№5 (122) 3 наурыз, 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі15,59 Mb.
#1515
1   2   3   4   5   6

Ұлдар ЖОЛДАСОВА.

Надежда Андрейқызы Лушникова 1940 жылы,  Алматы облысы 

Қаскелең ауданында дүниеге келген. Қазақ  арасында тәрбиеленіп, 

қазақша оқып, білім алған. Қызылордадағы М.Мәметова атындағы 

педучилищені, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының 

филология факультетін бітірген. Айтыс ақыны, Қазақстан 

Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан 

Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Алматы облысының және 

Жамыл ауданының Құрметті азаматы. 1985 жылдан Алматы об-

лысы, Жамбыл ауданындағы Ү.Кәрібаев мұражайының  директоры 

қызметін атқаруда. «Елім менің», «Көңіл хошы», «Сағынарсыңдар 

мені де», «Қазақтың бір қызымын» атты кітаптары жарық көрген. 

Айтыстары “Жыр шашу”, “Мәңгі көктем”(1988ж.)  жинақтарына 

енген. Республикалық айтыстарда, М.Көкеновпен (1980ж.), Ә. 

Манаповпен (1984ж.) сөз қағыстырған.


Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 3 наурыз, 

2016 жыл

ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ



ИГІ БАСТАМА

Gazeta.zhgu@mail.ru

Жања жоба

 

журналистерді шыњдайды



Университетімізде жыл сайын 

журналист мамандар дайындала-

ды. Олардың дені бүгінде облыстық, қалалық, аудандық 

деңгейдегі баспасөз қызметтерінде жұмыс істеп білім 

ордамыздың  мақтанышына айналып жүр. Биылғы жаңа 

оқу жылынан бастап журналистика және филология ка-

федрасы білімі терең, тәжірибесі мол жаңа ұстаздармен 

толықтырылды. «Жас келсе, іске» дегендей жас 

толқын оқытушылар теориялық білімді тәжірибемен 

ұштастыру мақсатында жаңа игі бастамаларды 

көтеріп, тың жобаларды іске қосуда. Сондай жобаны 

жасап қолданысқа енгізген журналистика және фило-

логия кафедрасының меңгерушісі, Ph.D докторы Есенбек 

Жұмағали Бейсенбайұлымен әңгімелескен едік, төменде 

сол сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

– Сіздің тың жобаны, яғни 

«Баспасөз орталығын» құруды 

қолға алғаныңыз болашақ жур-

налист мамандарды шыңдауда 

игі бастама екені даусыз. 

Аталмыш орталықты  ашудағы 

мақсатыңызбен бөліссеңіз екен. 

–    Жалпы,  журналистика  және 

филология 

кафедрасының 

негізгі  міндеті  –  нарыққа  икемді, 

сұранысқа  ие  журналист  ма-

мандарды  даярлау.  Осы  рет-

те,  біз  журналистика  және 

филология  кафедрасының  жа-

нынан 


«Студенттік 

баспасөз 

орталығын»  құрдық.  Орталықтың 

негізгі  мақсаты  –  білімгерлердің 

кәсіби 

біліктілігін 



арттыру, 

шығармашылығын  шыңдау  бо-

лып  табылады.  Жасыратыны 

жоқ,  көпшіліктің  аузынан    «бүгінгі 

студенттер 

көп 


ізденбейді, 

еңбектенбейді»,-  дегендей  нара-

зы  пікірдегі  сөздерді  жиі  естиміз. 

«Жел  тұрмаса,  шөптің  басы 

қимылдамас»  болар.  Бұл  сөздің 

негізінде  шындық  та  жоқ  емес. 

Осындай  олқылықтардың  ор-

нын  толтыру  мақсатында,  «Білім, 

ізденіс,  еңбек»  деген  ұранмен 

осы  жобаны  өмірге  алып  келдік.  

Кәсіби  журналист  жан-жақты, 

терең  білімге  ие  болуы  керек. 

Ол  үшін  көп  оқып,  мұқият  ізденуі 

тиіс.  Әрине,  бұл  «тұрғыда  білім 

бұлағы  –  кітаптың»  берері  мол. 

Кафедра  ұстаздарымен  кеңесе 

отырып,  120-дан  астам  көркем 

әдеби  шығармалардың,  шетел 

әдебиетінің, тарихи романдардың 

тізімін  жасадым.  Журналисти-

ка  мамандығында    оқып  жатқан 

білімгерлеріміз  осы  ұсынылған 

кітаптарды  оқуға  тиісті.  Кітап  – 

адамның  рухани  жан-дүниесін 

толықтырып  қана  қоймайды, 

ол  өзіндік  ой  топтауға,  өмірлік 

көзқарас  қалыптастыруға    үлкен 

ықпал  етеді.  Кез-келген  топ  ал-

дында  ойыңды  ашық  жеткізуге, 

тіл 


байлығыңды 

арттыруға 

бейімдейді. 

Келесі 


кезек, 

ізденісте.  Бұл  мақсатты  жүзеге 

асыру  үшін  шеберлік  сыныпта-

рын  ұйымдастырып  жатырмыз. 

Білімгердің  тұлғалық  қасиеті, 

біліктілігі, 

шығармашылығы 

жоғарыда айтқанымдай ізденіспен 

келеді  десем  артық  болмай-

ды.  Себебі,  бұған  дейін  тек 

қана  дәстүрлі  БАҚ    болса,  ал 

қазір 


ақпараттық 

заманның 

өрістеуіне  байланысты  баспасөз 

құрылымына біраз өзгерістер ену-

де.  Интернет  журналистика  мен 

конвергенттік журналистика кеңінен 

етек  алды.  Журналистиканың 

өзі  сан-салаға  бөлінуде,  әр 

саладағы  мамандарды  шақырып, 

білімгерлермен шеберлік сыныпта-

рын ұйымдастыруды басты міндет 

санап отырмыз. Нақтылай айтсақ, 

жуырда  ҚазҰУ-дің  оқытушысы, 

журналист-ғалым 

Жетпісбай 

Бекболатұлы  және  спорт  коммен-

таторы  Р.Тұрғанбайұлымен  өткен 

шеберлік сыныбының да үйретері, 

берер тағылымы мол болды. 

Сол 


секілді 

операторлық 

қызметтің  құпиясына,  болашағы 

мен  қазіргі  ағымына  байланы-

сты 

«Хабардың» 



операторы  

Олжас  деген жігітті шақыру арқылы, 

кездесу  ұйымдастырдық.  Бұл  

білімгерлердің  қызығушылығын 

арттыру  жолында  пайдасы  зор 

іс  екендігіне  көзіміз  жетті.    Еңбек 

жайлы  айтар  болсақ,  орталық 

құрылмай  тұрып  бақылауымыз 

бойынша,  әр  салаға  жол  тартқан 

білімгерлерді кезіктірдік. Біреуі жа-

стар  ұйымында,  біреуі  білімгерлік 

деканатта, енді бірі тағы басқа да 

қоғамдық жұмыстарда белсенділік 

танытып  жүр.  Сайып  келгенде, 

өз  мамандығы  бойынша  ізденіп, 

атсалысып  жүрген  білімгерді 

байқамадым, өкінішке орай. 

Орталықтың  бір  қыры  -  те-

левидениямен 

жұмыс 


жасау. 

Университетімізде  мақтанышпен 

айтатын  бір  жайт,  ол  оқу 

телестудиясының  жұмыс  істеуі. 

Мұнда  болашақ  журналистеріміз, 

әсіресе,  тележанрға  бейімдігі  ба-

сым  білімгерлерге    өз  хабарла-

рын  дайындауға,  түрлі  сұхбаттар 

жүргізіп,  өңдеу,  монтаж  жасау 

жұмыстарын  игерулеріне  кең 

мүмкіндік  берілген.  Білімгерлер 

көмегімен 

әзірленген 

хабар-


лар  қазіргі  таңда  сайттарға 

топтастырылды.  Екінші  қыры  - 

білімгерлерді  газеттерге    мақала 

жазуға 


тәрбиелеу. 

Осыған 


дейін  біз  олардың    60-қа  жуық 

мақаласын  жарыққа  шығардық. 

Бір  сөзбен  айтқанда  теория-

да  алған  білімін  тәжірибемен  

ұштастыруына  барымызды  са-

лудамыз.  Стилі  қалыптаспаған 

болашақ  тілшілер  жұмысында 

олқылықтар  орын  алмас  үшін, 

оларды 

жазуға-сызуға 



икем-

деу  -  біздің  міндетіміз.  Баспасөз 

орталығы  білімгерлердің  кәсіби 

шеберлігін  шыңдаудағы  –  жақсы 

алаң,  тәжірибе  мектебі  десек  бо-

лады. Жазып келген мақалаларын 

кафедраның  білікті  ұстаздарына 

тексертеді.  Айталық,  Муса  Ка-

зымович,  Айбек  Тұрғанбекұлы, 

Гульфайруз 

Нұрғалиқызы, 

Бақытгүл  Қайырбекқызы,    Эмма 

Викторовна,  Ирина  Геннадьев-

на  сынды  білікті  ұстаздарымыз 

білімгерлермен  жүйелі  түрде 

жұмыс  жүргізіп,  бағыт-бағдар  бе-

руден  талмай  келеді.  Сонымен 

қатар  қалалық,  облыстық  газет-

терде көптеген дүниелер жарияла-

нып  жатыр.  Мұның  өзі  жетістіктің 

бір ұшы екенін айта кеткеніміз жөн. 

 

–  Рахмет, «Баспасөз 



орталығының» құрамына 

қабылданар білімгердің бойын-

да қандай қасиет болуы қажет?

–    «Ауырдың  –  үсті,  жеңілдің  – 

астымен  жүріп»  үйреніп  қалған, 

өтірікке бой алдыратын білімгерлер 

емес, мамандығын шын сүйіп, «ке-

лешекте  осы  іс  арқылы  нанымды 

тауып жеймін-ау»,- дейтін жандар 

керек бізге де. Қазақта айтады ғой, 

қыз бала барған жеріне «бақытты 

боламын  деп  емес,  бақытты 

етемін»,- деп барады. Сол секілді, 

«Мен  орталықтан  не  аламын  деп 

емес,  баспасөз  орталығына  не 

беремін»,-  деген  ниетте  келуі  ке-

рек  әр  адам.  Бұл  жоба  осындай 

игі    мақсатта  келген  жандардың 

белсенді 

 

жұмыстарының 



арқасында 

ғана 


жанданады. 

Орталыққа келген білімгердің бой-

ында журналистикаға деген терең 

бейімділік пен қоса, қажыр-қайрат 

та табылуы керек деген ойдамын. 

Жоғарыда  айтып  өткен,  білім, 

еңбек,  ізденімпаздық  болса,  нұр 

үстіне нұр болар еді. 



– Жобаға білімгерлердің 

арасынан жауапты етіп, яғни 

жетекшілік қызметті атқару 

үшін  3 курстың білімгері 

Камшат Мұхамеджанды  

тағайындағаныңыздан хабары-

мыз бар. Ол өзгелерден несімен 

ерекшеленеді?

–  Кафедрамызда  білім  гран-

ты  мен  қоса  әкімнің,  ректордың 

гранттарын  иеленген  белсенді 

студенттер  көп.  Бірақ,  бірден 

көзге  түсе  білген  К.  Мұхамеджан 

осы  іске  тағайындалды.  Оның 

бойындағы  өзгелерден  ерекше 

қасиеті  –  ұйымдастырушылығы 

мен  жауапкершілігінде.  Өзіне 

тапсырылған  істі  дөңгелетіп  алып 

кетеді деген сенімдемін.



–  Жобаның негізгі құрылымы 

жайлы толығырақ айтып 

өтсеңіз.

–  Орталықты  баспасөз  хат-

шысы  басқарады,  оның  орынба-

сары,  телехабарларға  жауапты 

тұлға,  сонымен  қатар,  газет  жан-

рымен  жұмыс  жасайтын,  бағыт-

бағдар  беріп  отыратын,  сайтқа 

жауапты  білімгерлер  болады. 

Алдағы  уақытта  университет 

сайтымен  ғана  шектеліп  қалмай, 

өзге  де  көптеген  республикалық 

деңгейдегі  сайттармен  байланыс 

орнатуды  көздеп  отырмыз.  Әр 

студенттің қолына «пресса» яғни, 

«баспасөз» деген куәлік беруді де 

қарастырудамыз.



– Келешекте тағы қандай 

жоспарларыңыз бар?

У н и в е р с и т е т т е 

ұйымдастырылған  мерекелік  іс-

шаралар  жайында  бір  факультет 

құлағдар  болса,  бір  факультет 

білмей жатады. Мұндай жиындар-

ды тек  білім ордасында ғана емес, 

қала көлемінде, облыс деңгейінде 

насихаттау  қажет.  Сондықтан 

орталық белсенділерінің жұмысын 

жандандыру  мақсатында  өзіндік 

ереже-талаптары  бар,  бағалау 

комиссиясы 

тағайындалған 

әртүрлі  байқауларды  өткізуді  де 

ойластырудамыз.  Бұл  байқаулар 

екінші  бір  жағынан    жазуға  икемі 

бар болашақ тілшілерді  іріктеуде 

де  үлкен  рөл  атқаратыны  анық. 

Бір  айлық  мерзімді  талап  ететін 

байқауға ат салысуға шақырамын!

–    Сұхбатыңыз  үшін  рахмет! 

Жобаның  асығы  алшысынан 

түскей!..

Сұхбаттасқан  Ж.ҚАБДЕН,

3 курс білімгері.

Жұмағали ЕСЕНБЕК,

журналистика және филоло-

гия кафедрасының меңгерушісі, 

Ph.D докторы.

Тілшіге тєн

Білімгерлерді 

өзінің 


болашақтағы 

«әріптесіне» 

балаған,  ойы  ұшқыр  журна-

лист  бізді  ашық  әңгімелесуге 

шақырды.  Ол  болашақ  журна-

листер    неге  бас  назар  аударуы 

қажеттігі  жөнінде  тың  ойларды 

ортаға  салды.  Газет  тілшілеріне 

тән  редакцияның  ішкі  жүйесі  ту-

ралы  қызықты  оқиғалармен  мы-

сал  келтіре  сөйледі.  «Журналист 

болу бала кезімдегі арманым. Ол 

арманыма  бірден  қол  жеткізген 

жоқпын.  Басында  басқа  кәсіппен 

айналыссам да, соңында  тілшілік 

арнаға біржола бет бұрдым», -деп 

ағынан  жарылды  Ришат  ағамыз.

Тілші  «маман  сөз,  ой  қайталау, 

шұбалаңқылы,  тафтология  сын-

ды  нәрселерден  аулақ  болуы 

тиіс.  Сонымен  қатар,  тұщымды 

бір ғана ой айтылған жиналыстың 

өзінен  жақсы  туынды  жазуға  бо-

лады»  -  деді.  Университетіміздің 

8  білімгері  «Жетісу»  газетінде  іс-

тәжірибеден  өтіп  жатқандығын 

тілге  тиек  етіп,  олардың  мақала 

жазудағы  ерекшеліктерінен  үлгі 

келтірді. 

Дерексіз,  нақты  дәлелің  бол-

май,  мақала  жазуға  кіріспеген 

жөн екендігін өзінің басынан өткен 

мына оқиғамен түсіндірді:  

–  Көксу  ауданында  қазақ 

күресінен  «Көксу  бөрісі»  де-

ген  жарыс  өткізіліп,  соған  спорт 

журналисі  ретінде  барып  мақала 

жаздым. 


Мақала 

шыққаннан 

кейін,  әкімшіліктен  түрлі  кері 

тартпа    сауалдар  қойып,  теле-

фоныма  маза  бермеді.  Диктафо-

нымда  жазылғанды,  фотоаппа-

ратта, түсірілген видеоны көрсетіп, 

өзімнің  дұрыс  екенімді  дәлелдеп 

шықтым. Егер де сол кезде менің 

қолымда ешқандай дәлел болма-

са,  олар  мені  сот  алдында  жауап 

беруге мәжбүрлейтін еді. 

Кездесу  соңында  3  курс 

білімгерлері    өздерінің  көкейтесті 

ќасиет

Білім ордамыздың журна-

листика  мамандығының 

1, 3 курс білімгерлері 

«Жетісу» газетінің жа-

уапты хатшысының 

орынбасары Ришад 

Тұрғанбайұлымен кездесті. 

сұрақтарын қойып, оған тұшымды 

жауаптар алды. Нақтылай айтсақ, 

«Редакцияға    берген  мақаламыз 

неліктен  шықпайды?    Жас  журна-

листерге  көңіліңіз  толады  ма?» 

деген сияқты сауалдар қойылды.

– 

Мақаланың 



шықпай 

қалу  себебі  –  шұбалаңқы, 

қарабайырлау  болып  жатады. 

Бірақ,  терең    ойлы,  мәселені 

көтере  білетін  мақала  болса,  ай-

тар  ойын,  сюжетін  сақтап  қайта 

өңдеп  жазып  жариялаймыз.  Осы 

уақытқа дейін студенттер жіберген 

мақаласының  не  себептен  газет-

ке  шықпай  жатқанын,  редакцияға 

келіп  білген  емес.  Біз  оларға 

өзіміздің ақылымызды айтып, жөн 

сілтейміз.  Ал,  жас  журналистерге 

көңілім  толады.  Тілшілік  қызмет 

тынымсыз  еңбекті  қажет  ететінін 

ұмытпау  керек.  Қаншалықты  көп 

жазған  сайын  тілшінің    қаламы 

төселе  бермек,-  деді  Ришат 

ағамыз жайдары қалпын бұзбай. 

Кездесуді 

ұйымдастыруға 

мұрындық  болған  журналистика 

және  филология  кафедрасының 

меңгерушісі 

Жұмағали 

Бейсенбайұлы шеберлік сыныбын 

қорытындылап,  мейманға  алғыс 

айтып,  сыйлық  табыс  етті.  Бұл 

игі  бастамадан  алған  әсері  тура-

лы  жиын  соңында  білімгерлердің 

пікірін білген едік, солардың бірлі-

жарымын  оқырман  назарына 

ұсына кетейік.

Ерлан МАМЫРБАЙ, білімгер: 

  –  Бүгінгі  өткен  сабақ  маған 

қатты  әсер  қалдырды.  Осы 

уақытқа  дейін  газетте  істеу, 

мақала  жазу  оңай  екен  деп 

жүрсек,  Ришад  Тұрғанбаев  бұл 

ойымды  жоққа  шығарды.  Журна-

лист  –  барлық  саланы  меңгерген 

маман  болу  қажеттігін  түсіндім. 

Өзімнің  мамандығымды  одан  да 

қатты сүйіп, ізденіп, мақала жазуға 

деген талпынысым арта түсті. Га-

зет  редакциясының  қыр-сырын, 

мақала  жазудың  ерекшеліктері 

туралы  түсінігімді  өзіме  түртіп 

алдым. 


Ұйымдастырушыларға 

алғысымды  жеткіземін.  Осындай 

кездесулер  жиі  өткізілсе,  тәлімі 

мол болмақ.



Алтынай ЖАНАКУЛОВА, 

білімгер:

 – Тілшілік қызметінде тәжірибесі 

мол  ағамыздың    болашақ  жур-

налистерге  үйретері  көп  екен.  

Бүгінгі  өткен  шеберлік  сыныптың 

тәлім-тәрбиесі,  өнеге-үлгісі    жан-

жақты  болды  десек  артық  емес. 

Журналист болу үшін тек қана та-

лант емес, ізденіс пен еңбектің де 

қажеттігін ұғынғандаймыз. 

                                                             

Еңлік ҚАБДЕШ, 

3 курс білімгері.


Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Үсен Өмірзақов

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Индекс: 64568

Тапсырыс № 322

Таралым 2500 дана

Тілші Б.Жаңабаева

Корректор Ұ.Жолдасова

Беттеуші П.Қалиханқызы

Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

Жетісу 


университеті

СӘН - СЫМБАТ

бейсенбі, 3 наурыз, 

2016 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Көктем мезгілі 

жақындаған сайын 

гардеробымыз-

ды жаңартуға 

асығамыз. Киім 

сатып алмас 

бұрын 2016 жылы 

көктемде сәнде 

болатын басты тен-

денциялармен та-

ныс болыңыздар. 

Гранж және панк

90 

жылдардағы 

сән  қайта  оралып 

жатыр. Бір өлшемге 

үлкен, 

ескірген 

былғары  күртелер, 

белі 

жоғары 

тұратын  шалбар-

лар  және  тор  май-

калар  сәнге  айналып  кетті.  Сондықтан 

сол жылдардағы рок сахна жұлдыздарының 

киіну үлгісін зерттесеңіздер болады.

Балерина

2016  жылы  көктемде  жібектен  не-

месе  жұқа  селдір  кездемеден  жасалған 

бірнеше қабатты белдемшелер сәнде бо-

лады.  Нәзік  түсті  мұндай  белдемшелерді 

90  жылдарға  сай  тігілген  киімдермен 

үйлестірген жөн. 

Тор

"Тор  тенденциясы"  жоғарыда  айтып 

өткен 90 жылдардан келген сәннің бірі. Тор-

лы киімдер көктемгі сәнде кеңінен тарал-

мауы мүмкін. Бірақ торлы киімдерді, соның 

ҚЫЗДАРҒА КЕҢЕС

Көктемдік көркем тенденция

ішінде  белдемшелер  мен  көйлектерді  жа-

растырып киюге болады.

Ақ түс

Ақ түс пен көктем-жаз мезгілі бір-бірінің 

ажырамас бөлшегі. Брендтер көпшілігі әр 

жыл сайын топтамасына міндетті түрде 

ақ түсті киімдерді қосады. Егер бірыңғай 

ақ түсті киінген ұнамаса, ашық әрі жарқын 

түсті киіммен үйлестіріп кисеңіз болады. 

Пайетка

Көктемде  жылтыр  мата  үстіне  жыл-

тыр  жапсырылған  матадан  тігілген 

киімдер  сәнде  болады.  Мұндай  киімдерді 

кешкі  кездесулерге  және  қонаққа  киіп 

баруға болады.

Gazeta.zhgu@mail.ru

ФОТОЭТЮД

Шаш ‰лгісіне адал ж±лдыздар



Таяуда ғана Мақпал Исабекованың алқызыл 

түске боялған шашы жұртшылықтың қызу 

талқысына түсті. Әнші шаш үлгісін өзгертуден еш 

жалыққан емес және эксперименттен қорықпайды. 

Назарларыңызға Қазақстан эстрадасында шаш 

үлгісін жылдар бойы өзгертпеген әншілер тізімін 

ұсынамыз.

Мақпал Жүнісова

Мақпал Жүнісованың толқынды 

қара  шашы  оның  сахналық 

образының  бір  бөлшегі  іспеттес. 

Сахнаға  жарқ  етіп  шыққан 

сәтінен  бастап  әнші  ұзындығы 

иығынан сәл асатын шаш үлгісіне 

адал  болып  келеді.  Бұрындары 

сахнаға  әшекей  бұйымдармен 

безендірілген тәждердің түр-түрін 

киіп шығатын болса, бүгінде әнші 

бұл  үрдісін  тоқтатқан.  Көпшілік 

әншінің 

бұрынғы 


сахналық 

бейнелерін ұмыта бастағандай.



Алтынай Жорабаева

Алтынай  Жорабаеваны  көпшілік 

буылған  ұзын  шашымен  таниды.  Әнші 

шашының  түсін  де,  ұзындығын  да 

өзгертіп көрген емес. Алайда ол шашы 

мен  тері  денсаулығына  аса  зор  мән 

береді.  Ол  жанкүйерлерімен  шашқа, 

бетке  жасалатын  түрлі  маскалардың 

рецебімен  бөлісіп  отырады.  Сонымен 

қатар  дене  пішімін  бірқалыпты  қалай 

сақтап тұру керегін де жақсы біледі.

Мәдина Сәдуақасова

Үлкен  сахнаға  аяқ  басқалы  бері 

көпшілік  Мәдина  Сәдуақасованы 

бір ғана образда көріп келеді. Әнші 

қалың  кекілі  мен  ұзын  қара  шашы-

на  ешқашан  эксперимент  жасап 

көрген  емес.  Тіпті  оның  бұл  обра-

зы  жас  қыздар  арасында  танымал 

болып  кетті.  Отандық  арналардың 

бірінде көрсетілген жұлдыздар егізін 

іздейтін  бағдарламада  Мәдинаға 

ұқсас 


қатысушылардың 

басты 


ұқсастығы осы қалың кекіл мен ұзын 

қара шаш болатын.



Баян Есентаева 

Кекілді  ару  деген  теңеу  Баян 

Есентаеваның  жас  кезіне  ғана 

тиесілі.  Іскер  ару  продюсерлікпен 

айналысқалы бері түйілген ұзын ша-

шына адал болып келеді. Бәлкім, бұл 

жұмыс  істеуге  ыңғайлы  болғаннан 

шығар. Дегенмен әртіс «Абайлаңыз, 

сиыр!» фильмінде карэ шаш үлгісін 

өзіне  киіп  көрді.  Бұл  образ  да  оған 

өте жақсы жарасқанымен, әнші ұзын 

шашын әзірге қиған жоқ.



Қарақат Әбілдина

Адал  жар,  аяулы  ана  Қарақат 

Әбілдина  да  ұзын  қара  шашына 

адал.  Қос  бұрымы  желбіреген  әншіні 

нағыз  қазақ  қызының  образы  деуге 

болады.  Оған  қоса  Қарақат  шашы-

на  аса  күтіммен  қарайды.  Қою  қара 

шашының  сұлулық  сырын  көптеген 

келіншек білгісі келеді.

Мөлдір Әуелбекова

Бұрымды 


қыз 

Мөлдір 


Әуелбекова да шаш үлгісіне экс-

перимент  жасауды  қаламайтын 

сыңайлы.  Сахналық  образға 

бұйралап  шығатыны  болмаса, 

ұзын  қара  шашын  өріп  немесе 

түйіп  қойғанды  жөн  санайды. 

Сонымен  қатар  қара  шашын 

өзге  түске  бояған  да  емес. 

Қалай болғанда да біз Мөлдірді 

ұзын  қара  шашты  бейнесімен 

көріп келеміз.

Қыпша белді, тал мүсін, қиғаш қасты,

Қоңыр мінез, қой көзді, қолаң шашты.

Қазақ қызы қырағы тектілікті,

Анасынан алады  ең алғашқы.

Дидарына сөзі  сай мәнді, ибалы,

Жатқа білер дәстүрді, кәлиманы.

Қара нардай жігітті қадірлеген,



Қазақ қызы әдемі, керім бәрі.

Ақпараттар ғаламтор желісінен алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет