№5 (122) 3 наурыз, 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі15,59 Mb.
#1515
1   2   3   4   5   6

ТҮЙІН ОРНЫНА

Жоспардың негізгі мақсаты «100 нақты қадам» - бұл 

жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен 

бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған 

мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100 

нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру 

мен Қазақстанның құқықтық моделін құруға, оны нығайтуға, 

жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай 

туғызады.

Реформа  аясындағы  негізгі  мақсат  – 

Қазақстанның  жаңа  құқықтық  моделін 

құру  және  мемлекеттік  қызметкердің 

қызмет  көрсету  сапасын  жоғарылату 

мәселесі  болып  отыр.  Жас  мемлекеттің 

бәсекеге  қабілетті  елдердің  тәжірибесіне 

сүйеніп,  мемлекеттің  құқықтық  моделін 

құру  заңды  құбылыс  әрі  заман  талабы. 

Құқықтық  мемлекетті  құру  мен  құқықтық 

модельді  қалыптастыруға  үкімет  тарапы-

нан сан түрлі мемлекеттік бағдарламалар 

әзірленуде.

Институционалдық  реформа  екінші 

бөлімінде  Заңның  үстемдігін  қамтамасыз 

ету үдерiсiнде нақты 19 қадам ұсынылған. 

Жоспардың негізгі мақсаты заң бұзушылық 

пен  құқықтық  негилизмді  тудыратын 

«аурулардың  сыртқы  белгілерін»  сылап-

сипап  қою  емес,  оларды  «жүйелі  емдеу» 

болып  табылатын  қоғам  мен  құқықтық 

мемлекетті  түбегейлі  қайта  өзгертуге 

негіз  қалайды»  делінген  бағдарламалық 

құжатта. 

Оның  жетеуі  полицияның  жұмысын 

жетілдіруге  қалғаны  сот  жүйесін  реттеу-

ге  бағытталған.  Атап  айтқанда,  жергілікті 

қоғамдастыққа  есеп  беретін  жергілікті 

полициялық қызмет құрылмақ. “Жергілікті 

полиция  –  қоғамдық  тәртіпті  сақтауға, 

тұрмыстық қылмысқа қарсы тұруға жауап 

беретін  болады,  жол-патрульдік  қызмет 

те соған жүктеледі. Бұл полиция жергілікті 

қоғамдастықпен 

қоян-қолтық 

арала-


са  отырып,  ұсақ  құқық  бұзушылықтарға 

“нөлдік  төзімділік”  режимін  қамтамасыз 

етуге  міндетті”,  -  деді  Мемлекет  басшы-

сы.  Кешендi  бөлiмде  заңның  үстемдiгiн 

қамтамасыз ету барысында сот төрелiгiне 

көбiрек мән берiлген. Әсiресе, маңыздысы 

қазiргi  iс  жүргiзудегi  бес  сатылы  сот 

жүйесiнен үш сатылы сот төрелiгi жүйесiне 

өту.  Мақсат  –  сот  төрелiгiн  жеңiлдету, 

оңтайландыру  және  уақытын  қысқарту. 

Мұны жүзеге асыру үшiн “Алқа билер соты 

қолданылатын  салаларды  кеңейтуге”  де 

арнайы  көңіл    бөлінген.  Жалпы  алғанда, 

соттың дербестiгi тек қана конституциялық 

және  кодекстiк  деңгейде  әдiл,  тура, 

қалтқысыз  жұмыс  атқаруына  бағытталған 

қадамдар  қоғам  алдындағы  күрделi  асу-

ларды  еңсеруге  атсалысуға  қаратылған. 

Құжаттың  1-қадамы  –  Мемлекеттік 

қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғыртуға 

арналған.  Онда:  Мемлекеттік  қызметке 

қабылдау 

төменгі 

лауазымдардан  

басталуы тиіс екені атап өтілген. 2-қадамда 

«Төменгі лауазымдарға кандидаттарды рет-

теу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік 

қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» 

деген  міндет  қойылып  отыр.  3-қадам  ту-

ралы  айтатын  болсақ,  мұнда:  «Қазақстан 

республикасының мемлекеттік қызмет және 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің 

рөлін арттыру» мәселесі бойынша орында-

луы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған.

Жемқорлыққа  қарсы  күрес  –  Елбасы 

саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл 

мәселе  Ұлт  Жоспарының  13-қадамында 

–  жемқорлыққа  қарсы  күресті  күшейту 

қадамында  көрініс  тапқан.  Сонымен  қатар 

Ұлт  Жоспарында  Мемлекеттік  қызмет  ту-

ралы  жаңа  заң  қабылдау    14-қадамда, 

Мемлекеттік  қызмет  туралы  жаңа  заң 

қабылданғаннан  кейін  іс  басындағы 

мемлекеттік  қызметкерлерді  кешенді  ат-

тестаттаудан өткізу мәселелері 15-қадамда 

сипатталған.  Ұлт  Жоспарында  сондай-ақ, 

азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін 

жеңілдету  үшін  сот  жүйесі  инстанцияла-

рын  оңтайландыру  (16-қадам),  судья  лау-

азымына  кандидаттарды  іріктеу  тетіктерін 

көбейту және біліктілік талаптарын қатайту 

(17-қадам),  «Оқуды  және  сот  тәжірибесі 

арасындағы өзара байланысты күшейту үшін 

сот төрелігі институты мемлекеттік басқару 

академиясының  құрылымынан  бөлінуі  ке-

рек»  (18-қадам)  деген  міндеттер  қойылған. 

Бүгінде  елімізде  сот  саласын  жетілдіруге 

байланысты 

көптеген 

іс-шаралардың 

атқа ры лып  жатқаны  белгілі.  Осы  орайда 

Судьялардың  есеп  беру  тәртібін  күшейту; 

судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау. 

мәселелері Ұлт Жоспарының 19-қадамында 

көрсетіліп  отырғанын  айта  кеткеніміз  жөн. 

Құжаттың 20, 21, 22-қадамдары сот саласы-

на арналған. Инвестициялық даулар бойын-

ша жеке сот істерін жүргізуді құру; Сингапур, 

Бахрейн  және  Дубай  тәжірибесі  бойынша 

Астана  қаласында  «aifc»  халықаралық 



 Еркін ДӘУЛЕТҰЛЫ,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, 

заң факультетінің магистранты. 

арбитраждық  орталығын  құру;  шетелдік 

және  халықаралық  соттардың  үздік  стан-

дарттары  бойынша  сот  істерін  жүргізуді 

қамтамасыз  ету  үшін  Жоғарғы  сот  жа-

нынан  беделді  шетелдік  судьялар  мен 

заңгерлер  қатысатын  халықаралық  кеңес 

құру;  Сот  рәсімдерін  оңайлату  және  сот 

процестерін  жеделдету  үшін  азаматтық-

құқықтық  даулар  жөніндегі  соттарға 

прокурордың  қатысуын  қысқарту  сияқты 

маңызды мәселелер Ұлт Жоспарының 23-

тен 28-қадамдарына дейін көрініс тапқанын 

айта кеткен жөн.

Құқық  қорғау  органдарының  қызметін 

жетілдіру,  жергілікті  полиция  қызметін 

құру,  жол  полициясы  қызметкерлерінің 

этикасы  және  өзге  де  мәселелер 

29-дан  32-қадамдарға  дейін  келесі 

міндеттер  бойынша  айқындалып  отыр. 

Бас  бостандығынан  айыру,  орнынан 

босаған  және  сынақтан  өту  қызметіне 

тіркелген 

азаматтарды 

әлеуметтік 

оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру; 

мемлекет-жекеменшік  серіктестігін  да-

мыту 


шеңберінде 

пенитенциярлық 

инфрақұрылымды 

жаңғырту; 

ауылшаруашылық  жерлерін  тиімді  пай-

далану  мақсатымен  оларды  нарықтық 

айналымға  енгізу;  жер  кодексіне  және 

басқа  да  заң  актілеріне  өзгерістер  енгізу 

және  өзге  де  көкейкесті  міндеттер  Ұлт 

Жоспарының  33-тен  38-ші  -  қадамдарына 

дейін көрініс тапқан. Бағдарламаны орын-

дау  арқылы  Қазақстанның  бәсекеге 

қабілеттілігі  артады.  Бұл  үшін  5  салада 

нақты  100  қадам  жасалады.  Сала  ма-

мандарын  іріктеудің  тәртібі  күшейеді. 

Мемлекеттік  қызметке  қабылдау  төменгі 

лауазымдардан  басталады  –  ал  бұл 

Қазақстанның  құқықтық  моделін  құрудың 

бастапқы  әрі  нақты  процестерінің  бірі. 

Жалақылары болса қызметінің нәтижесіне 

байланысты 

өсіріледі. 

«Мемлекеттік 

қызмет»  туралы  жаңа  заң  қабылданады. 

Ізін ала іс басындағы барлық мемлекеттік 

қызметкерлер  кешенді  аттестаттаудан 

өтеді.  Аталған  үрдістер  Сингапур  және 

өзге  де  Оңтүстік  Шығыс  Азия  елдерінде 

маңызды нәтижесін берді. 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

ұсынған 


институционалдық реформа әлем тарапы-

нан да қолдауға ие.  Солардың бір-екеуін 

мысалға  келтіре  кетейін.  Кешегi  Астана 

экономикалық  форумына  Ресейден  кел-

ген Таяу Шығыс институтының президентi, 

әрбiр  сөзiн  бағып  айтатын  саясаттану-

шы  Евгений  Сатановский:  “Қазақстанда 

қазiрдiң  өзiнде  жүзеге  асырылған  рефор-

малар  ертеңгi  күнге  үлкен  сенiм  туды-

рады.  Бұл  кешендi  реформалар  жүйесiн 

Ресей  ендi  ғана  қолға  алып  жатыр. 

Қазақстан  Мемлекет  жүйесі  мен  моделін 

экономикалық  және  құқықтық  реформа-

лау мақсатында аса зор жетiстiктерге қол 

жеткiзді” деген болатын.



Gazeta.zhgu@mail.ru

Қылмыс 


неге көбеюде?

СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ НЕГЕ ОСЫ 

ҚЫЛМЫС ТҮРІ АСҚЫНЫП КЕТТІ? 

ОҒАН ҚАЛАЙ ТОСҚАУЫЛ ҚОЯ 

АЛАМЫЗ? ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ 

АЛАЯҚТАРДЫҢ ТОРЫНА ТҮСПЕУ 

ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? БІЗ ОСЫ 

СҰРАҚТАРДЫ ЗАҢГЕР САЙЛАУ 

АҒЫБАЕВ АҒАМЫЗҒА ҚОЙҒАН 

ЕДІК.

- Өкінішке орай, қоғамда алаяқтық әрекеті 

аз  емес.  Заң  маманы  болғандықтан,  менің 

алдыма  ақыл-кеңес  сұрайтын,  құжаттарын 

заңдастыратын адамдар көптеп келіп жата-

ды. Халықтың құқықтық сауатының жоғары 

болғаны  әрине,  жақсы.  Бірақ,  мұнымен 

алаяқтық қылмыс азайып кетпейтініне менің 

көзім  әбден  жетті.  «Заманың  түлкі  бол-

са,  тазы  боп  шал»  дегендей,  алаяқтар  да 

өмір  ағысына  тез  икемделіп  алады.  Тіпті, 

олардың сауаттылығы заңгерміз деп жүрген 

мына бізді шаң қаптырып кететін жағдайлар 

да кездесіп қалады.

Біз  жаһандану  заманында  өмір  сүріп 

жатырмыз.  Ал,  жаһанданудың  жақсы 

жақтарымен  қатар  жамандықтары  да  шаш 

етектен. Алаяқтықтың көбеюінің бір себебін 

мен  осыдан  көремін.  Ата-бабамыздың 

ғасырлар  бойы  тірнектеп  жиған  ұлттық 

құндылықтарын  кеңестік  империя  бір-ақ 

сәтте  ту-талақайын  шығарды  емес  пе?! 

Бүгінгі  таңда  сол  жоғалтып  алған  асыл 

қазыналарымыздың  орнын  әлі  толтыра 

алмай  әбігерге  түсудеміз.  Ұлттық  болмы-

сымыздан ажырап қалдық. Осының салда-

рынан жоғарыда айтқан алаяқтық кең етек 

алды.  Ұлттық  тәрбиені  қолға  алмайынша, 

одан құтылудың жолы жоқ.

Атамыз  қазақ  жаңа  туған  нәрестенің 

тұсауын ала жіппен кескен. Онысы – ешкімнің 

ала  жібін  аттамасын  дегені.  Біз  сол  баба-

лар  салып  кеткен  сара  жолды  лайламауға 

тиістіміз.  Ендеше,  ұят  ұядан  басталады 

дегенді ешқашан естен шығармайық.

Болат МӘЖИТ.

ӨРТ


қауіпсіздігін 

сақта!


ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ  

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 74 ӨРТ 

ОҚИҒАСЫ БОЛҒАН. КЕСІРІНЕН 

ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН.  АЛ 

МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫННЫҢ 

КӨЛЕМІ 3 ЖАРЫМ МЛН. ТЕҢГЕГЕ 

ЖУЫҚТАҒАН. 

Демалыс  күнін  пайдаланып  төтенше 

жағдайлар  басқармасының  қызметкерлері 

Талдықорған  маңындағы  саяжайларды 

аралады.  Өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде 

түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Абайлаңыз,  отты  былай  жақпаңыз, 

мұржаны  тазалаңыз"  атты    қарапайым 

ғана  қағидаларды  ТЖ  қызметкерлері    үй-

үйді аралап айтуға мәжбүр. Себебі, облыс 

аумағында  тіркелген    74  өрт  оқиғасының 

57-і  тұрғын  үйлерде  болған.  Оның  ішінде 

саяжайда  орналасып,  пеш  жағып,  үй 

жылытқан  жандардың  бейқамдығы  тіптен 

алаңдатады.

Төтеншеліктер 

топ-топқа 

бөлініп, 

Талдықорған  маңындағы  "Мерекелік", 

"Үйтас", "Ащыбұлақ" пен "Алмалы" саяжай-

ларын аралап шықты. 

 Назерке СМАНИЯ,

4 курс білімгері.



Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 3 наурыз, 

2016 жыл

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АРУЛАР

Gazeta.zhgu@mail.ru

Кәсіпкерлік көкжиегі

Көпшілік  ортада  адами  болмысымен,  адал  еңбегімен,  тынымсыз 

іскерлігімен  сыйлы  Зәмзәгүл  Назарбекқызы  Ақсу  ауылының  тумасы.  

Сарқан  мәдени  ағарту  училищесін,  бұдан  соң  Талдықорған  қаласындағы 

Ілияс  Жансүгіров  атындағы  педагогикалық  институтының  музыка  бөлімін 

қызыл дипломмен тәмамдаған.  Ақсу аудандық Мәдениет үйінің директоры, 

облыстық  халық  шығармашылық  орталығының  бөлім  меңгерушісі  болып 

жұмыс  істеген.  «Жетісу-өнер  ордасы»  тақырыбында  диссертация  жазып, 

өнертану  ғылымдарының  кандидаты  атағын  қорғаған.  Қазақстан  театр 

қайраткерлері одағының мүшесі. Оның  «Ақсудың аққулары», «Айгөлек», 

«Қос  шынар»,  «Өнегелі  өмір»,  «Балабақшадағы  балаларға  арналған  му-

зыка сабағы», «Елдің ертеңі балалар» т.б. кітаптары жарық көрген. 1993-

2007 жылдары балабақшада музыка жетекшісі, 2007 жылдан бүгінге дейін 

«Бота»  костюмдерді  жалға  беру  салонының  директоры  қызметін  атқарады. 

Орталықта  сәнді  балға,  кешке  киетін,  ертегі  кейіпкерлері  мен  ұлттық  киімдер,  күз 

х а н -

шайымы, Аяз ата, Ақшақар дейсіз бе, балаларды қуантатын түрлі костюмдер тігіледі. 



Ж а л -

пы алғанда мұнда 10 мыңнан аса киім түрі бар. Кәсіпкерлікпен айналысып қана қоймай 

Зәмзәгүл    2002  жылы  Әмірғалиевтар  отбасылық  балалар  театрын  құрады.  Бұл  театр  Қазақстандағы 

тұңғыш «Отбасылық балалар театры» болғандықтан Алматыдағы «Рахат» телеарнасының «Күн парақ» 

бағдарламасынан бір сағат тікелей эфирге, бір сағат спектакльге уақыт бөлінді. Қазақтың халық ертегісі 

«Алтын сақа», Р.Киплингтің «Маугли»,  Ш.Перроның «Золушка», үнді ертегісі «Алтын Елік», 2008 жылы 

Х.К.Андерсонның «Қар Ханша» қойылымдарын түсіріп, бірнеше мәрте теледидардан көрсетілді.

Кеңпейілді 

 

кітапханашы



Беспаева Ляззат Үшкемпірқызы - Білім 

ордамызда  орналасқан    Ғ.Орманов 

атындағы кітапханада сектор жетекшісі 

болып    24  жылдан  бері  еңбек    етіп 

келеді.  Жастайынан  білімге  құмар, 

оқуға  зерек  болып  өскен  Ләззат 

алдын  Сарқан  мәдени  ағарту 

училещесін,  соңынан  І.Жансүгіров 

атындағы  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының  филология  факультетін  

бітіреді.  Ақыл  ойы,  кең  парасаттылығымен 

кітапқұмар оқырмандардың көңілінен шығып жүрген 

оның  ұжымда  абырой-беделі  жоғары.  Мәдени  игі  шара-

ларды  жиі  ұйымдастырып,  қызықты  өткізуде  білімгерлердің 

ілтипатына  бөленген  кәсіби  маман  ретінде  әкімшілік  тарапынан 

Алғыс хат, Құрмет  грамоталарымен лайықты марапатталып келеді. 

Л.Бесбаева 2014 жылы күзде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде  оқу  кітапханаларының  мамандарына  арналған 

«Оқу кітапханаларының қызметін жетілдіру: заманауи көзқарастар» 

тақырыбы бойынша біліктілікті көтеру курсынан өтіп келді.

Тегеуірінді 

тергеуші


Ерғалиева Дана Маратқызы 

-  Ақсу  ауданы  Жансүгіров 

ауылының 

тумасы.  

Алматы  облысы  ІІД    Тергеу 

басқармасының  аса  маңызды 

істер  жөніндегі  аға  тергеушісі, 

полиция  подполковнигі.  2000 

жылы Алматы қаласындағы 

Ішкі  істер  министрлігінің 

академиясын  бітірген.  Еңбек 

жолын Талдықорған қаласындағы 

ІІБ-сында  тергеуші  болып  бастаған. 

Қашанда  тергеу  жұмыстарының  күрделі, 

әрі  жауапты,  әрі  қауіпті  болатыны  белгілі. 

Дана  Маратқызы  нәзік  табиғатына  қарамай 

б ұ л 

міндетті абыроймен өтеп келеді. Өйткені, оның әкесі де осы 



саланың  майталман  маманы.  Отбасылық  кәсіптің  ұрпақ 

сабақтастығы  арқылы жалғасын тауып келе жатқаны жа-

нымызды  жадыратты.  Д.Ерғалиеваның  қажырлы  еңбегі  

әр жылдары өзінің лайықты бағасын алып жүр. Айталық, 

ол 2014 жылы полиция саласында адал қызмет атқарып, 

белсенділік  танытқаны  үшін  ҚР-ның  Ішкі  істер  министрі, 

полиция генерал-лейтенаты Қ.Қасымов тарапынан Мақтау 

граммотасымен марапатталды.

Ұлағатты ұстаз

Исағалиева Гүлнар Даниярбекқызы - Панфилов ауданының, Қоңырөлең 

ауылында  дүниеге  келген.  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  филосо-

фия-экономика факультетін бітірген. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы 

жоғары техникалық оқыту институтында бастаған. ҚазМу-дың аспиранту-

расында  білім  алған.  1985  жылдан  бастап  ЖМУ-да  аға  оқытушы  болып 

қызмет  атқарып  келеді.  Осы  білім  ордасында  үздік  ұстаздық  еңбегімен 

ерекшеленген Г.Исағалиева «Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін», 

«Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ісінің  Құрметті  қызметкері» 

төсбелгісімен  және  бірнеше  Алғыс  хаттармен  марапатталған.  Жалпы  

30-дан астам мақалалардың авторы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік 

конференцияларға  белсене  қатысады.  «Философия  оқытуындағы 

инновациялық методология»,  «Кредиттік технология оқыту жағдайындағы 

білімді  басқару  процесі»,  «Алматы  облысы  жастарының  діндік  идентификаци-

ясы», «Әлеуметтануды игеру процесіндегі жобалық оқыту», «Қазақстанның қазіргі 

саясатындағы  болжам  методологиясы»  атты  мақалалары  ғылыми  тұрғыдан  жоғары 

бағаланған.

Ғибратты ғалым

Сеитова Сабыркүл Мақашқызы - педагогика ғылымдарының докторы, про-

фессор. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының 

физика-математика    факультетін  тәмамдаған.  Еңбек  жолын  Алматы  обы-

лысы, Жамбыл ауданы, Шиен орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі 

болып  бастаған.  Көп  өтпей  Абай  атындағы  ҚазПИ-да    стажер-зерттеуші,   

аспирант  болды.  1981  жылдың  қаңтарынан  І.Жансүгіров  атындағы 

Талдықорған  педагогикалық  институтына  жіберіліп,    қазірге  дейін  қызмет 

атқарып келеді. Тәжірибесі мол ұлағаты ұстаз  Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-

да  диссертациялық  кеңестің  мүшесі  ретінде    ғылымға  үлкен  үлес  қосқан 

ғалым.  І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ-да  бірнеше  жыл  «математика  және 

информатиканы  оқыту  әдістемесі»  кафедрасының  меңгерушісі  болды. 

2010  жылы  «Орта  мектепте  жоғары  математика  элементтерін  оқытудың 

ғылыми  әдістемелік  негіздері“  тақырыбында  докторлык  диссертациясын 

қорғады.  140-қа жуық ғылыми еңбектің, бір монография мен 25 оқу және оқу-

әдістемелік құралдарының авторы. «Қазақстан  Республикасы  білім беру ісінің 

үздігі»,  «Қазақстан    Республикасының  ғылымын  дамытуға  сіңірген  еңбегі  үшін» 

төсбелгілерімен марапатталған.

Еңбегімен 

еленген жан

Жаркинова  Құралай  Байтуке-

новна  Қапал  ауданының  Қоңыр 

ауылында  дүниеге  келген.  1978 

жылы  Талдықорған  қаласындағы 

медициналық  колледжді  бітірген. 

Бүгінгі  таңда  ЖМУ-да  фельдшер 

болып  қызмет  атқарады.  Өз  ісінің 

кемел шебері, кеңпейілді абзал жан. 

Қ ұ р а л а й 

апай  білім  ордамыздағы    білімгерлер  мен 

ұ с т а з д а р 

қауымының  денсаулығын  сақтау    жолында 

аянбай  қызмет 

етіп, құрметке бөленіп жүр. Әр жылы  медицина 

қызметкерлерінің күні 

қарсаңында 

 

лауазымдық 



міндетін 

жауапкершілікпен атқарғаны үшін ректордың Алғыс хатымен марапат-

талып келеді.  Ал, 2014 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімі та-

рапынан «Жоғары  категориялы фельдшер» медалінің иегері атанды.

Есенбекова  Кам-

шат 


Саяққызы 

Қапал 


ауданының 

Қоңыр 


ауылында 

дүниеге  келген.  1998 

жылы  Талдықорған 

қаласындағы 

№1 

лицейдің 



шашта-

раз  курсын  бітірген. 

Бүгінгі 

таңда 


«Сұлу-ай»  сән  са-

лонында 


шашта-

раз  болып  қызмет 

атқарады. 

Адам 


ағзасында  шаштың  өзіндік 

а л а т ы н 

орны  бар.  Олар  басқа  дене 

мүшелерімен 

тең  дәрежеде  айналаңдағы 

өткен  оқиғалардың  бәріне  дерлік  атсалысады. 

Сол  себепті,  адамның  көңіл-күйіне  байланысты 

шаштың түсі де өзгеріске ұшырап отырады. Осын-

дай  қызметті  жауапкершілікпен  жүзеге  асырып 

жүрген  Камшаттың  шеберлігіне  көпшілік  тәнті  бо-

лып жүр. Ол кәсіби мамандығының дәрежесін жыл 

сайын  көтеріп  отыруды  дәстүрге  айналдырған. 

Мәселен,  2014  жылы  «Асқаров  Мұстафинаның 

авторлық семинарының» «selective professionale» 

сертификатын  және  2015  жылы  «кератин  емдеу 

және химиялық шаш түзеткіш» сертификатын ие-

ленген.

Тұғыры биік 



спортшы

Нұғманова  Гүлмира    Есімқызы 

-  педагогика    және      психология  

факультетінің  «бастауыш    оқыту  

педагогикасы      мен    әдістемесі»  

мамандығының    магистранты.  Ол 

спортпен  шұғылданып  халықаралық 

және  республикалық  жарыстар-

да    тек    қана  I  орындарды  иеленіп, 

университетіміздің  абырой-даңқын 

аспандатып  жүрген    спортшы 

қыздармыздың  бірі  де  бірегейі.  

Жетістіктерін 

нақтылай 

айтсақ, 

Гүлмира    «І.Жансүгіров    атындағы    Жетісу  

мемлекеттік  университеті  Ректорының   Ку-

богына    ТМД  

мемлекеттерінің    жоғары    оқу    орындары  

студенттерінің    арасында    жауынгерлік,  спорттық    Джиу-джит-

су    Профи-файт    халықаралық    турнирінде»    57  кг,  Көкшетауда  

өткен    Қазақстан    Республикасының    VIII    жазғы    универсиада-

сында  жекпе-жек  сайысынан  55 кг, Алматы  қаласында  өткен  

халықаралық   Джиу-джитсу Пройи  файт  спортынан  55 кг, Джиу-

джитсу  Профи  файт  спортынан  жастар, жасөспірімдер  мен   ере-

сектер  арасында  Алматы  облысының  ашық  чемпионатында  +18  

жас  аралығында  55 кг, Джиу-джитсу  Профи  файттан  Қазақстан  

Республикасының  Чемпионатында  +21  жас  аралығында  55 кг, 

Павлодар    қаласында    өткен    Джиу-джитсу  «Иригуми-го»    ашық   

Республикалық   турнирінде  60 кг, Панкратион  спорт  түрі  бойын-

ша  өткен  Алматы  облысының  Чемпионатында  58 кг, Грепплинг   

спорт  түрі  бойынша  өткен  Алматы  облысының  Чемпионатында  

58  кг  салмақ   дәрежелерінде    I орынға қол жеткізіп, спорттың 

биік тұғырынан көріне білді.

Коллектив  Жетысуского  государствен-

ного университета имени И. Жансугурова 

поздравляет  руководителя  методиче-

ского  сектора  учебно-методического 

отдела Каймульдину Шолпан Садуов-

ну с днем рождения и  35-летием трудо-

вой деятельности!  

Шолпан  Садуовна  –  квалифицированный  спе-

циалист с большим опытом работы, ответственно от-

носящийся к  своей  деятельности.  Ее  отличает  высокий 

профессионализм, творческий подход, уважение к коллегам 

и 

студентам.  Многогранная  личность,  Шолпан  Садуовна  ведет  боль-



шую общественную работу, охотно делится своим опытом с коллега-

ми, выступает с докладами на конференциях, совещаниях, проводит 

мастер-классы,  обучающие  семинары,  тренинги,  является  аудито-

ром образовательного процесса всех подразделений университета.

Спасибо Вам за трудолюбие, высокую ответственность, верность 

профессиональному долгу. Желаем здоровья и благополучия!

Многогранная 

личность


"Сұлудың" сәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет