№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Заключение.  Сформировавшись  исторически,  к  настоящему  моменту, 
нанотехнология,  завоевав  теоретическую  область  общественного  сознания 
продолжает  проникновение  в  его  обыденный  пласт.  Уже  сейчас  в  нанотехнологии 
получен  ряд  исключительно  важных  результатов,  позволяющих  надеяться  на 
существенный  прогресс  в  развитии  многих  других  направлений  науки  и  техники 
(медицина и биология, химия, экология, энергетика, механика и т. п.). 
Космос  как  сфера  применения  нанотехнологии  откроет  перспективу  для 
механоэлектрических  преобразователей  солнечной  энергии,  наноматериалы  для 
космического применения. Именно развитие сверхсложных наносистем может стать 
национальным преимуществом страны. Как и нанотехнологии, наноматериалы дадут 
нам возможность серьезно говорить о пилотируемых полетах к различным планетам 
Солнечной  системы.  Именно  использование  наноматериалов  и  наномеханизмов 
может  сделать  реальностью  пилотируемые  полеты  на  Марс,  освоение  поверхности 
Луны. 
Наномедицина, как сфера применения нанотехнологии, это наноматериалы для 
протезирования,  «умные»  протезы,  нанокапсулы,  диагностические  нанозонды, 
имплантанты,  ДНК  реконструкторы  и  анализаторы,  «умные»  и  прецизионные 
инструменты,  фармацевтики  направленного  действия.  В  медицине  проблема 
применения  нанотехнологий  заключается  в  необходимости  изменять  структуру 
клетки  на  молекулярном  уровне,  т.  е.  осуществлять  «молекулярную  хирургию»  с 
помощью  наноботов.  Ожидается  создание  молекулярных  роботов-врачей,  которые 
могут  «жить»  внутри  человеческого  организма,  устраняя  все  возникающие 
повреждения, или предотвращая возникновение таковых. Манипулируя отдельными 
атомами  и  молекулами,  наноботы  смогут  осуществлять  ремонт  клеток. 
Прогнозируемый срок создания роботов-врачей, первая половина XXI века. 
Нанотехнологии применяются и в пищевой промышленности. И производство 
пищи,  и  её  транспортировка,  и  методы  хранения  могут  получить  свою  порцию 
полезных  инноваций  от  нанотехнологической  отрасли.  Помимо  доставки  ценных 
питательных  веществ  к  нужным  клеткам  предполагается  следующее:  каждый 
покупает  один  и  тот  же  напиток,  но  затем  потребитель  сможет  сам  управлять 
наночастицами  так,  что  на  его  глазах  будут  меняться  вкус,  цвет,  аромат  и 
концентрация напитка. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
100 
Прояснив  понятие 
нанотехнологии,  обозначив 
её 
перспективы 
и 
остановившись на возможных опасностях и угрозах, хочу сделать вывод. Я считаю, 
что  нанотехнология  –  это  молодая  наука,  результаты  развития  которой  могут  до 
неузнаваемости  изменить  окружающий  мир.  И  каковы  будут  эти  изменения  - 
полезными,  несравненно  облегчающими  жизнь,  или  вредными,  угрожающими 
человечеству  -  зависит  от  взаимопонимания  и  разумности  людей.  А 
взаимопонимание  и  разумность  напрямую  зависят  от  уровня  гуманности, 
предполагающей  ответственность  человека  за  свои  поступки.  Поэтому  важнейшей 
необходимостью  в  последние  перед  неизбежным  нанотехнологическим  «бумом» 
годы  становится  воспитание  человеколюбия.  Только  разумные  и  гуманные  люди 
могут превратить нанотехнологии в ступеньку к познанию Вселенной и своего места 
в этой Вселенной. 
 
ЖАНТҰРСЫН Дана Эдильқызы, 
СИСЕНБАЙ Нұртуған Нұрланұлы, 
ҚАЙРАТҰЛЫ Жақсылық, 
№60 мектеп-лицейінің 2 «С» сынып оқушылары, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КАСЕНОВА Бақтыгул Рымтаевна, 
№60 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Кіріспе. Ғаламшарымыздағы барлық нәрсе адамдардың игілігі үшін жаралған. 
Біз сол игілікті дұрыс пайдалануымыз керек. Олар – ауа, күн, өсімдіктер, жануарлар, 
топырақ, тағы басқалары. 
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық 
құрылыс  кезінде  адамдар  жабайы  өсімдіктерді  мәдени  өсімдіктерге  айналдыра 
бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. 
Жер, яғни топырақсыз адамның өмірі қиын. 
Адамзаттың 
бүкіл 
өмірі 
осы 
топырақпен 
байланысты. 
Топырақ 
ауылшаруашылығы  өндірісінің  негізгі  құрамы  болып  табылады.  Топырақтың 
құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар 
құстың  саңғырығы,  малдың  тезегі  және  т.б.  Осыларды  ерте  кезден  бастап  адамдар 
өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген. 
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-1955 тың 
игеру  жылдарында  Қазақстан  даласының  едәуір  көп  бөлігін  жыртып  тастады. 
Артынан  ол  жерлер  түгел  игерілмей  қараусыз  қалды.  Осы  кезде  Қазақстан 
жерлерінің көп жерлері  эрозияға ұшырап, үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. 
Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды 
еді.  Егін  салғанда  да  жерді  жыл  сайын  өңдеп,  тыңайтып  отырмаса,  құнарлығы 
төмендеп кетеді. 
Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. Бактериялар 
массасын  топыраққа  араластырып,  микробиологияық  процестерді  күшейтуге  және 
химиялық  элементтердің  сіңімділігін  көтеруге  қол  жеткізуде.  Мысалы: 
фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне 
айналдырады. т.б. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
101 
Ауылшаруашылығы  дақылдарын  қалыпты  өсіру  үшін  макроэлементтер 
мөлшері  ғана  емес.  Сирек  кездесетін  құрамы  маңызды  элементтердің  болмауы 
өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда. 
Топырақтың  адамзат  үшін  маңызды.  Топырақтың  адамзат  қоғамы  үшін 
маңызын  айтып  жеткізу  қиын.  Егер  бұрынғы  кезде  өскен  өнімді  жинау  кезінде 
топырақтың  жанама  маңызы  болды.  Себебі  ол  адамды  жабайы  өсімдіктер 
өнімдерімен  қамтамасыз  етті.  Ал  жер  жыртып,  егіншілікпен  айналысқан  кезден 
бастап топырақ азық өнімдерінің көзіне айналды. Сондықтан еңбек адамы ежелден 
осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. 
Өндірістің  кейбір  салалары  топырақты  пайдалануға  негізделген.  Соның  бірі 
маңызды  азық-түлік  өнімдерін  жеткізуші  ауыл  шаруашылығы.  Топырақ  ауыл 
шаруашылығы  өндірісінің  негізгі  құралы  болып  табылады.  Топырақтың  орман 
шаруашылығында  және  құрылыс  салғанда  –  инженерлік  құрылғылардың 
іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс 
материалы ретінде маңызы зор. 
Топырақта  жүріп  жататын  күрделі  биологиялық,  физика-химиялық  және 
химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. 
Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады. 
Микробиологиялық  және  геохимиялық  процестерді  зерттеуге  байланысты 
топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-
химиялық  құбылыстарды  зерттеудің  гидротехникалық  құрылыс  үшін  және  алыс 
қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар. 
Топырақтағы  биогеохимиялық  және  геохимиялық  процестерді  пайдалы  қазба 
кен  орындарын  іздеу  кезінде  пайдаланады.  Жердің  ауыл  шаруашылығы  үшін 
маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алдымен қаралуы керек. 
Топырақ құнарлығы. Топырақ еңбек құралы және өнімі ретінде. Топырақ 
құнарлығы  деп  оның  табиғи  және  мәдени  өсімдіктердің  қалыпты  өсуі  мен  дамуын 
қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау 
жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы 
үшін  маңызы  зор.  Табиғи  топырақ  құнарлылығы  олардың  қалыптасуы  барысында 
топырақ  түзу  факторы  әсерінен  болады  және  табиғи  өсімдіктер  өсімділігімен 
бағаланады. 
Өнделетін  жердің  құнарлығы  ауылшаруашылық  өнімдерінің  түсім  көлемімен 
өлшенеді  және  ауылшаруашылық  өндірістің  деңгейіне:  осы  топырақтың  зиянды 
химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, 
бактериялық  тыңайтқыштар  пайдалану  мүмкіндігіне,  ауылшаруашылық  өндірісінің 
механикаландыру деңгейіне байланысты. 
Түсім  көлем  еңбек  өнімділігіне  тікелей  байланысты  болғандықтан,  топырақ 
құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі. 
Күнделікті  өмірде  құнарлы  деп  белгілі  бір  мәдени  өсімдіктер  үшін  қолайлы 
топырақты  атайды.  Шынында  құнарсыз  топырақ  болмайды,  себебі  құнарлылық 
топырақтың ажырамас қасиеті. 
Кез-келген  топырақ,  онда  жақсы  өсетін  өсімдіктер  үшін  құнарлы  боп 
табылады.  Мысалы,  құнарсыз  екені  айқын  сортаң  жерлерде  кейбір  сортаң  шөптер 
жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды. 
Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т.б. 
Құнарлығы  немен  анықталады?  Өсімдіктер  қалыпты  өсу  үшін  топырақта 
мына жағдайлар болуы тиіс: 
- Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс; 
- Өсімдік сіңіре алатын формада су болуы тиіс; 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
102 
- Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс; 
-  Топырақ  массасының  құрылымы  қолайлы  болып,  оңтайлы  ауа  –  су  режимін 
қамтамасыз  етіп,  тамырлардын  топыраққа  жақсы  өтуін  одан  қоректік  заттар  мен 
ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс; 
- Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс. 
Мәлім  болғандай,  өсімдіктер  негізгі  қорек  элементі  ретінде  топырақтан  азот, 
фосфор,  калий,  кальций,  темір,  күкіртті  сіңіреді.  Химиялық  талдауға  қарасақ, 
топырақтағы  химиялық  элементтер  құрамы  көп  және  ол  көп  жылға  жетеді.  Кейбір 
деректер  бойынша,  қаратопырақ  құрамында  азот  пен  фосфордың  көптігі  сонша, 
бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың 
жылға жетерлік. 
Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге 
ыңғайлы  формалары  маңызды.  Топырақтағы  азоттың  көп  бөлігі  органикалық  қана 
түрінде  болады,  сондықтан  ол  күрделі,  соның  ішінде  мәдени  өсімдіктер  үшін 
сіңірілмейді.  Тек  микробиологиялық  тіршілік  нәтижесінде  пайда  болушы  аммонии 
және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді. 
Фосфордың органикалық қоспалары және фосфор құрамы минералдардың көбі 
өсімдіктерге  сіңбейді.  Топырақтағы  калий  негізгі  массасы  екінші  дисперсиялық 
силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды. 
Өсімдіктер  сіңірілген  калийді  және  калийдің  суда  еритін  қоспаларын  бойына 
таратады,  бұлардың  топырақтағы  мөлшері  мардымсыз.  Кальций  мен  магний  де 
сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы. 
Өсімдіктерге  сіңімді  түрдегі  химиялық  элементтер  құрамы  олардың  жалпы 
құрамына  қарағанда  өте  аз.  Сондықтан  мәдени  өсімдіктердің  қалыпты  өсуі  үшін 
(демек,  жақсы  өнім  алу  үшін)  кейбір  қоректік  элементтерді  сіңімді  формада 
топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек. 
Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер 
де  топырақтан  алынып,  азаяды.  Демек,  өсімдіктердің  қалыпты  өсуіне  керек 
элементтер  мөлшері  де  азаяды,  бұл  егін  өніміне  әсер  етеді.  Мысалы,  бұл  құбылыс 
АҚШ  орталық  аудандарында  байқалды,  онда  20  жыл  ішінде  топырақтағы  азот 
мөлшері  20%-ке  кеміген,  келесі  20  жылда  10%-ке, келесі  20  жылда  7%-ке  кеміген. 
Сондықтан  агрохимия  ережесіне  сәйкес  тыңайтқыш  қолдану  ауылшаруашылығы 
дақылдары  түсімін  және  жер  құнарлылығын  көтеретін  маңызды  тәсіл  болып 
табылады. 
Тыңайтқыш  қолдана  отырып  адам  заттардың  биологиялық  айналымына 
белсенді  араласып,  өз  мақсатында  бағыт  беріп,  реттейді.  Органикалық  минерал 
тыңайтқыштар  қосумен  қатар  соңғы  жылдары  бактериялық  тыңайтқыштар  да 
қолданыс 
табуда. 
Бактериялар 
массасын 
топыраққа 
араластырып, 
микробиологиялық  процестерді  күшейтуге  және  химиялық  элементтердің 
сіңімділігін  көтеруге  қол  жеткізіледі.  Мысалы,  фосфорбактерин  органикалық 
заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б. 
Ауылшаруашылығы  дақылдарын  қалыпты  өсіру  үшін  макроэлементтер 
мөлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер 
құрамы  да  маңызды.  Олардың  болмауы  немесе  аз  болуы  мәдени  өсімдіктердің 
ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі. 
Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. 
Бұл  құбылыстар  торф  топырақта  орман  аймағында  көп  кездеседі.  Оны  өңдеу 
сырқаты деп атайды. Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген. 
Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
103 
тұрақтылығын  арттырады.  Мырыш,  бор,  марганец,  молибден  және  сирек  кезесетін 
элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды. 
Микроэлементтердің  мал  шаруашылығы  үшін  де  маңызы  зор.  Кейбір 
микроэлементтердің топырақта және өсімдіктерде (жемде) артық не кем болуы мал 
өнімділігіне  елеулі  әсер  етеді.  Кобалаттің  топырақта  аз  болуынан  мал  қанында 
эритроциттер азайып, мал тез ериді (себебі, белок синтезі нашарлайды), жемнің көп 
болуы бұған әсер етпейді. 
Ұсақ  және  ірі  мүйізді  малдың  бұл  ауруы  –  акобалатоз  деп  аталады,  ол  ТМД, 
Шотландия,  Австралия  және  т.б.  елдерде  таралған.  Мал  шаруашылығына  белгілі 
әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы. 
Су өсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дәннен жарып шыққаннан, пісіп 
жетілгенше  үлкен  рөл  атқарады.  Түрлі  өсімдік  дәндері  жарылуы  үшін  түрлі  су 
мөлшері керек: Бидай үшін – салмағының 45%, қызылша үшін – 120% керек. Түрлі 
мәдени  өсімдіктердің  құрғақ  массасының  тоннасын  алу  үшін  шығындалған  су 
мөлшері  де  әр  түрлі  және  200-ден  1000  тоннаға  дейін  өзгереді.  Мысалы:  бидай 
тоннасына – 500 тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000 т. Артық су керек. 
Өсімдіктер  бос  су  формасын  ғана,  яғни  гравитациялық  сіңіліп,  байланған  суды 
космос  күштері  кері  тарта  алмайды.  Сондықтан  сіңірілген  суы  10-15%  құрайтын 
саздың  топырақта  өсімдік  су  тапшылығын  көреді,  ал  құмайт  топырақтарда  бұл 
көрсеткіш 1-2%-ке дейін азаяды. 
Топырақ  ылғалы  капилярлық  булану  барысында  азаяды.  Ұзын  капилярдың 
болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына 
әкеледі.  Сондықтан  топырақ  құрылымын  ұсақ  кесекті  қылу  оны  құрғаудан 
сақтайтын тиімді шара болып табылады. 
Қуаңшылық  аудандарда  судың  топыраққа  мол  келуіне  бағытталған  түрлі 
шаралар жасалады, беткі  су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі  суландыру. Топырақ 
құнарлығы  үшін  ауаның,  оның  оттегісінің  маңызы  зор.  Оттегі  микробиологиялық 
процестер  үшін  қажет.  Топырақтың  аэробты микробтары  оттегі  жетпесе  өз  тірлігін 
баяулатады. 
Оттегі  күрделі  өсімдіктер  тамыры  үшін  қажет.  Тығыз  топырақтағы  газ 
алмасудың қиындауы, топырақ ауасында көмір қышқылының жинақталуы, топырақ 
артық  ылғалданғанда  оттегінің  жетіспеуі  өсімдіктің  өсуін  тежейді.  Ғалымдардың 
пікірінше,  оттегі  топырақтың  барлық  көлемінің  8-12%-і  болса,  топырақ  ауасы 
өсімдіктер  үшін  қолайсыз  әсерін  тигізеді,  ал  оттегі  құрамы  5%-тен  кем  болса, 
өсімдіктердің көп бөлігі өледі. 
Топырақтың  оттегімен  қамтылуы  және  газ  алмасу  деңгейін  ұстау  топырақ 
құрылмына  тәуелді,  ол  тамыр  қабатының  тереңдігін  анықтайды,  ылғалдың 
топырақтағы  шығынын  және  бөлінуін  реттейді,  өсімдіктердің  қорек  режимін 
реттейді. 
Топырақтың жақсы құрылымы өсімдіктердің қалыпты өсуінің қажетті шартты 
болып табылады. Жыртылатын горизонттың оңтайлы құрылымы болып есептелетін 
–  ұсақ  кесекті  түйірлі  суға  берік  құрылым.  Топырақ  құнарлығына  теріс  әсер  ететін 
тұздар құрамының көбеюі. Тұз концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы 
өсімдіктерді мына себептерге байланысты тежейді: 
-  Өсімдік  клеткасына  су  келуі  нашарлап,  бұзылады,  себебі  топырақ 
ерітіндсіндегі космос қысымы өсімдік клеткасы протоплазмасындағыдан жоғары; 
-  Ассимиляция  және  газ  алмасу  процестері  бұзылады.  Зерттеулер  бойынша, 
сортаңдау жағдайында өсімдіктерге магний, натридің хлорлы тұздары көптеп сіңіп, 
маңызды химиялық элементтер – кальций, калий, фосфор, темір, марганец бірнеше 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
104 
есе  кемиді.  Тез  еріген  тұздар  өсімдіктің  жасыл  бөлігінде  жинақталып,  фотосинтез 
процесін әлсіретеді. Ақырында өсімдік дамудан қалады; 
-  Сортаңдалу  әсерінен  өсімдік  анатомиясында  күрделі  өзгерістер  болады. 
Тамыр  қуысы  тарылады,  қабыршақ  қабырғалары  қалыңдайды,  нәтижесінде  өсімдік 
қурайды. 
Топырақтың  сортаңдалуымен,  сорлауымен  күрес,  сор  топырақтарды  жақсарту 
халық  шаруашылығының  күрделі  де  маңызды  мәселесі  болып  табылады.  Топырақ 
құнарлылығы  тек  табиғи  қасиеттеріне  емес,  оны  өңдеу  сипатына  да  байланысты. 
Табиғи  құнарлылық  топырақтан  жаратылыс  қасиеттеріне  байланысты.  Тиімді 
құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. 
Тиімі  құнарлылық  тыңайтқыш  қолдануға,  топырақты  ұтымды  өңдеуге  және  т.б. 
шараларға сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады. 
Жасанды  тиімді  құнарлылық.  Ғылым  мен  ауылшаруашылығындағы 
тәжірибе  дамыған  сайын  жасанды  құнарлылық  арта  түседі.  Тиімді  құнарлылық 
адамзат қоғамының дауына, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дамуына 
байланысты. 
Мұндай  тәжірибелер  басқа  да  өсімдіктер  мен  олардың  тіршілігіндегі  басқа  да 
факторларға қатысты жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың оңтайлы 
құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен 
сайын  өнім  жинау  төмендей  берген.  Тәжірибе  нәтижесін  өндіріске  енгізіп,  кейбір 
зерттеушілер  жаңсақ  пікірге:  топырақты  өңдеп  пайдаланған  сайын  топырақ 
құнарлығы топыраққа салынған еңбек пен қаржыны ақтамай, бірте-бірте азая береді. 
Осы қорытыдыдан қате тұжырымдар жасалған. 
Адам  топырақты  түзуші  ретінде.  Ғалымдардың  деректері  бойынша 
топырақты  құраушы,  оның  қалыптасуына  қатысушы  барлық  факторлар  ішінде, 
топырақ түзілуін мақсатқа сай өзгертуге қабілетті тек адамзат қоғамы ғана. Адамның 
табиғатты  өзгерту  процесі  топыраққа  тарайды.  Бұл  адамзат  дамуның  деңгейіне 
байланысты. 
Жер  өңдеп,  егіншілік  басталғаннан  бері  орман  аймағын  өңдеу  үшін  от  қою 
қолданды.  Бұл  кезде  орман  өртеніп,  босаған  жерлерге  егін  егілді.  Жер  тозған  соң 
оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең 
ежелгі  жүйесі  –  тыңайған  жерді  қолдану.  Бұл  жүйе  падаланылған  жер  учаскелері 
тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан 
соң қайта егіліп пайдаланылады. 
Бірте-бірте бос жерлер саны азайып, егіс аралық үзіліс уақыты азаяды (1 жыл). 
Осылайша  жерді  пар  айдап,  пайдалану  екі  және  үш  ауыспалы  егіс  қолданылады. 
Бірақ  жерді  бұлай  күштеп  пайдалану,  тыңайтыш  қоспау,  агротехниканы  төмен 
деңгейде қолдану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты. 
Қазіргі  егіншілік  жүйесі  топырақ  құнарлылығын  қолдауға,  арттыруға 
бағытталған. Осы мақсатта топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты 
әктейді, өңдеу процесін механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан 
негіздейді,  топырақты  азотқа  байыту  үшін  ауыспалы  бұршақ  тұқымдас  шөп  егуді 
қолданады. 
Топырақ  георафиясы  және  егіншілік.  Егіншілік  те  ерекше  географиялық 
жағдайда  жүзеге  асады.  Топырақ  түзуші  факторлардың  өзара  әрекеттесуі  әсерінен 
пайда  болады.  Осы  өзара  әрекеттесудің  бұзылуы  тың  жерлердің  мәдени  жерлерге 
айналуы  қалыптасқан  топырақ  режимін  күрт  бұзып,  оның  қасиеттерін  өзгертеді. 
Сондықтан  егіншілік  жүйесі  түрлі  табиғи  жағдайда  пайдалы  шаралар,  басқа 
жағдайларда қолдануға келмейді. Ғалымдар шөп егумен қатар жүргізілетін егіншілік 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
105 
әдісін  ұсынды,  топырақтың  құрылымы  мен  азот  құрамын  қалпына  келтіру  үшін 
топыраққа шөп түрлерін егеді. 
Егіншілікті  шөп  өсірумен  қатарластыру  тек  қара  емес,  топырақты  орталыққа 
пайдалы екені дәлелденуі кейбір аймақтарда егіншілік сирек тұстарда қолданылады. 
Тайга  орманы  аймағының  оңтүстік  жартысы  егіншлікке  пайдалы,  түгелге  жақын 
жыртылған. 
Егіншіліктің  ең  көп  тараған  жері  орманды  далалық  және  далалық  аймақтар. 
Құрғақ  дала  мен  далаларда  егіншілік  ауданы  тағы  да  қысқарады.  Бұл  жерде 
таңдаулы  тұстарда  егіліп,  жайылымдық  мал  шаруашылығы  дамыған.  Егіншіліктің 
таралуы  топырақ  табиғи  жағдайға  ғана  емес,  оның  мамандандандырылуына 
байланысты орманды дала, кейде құрғақ дала аймағында дәнді дақылдар өсіріледі. 
Мақта  егіншілігі  Орта  Азияның  сұр  топырақты  жерлерінде  дамыған.  Кендір 
дақылын өсіру – шым топырақты күлді топырақты жерлерде дамыған. 
Топырақты  өңдеу,  мелиорация,  тыңайтқыш  қосу  және  т.б.  шаралар 
географиялық жағдайларды ескеріп, жоспарлануы және жүзеге асырылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет