5- сөж алаш зиялылары жəне ұлттық терминқордың қалыптасуы Тапсырма: Мына сұрақтарға жазбаша ақпарат дайындаңдар



бет5/5
Дата25.10.2022
өлшемі55,13 Kb.
#45247
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 СРС

Екіншіден, сөздік әрі ақпарат, мәлімет беру, әрі жаңа атаулардың (терминдердің) аудармасын беру мақсаттарын көздеген. Сөздіктің бұл екі мақсатты да жүзеге асыра алғандығын байқауға болады.
Үшіншіден, алдына қойған мақсатын мүмкіндігінше орындауға ұмтылған. «Атаулар сөздігінің» мақсаттары – жаңа атаулар жөнінде ғылыми қауымға көпшілікке ақпарат беру, терминдердің аудармасын беру, термин сөздердің қолданысын бірізге түсіру.
Осы мақсаттардың сөздіктің құрылымындағы орындалу деңгейіне тоқталсақ, «Атаулар сөздігінің» терминдерді аударып беру сапасы, терминдердің қазақ тіліндегі нұсқасы қазіргі терминологиялық сөздіктерден салыстырмалы түрде болса да жақсырақ екендігіне көз жеткізуге болады.
Бұл туралы сөздіктің алғы сөзін немесе кіріспе орнына берілген, «Атаулар сөздігінің» өзінде көрсетілген «Бір-екі сөзін» жазушы-сөздікті құрастырушылардың өзі: «Бұл сөздікке еуропадан сегіз мыңнан аса сөз алынып, оның көпшілігі қазақ тіліне аударылды», - деп көрсетеді [7, 3 б.]. Мұны сөздіктің құрылымындағы көптеген сөздердің аудармасы нақтылай алады. Мысалы, давление – қызу, бинокль – дүрбі, заготовка – даярлау, ряд – қатар, транспортир – бұрыштық, изображение – кескіндеу, избиратель – сайлаушы, маска – түс перде, мастер – шебер, налог – салық, перепись – санақ, угол – бұрыш, целое – бүтін, часть – бөлім, член – мүше, т.б.
Енді осыдан бағамдап көрсек, сол кезеңдегі тілі мен ділі, діні таза, шұбарланып, санасы уланбаған қазақ тілінің өкілі үшін термин болсын, басқа сөз болсын өз тіліңнің ішінен шықпаған, өзгеден алынайын деп тұрған сөзді аудару немесе қазақтың сөйлеуі мен айтуына икемдеу қалыпты, дұрыс құбылыс, бағыт болып есептелген. Сондықтан да олар қазіргідей «аударып қажеті не», «қажеті қа нша», «үйреніп те қалдық», «оларды түсінбеу деген жай сөз» деп ат тондарын ала қашып, ұра түрегеліп, үрке шаппайды, жатырқай қарамайды, алагөздік танытпайды. Керісінше, «көпшілігі қазақ тіліне» аударылды деп, соның өзін аяғына дейін орындай алмағандығына өкініш білдіреді. Саналардың арасындағы айырмашылықты, тілдік сананың көрінісін терминография да айғақтап беретіндігін тарихи терминографияны талдау да дәлелдеп отыр.
Жинақтай айтқанда, қазақ терминографиясының тарихындағы «алаш» кезеңінің өзіндік қолтаңбасы айрықша. «Алаш» зиялыларының терминография саласындағы мұралары терең зерттеле түсуі қажеттігі айқын.

ӘДЕБИЕТТЕР


1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. – А. 1953. –219 б.
3. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған оқулық. 1960. –366 б.
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1964. –398 б.
5. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы: Ғылым, 1967. –263 б.
6. Ысқақов А. Қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1974. –407 б.
7. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989. –268 б.
8. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, -784 б.
9. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2001. – 213 б.
10. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 624 б.
11. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 240 б.
12. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру (математика саласы бойынша). Филол.ғыл.док.дис… авторефераты. Алматы, 1997. – 44 б.
13. Гринев С.В. Введение терминоведение. – М., 1993.
14. Фролова О.П. Словообразование в терминологической лексике современного китайского языка. – М., 1981.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет