№5 (122) 3 наурыз, 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі15,59 Mb.
#1515
1   2   3   4   5   6

Бетті дайындағандар: 

М.АБЫЛХАНОВА, К.ОСПАНОВА.

Жетісу 

университеті



ЖЫР ДӘПТЕРІ - КӨҢІЛ КЕПТЕРІ

бейсенбі, 3 наурыз,

 2016 жыл

7

Абай ақын

Красота

Абай ақын ер еді,



Абай дана сері еді.

Ақылы терең келелі,

Абай рухын өлтірмей

Асқақтатқан елі еді.

Оятқан қазақ жері еді,

Айдынды шалқар көл еді.

Халқым, жұртым дегенде,

Өртеніп аш өзегі.

«Дүниенің кілті-ғылымда,

Ізден де, оқы!» деп еді.

Жұртына өсиет қалдырған,

Жырдың отын жандырған,

Қара сөзден салған өрнегі,

Көңілдің күйін қандырған

Абай неге өледі?

Мыңмен жалғыз алысқан,

Дұшпанымен жарысқан.

Қазақта ұлы данышпан,

Абай жыры мәңгілік.

Жүрегім оны сезеді

Ғасырларды кезеді.

                              



 Айым АСХАТҚЫЗЫ.

1 курс білімгері.

Gazeta.zhgu@mail.ru

«Сен  ғана» бол жанымда сұранамын,

Қаламаймын көңілдің құлағанын.

Қуаныштан өзгені көрсетпесін,

Тәңірден осы ғана сұрағаным.

Сен маған жол сілтеген мұнарасың,

Жалғастырар көпірсің түн арасын.

Жүрегімді еріксіз жаулап алған,,

Көз алдымда сен ғана тұра аласың.

Сөйлегенің, күлгенің күлімсіреп,

Таңға баспай тұрғандай түнім тіреп.

Еркелеткен үнің тұр құлағымда,

«Жарығым-сен, айым да күнімсің» деп.

Жабықсам да, сен үшін күле жүрдім,

Сен деп жаным өмірді сүре білдім.

Жайсыз күннің жағымсыз көп тұстарын,

Татсам-дағы құламай түрегелдім.

Пікірімен басқаның санаспадым,

Сені ойлаумен ашылар қара аспаным.

Есіміңді атасам, өзгелердің,

Қаламаймын жарыса, таласқанын.

Жансу БЕРІКҚЫЗЫ.

3 курс білімгері.

Сен ғана...

Қазақ қызы

Махаббат 

Ана  – асыл қабағына қарашы,

Жылы жүзді ашық әсте санасы,

Үні – бұлбұл, ыстық жарқын құшағы,

Ана – әлемнің ақыл тұнған данасы.

Ана – заты қасиетті, қадірлі,

Арда тұтқан нар қазақта барлығы.

Бір қолы бесік, бір қолы әлем тербеген,

«Жұмақтың кілті – анада» деген  

 Хақтың да бар жарлығы.

Қызды ана деп атам қазақ сыйлаған,

Қонағындай жамандыққа қимаған,

«Ана көрген тон пішеді» дегендей,

Қазақ қызы – инабатын тыймаған.

Аналарым  мәпелеген  нұрымен,

Ақындарым өрнектеген жырымен.

Қырық үйден тыйым салып қорғаған,

Қазақ қызы тәрбиелі шынымен.

Қазақ қызы  – болашақтың тұтқасы,

Аналармен берекелі отбасы.

Бабалардан қалған асыл мұраны,

Қазақ қызы, мәңгілікке сақташы.

Гүлжауһар ТӨЛЕНДІ.  

Танысқан 

сәт

Красота правит миром и это не секрет,



Конечно, в этом спору нет.

Красота бывает разной

Красота тела и красота души,

Красота ночи и красота земли,

Красота ясного дня и лунной тиши,

Красота-это лучик света в темной глуши. 

Бывает обворожительной, но печальной,

Прекрасной, но холодной,

Яркой, но недолгой.

Какой бы она не была всегда,

Она очень притягательна и конечно же мила.

Красота - вечна,

И как Вселенная бесконечна.

Цените красоту, она эликсир,

Который спасет весь наш огромный мир!

Зарина СЕЙДАХАНОВА.

Қыс еді қырау қатқан терезеге, 

Біз отырмыз жанарды ұйқы қысып. 

Жастық шақ қайта оралып ол келе ме? 

Кетті ғой қолдан ұшып. 

Көліктеміз, таң атқан арайланып, 

Бара жаттық ауданға жарысқа біз, 

Сонда маған ұрлана қарай қалып, 

Артынан танысқанбыз. 

Балалық па, жоқ әлде бойжеткендік

Сезіміңді қалайша ұқпағанмын?.. 

Есімде жоқ санамды ой жеп келіп, 

Иығыңа ұйықтағанмын... 

Сол күні жалын атқан жанарыңнан, 

Байқап едім сезімнің ұшқынын. 

Көзімді ашып мен саған қарадым да, 

Шошынып,тік тұрдым. 

Бәрі де осы күннен бастау алды, 

Арамызда алмасты ғашықтық хат.

Ұлы сезім сенуден басталады, 

Жалғасын табуда танысқан сәт. 

                                 



  Перизат ҚАЛИХАНҚЫЗЫ.

Жүйрік болып шабамын әлі Ана,

Танымастай боласың уайымдама.

Тағдырыма шүкіршілік етіп келем,

Туып келе жатыр ғой айым жаңа!

"Шеше сенен өтінем жыламағын",

Сәтсіз болған ісіме налымағын.

Әрі жұқа ойым бар әрі қалың,

Ешқашанда жылама жалынамын!

Уайымдама анашым, шаршамағын,

Бұрыс емес жасаған барша амалым.

Танауымды кең ашып жұтынамын,

Шабыт берген үздіксіз тау самалын!

Жүйрік болып шабамын әлі Ана,

Сейіледі бар мұңың уайымдама.

Төбесінен қараймын қарағай боп,

Тал терекке тізілген қайыңға да!

Бола берме күйгелек анам әуре,

Қарада тұр төгемін жарық сәуле.

Қызыңды Алаш танып жатқан шақта,

Сол кездері етерсің сансыз тәубе!

Сымбат САҒЫНДЫҚ,

1курс білімгері.

Анашыма


Ғашық болдым жаным сізге,

Асық болдым күндіз түнде.

Махаббатсыз өмір сүрме, 

Байқаусызда отқа күйме.

Жүрегім өртеніп барады,

Көңілім бір сені қалады. 

Нәр алып ғашықтық ғаламнан,

Гүл сезім бүршігін жарады.

Бірге жүрген күндерді сағынам,

Өзіңсіз мен жалғыз жабығам.

Шақырсаң жаныңнан табылам,

Тағдырға ризамын, бағынам.

Махаббат  - ол асыл маржандай,

Сеземін бақытым жанғандай.

Сен болсаң Қозыдай ержүрек,

Мен болам Баяндай ақ маңдай.

                             

 Гүлім АСХАТҚЫЗЫ,

                                 1 курс білімгері.

Чудо-весна

Дуновение теплого ветра,

Разбудило дыханьем весну.

И встречая новый рассвет,

Небо дарит нам новизну.

Пробуждается сонный город,

Ослеплённый лучами солнца.

Птицы в небе о счастье вторят,

Всё проснулось и всё смеётся!

Мир цветёт от улыбок и света,

Потекли ручейки – кто быстрей,

Рада солнцу моя планета,

Как мы долго мечтали о ней.

Позади холода и морозы,

Дарит праздник нам чудо-весна.

В этот день прекрасные розы,

Будут каждую ждать у окна.



Олеся ТАДЖИЕВА,

студентка 4 курса.

КӨЗҚАРАС

Жетісу 


университеті

ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ

бейсенбі, 3 наурыз, 

2016 жыл

8

Ұлы даланың 

қаһарман қыздары

Ә

йел-қашанда сұлулық 



пен нәзіктіктің 

символы. Мейлі 

ол от кешіп туған жерін 

қорғасын, қару асынып 

жауға қарсы шықсын, боз 

кілемде белдессін, шаршы 

алаңда шайқассын, оның 

бәрібір – жаны СҰЛУ, жа-

ратылысы НӘЗІК. Олар бір 

қолмен бесікті тербетсе, бір 

қолымен әлемді тербетеді. 

Қысқасы ол – ұлтты 

тәрбиелеуші.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Әкенің  қаны  мен  ананың  сүтімен 

бойына  тектілік  қасиет  сіңген 

ұрпақтың  келешегі  кемел  екендігі 

айдан анық. Ертеңгі күнді еске алу 

үшін  тарих  беттерін  парақтайтын 

болсақ,  есімдері  алтын  әріппен 

жазылған  Ұлы  даланың  қайсар 

қыздарын  кездестіреміз.  Олардың 

жарқын  жүздері  мен  ер  азаматқа 

тән  ерліктеріне  шын  жүрегімізбен 

қуанып,  алғыс  айтып,  бас  иеміз. 

Арулардың 

қай-қайсын 

алып 

қарасақ  та  ұлттың  болашағы  жо-



лында жан аянып қалған жоқ. Олар 

туралы жазылған том-том кітаптың 

ішінен қара жерге шым-шым тамған 

маңдай тер мен қара көзден аққан 

ыстық жасқа куә боламыз. 

  Ауыр  күрсініп  барып  тарихтың 

келесі  бетін  парақтасақ  та  нәзік 

жандылардың  ерлігі  көз  алды-

мызда  тізбектеліп,  ауыздықпен 

алысқан 


тұлпардың 

үстінде 


үкілі  кәмшат,  бүрмелі  көйлегін 

ақсауытқа  айырбастаған  қаһарман 

қыздардың асқақ бейнесі қасқайып 

шыға келеді. Көзге жас алып, қолға 

қалам  ұстасақ  та  өткен  күнге  мой-

ын  бұрмай  кете  алмайтынымыз 

рас.  Даласында  түрме,  есігінде 

құлып  болмаған  кең  байтақ  қазақ 

жерінде сұлулардың қаны төгілмек 

түгілі  бір  тал  шашын  үзіліп,  аяққа 

тапталмаған,  желге  қоқыс  боп 

ұшқаны құйқамызды шымырлатып, 

жүрегімізді қан жылатып, жанымыз-

ды  сыздауықша  солқылдататыны 

тағы  бар.  Ерлік  қанша  заман  өтсе 

де ұмытылмайды. Қайран Қазақтың 

қайсар қыздары-ай! 

Ерлермен  қатар  тұлпар  мініп, 

найза  ұстап,  ел  қорғаған  арулары-

мыз  аз  емес.  Біздің  заманымызға 

дейін 

Ұлы 


даланы 

жаудан 


қорғап,  қылышын  қанға  малған 

Тұмар,  Зарина  патшайымдардың 

ерлігі 

өлшеусіз. 



Қорқақтық 

пен  сатқындықты  кешірмейтін, 

тектіліктің 

тәрбиесінен 

тамыр 

тартқан,  аты  аңызға  айналған 



аналарымыздың  сара  жолымен 

жүріп  келе  жатқан  аналар  керуені 

бүгінде  жалғасуда.  Нағыз  қазақы 

әйелдің  образын  бір  бойына 

жиып,  ұлттың  анасы  атанған  асыл 

жандардың  өмірлік  қағидалары 

бізге  үлгі.  Ұрпаққа  өнеге.  Қара 

қылды  қақ  жарған  Құнанбай 

қажыны  өмірге  әкеліп,    дәретсіз 

емізбеген Зере әже, қазақтың теріс 

қылығына  қынжылса  да  жүрегімен 

халқын  сүйіп  өткен  қазақтың  дара 

перзенті, дана Абайды тәрбиелеген 

Ұлжан,  ордабұзар  отызында-ақ 

ғылымның  сан  саласын  меңгеріп, 

ұлт  тархында  есімі  алтын  әріппен 

қалған (Мұхамедқанапия) Шоқанды 

мәпелеген  Айғаным,  рулы  елдің 

бірлігі  мен  берекесін  айрандай 

ұйытқан  Домалақ  аналарымыздың 

тағылымы  әлі  күнге  дейін  өнеге 

болуда.  «Мен  Қазақпын»  дейтін 

саналы 

перзенттің 



жадында 

сақтаулы.  Ал,  зеңбіректің  оғы 

қарша  бораған  сұрапыл  соғыста 

жауға  қарсы  жалғыз  жанын  жа-

лау етіп, жас жүрегінің жалынымен 

туған  Отанын  жылытуға  ұмтылған 

батыр  қыздардың  ерлігін  сөзбен 

айту  мүмкін  емес.  Алдына  келген 

фашисті  сұлатып,  байтақ  даланы 

азат етуде күндіз-түні оқ кешкен жа-

уынгер қазақ қыздарының ерлігінің 

соңы Жеңіспен аяқталды. 

Шығыс  қыздарына  Тәңірі  бер-

ген  өжеттілік,  туған  жері  мен  өскен 

еліне  деген  шынайы  сүйіспеншілік, 

жауының  кеудесіне  оқ  болып 

қадалған  өшпенділігі  осы  Тұмар 

патшайым  рухынан  бастау  алған 

болар,  сірә.  Әрісі  Керей  хан, 

Әз  Жәнібек,  берісі  Абылай  хан, 

Қанжығалы  Қабанбай,  Бөгенбай, 

Есет  батыр  бабаларымыз  бен 

ғасырлар  тоғысында  қас  батыр 

атанған  Бауыржан    Момышұлы, 

Қасым 

Қайсенов, 



Талғат  

Бигелдиновтей жау жүрек ерлердің 

ерлігін  қайталаған  шығыстың  қос 

шынары,  ХХ  ғасырдың  арулары 

атағы  берілген  аяулы  Мәншүк  пен 

Әлия да қазақ ұлысының қаһарман 

қыздары. Дәл осы екі жұлдыз халық 

үшін  егіз  есім,  бір  ұғым.  Қос  ару 

шығыс  елінің  Жанна  Д-Аркі  ата-

нып  бүгінгі  тарих  төрінде  бірін-бірі 

биіктете, асқақтата түсуде. 

Бейбіт  заман  келіп,  бақытқа 

қол 

жеткіздік 



деген 

тұста 


желтоқсандағы 

мұзды 


жарып 

шыққан 


қызғалдақтарымыз 

қыршынынан қиылды. Тағы да қазақ 

қыздары.  «Қазақтар,  кіріптарлық 

құлдықта  өмір  сүргеніміз  жетеді! 

Біз  еліміздің  тәуелсіздігін  жеңіп 

алған  кезде  ғана  азат  бола  ала-

мыз»,  –  деген  ұранмен  жастарды 

жігерлендірген  де  қазақ  қыздары 

еді.  Есімдері  ел  есінде  жиі  айты-

латын Ләззат пен Сабира бастаған 

ұлтымның  ақмаңдай  аруларының 

намысы.  Желтоқсанның  мұзын 

ерітіп,  ызғарын  отты  жанары-

мен  тоқтатты.  «Омыртқа  ішіндегі 

жұлындаймын,  қыз  да  болсам 

әкемнің  ұлындаймын»,  –  деген 

қарапайым  ғана  қара  өлеңдегі  екі 

жол  ұлттың  тәрбиешісі  атанған 

қазақ  қыздарының  қаһармандық 

келбетін  көрсетіп-ақ  тұрғандай. 

Әйел  затының  бойынан  кездесетін 

мұндай  ерлік,  намысы  бар  кез-

келген 

азаматты 



тебiрентпей 

қоймасы  анық.  Бұл  есімдер 

халқымыздың қадір қасиетін, ұлттық 

мінезін, патриоттық сезімін аласарт-

пайтын асқақ таудай дара тұлғалар. 

Олар ақындар айтпақшы «Қыз емес 

қызыл от» болып жаралған жандар.

Ерлермен  қатар  тұрып,  жауға 

бірге шапқан, дауға бірге түскен ана-

ларымыз бен аруларымыз бізде аз 

болмаған.  Бірақ,  сол  тұлғалардың 

есімдерін  түгендеп,  ерлік  істерін 

ұлықтауда  кемшін  түсіп  жатамыз. 

Тіпті, қазақтың қайсар қыздары тура-

лы энциклопедия шығаруға болады. 

Бүгінгі  әлем  таныған  Қазақстанның 

тәуелсіздігін  көздің  қарашығындай 

қорғау  –  әрбір  азаматтың  парызы. 

Өмір  бар  жерде  талас-тартыстың 

болмай  тұрмайтыны  сияқты,  ерлік 

өлшемі Отанды, досты, болашақты 

біз  тілге  тиек  еткен  Ұлы  даланың 

батыр  қыздары  секілді  сүюден  

басталса екен деген арманымыз да 

жоқ емес.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА.

Жүрісің қалай, 



Аяғын  алшаң  басып,  биік  өкшемен  әрлі-берлі  тойтыраңдап  жүретін 

қыздарды көргенде жүрегің ауырады. Ал, арсалаң-арсалаң етіп, еркекшо-

ра  кейіппен  құрақ  ұшып  жүргенді  көрсеңіз,  тіптен  жағаңды  ұстайсың. 

Сызылып сөйлеп, сылаң қағып кербез жүрісімен көптің назарын өзіне ау-

дара білетін бойжеткендер қайда? Әрине, мүлдем жоқ деуден аулақпыз, 

дегенмен  басым  көпшілігіміз  жүрісімізге  мән  бере  білмейтіндігімізді 

мойындамасқа болмас...

Психологтардың  айтуынша,  ер 

адамның көз тастауы немесе ерек-

ше  назары  жүрісті  жинақы  етуге 

септігін тигізеді. Олай болса, көптің 

назары  өзіңізде  екен  деп  сезіне, 

адым жасаңыз. Омыртқа жерге түзу 

қағылған қазықтай тігінен орналасу 

керек.  Ал  қолдарыңыз  адым  сай-

ын алма-кезек бұлғаңдайды, қатты 

сермеудің  қажеті  жоқ.  Қимылдаған 

сайын,  екі  бөксе  арасында,  ауа-

да  "сегіз"  саны  жазылғандай  әсер 

болады,  бөксені  қатты  сілкуден 

де  аулақ  болыңыз.  Бұл  жүрісті 

бұзады». 

Үлкендер  қыз  баласының  әрлі-

берлі жүрген жүрісіне де мән беріп, 

тіпті шолпысының сыңғырына дейін 

бақылауға  алып  отырған.  Жүрісі 

ерсілеу,  шолпысының  сыңғыры 

қоңырауға 

айналған 

қызды 


«Қоңыраулы  қыз»  деп  атап,  ата-

анасына ескерту жасап отырған. Ал, 

бүгінде  бет  шымшыр  жайттар,  бет 

сызар  сөздерге  «әй»  дейтін  әже, 

«қой» дейтін қожа некен-саяқ. «Бет 

шымшу  -  әйелдерге  тән  қасиет. 

Олар  біреудің  немесе  өзіне  жақын 

қыздар мен әйелдердің ерсі істерін, 

қимылдарын көргенде немесе дөрекі 

сөздерін  естіп  қысылған  жағдайда 

осылай  ыммен  сездіреді.  Бет  сызу 

-  адам  ұялатын  сөздер  естігенде 

әйелдердің  сұқ  саусағымен  бетін 

сызатын  әдеті  бар»,  -  дейді  зерт-

теу  еңбектерде.  Ерлерге  мұндай 

әрекетті  қайталау  ерсі  көрінетіні 

айтпаса да түсінікті.

Жүріс адамның  дене пішіміне бай-

ланысты    болады  екен.  Естайдың 

«Бір  мысқалында»  қазақ  қызының 

портреті  көрсетіледі.  «Гүл  жүзді, 

шырын  сөзді,  бал  сілекей,  Аяғын 

келет  басып,  некей-некей».  Некей 

басу  дегеніміз  —  шолпының  ды-

бысы  естілместей,  басар-баспасы 

білінбес  әнтек  қадаммен  сырғанап 

басуды айтамыз. Соның бәрі тұнып 

тұрған  иба,  тәлім.  «Гауһартаста» 

да  жүрістің  көрінісі  ап-анық 

суреттеледі:

«Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,

Сылдырап шашбауың мен алтын     

сырғаң 

Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,



Әсемсің жүйрік аттай мойнын 

бұрған».


Қыздың 

киімі, 


дауысының 

ырғағы  нәзіктігіне  тән    жүрісі  де 

сай  болса,  сонда  толық  бейнесін 

аша  түсері  анық.  Осы  тұста  мек-

теп  қабырғасынан  таныс  «Абай 

жолындағы» сырғасы сыңғырлаған, 

шолпысы шылдырлаған Тоғжан көз 

алдымызда  көлбең  етеді.  Ал,  еу-

ропаша  жүріспен  бойды  тік  ұстап, 

назарға  ілігуге  ұмтылғанымызбен 

қазақылығымызды  паш  ете  ал-

маймыз.  Біз  жүзіне  нұр  тұнған,  көзі 

күлімдеген, шырай жүзі жарқыраған, 

ақ маңдай қазақ аруы екендігімізді 

бір  сәт  те  ұмытпағанымыз  абзал.  

Әйтпесе,  жүрісте  тұрған  дәнеме 

жоқ деп қарамайықшы, қазақ қызы! 

Тәрбиенің ізі талбойымыздан табы-

лып жатса, кім бізге кінә тағады.

С. НАЗЕРКЕ.

ТАЛҒАМ


Әйел дегеніміз - сұлулық. 

Өйткені, әлемнің бар асы-

лын, үлдесі мен бүлдесін 

оранатын - осы нәзік 

жанды қауым. Ойланып 

көріңізші? Жігіттерге 

қанша аксессуар бар? 

Қыздарда қаншау? 

Сондықтан әйелдің сұлу 

болмауға құқы жоқтай.

Єйел с±лу 

кµрінер...

Дегенмен, 

"сұлулық" 

деген 


ұғымның өзі бір шеңберге сыйып, 

шырмалып  қалады  екен.  Өйткені, 

әр  заманның  өз  сұлуы  бар.  Ол 

заманның  сұлуы  бұл  заманда 

сұлу  боп  саналмауы  да  мүмкін. 

Бұл  тұжырымға  сұлулық  ұғымын 

әр  ғасырға  жіктей  отырып,  көз 

жеткіздік:



Антика сұлулығы

Әйел  сұлулығының  идеалы 

ретінде Ежелгі Грекия мен Ежелгі 

Римнің  тұғырдағы  Құдайлары 

саналды.  Бүгінгі  көзқараспен 

қарасақ,  тұғырдағы  Афродита 

мүсіні  кішкене  толықтау  көрінер 

еді. 


Орта ғасырдағы сұлулық

Орта ғасыр сұлуларының іштері 

кішкене  шығыңқы  келетін.  Қыздар 

іштерін  солай  көрсету  үшін  ар-

найы  жастықты  да  пайдаланған 

екен.  Тұтастай  мүсіндері  нәзік, 

беттері  бозғылттау  болса,  сұлу 

деп саналған. 



XVI ғасырдағы сұлулық

1503-1505  жылдар  шамасында 

салынған  атақты  Мона  Лизаны 

көріңіз де, сол ғасырдағы әйелдің 

сұлулығын бағамдаңыз. 

XVII ғасырдың сұлуы

Төс  пен  иыққа  мән  беріліп, 

белдің 

қылдырықтай 



болуы 

қадағаланған.  Сондықтан  карсет-

тер  кең  етек  жайған.  Бет  әлпеті 

аққұба,  еріндері  қызыл  әйелдер 

әдемі деп есептелген. Қолдан мең 

салу да көркемдіктің белгісі сана-

ла бастаған. 

XVIII ғасырдың сұлуы

Етжеңді 


әйелдер 

сұлулық 


символына 

айналды. 

Сәнге 

биік  шаш  үлгілері  еніп,  париктер 



қолданылды. 

XIX ғасыр сұлуы

19  ғасыр  сұлулары  беттерін 

күннен  көлегейлеп,  ақсүйектерге 

тән ақтығын сақтауға тырысқан. 



XX ғасыр сұлуы

20 ғасыр сұлуы осындай болған 

деп  қадап  айту  қиынырақ.  Неге 

десеңіз,  ғасыр  басында  қысқа 

шашты,  етжеңді  әйелдер  сұлу 

болып  саналса,  ғасырдың  екінші 

жартысында  әйелдердің  жаппай 

арықтауы  етек  алды.  Жыл  өткен 

сайын әйелдер арық әрі ұзын бола 

бастады.


XXI ғасыр сұлуы

Бүгінде  90:60:90  ұғымы  пайда 

болған. Хас сұлулардың дене бітімі 

арнайы  сандарға  сәйкес  бол-

са  ғана,  сұлу  деп  қабылданады. 

Біздің заманның сұлулық символ-

дары  деп  Айшвария  Рай  мен  Ан-

джелина Джолиді айта аламыз. 

Дегенмен,  "қыздардың  бәрі 

сұлу"  деген  де  бар.  "Әйел  деген 

әдемі  ғой,  әдемі,  Әдемілік  бізге 

көптік етпейді" деп Мұқағали ата-

мыз  жырлап  кеткен.  Күнделікті 

өмірде  сұлу  да  сүйкімді  болып 

көріну  үшін  не  істеу  керектігін  де 

қоса ұсынамыз:

- дене мүсініне күтім жасай алу;

- талғамның биіктігі: табысыңыз 

қандай болса да, әдемі киіне алу;

- ұқыпты шаш үлгісі; әдемі иіс;

- бет, шаш, тырнақтың 

ұқыптылығы, тазалығы; әдемі 

күлкі; сабырлы сөз; махаббат пен 

мейірім; сүйе білу.

қарындас?


Жетісу 

университеті



ИЗ БЛОКНОТА БУДУЩЕГО 

ЖУРНАЛИСТА

четверг, 3 марта,

2016 год

9

Gazeta.zhgu@mail.ru

«Красота – как драгоценный камень: 

чем она проще, тем драгоценнее». 

(Фрэнсис Бэкон)  

Как 


говорил 

Оскар 


Уайльд: «У красоты смыс-

лов  столько  же,  сколько 

у  человека  настроений. 

Красота - это символ сим-

волов.  Красота  открывает 

нам  все,  поскольку  не  вы-

ражает  ничего».  Понятие 

«красота»  у  каждого  свое. 

Для  кого-то  вы  можете 

быть  самыми  красивыми, 

кто-то  же  просто  считает 

вас симпатичным. Сколько 

людей,  столько  и  мнений. 

Красота  -  это  не  только 

внешний вид человека, но 

это  еще  и  состояние  его 

души. Каждый человек по- 

своему красив и особенен. К сожалению, сей-

час,  в  нашем  современном  мире  внешней 

красоте уделяется почти все внимание. Что 

же касается внутренней красоты, то, многие 

о  ней  просто  забыли.  В  настоящее  время, 

когда  так  много  косметических  средств, 

продуктов парфюмерии и различных косме-

тологических услуг, любая девушка или мо-

лодой  человек    смогут  выглядеть  отлично. 

Так  что  же  получается?  Все  мы  при  жела-

нии и возможностях можем быть красивыми 

внешне, но что  же мы сможем сделать для 

нашей  внутренней  красоты.  Задумывались 

ли вы раньше над этим вопросом?

Красивые  длинные  волосы,  ухоженные 

руки и маникюр, стильная одежда - все это 

непременные атрибуты современной красо-

ты. Видя такую девушку, сразу складывает-

ся приятное впечатление. Но, как говорится, 

первое впечатление обманчиво. Очень мно-

гие девушки, тщательно следя за внешним 

видом,  совсем  не  замечают  недостатков  в 

своем поведении. Неприятно видеть краси-

вую  ухоженную  девушку,  которая  при  раз-

говоре с другими употребляет нецензурные 

слова, в особенности, если это происходит 

в  общественном  месте.  Другая,  не  менее 

нелицеприятная  ситуация  возникает  при 

виде курящей девушки. В последнее время 

увеличилось  количество  курящих  девушек, 

с  каждым  днем  их  число  становится  боль-

ше. Со стороны, выглядит забавно то, когда 

спрашиваешь у них, почему они курят, они 

отвечают, что так они снимают стресс. Мы 

можем прийти к выводу, что занятие спор-

том, чтение книг, общение с близкими людь-

ми  не  помогают  современным  девушкам 

справиться с этой проблемой. Многие  же ку-

рят просто потому, что не хотят быть «белой 

вороной» в круге общения. Печально то, что 

девушки  совсем  не  задумываются  о  своем 

Красота в 

современном обществе

здоровье, а стоило бы.…  Ведь они же бу-

дущие  мамы.  Хотелось  бы  упомянуть  про-

блему,  связанную  с  употреблением  алко-

гольных напитков. Сейчас это стало своего 

рода нормой видеть на праздниках, в кафе, 

в  клубах  девушек,  активно  потребляющих 

алкоголь. Некоторые даже увлекаются при-

нятием  психотропных веществ, якобы для 

поднятия  настроения.  Все  это  далеко  не 

самые  привлекательные признаки, способ-

ствующие  улучшению  внешнего  вида.  Все 

это наоборот портит впечатление о вас. 

Что же происходит с нашим поколением? 

Почему,  уделяя  такое  большое  внимание 

внешней красоте, мы совсем забыли о нрав-

ственной красоте? Получается, для многих 

красота  ассоциируется  только  с  внешним 

видом. Все перестали обращать внимание 

на  мысли,  привычки,  поведение  других. 

Сейчас в моде дорогие телефоны, одежда 

от мировых брендов, автомобили и все дру-

гие показатели достатка. Доброта, порядоч-

ность, вежливость, взаимопомощь уже не в 

моде.  Хотелось  бы  сказать,  что  душевная 

красота человека - это то, что всегда было и 

остается с ним. Красота души - это сад, ко-

торый  распускается,  когда  вы  совершаете 

хорошие поступки. Ваша душевная красота 

отразится  и  на  внешней  красоте.  Внешняя 

красота со временем, к сожалению, уходит. 

Со временем становится не важно, кто был 

лучше, красивее одет, насколько модно вы-

глядел.…    Будет  важно  то,  каким  ты  был 

человеком,  что  хорошего  ты  сделал  для 

других, что ты оставишь после себя. Стать 

внешне  красивыми  мы  сможем  всегда,  но 

сможем  ли  мы  измениться  так  внутрен-

не.  Внешняя  красота  запомнится  лишь  на 

мгновение, а внутренняя останется на всю 

жизнь. Как говорил Сэмюэль Джонсон:

 «Красота без доброты умирает невостре-

бованной». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет