5, 10, 11 «Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»


-сынып геометрия курсын қайталау



бет12/14
Дата13.04.2022
өлшемі112,34 Kb.
#30871
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
5, 10, 11 «Бекітемін» «Келісілді»

1. 10-сынып геометрия курсын қайталау

2 сағ




2. Көпжақтар

21 сағ




1

Көпжақты бұрыш туралы түсінік, үшжақты бұрыш

1




2

Геометриялық дене туралы түсінік. Көпжақтар

1




3

Призма, оның элементтері

1




4

Тік және дұрыс призмалар, параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб

2





5

Параллелепипедтің қасиеттері

1




6

Призманың жазбасы. Призманың бетінің ауданы

2





7

1-бақылау жұмысы

1




8

Пирамида және оның элементтері

1




9

Дұрыс пирамида, қиық пирамида. Пирамиданың жазбасы

2





10

Пирамиданың және қиық пирамиданың бетінің ауданы

3






11

Кеңістіктегі қозғалыстар туралы түсінік: нүктеге, түзуге, жазықтыққа қатысты симметриялар

1




12

Кубтың, параллелепипедтің, призманың және пирамиданың симметриялары

1




13

Көпжақтардың жазықтықпен қималары (өлшеу есептері)

1




14

Дұрыс көпжақтар. Бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар.

1




15

2-бақылау жұмысы

1







Тест-1

1




3. Айналу денелері

19 сағ




1

Айналу фигуралары. Тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері.

1




2

Цилиндрдің осьтік қималары, цилиндрдің жазбасы

1




3

Цилиндрдің бетінің ауданы

1




4

Призмаға іштей және сырттай сызылған цилиндрлер

1




5

Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары. Конустың жазбасы

1




6

Конустың бетінің ауданы

1







3-бақылау жұмысы

1




7

Пирамидаға іштей және сырттай сызылған конустар

1




8

Қиық конус және оның бетінің ауданы

1




9

Сфера және шар

1







Сфераның теңдеуі

1







Шардың және сфераның жазықтықпен қимасы

1







Сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері

1







Шар секторы және шар сегменті

1







Көпжаққа іштей және сырттай сызылған сфералар

1







Шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданы

1







Цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер

1




10

4-бақылау жұмысы

1







Тест-2

1




4. Денелердің көлемдері

18 сағ




1

Денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері

1




2

Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі, призманың көлемі

2





3

Пирамиданың көлемі

2





4

Кеңістіктік фигуралардың ұқсастығы

1




5

Ұқсас фигуралардың көлемдері

1




6

Цилиндрдің көлемі

2





7

Конустың көлемі

2





8

5-бақылау жұмысы

1




9

Шардың және оның бөліктерінің көлемі

2





10

Геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған есептер

1




11

Кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

1




12

6 – бақылау жұмысы

1







Тест-3

1




5. Қайталау. Есептер шығару

8 сағ




Көпжақтар.

1




Айналу денелері.

2





көпжақтар мен айналу денелерінің беттері мен көлемдері.

2








7 -Қорытынды бақылау жұмысы.

2








Тест-4

1




Барлығы

68 сағ






11 сынып Алгебра және анализ бастамалары, геометрия курстарын оқытуда пайдаланылатынәдебиеттер

1 Оқулық: «Алгебра және анализ бастамалары» 11, әдістемелік нұсқаулық, дидактикалық материалдар А.

Әбілқасымова ж.т.б. Алматы «Мектеп» 2015.

2 Оқулық:«Геометрия»11,әдістемелік нұсқаулық,дидактикалық материалдар В.Гусев.ж.т.б..Алматы «Мектеп» 2015.

3 Оқулық: «Алгебра және анализ бастамалары» 11, әдістемелік нұсқаулық, дидактикалық материалдар, есептер жинағы Ә.Н.Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2011,

4 Оқулық: «Геометрия» 11, әдістемелік нұсқаулық ,дидактикалық материалдар, есептер жинағы

Ә.Н.Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2011,.

5 2600 тестов и проверочных задании по математике для школьников и поступающих в вузы. П.И.Алтынов и другие.

Москва Издательский дом «Дрофа» 1999ж

6. Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике И.П.Рустюмова,

С.Т.Рустюмова Алматы 2010г -2014г

7. Тренажер по математике для для потготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике

И.П.Рустюмова, С.Т.Рустюмова Алматы 2010г-2014г

8. Математика және физика республикалық ғылыми-әдістмелік журнал

9. Алгорифм республикалық ғылыми әдістемелік журнал

11. Информатика, физика, математика республикалық ғылыми-әдістмелік журнал

12. Репетитор републикалық математика және жаратылыстану журналы

13. Математика республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

14. Төрт таңбалы математикалық таблица Браддис

15 Электронды оқулық

16. Интернет материалдары

«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»

мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында

_____Г.У.Акназарова ісі жөніндегі орынбасары ______ К.А.Алтаева

______ Г.М.Биманова Хаттама № ________

« »__________2016ж « »__________2016ж « »__________2016ж




Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


  • Пәні: Алгебра

  • Сынып: 10

  • Сағат саны: алгебра 102, аптасына 3 сағат

  • Жоспар бойынша бақылау жұмыстары: алгебра-7,

  • Оқулық Алгебра 10 Ә.Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014,

  • Әдістемелік нұсқау: Алгебра 10 әдістемелік нұсқау Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  • Дидактикалық материалдар: Алгебра 10 дидактикалық материалдар. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  • Есептер жинағы: Алгебра 10. Есептер жинағы. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде. №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын басшылыққа алынып, негізделіп жасалды.

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған.

3. Бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстың белсенді түрлерін көбейтуді, оқушыларды коммуникативтік, зерттеу және практикалық қызметке араластыруды, ақпараттық технологияларды қолдануды көздейді.

4. Оқыту мақсаты: алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін игеру, олардың математикалық тілді меңгеру, математикалық шығармашылыққа деген қызығушылығын, математикалық интуициясын және математикалық қабілеттерін дамыту; өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның қызметтің түрлеріне құндылықпен қарауын тәрбиелеу.

5. Оқытудың міндеттері:



  1. тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету;

  2. ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы ретінде математика туралы, математиканың әдістері мен идеялары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  3. жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математика туралы, қазіргі қоғам мен өркениет тарихында математиканың маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту; оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдеріне ғалымдардың қосқан үлестері туралы түсініктер арқылы жалпы дүниетанымдарын кеңейту; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;

  4. математикадан есептерді шығарудың жаңа жолдарын игеру; қазіргі кезеңге сәйкес аралас пәндерді игеруде қажетті математикалық білімдерді меңгеру; күнделікті өмірде қолдану; практикалық қызметте математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамыту.

  5. қазіргі қоғамда, жалпы әлеуметтік бағдар және практикалық мәселелері шешуде әр адамға қажетті ойлаудың сапасын қалыптастыру; оқушының ой-өрісін, логикалық ойлауын, әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту;

  6. әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу; өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; оқушыларға берілген тақырып бойынша өздігінен есептер құрастыру және оларды шығаруға, сабақтарға презентациялар дайындауға мүмкіндік беру; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;

  7. тұлғаның даму факторы (басқаларды тыңдау және түсіну, өзін таныту, компромисс табу, топ ішінде қарым-қатынас жасау, келісімге келу, топта жұмыс жасау, өзінің және жолдастырының жұмыстарын бағалай білу) ретінде оқушыларды ойын, коммуникативтік, практикалық және зерттеу қызметіне қатыстыру;

  8. жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін әрі қарай игеруге жағдай жасау; игерілген ұғымдар, қасиеттер, ережелер, алгоритмдерді және т.б., алынған нәтижелер мен қолданбалы сипаттағы есептер мен аралас пәндер есептерін шығаруда математикалық әдістерді қажет жағдайда анықтамалықтар, калькулятор мен компьютерді қолдану біліктігін қалыптастыру.

6. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

7. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика және Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

8. 10-сыныпта оқытудың міндеттері:


  1. тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін пысықтау;

  2. функция графиктерін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графиктерін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

  3. сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін пысықтау;

  4. күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, нүктедегі функцияның үзіліссіздігі, дифференциал, кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру;

  5. тригонометриялық функциялармен, кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру;

  6. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін, туындыны игеру;

  7. тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару; элементар функциялардың, күрделі функцияның және тригонометриялық функциялардың туындысын табу біліктігін қалыптастыру;

  8. практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану; теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктігін қалыптастыру;

  9. комбинаторика злементтерімен таныстыру.

9. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Алғашқы функция және интеграл», «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер», «Теңдеулер мен теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктердің жүйелері», «Ықтималдық» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын және соңында 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

11. Жаратылыстану-математикалық бағытағы «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет