Өнімнің өзіндік құны — кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы.

Калькуляция (латынша сalсukatіo кіші шот‚ есептеу) өнімнің бір өлшемін өндіруге‚ жұмыстардың бір өлшемін орындауға‚ қызметтердің бір өлшемін көрсетуге жұмсалған шығынның‚ шығыстың есебі, яғни өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын айқындау тәсілі.

Ол құжат (калькуляциялық парақ) түрінде ресімделеді‚ онда шығыс бағыттар (объектілер) және белгіленген баптар бойынша көрсетіледі. Калькуляция кәсіпорын (фирма‚ ұйым‚ бригада‚ тағы басқа) дайындаған өнімнің‚ орындаған жұмыстың‚ көрсеткен қызметтің жекелеген түрлері өлшемінің өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып табылады.

Калькуляциялау жүйесі – бұл өнімнің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі, ол өнімді өндіру мен сатуға арналған шығындарды есепке алудың қорытынды кезеңі болып табылатын өндірістің басқару кезеңіндегі маңызды процесі.

Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:

өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;