ласында серуендеп жургеніме екі-үш айдың 

жүзі болды. Осы күндер өзіндік қызықтарымен 

ерекше өтуде. Өзім қазақтың рухани астана-

сы Семей шаһарындағы Шәкәрім атындағы 

Семей мемлекеттік университетінің филология 

факультетінде білімімді ұштам жүрген жайым 

бар. Академиялық ұтқырлық атты бағдарлама 

бойынша Павлодар қаласындағы Сұлтанмахұт 

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінде білім алуыма сәті түсті.

Алғашқы күннен университеттегі өмірім 

қызықты басталды. Кураторымыз Раушан 

Мамырқызы жылы шыраймен бізді қарсы 

алып,  тобымызбен  таныстырды.  Сөйтіп, 

білім ордасындағы «Қазақ филологиясы» 

кафедрасының  студенті  атанып  кеттім. 

Ең алдымен айта кететін дүние, мүйіздері 

қарағайдай болған аты қазақ жұртына та-

нымал  профессорлардан  дəріс  тыңдап, 

ерекше  əсермен  қайтып  барамын.  Айта 

кетсем,  Қуандық  Фазылов,  Жақсыбай 

Сарбалаев, Айтмұхамбет Тұрышов, Нар-

тай  Қуандықұлы,  Раушан  Мамырқызы, 

Мүбəрак Баратова, Мақпал Сейфуллина 

сынды білікті де білгір ұстаздардан дəріс 

алдым. Əр ұстаздың білім беру ұстаным-

дыры  əр  бағытта.  Мысалы,  Жақсыбай 

Тұрсынұлы  білім  беруге  келгенде  алды-

на  жан  салмайтын  жан  екен.  Тіпті  біздің 

топ студенттерін сабақ бағдарламасынан 

тыс алып қалып, өзінің алтындай уақытын 

бөліп, дəріс оқиды. Ал Раушан Мамырқы-

зы мен Мақпал Сейфулина ұстаздарымыз 

басқа да топтардың студентері мен біздің 

топ арасында тамаша пікір алмасу сабақ-

тарын  өткізіп,  белгілі  тақрыпты  диалог 

алаңы  арқылы  мақсатына  жеткізе  білді. 

Айтмұхамет  Тұрышов  ұстазымыздың 

сабақ  беру  ерекшілігі  тіптен  керемет.  Өз 

басым, Айтмұхамбет ағадан білгенім көп 

болды.  Ең  бастысы,  Қуандық  Фазылов 

сынды ұстазымыздан дəріс алғанымызды 

əрқашан мақтан етіп айтып жүретін үлкен 

жетістігіміз  сияқты.  Себебі,  алтын  адам-

дардан бір ауыз сөз естіп қалу ол əрине 

түсінген адамға ғанибет емес пе!?

Фил(қ)-301  атты  тобыма  тоқталсам,  қа-

зақтың  сұлулығына  ақылы  сай  қыздары-

мен толыққан екен. Топтағы студенттердің 

білімі  мен  жан-жақтылығы  өзі  бір  төбе. 

Басқа қаладан келген біздерге үнемі қол-

дарынан  келген  жақсылықты  жасап,  ке-

ңестерін айтып, көмектерін көрсетіп жүрді. 

Сол  үшін  де  ризамын!!!  Сұлтанмахмұт 

Торайғыров  атамыздың  атын  арқалаған 

осындай  ордалы  оқу  орынына  келіп,  өз 

орынымды тауып, біраз болса да қызықты 

күндерді  өткізуіме  себеп  болған  барлық 

жандарға алғыс айтқым келеді.



Маратова Нұрсұлу,

Шәкәрім атындағы Семей 

мемлекеттік универ-

ситеті студентті, С.То-

райғыров атындағы 

ПМУ-да академиялық 

ұтқырлық бағдарла-

масы бойынша білім 

алушы

 



АЗАТТЫҚ РУХЫ

Қайрат ағаның рухына

Дарынымен ұғынған дала сырын,

Ақ сүтімен дарыған анасының.

Арыменен айқасты ұлты үшін,

Қаныменен келген соң бабасының.

Қамшыңды бас намыс үшін алаш елі,

Халықының ол көзінің қарасы еді.

Жалаң қыл шабатын мылтықтыға,

Қасқыр мінез қазақтың баласы еді.

Жанын салып қорғады кеудесімен,

Қайратын көрсетті ғой қаныменен.

Түндігін бодандықтың түре білген,

Арайлы азаттықтың таңын берен.

86-да желтоқсанның таңы атқанда,

Бар əлемнің назарын қаратқан-ды.

Жеті жұрт жалынғандай жаратқанға,

Тағлымы тəуелсіздік таратқан-ды.

Намысы Қайрат ұлдың өрледі,

Əділдік емес пе еді ар еңбегі.

«Мен жастарға сенемін» деген Мағжан,

Жырының ақиқатын ол дəлел етті.

Желтоқсан жел азынап жылап тұрды.

Сары аязы сөгіліп маздап тұрды.

Ошағын қазақтың ойран етті,

Ел-жұртыма төндірді қара аспанды.

Ерте кездесті ол сұм ажалмен

Жұдырықтай жүрегі аялдады.

Қыршын жастың өмірі үзілсе де,

Үміті азаттықтың үзілмеді.

Қарыштап өмір өтті қас-қағымда,

Жұлынып кетті-ау жас шағында.

Тəуелсіздікке куə болып жүрген шығар,

Рухы азаттықтың аспанында.

Замира Солтанова,

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті 

Азат елдің қызымын

Азат елдің қызы боп жыр жазамын,

Нұрланса Ұлы Отаным нұрланамын.

Десе жұрт Қазақстан-Ғажапстан,

Жаным мен елін сүйген бір балаңмын.

Сыйдырып кең өлкемді жанарыма,

Сенімді серік етем қаламыма,

Оқимын, еңбек етем елім үшін,

Ешқандай кедергі жоқ талабыма.

Өркендер, мен сенемін тілім менің,

Қайтадан қаламаймын бүлінгенін.

Онсызда теперішті көп көріп ек,

Қатесін кешіреміз сүрінгеннің.

Қолдаймыз алға үңілген талаптыны,

Əлі-ақ өркен жаяр қазақ тілі.

Елін сүйер ұл-қызы ой түзесе,

Айбарын асырады Алаш тілі.

Десек біз тілім-менің, үнім-менің,

Ешқашан келешектен түңілмегін.

Ертең-деп, арғы күн деп аял қылмай,

Бастайық батыл қадам бүгін дермін.



Маратова Нұрсұлу, 

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік 

университетінің студенті

 



МЕНІҢ СҮЙІКТІ УНИВЕРСИТЕТІМ



АЛТЫН АДАМДАРДЫҢ 

БІР АУЫЗ СӨЗІ – ҒАНИБЕТ

SMS+ газетінің оқырман-

дарына Мәшһүр Жүсіп 

мешітінің найб имамы Берік-

бай Германұлы мынандай 

кеңестер ұсынады: 

Пайғамбардан жастарға 

40 хадис

Иман

1.  «Сізден  біріңіз,  өзі  үшін  қалағанын 

басқа бір мұсылман бауыры үшін қалама-

йынша, шынайы мүмин бола алмайды».

2.  «Сізден  біріңіз,  Мені  өз  баласынан, 

əке-шешесінен жəне барлық адамдардан 

артық  сүймейінше,  шынайы  мүмин  бола 

алмайды».

3.  «Сіздің  біреуіңіздің  қалауы,  Менім 

əкелгеніме  –  Құранға  сай  болмайынша 

шынайы мүмин бола алмайды».

4.  «Мүмин,  мүмин  бауыры  үшін  бір-

біріне  қолғабыс  ететін  бір  құрылыстың 

керпіштері тəріздес».

5.  «Аллаһ,  менің  сөзімді  –  хадисімді 

естіген, оны терең түсінген, жаттаған жəне 

басқаларға естірткен кісінің жүзін нұрлан-

дырғай!»


6.  «Кімде-кім  ілім  үйрену  мақсатымен 

жолға  шықса,  Аллаһ  осы  себепті  оған 

ұжымақтың жолын оңайластырады».

7. «Аллаһ кімге қайыр қалар болса, оны 

дінде  фақиһ-терең  түсінік  жəне  ілім  иесі 

етеді».


8. «Аллаһ атымен ант етем, Аллаһтың, 

сенің себебіңмен бір адамды һидаятқа са-

луы, сен үшін қызыл – бағалы түйелердің 

иесі болудан əлде қайда артық».



Жалғасын газеттің келесі 

санынан оқи аласыздар

 



ЖАСТАРҒА 



КЕҢЕС

7

Менің қалам 

Мен Павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, 

кіші  Отаным.  Сондықтан  туған  өлкемді  қадірлеп, 

мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығын-

да орналасқан. Павлодардың өзіндік тарихы бар.

Қаламның  бүгінгі  көрінісі  көз  тартарлық.  Ертіс 

жағалауы  –  павлодарлықтардың,  қонақтардың 

демалыс  орны.  Павлодарды  мəдени  орта-

лық  ретінде  көпшілік  мақтаныш  етеді.  Мұнда 

Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық дра-

ма  театры,  А.Чехов  атындағы  орыс  театры, 

Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шəм-

сутдинқызы  атындағы  жəне  көркемсурет  мұ-

ражайлары  бар.  Көптеген  лицейлер  мен  орта 

арнаулы  оқу  орындары  бар.  Облыс  орталығы 

болғандықтан  ірі  өнеркəсіп  зауыттарынан  алюми-

ний, мұнай-химия, сүт өнімдерін шығаратын өндіріс 

орындары  бар.  Павлодардай  көркем  қалада  өсіп 

келе жатқаныма ризамын.



Абиджанов Ильяс

Жақсы нәрсе 

Бір  күні  əкесі  бонкоматтан  ақша  алған  кезде 

Інжу  қасында  тұрады.  Карточка  салып,  перне-

лерін басқанда ақшаны шыға келгенін көрген Інжу.

– Мынау өте керемет ғой?! Үйге біреуін алсақ бо-

лады екен, – депті.

Аллаберген Алтынай

Балбұлақ


Қыс

Маған қыс мезгілі ұнайды. Əсіресе, қар жауып тұрған сəт. 

Жапалақтап жауған қар пішіні бір-біріне ұқсамайды. Қалық-

тап қонып, қалың қарға айналатыны өте керемет. Сұлулық 

деген  осы  шығар.  Айналаның  бəрі  ақ  мамыққа 

оранғанда,  далаға  шығып,  серуендеу 

қандай тамаша! Таза ауаның иісі біртүрлі 

ерекше.  Далада  жүре  бергің  келеді. 

Суықтан  беті-қолың  қызарса  да,  рахат! 

Демалып, ширап жүресің. Əбден жаура-

ғанда болмаса, үйге кіргің келмейді.

Акимжанова Дариға

Адал дос


Достың  да  неше  түрлісі  болады.  Соның 

ішінде – адал дос деген ерекше ұғым. Адал 

дос  –  ол  сенің  жаныңды,  сырыңды  жақсы 

түсінетін ешуақытта саған жамандық ойла-

майтын,  тек  қана  жақсылық  ойлайтын  ақ 

көңіл, таза, шыншыл, əркез жаныңда табы-

латын жан. 

Мұса Аяулым

Тұңғыш 


Президент күні 

Желтоқсан  айының 

бірінші  жұлдызы  –  Тұңғыш 

президент  күні аталып өтті. Прези-

дентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 

теледидардан  берген  сұхбатынан  біздің  болашағы-

мыз жарқын екендігі, біз мемлекет алдында саналы 

да,  білімді  ұрпақ  болуымызға  барлық  мүмкіндіктер 

жасалғанын айтты. Олай болса, мен сияқты оқушы-

лардың болашағы өз қолында. Ол үшін олар жақсы 

оқып, еліміздің мақтанышы болатындай тұлға болуы 

керек. Біздің еліміздің осындай бүкіл мемлекеттерге 

танымал  болуы  Елбасымыздың  арқасы.  Сондықтан 

өз  мемлекетіміздің  дамуына  өз  үлесімізді  қосайық, 

жасұлан!

Қуандыкова Айғаным

Отанды сүю 

Менің Отаным – Қазақстан. Отанымыз күннен-күнге көркейе берсін. 

Менің ойымша əрбір азамат өз Отанын құрметтеу қажет. Біз бақытты 

елдің балаларымыз. Əрбір оқушы «Маған Отаным не береді?» деп 

күтіп отырмай, мен Отаныма не бере аламын деген оймен талпынып, 

өте жақсы оқып, білімді азамат болып шығуы керек.

Тұрғанбекова Айжан

Бүгінгі «Бала тілі – бал» айдарының қонақтары – 

Павлодар қаласының №22 жалпы орта білім бе-

ретін мектептің гимназиялық бағыттағы 4«Б» сынып 

оқушылары. Сынып жетекшілері Сыздықбаева Күл-

жаз Құлышқызы игіге жақын, талабы зор балалары-

мен әрдайым мақтанады. Шығармашыл бүлдіршін-

дердің әртүрлі тақырыптарды арқау еткен ойларын 

ұсынамыз.

Тәуелсіздік – тәтті ұғым

Мен ата-анамнан, ұстазымнан Тəуелсіздік ту-

ралы  көп  əңгімелер  естідім.  Мен  тəуелсіздіктің 

арайлы  болашағында  біреуге  тəуелді  болмай, 

өз елімде өмір сүргенім қандай бақыт! Сондық-

тан, елімнің тəуелсіздік тұғыры берік болсын де-

мекпін. 


Аллаберген Алтынай 

Тәуелсіздік тұғыры

Тəуелсіздік  бізге  оңайлықпен  келген  жоқ.  Тəуелсіздік 

желтоқсан  айында  аға-əпкелеріміздің  ерлігінің  жемісі. 

Осы  тəуелсіздік  тұғыры  берік  болуы  үшін,  ата-бабала-

рымыз айтқандай «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел 

озады»  деген  даналық  сөзін  əрқайсымыз  мықтап  есте 

ұстасақ, тұғырымыз болаттай берік болатынына сенемін. 



Иманбек Дархан 

Өз елім мақтанышым

Бүгінгі  күнге  дейін  еліміз  жақ-

сы  көркейіп  келеді.  Аяғына  нық 

тұрған  елімізге  басқа  елдер  қы-

зыға  да,  қызғана  да  қарайды. 

Мен өз мемлекетімнің рəміздерін 

мақтан  тұтамын.  Желбіреген 

көк  туымыздың  асытнда  тұрып, 

Əнұранымызды  айтқанда  ерек-

ше  сезімге  бөленіп,  еліме  деген 

сүйіспеншілік  сезімі  шексіз  арта 

түседі. Мен үшін тəуелсіздік тəтті 

ұғым ғана емес, баға жетпес қас-

терлі дүние. 

Тілеуберген Ғұмар 

Әдепті бала – арлы бала 

Əдептілік  –  адамдардың  өзара  жақсы  қарым-

қатынасының,  жүріс-  тұрысының  ережесі.  Осы 

əдептілік ережесін сақтау керек. Əдепті болу – 

əр баланың міндеті. Əдептілік адамның ең жақ-

сы қасиеті. Əдепті бала болашақта өзінің жақ-

сы азамат екенін дəлелдеп, аңсаған арманына 

жетеді. Үлкен адамға сəлем беру – кіші адам-

ның  міндеті.  Кездескен  кезде  кіші  адам  үлкен 

кісіге  сəлем  бермей  кетсе,  ол  əдепсіздік,  көр-

генсіздік  болады.  Сыныпқа  кіргенде  əуелі  мұ-

ғалімге, сонан соң жолдасыңа амандасу керек. 

Бала есейгенше барлық жақсы қасиеттерді үй-

реніп, бойына сіңіре білуі тиіс.

Қаржаспаев Аңсар

Жақсы сөз – жан азығы 

Менің ойымша дұрыс əрі мəдениетті сөйлеу əр адамның па-

рызы. Жақсы сөздің жақсы энергиясы бар. Біздің халық біріне-

бірі жақсы сөзді көп айтқан, тіпті əл үстінде жатқан науқастың 

өзі хал сұрағандарға жаманмын демей, тəуірмін дейді. Жақсы 

сөздер адамдарды өмірде кездесетін əртүрлі жақсылықтар мен 

жамандықтарды  ажырата  білуге  жақсыдан  үйреніп  жаманнан 

жиренуге тəрбиелейді екен. Оларды бір-бірінен достық қаты-

наста болып үлкенді сыйлауға қоршаған табиғатқа деген сүйіс-

пеншіліктерін арттырап қамқор болуға үйретеді. Жан азығы – 

ана  тілінде  жақсы  сөйлеу.  Ана  тілін  қадірлеу  –  мемлекетіңді, 

ұлтыңды өзіңді қадірлеу деп түсінемін. Ана тілін ұмытқан адам 

өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Сондық-

тан, ана тіліміздің құнарлығы мен шұрайлығын сұйылтып жүр-

геніміз – ұяттың ұяты деп ойлаймын…



 Сабитова Қымбат

  Буленов  Заттыбек  Көпбосынұлы  1974  жылы  Оңтүстік  Қа-

зақстан облысы, Бəйдібек ауданы Кеңес ауылында қарапайым 

отбасында дүниеге келген.

 Шығармашылық жолын 1995 жылы Бəйдібек ауданы «Шал-



дар» балалар саз мектебінде мұғалімдік қызметпен бастаған.

 1997-1998 ж.ж. Шалдар мəдениет уйінде көркемдік жетекші 



болып еңбек еткен.

 1999-2000 ж.ж. Шаншар таетрында қызмет еткен.



 2000-2003 жылы Шымкент қаласы №71 орта мектепте му-

зыка пəнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған.

  2004-2007  жылы  Шымкент  қаласы  №2  балалар  музыка 



мектебінде домбыра пəні мұғалімі қызметін атқарады.

  2001,  2005  жылдары  Республикалық  «Шалқар  термесі» 



термешілер байқауының лауреаты.

 2008 жылдан бері жеке шағырмашылықпен ай-



налысуда.

  Халық  арасында 



тараған  бірнеше  «Ақ-

маржан,  Немерем» 

т.б.  əндердің  авто-

ры.


БАЛАЛАРҒА 

БАЗАРЛЫҚ

С. Торайғыров атында-

ғы Павлодар мемлекеттік 

университетінің академик 

С.Бейсембаев атында-

ғы ғылыми кітапхананың 

қазақ әдебиеті бөлімінде 

«Ұлт тілі – Мемлекеттік тіл: 

балаларға арналған көр-

кем әдебиет» атты биб-

лиографиялық шолу өтті.

Адам  өмірінде  ана  тілінің  алатын  орны 

ерекше. Бүгінде ұлт тілі – мемлекеттік тілді 

дамыту  мəселесі  халқымыз  үшін  де,  Қа-

зақстанда тұратын жалпы жұрт үшін де аса 

нəзік,  маңызды  фактор  болып  отыр.  Осы 

орайда жас бүлдіршін мен жеткіншек ұрпақ 

тілінің қалыптасуына барынша көңіл бөліп, 

мемлекетімізде,  ұлттық  əдебиетімізде  ба-

лаларға  арналған  көркем  əдебиет  шыға-

рылып  жатыр.  Елімізде  атқарылып  жатқан 

ірі де игілікті істердің бірі – кітап шығару ісі 

екені белгілі. Жоғары оқу орны кітапханасы-

ның қазақ əдебиеті бөлімінің басты міндет-

терінің бірі – студенттерді қазақ тіліндегі көр-

кем əдебиетті оқуға ынталандыру, ой-өрісін 

кеңейту  жəне  де  көркем  əдебиет  бөліміне 

студенттерді шақыру болып табылады. Осы 

орайда  академик  С.Бейсембаев  атындағы 

кітапхананың көркем əдебиет бөлімінің же-

текші  маманы  Жүрсила  Абильдинова  же-

текшілігімен өткен библиографиялық шолу 

туралы айта кетуді жөн санаймын.

Қазақта балалар фольклорын жинасыты-

рып, оны алғаш рет құрастырған, əрі ол ең-

бектерді  «Қазақ  хрестоматиясы»  кітабына 

енгізген Ыбырай Алтынсарин екенін айтпай 

кету  қателік  болар.  Оның  бұл  еңбегі  1879 

жылы жарыққа шыққан. Сонымен қатар, Мұ-

зафар  Əлімбаевтың  «Балдаурені»,  Қастек 

Баянбайдың «Жүз жұмбағы», Қайрат Жұма-

ғалиевтің «Ақ тайлағы», Бейсенбай Сүлей-

меновтің «Күннен келген адамы», Қуаныш-

бек  Құрманғалидің  «Базарлығы»  сияқты 

əдеби  кітаптармен  қазынамыз  одан  сайын 

молая түсті. Енді, бұл кітаптарды бүлдіршін-

дердің ынталана оқитыны сөзсіз.

Танымал  балалар  ақыны  Қастек  Баян-

байдың  «100  жұмбақ»  еңбегі  мектепке 

дейінгі  жастағы  балалар  мен  төменгі  сы-

нып оқушыларына арналған. Бүлдіршіндер 

жұмбақтардың шешімін көркем суреттердің 

көмегімен  тауып,  əр  түрлі  тапсырмалар 

орындайды. Ойлау, есте сақтау қабілеттері 

дамиды.  Соңғы  кездері  бүлдіршіндердің 

жастайынан логикалық қабілетін дамытып, 

əдебиетке деген қызығушылығын арттыру 

мақсатында көптеген қызықты кітаптар жа-

рық көруде.

Қазақ  балалар  əдебиеті,  тəуелсіздікке 

қол  жеткізгеннен  бері,  жылдан  жылға  сан 

жағынан  да,  идеялық,  тəрбиелік  сапасы 

жағынан  да  өсіп  келеді.  Мұның  қоғамдық 

зор мəні бар. Өйткені балалар əдебиеті – 

жас  ұрпақтарға  тəрбие  берудің  қуатты  құ-

ралы десек əсте қателеспейміз. Балаларға 

арналған базарлық қоры ешқашан да өзінің 

қызықты  кітаптарын  шығарудан  тоқтама-

сын деген тілек білдіргім келеді.

Ақмарал ЕРМАНАТ

МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: А. Тилей, 

Ə. Абетжанова, Н. Рабилова,

Ұ.Төлеу, А. Ерманат.

Ақылдастар алқасы: 

Қ. Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А. Тойшыбайұлы, А. Эсеналиева.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Павлодар қ., Ленин к., 

143 үй, тел. 61-80-26

• ГАЗЕТ айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № 2622

ДемAll


Павлодар өңірінің өнерсүйер қауымына арнайы концерттік бағдарламасымен келген Зат-

тыбек Көпбосынұлымен сұхбаттасудың сәті түсті. Қымббатты оқырмандар, Сіздерді тартым-

ды да әдемі әңгіменің куәсі болуға шақырамыз.

–  Қайырлы  күн  Заттыбек 

Көпбосынұлы  сізді  Кереку 

өңірінде көргеніме қуаныш-

тымын.  Ең  алғашқы  сұрақ 

сіздің туған жеріңіз туралы 

болмақ.  Қай  өңірдің  тума-

сысыз?

–  Туып  өскен  жерім  Оң-

түстік  Қазақстан  облысы, 

Бəйдібек ауданы, Кенес деген 

елді  мекенінде  туып  өстім. 

Жалпы туған ауылымның та-

рихы  терең.  Алғашқы  белгілі 

академик Өмірбек Жолдасбе-

ковтың туған мекенінен бола-

мын. Қазіргі таңға дейін біраз 

азаматтар осы ауылдан қанат 

қағып, биік шыңдардан көрініп 

жүр.

–  Өнер  жолына  қалай 

келдіңіз?

– Адамға берілген əр қасиет 

ата-ананың  қанынан  тарай-

ды  деп  ойлаймын.  Маған  да 

əншілік өнер анам мен əкенің 

қанынан  келіп,  осы  күнге 

дейін осы жолда жұмыс атқа-

рып, бүгінгі күні өмірлік кəсібі-

ме айналдырдым.

–  Қандай  мамандық  бо-

йынша білім алдыңыз?

– Оңтүстік Қазақстан облы-

сында  М.  Əуезов  атындағы 

ұлттық  университетінде  əн 

айту бөлімінде білім алдым.

–  Отбасыңыз  жайлы  ай-

тып кетсеңіз?

– Өзім көпбалалы отбасын-

да  дүниеге  келдім.  Үйде  10 

баламыз.  Мен  үйдің  сегізінші 

перзентімін.  Ал қазіргі  уақыт-

та  өзімнің  отбасым,  өз  ша-

ңырағым  бар.  Жұбайым,  бір 

қызым бар. Қызымның есімі – 

Айзере.  Қазақ  халқына  Зере 

деген  ат  жалпы  таныс  есім 

ғой. Өзінің ұлағаттылығымен, 

даналығымен  барша  қазақ 

əйелдеріне  үлгі  бола  білген 

асыл  ана,  Абай  атамыздың 

қамқор əжесінің есімін қойып, 

сұлулықтың  нышаны  айды 

алдына  қойып  атын  Айзере 

деп атадық.



–  Сіз  халыққа  «Ақ  Мар-

жан» əнімен белгілі болды-

ңыз.  Ол  əн  Сіздің  төлқұжа-

тыңызға  айналған  сынды. 

Ендігі күнде осындай өмір-

шең əндер дүниеге келе ме?

– Əр өнер адамы əнді жаз-

дырар  алдында  осы  əн  ха-

лыққа ұнаса екен, осы əн мені 

алға жетелесе екен деген үл-

кен  үмітпен  жаздырады.  Ал 

оны  өз  деңгейінде  қабылдау 

халық қалауында жəне Алла-

ның қолында деп ойлаймын.

–  Өнер  сахнасынан  ке-

темін  деген  кездеріңіз  бол-

ды ма?

– Өмір болғасын қуаныш та, 

қайғы да болады ғой. Алайда, 

менде  əншілікті  тастаймын 

деген  ой  болған  да  емес.  Бі-

рақ  халыққа  көрсетпейтін 

шаршаулар  болады.  Кейде 

басқа  мамандықты  танда-

ғанымда  басқаша  болар  ма 

еді? – дегендей тұжырымдар 

ойға келеді, енді. Бірақ уақыт 

өте  Алла  бойға  дарын  бер-

гесін,  осы  өнердің  жүгін  де, 

жақсылығын  да  көтеруге  бел 

будым.

–  Шығармашылығыңыз-

да алда қандай жаңалықтар 

болады?

– Пендеміз ғой əлбетте жос-

парлаймыз, 

армандаймыз. 

Ал  оның  орындалуы  алда-

ғы  уақыттың  еншісінде  жəне 

еңбекке  байланысты.  Келесі 

жылдың  аяғында  үлкен  кон-

церт  болу  керек.  тағы  да  əн 

кешін  ұйымдастыру  мақсат 

етіп отырмын.

Биыл  көктемде  Астана  қа-

ласында  жаңа  бағдарлама-

мен  өзімнің  жеке  шығарма-

шылық  концертімді  бердім. 

Жаңа  бағдарлама,  хит  əн-

деріммен қалың қазақ жеріне 

өнер  сапарымен  ел  аралап 

жүрген жайым бар.

–  Бойыңыздағы  ең  жек 

көретін қасиетіңіз?

–  Кейде  сабыр  деген  қа-

сиетті  ұмытып  жатамын. 

Шыдамсыздыққа  бой  алды-

рамын.  Бұрын  бұл  қасиет-

тер  бойымда  көбірек  тұғын, 

ал  қазір  уақыт  өткен  сайын 

сабырлы  болуды  үйреніп 

жүрмін.  Көп  жағдайда  өз-

өзімді сабырға шақырамын.



– Өмірлік ұстанымыңыз?

–  Адам  болып  дүние  есігін 

ашқаннан  кейін  адамгершілік 

деген  қасиетті  ұмытпауымыз 

абзал.  «Үлкенге  ізет,  кішіге 

құрмет» көрсету қазақ баласы 

үшін басты қағидалардың бірі 

ғой  деп  түсінемін.  Кей  адам-

дар  биік  мансапқа  жеткесін 

тəкаппарлық  танытып,  осы 

қасиеттерді  жоғалта  бастай-

ды. Ең бастысы адам баласы 

«ұлық  болсаң  да,  кішік  бол» 

деген сөзді ұмытпаса игі.



–  Өнер  жолында  кімдер-

мен доссыз?

– Өнердегі алдынғы буынғы 

ағаларымызбен  де,  кезінде 

аттарынан  ат  үркейтін  театр, 

кино  саласында  жүрген  май-

талман өнер қайраткерлеріне 

құрмет  танытып,  доспын.  За-

мандастарыммен де көзқара-

сымыз  түзу.  Бірақ  барлығын 

да  дос  деп  қабылдауға  да 

болмайды.  Шығармашылық 

жолда бірге болғасын аға-əп-

ке деп құрметтеп, жақсы ара-

ласамын.


–  Сіз  біздің  өңірге  келіп, 

қоңыр  даусыңызбен  қала 

тұрғындарына концерт бер-

геніңізге  алғысым  шексіз. 

Өмірде де, өнерде де жолы-

ңыз болсын. Сұхбатыңызға 

рақмет.

–  Əумин.  Жалпы  БАҚ  өкіл-

дерінің  қоғамда  алар  ролі 

ерек  қой.  Қоғамды  толық  ақ-

параттандыратын  сіздерсіз-

дер. Сол себепті еңбектерңіз-

ге жеміс тілеймін.

Назгүл РАБИЛОВА

 



ЕРКІН СҰХБАТ



 



ШАРА

8

Өнердің жүгін де, 



жақсылығын да 

көтеруге бел будым




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет