Өндірістік шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі деп:
Компания шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндірістік шығындар туралы мәліметтерде есепте топтастыру, жинақтау бойынша әдістердің жиынтығын айтады.
Кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын ажырата біліп, оларды анықтап, қаржылық нәтижені есептеуді түсініп меңгеру.
Түсінігі
Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.