№5 (213) 17 наурыз 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата09.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#8532
1   2   3   4   5   6

гүлайым МЕҢДЕШЕВА

Тегісшіл ЖББНМ-нің

«Шапағат» бастауыш сынып бірлестік жетекшісі,

даярлық тобының  мұғалімі Тегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы

Тілім менің  - тірегім

Мен қазақ болып туылғаннан кейін ана тілімді қазақ тілін құрметтеуге тиіспін. 

Ана тілінің ана сүтімен бойға даритынын, сондықтан да оны басқа тілдермен 

араласатырмай таза  күйінде  сөйлеук керектігін  маған  әжелерім  айтып берді. 

Менің екі әжем бар.  Екеуі де бастауыш сыныптың мұғалімдері. Тілің бұзылса, 

ұлтыңды сақтап қалудың қиындығын ескертті. Олар маған көп нәрсені айтып 

береді. Кейбірін мен түсіне бермеймін. 

Мен қазір ауладағы  достарым мен өз тілімде сөйлесемін. Олар қазақша 

сқйлей алмаса да менің айтқаныма түсінеді. Тіпті кейбірі қазақша балабаұшаға 

барады. Қай ұлт болмасын қазақ елінде тұрғасын тілін құрметткп, білу керек 

деп ойлаймын.

Айвина БИСЕК

№19ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы

Ата –ананың 

қадірі


Ата-ананың  қадірі  барлығынан  жоғары  .Ата-

ана  баланы  дүниеге  әкеледі,    содан  соң  оны 

бағып қағып әлпештеп өсіреді . Ата – ана әрқашан 

баланың  аман  жүргенін  қалайды.  Қайда  жүрсе 

де тек баласының амандығын ойлап жүреді. Ата-

ана  деген  ол  ғажап  адамдар.  Баласына  ұрысып 

айқайлап жатса да, баласын жақсы көріп тұрады. 

Өйткені ол өз баласы. Бала әкесінен тәрбие алады. 

Ата-анасы жақсы болса балаға жақсы тәрбие  берсе 

бала да тәрбиелі ұқыпты, әдепті болып өседі. Бала 

өскенше  әкенің  жылы  мейірімі  мен  ананың  ачлы 

алақанын   қажет етеді. Ата-анаға баласы өссе де 

әлі кішкентай сәби сезіледі. Ата- анаға бір мін таға 

алмайсың. Сол себебі  ата-анамызды өле-өлгенше  

сыйлап,  қадірлеп, үлгі тұтып, жерге қаратпауымыз 

керек.  Ата-ана  балаларының  жеткен  жетістігімен 

қуануы  керек.  Сондықтан  ешқайсысымыз  ата 

–ананы жылатпайық. 



Аяна ЕРМЕКОВА

Лбішін НЖОББМ-нің, 7 сынып оқушысы

Қабыл ауылы,Ақжайық ауданы

Бала жанының 

бағбаны

  «Мектеп  –  кеме,  білім  теңіз»,- 



деп  айтылған  ұлағатты  сөзге  ой  жүгіртсек, 

мұғалім  сол  білім  дариясындағы  заман 

талабына сай, ағыс пен қайық есуші тәрізді 

көрінеді. Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа, озық 

педагогикалық  технологияларды  тиімді 

пайдалану  арқылы    мұғалімдік  келбетін 

анықтап  алса,  яғни  ескегі  мықты  болса, 

қандай болмасын биік мақсатқа қол жеткізеді. 

Бүгінгі  өмір  өзгерген,  адам  жаңарған  жаңа 

заманда білім беруді де өзгерту – уақыт талабы.

Осы  мақсат  жолында  үнемі  ізденіспен  еңбек  етіп  келе 

жатырған  ұстаздарымыздың  бірі  –  дене  тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі 

-    Абилов  Бекқайыр  Сисенбайұлы.  Өнегелі  ата-ана  тәрбиесін 

көрген, табиғатынан сабырлы  Бекқайыр Сисенбайұлының бойында  

мұғалімге  тән  қасиеттің  бәрі  табылады  десем  артық  айтқандығым 

болмас.  Жаңа    белсенді    оқыту  әдістері    оқушыны    тұлға  ретінде 

қалыптасуға,  оқушылардың  өз  тәжірибесіне,    біліміне  сүйенуге  

үйрететінін  терең    сезінген    іздемпаз    мұғалім  топтық  оқыту 

жұмыстарына көп көңіл бөледі. Оқушылардың  бойында салауатты  

өмірге  деген    оң  көзқарасты  қалыптастыру  мақсатында,  бала 

мүмкіндіктерін    мұқият  зерттеп,  үздіксіз    үйренуге,    деген  тұрақты 

дағдыларын    қалыптастыруға  жетелейді.  Оқушыны  қызықтырған 

«Спортты  ал  серікке»,  «Біз-  чемпион»    атты  тәрбиелік  шаралары, 

3-сыныпқа  өткізген  «Кіші  аттан  секіру»,  8-сыныпқа  өткізген    «Айып 

алаңынан доп лақтыру» т.б ашық сабақтарындағы «Қол шапалақтау», 

«Кері байланыс» сияқты  бағалау әдістері мұғалімнің  жаңашылдыққа 

ұмтылысын байқатады.Сабақтан тыс уақыттарда спорттық үйірмелер 

жүргізіп,  оқушы  әсіресе  ұл  балалар  тәрбиесіне  жете  көңіл  бөледі, 

басқада қоғамдық жұмыстардың  бел ортасында жүреді. Пән иесінің 

соңғы жыларда алған түрлі марапттары іздемпаз мұғалім еңбегінің  

дәлеліндей. 

Осындай  шәкіртіміз,  қазіргі  әріптесіміз,    Бекқайыр 

Сисенбайұлына  әріптестер  атынан  «жас  ұрпақ  тәрбиесінде 

шәкірттеріңіз  биік шыңдардан көріне берсін» – дегім келеді. 



Қамажай   зАЙНУЛЛАҚЫзЫ

Краснояр ОЖББМ-нің мұғалімі 

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

Наурыз


Жасандырып жас талды

Көктем айы басталды.

Қызыл түсті қыздардың

Мерекесі басталды.

Наурыз неткен ұлы едің

Дәстүрім терең білемін.

Жеті түрлі дәмнен жасалған

Дәмін татқам көженің

Наурыз ырыс бастауы

Берерің сенің мол болсын.

Елім тыныш жұрт аман,

Қазағыма құт қонсын.



Мұхамеджан ЕШМҰХАНБЕТОВ

                                     №37 ЖОББМ-нің 

4 «б» сынып оқушысы

АҚЫН БОЛҒЫМ 

КЕЛЕДІ

Ақын болғым келеді...

Абай атам секілді.

Ақын болғым келеді

Көп-көп оқып кітапты.

Бәрін білгім келеді

Жақсы оқып сабақты.

Әжем, әкем анам да 

Меннен үміт күтеді. 

Дильназ Айдынгалиева

№37 ЖОББМ-нің 

2 «б» сынып оқушысы


№5 (213)    17.03.2015 ж.

9

Армысың, Әз-Наурыз! 

 

Наурыз-қазақтың төл мерекесі. Шығыс халықтары сияқты бізде бұл мерекені ерекше қуанышпен 



тойлаймыз.  Жеті  түрлі  тағамнан  наурыз  көже  дайындалады.  Қазақтың  көрісу  айтынан  кейін  келетін  бұл 

мереке де алты ай қыс бойы көріспеген ағайындар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, мал сойып бір-біріне 

құрмет көрсетеді.  Ұлан-ғайыр даланы дүбірлетіп, той жасап қыз қуу, көкпар тарту, жамбы ату, сынды ұлттық 

ойындарымыздың көрігін қыздырады. Ат десе, делбезесі қызатын ағаларымыз жүйріктерін   аламан бәйге 

қосып, соның қызығына батады.  Өнер жұлдыздыры сахнада халықты әсем әнімен халықты қуантады. 

 

Мен  алдымен  мектебімде  өткен  наурыз  мерекесіне  қатыстым.  Сыныбымыз  болып,  көктем 



мерекесіне қуанып шаттандық. Көрікті қаламызда да бұл мереке кең түрде қуанышпен аталып өтті. Жасыл 

қаламыздың тал-теректері де наурыз айының шуақты күндерінен бойларына күш қуат алғандай. Ендеше, 

жасарып, жаңара кір, қой жылының көктемі. Берекеміз бен мерекеміз көп болғай!

Сайда САХИПОВА

А.Байтұрсынов атындағы ЖОББм-нің4 «д» сынып оқушысы



КӨКТЕМ КӨРІНІСІ

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі, - деп Абай атамыз жырлағандай, көктем – жақсылықтың, 

жылылықтың  мезгілі.  Теректер  бүршік  атып,  жасылға  боялады.  Күн  шуағын  айқара  ашып, 

бұлбұлдар  ұйқыдағы  биші  сияқты  болып  көрінеді.  Жер  жүзі  кішкене  балалардай  қуанып, 

алтындай  жарқырайды.  Көктем  көрінісі  көгілдір  көктей  болады.  Міне,  көктемнің  көрікті 

көріністері осындай. 

әділхан МҰХСИТ

Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясының  5-сынып оқушысы

 «Жас қаламгерлер» үйірмесінің мүшесі, Теректі ауданы

Ұстазым – мақтанышым

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Қандай тамаша ой орамы. Мұғалім 

болу,  ұстаздық  ету  оңай  емес  екенін  бәрі  біледі  деп  ойлаймын.  Қазіргі  уақытта 

мұғалімдік мамандықты кез-келген адам таңдай қоймайды. Осы мәртебелі мамандықты 

таңдап, оқушыларын алыс белеске жіберіп жүрген мұғалімдер де баршылық. Осындай 

үлгілі  ұстаздарымыздың  бірі  –  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Ерментаева 

Мерует Сатқанқызы. Әр нәрсені орнымен сараптай білетін ұстазымыздың сабақ беру 

тәсілі  алуан  түрлі.    Сабағында  өзінің  сөзге  шешендігімен  оқушыны  баурап  әкетеді. 

Қосымша  тапсырмалар  беру  арқылы  шәкірттерінің  ой-өрісін  кеңейтіп  отырады. 

Мерует Сатқанқызының алдынан түлеп ұшқан шәкірттері бұл күнде алдыңғы қатардан 

көрініп жүр. Мен де осындай ұстаздан дәріс алғанымды мақтан тұтамын. Ұстазымның 

арқасында түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Болашақта 

апайыма  ұқсағым  келеді.  Жаңалықтан  тыс  қалмайтын  ұстазым  әрдайым  ізденімпаз, 

еңбекқор.  Өзінің  қатал  да  сабырлы  мінезімен  бізді  алға  қарай  жетелеп,  жақсы 

қасиеттерді бойымызғы сіңіруде. Үйінде асыл ана, мектепте үлгілі ұстаз қай кезде де 

алдыңғы қатардан табылады. 

Мерует Сатқанқызын «сегіз қырлы, бір сырлы» деп атауға болады. Шәкірттеріне білім 

берумен қатар оларды өнерге де баулып жүреді. Апайымыз білім беруді қалай сүйсе, 

әнді де солай сүйіп орындайды. «Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, 

апайымыз домбырада да өте тамаша ойнайды. Бізді осындай ұстаз тәрбиелеп,  жан-

жақты етіп өсіріп жатқанына өте қатты қуаныштымыз және ұстазымызды мақтан етеміз. 

Осындай мамандығын жанымен сүйетін ұстаздарымыз көп болсын деймін.



  әйгерім ШАПХАТ

Жайық негізгі жалпы білім беретін 

 мектебінің 9-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Жетім көрсең жебей жүр

Жаудыраған  ботакөздер,  ыстық  жас,  ата-анаға  деген  сағыныш, 

көңілге медеу болған «мамаң келеді, сені алып кетеді» деген сөздер, 

мамалап  жылаған  сәбилер,  мұның  бәрі  балалар  үйіне  таңсық  емес. 

Кішкентай  шақалақ  күйінде  дорбаға  салып,  балалар  үйінің  алдында 

тастап кететін тас жүрек аналар қаншама! Бала, асырап алатын мысық 

емес,  тастап  кете  беретін  қоқыс  емес,  бұл  кішкентай  өмір  иесінің  де 

сезімі  бар.  Балалар  үйінің  тәрбиешілері  қанша  қамқор  болса  да  ата-

ананың  орны  ерекше,  ананың  аялы  алақаны,  әкенің  жылы  шырайы 

жетпей тұрады. Сәби шағында асыр салып ойнаудың орнына, көздері 

жәудіреп  кім менің әкем, кім менің анам деп айналадағы адамдарға 

қараумен  болады.  Бақытты  балаларға  қуанышпен  қарап  жетімдігіне 

қамиды. Жан дүниесінде, көздерінде бір мұң бар. Бір қызығы осындай 

жетім  болған  балалар  өр  мінезді  болады.  Еркелікті  қойып,  жігерлі, 

сенімді, батыл, ержүрек мына фәни дүниеге үлкендерше қарап өмірдің 

ыссы - суығына шыдап, ата-анасыз ер жетіп үлкен өмірге қадам басып 

өзіндей балаларға аянышпен қарап басқаларға қол ұшын беруге құштар 

болады. 


Бар сырын, жүрек қалауын, арманын айтар жанашыры жоқ. Іштей 

тынып, өмірдің ащы-тұщысын татып, әлемге басқаша көзбен қарайды. 

Қандай  қиын  еді!  Бала  кезінен  қиындық  кешіп  бар  ауыртпалықты  өзі 

көтереді. Жетім көрсек жебей жүрейік!



Бибізада САЙЫНОВА

А.Оразбаева атындағы НЖББМ-нің 8-сынып оқушысы

Жәнібек  ауданы

Ұстаз- 


ұлы тұлға

  Дүние де туған анадан кейінгі 

екігші  ана-Ұстаз.    Еңбектеген 

жастан,  еңкейген  кәріге  дейін 

ұстаз    алдынан  білім  тәрбие 

алады. Мектепке алғаш келгенде, 

алғашқы 

ұстазым 


Ақбөбек 

Сағиқызы  болатын.  Сол  күннен 

бастап  өзімді  оқушы  сезіндім. 

Ұстаз  деген кісінің екінші  анадай 

болатынын 

түсіндім. 

Себебі 

әр  баланың  әр  түрлі  мінезін, 



ақылмен  түсіндіруге    бар  күшін 

жұмсайды.    Сыныптастарыңмен 

ренжісіп  қалсаң,    жөнге  салып 

достастырады. 

Маған 

«А» 


деген  әріп  пен  «1»  деген  санды 

үйреткен  осы  Ақбөбек  апайым 

болатын.  Ол  кісі  өте  мейірімді 

жан.  Біздер  қаншама  қателіктер 

жасасақта,  үнемі  кешіріммен 

қарайтын.  Қазір  ол  кісі  зейнет 

жасында.  Қазіргі  ұстазымыз  - 

Гүлден  Байыржанқызы.  Гүлден 

апай ақкөңіл, жайдарлы жан. Бізді 

бауырмал, білімді, ақылды болуға 

жетелейді. Гүлден апайдың сабақ 

түсіндірудегі    күнделікті  жаңа 

ізденістері  бізді  таң  қалдырады. 

Бастауыш  сыныпты  бітіргенде 

біз  өз  ойымызды  еркін  жазатын, 

жүргізіп  оқитын  дәрежеге  жеттік. 

Тіпті  сурет  салып,  кесте  тігетін 

де  болдық.  Үлкенмен,  кішімен 

сыныптастармен  қалай  сөйлесу 

керек 


екендігін 

де 


білдік. 

Ұстаздардың  барлығы  осындай 

болса, әрине жақсы оқисың! 

гүлдана МАНАРБЕК

Есенсай ОЖББМ-нің 

4 «а»  сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

  Ұстазым -  өзіңменен мақтанамын

  «Ұстаз» бұл сөзді естігенде, менің ойыма ең алғаш мектеп таблдырығын аттағанда, алдымнан 

күлімдеп шығып, бар мейірімі мен қамқорлығын көрсетіп, құшақ жая қарсы алған Гүлшат Исатайқызы 

түседі.  Алғаш  келген  күннен  бастап,  ол  бар  ыстық  ықыласымен,  салмақты  мінезмен  менің  білімге 

деген  құштарлығымды  оятты.  Әліппемен  достастырып,  оқуға,  жазуға  үйретті.  Менің  ұстазым  өте 

ақылды, кеңпейіл, білімді жан.  Ұстазымның арқасында мен қазіргі уақытта еркін оқып, сауатты жаза 

аламын. Мектепте өтетін әртүрлі шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Бұл әрине, 

ұстазымның еңбегі. Гүлшат Исатайқызының салмақты мінезі, қарапайымдылығы, талапшылдығының 

нәтижесінде әлі талай жетістіктерге жететініме сенемін. Мен осындай ұстаздың шәкірті болғанымды 

мақтан тұтамын және ұстазыма мың сан алғыс айтамын



Бибарыс СҮНДЕТҚАЛИЕВ

Ақжайық ЖОББМ-нің3 «а» сынып оқушысы

Ақжайық ауылы.Теректі ауданы

Менің Отаным

        Біздің  Отанымыз  әрқашан  күлімдеп 

тұрады.  Менің  Отаным-  Қазақстан.  Біздің  Отан 

біреу ғана. Ол көп ұлттар мекені. Қазақстанда көп 

ұлттар  өмір  сүруде.  Барлығы  тату-тәтті  тұрады. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  Әбішұлы. 

Еліміздің  татулығын,  бірлігін,  ынтымағын 

сақтайды.  Мен  Отанымды  жақсы  көремін.    Мен 

өз  Отаныммен  мақтанамын.  Өйткені,  қазақ  елі 

өте қонақ жай,көптеген жетістіктерге жете біледі. 

Осындай  елімен  әрбір  адам  баласы  мақтануы 

тиіс.

Нұралы БАҚТЫҒАЛИ

№ 46 ЖОББМ-нің 2 «а» сынып оқушысы 



Мектепке сағыныш

Міне,күні  кеше  ғана  мектеп  табалдырығын  аттаған 

бүлдіршін  қыз,алтын  ұя  мектебінен  түлеп  ұшты.  Тоғыз 

жыл бойы оқыған мектебіммен қоштасу қиынның қиыны.

Соның ішінде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарынның 

орны  ерекше.  Оқуды,жазуды  білмейтін  оқушыларға 

қолына  қалам  ұстатқызып,алғаш  жаздырған  ұстаздың 

орны  бөлек.  Мен  Сырым  ауданы  Қазақстан  негізгі 



жалпы  білім  беретін  мектебінде  оқыдым.Еркелікті  қоя 

алмай жүрген бүлдіршін лезде оқушыға айналуы қандай 

керемет!  Мектепке  келіп,алғаш  партаға  отырып,кітап 

оқыған баланың қуанышында шек жоқ. Жалпы 1 қыркүйек 

білім  күні  барлық  оқушылар  қуанып,ақ  жейделерін 

киіп,қолдарына  гүл  ұстап,ұстаздарын  құттықтауға 

асығатын  мереке.  Міне,осылай  күндер,айлар,жылдар 

өтіп,балалар  да  жоғары  сыныпқа  аяқ  басады.  Бұл 

кезеңде оқушылар еркеліктерін қойып,көптеген қоғамдық 

шараларға қатысатын сәт. Жылға жыл қосылған сайын 

мектепті  бітіру  уақыты  да  жақындап  қалады.  Маған 

осындай  уақыт  та  келіп  жетті.  Жүрегім  алып-ұшып 

жүрген  кезім.  Себебі  алтын  ұя,ыстық  мектебіммен 

қоштасу  қиын  болды.Соңғы  қоңырау  мерекесіне  қызу 

дайындалып жүрген кезіміз.Оқушының,ұстаздардың,ата-

аналардың  жүрегінде  қимастық  сезім  бар.Ол  сезімді 

айтып жеткізу де,түсіндіру де мүмкін емес. Мен мектеп 

бітіргенде  өмірімнің  басқа  арнаға  бұрылатынын 

білдім.  Қиындық  та,қуаныш  та  болатынын  сездім.Енді 

алдымдағы мақсатым оқуымды одан әрі жалғастыру.Ата-

анаммен,ұстаздарымның  үкілеген  үмітін  ақтауым  керек 

деп  ойладым.  «Тарыдай  болып  кіресің,таудай  болып 

шығасың» деген нақыл сөздің мағынасын осы сәттерде 

түсе  бастадым.  Өзімнің  бала  кезімнен  оқып,бітірген 

мектебімнен  ойымда  әдемі  естеліктер  қалды.Ол 

естеліктер менің жадымнан мәңгі өшпейді. Бірде мектеп 

басшысы  Исламғалиев  Марат  Ғабділкәрімұлының 

сабағында журналға ойыншық кесіртке салып қойдық. Не 

деген тентектік десеңізші. Ол кезде арты не болады деп 

ойламайтын бала екенбіз- ау! Бейне бір Қожа фильмінің 

көшірмесіндей.  Сіздер  ары  қарай  қалай  болды  деп 

ойлайсыздар...

Бүгінгі  таңда  ұстаздарымыздың  сол  кездегі 

айтқан  ақыл  -  кеңестерін  өмірде  қолданып  жүрміз. 

Менің  көптеген  жетістіктерге  жетіп  жүргенім  әкем 

мен  анамның,мұғалімдерімнің  арқасы.Сол  кісілерге 

балалық,шәкірттік  мың  алғысымды  білдіремін.Қазіргі 

сәтте  «Алтын  ұям»  мектебімді  қатты  сағынамын. 

Қайтадан барып оқысам деп армандаймын.Әттең,бірақ 

ол  енді  орындалмайтын  арман.  Мектебіме  деген 

сағынышымды  ақынның  мынадай  өлең  жолдарымен 

жеткізсем деймін. 

Арманыңда,жаныңда жалын ән бар,

Жас талапкер сөзіме көңіл аудар.

Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,

Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Алтын  ұя  мектебімнің  ғұмыры  ұзақ  болсын,білімді 

жастары көп болғай!



зейнұр НЫҒМЕТЖАН

. №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

Баршаға  

қымбат  ана

  Анадан   ыстық, жылы  әлемде  ешкім   жоқ. Ана   жер   бетіндегі  

ең  асыл  да  ардақты  адам. Әр   адамның   өз  жанынан   

артық    жақсы    көретін  адам  ол - ана. Ананы  адамдар  

құрметтейді, сыйлайды. Ана  есімінің  өзінің  астында  қанша   

мағына      жатқанын      біріміз      білсек,  біріміз    білмейміз.  Біз  

өзіміздің    қарындасымызды,  дос    қыздарымызды      болашақ  

Ана  деп  сыйлауымыз   керек. Әрбір  жас  қыз  ана   есімін    

иемденуі   үшін    анаға  тән  қасиетті, адамгершілікті   білуі  

қажет. Ана   біз   үшін   қымбат   жан, бізді   жарық    дүниеге    

әкелген  адам. Мәпелеп  өсіріп   қанаттыға    қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай   өсірген   

анамыз. Не болса да  төзіп,   қиындықты  қақ  жарып   біздің   елге  адал   қызмет  жасайтын 

азамат, азаматша  болатынымызға  сенетін  анамыз. Қазақта  мақал  бар емес  пе «Алып   

анадан   туады» дегендей  батырда, ақында анадан   туып   ана  сүтінен   нәр  алып  

өседі. Ана  адамның   жарық  дүниедегі   ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. 

Ақ сүтін  беріп аялайтын, баласы  үшін   жанын  да  аямайтын   ардақты  ана. Кез-келген  

адамның   әдептілігі   мен  сұлулығы, ең алдымен балаға ақ  сүт  беріп, әлпештеп   өсірген   

ана  жүрегінің   жылуынан   басталады. Бала  бойындағы   ең  жақсы  қасиеттер  балаға  

алдымен    анадан  тарайды. Ана  туралы  мақалдар  өте  көп   мысалға: «Анасын  көріп  

қызын  ал», «Анасын  сүйгеннің   баласын  сүй», «Анадан  өнеге  көрмеген  қыз  жаман  

қыз», «Ананың  сүті – бал, баланың  тілі  бал, «Ананың  ізін  қыз  басар, атаның    ізін  ұл  

басар», «Ана   сүті  бой   өсіреді, ана  тілі   ой  өсіреді», «Анасыз  өмір-сөнген  көмір», 

«Анаңды   Меккеге  үш  арқалап   апарсаңда   қарызынан    құтылы  алмайсың», «Ана   

сүтін   ақтамағанды-ешкім   мақтамайды»  деген    тәрбиелік    мағынасы  зор   мақалдар  

бар. Анасына  арнап  жыр  арнамаған  ақын  жоқ. Осы  қоғам   қайраткері, ақын  Қадыр 

Мырза  Әлінің мына бір өлеңдеріне тоқталғым келеді. 

                     Алғашқы  дәм   ол  да  сендік  сүт  еді,

                     Ақ   сүт  берген   қашанда  үміт  күтеді.

                     Отанымның   өзі  сенен   басталып ,

                     Жауларыма  жеткен  жерден  бітеді,-    деп    баршамыз     дүниеге    әкелген   

анамызды   сыйлап   өтейік.

 Алпамыс гАЙНУЛЛИН

Мектептен тыс жұмыс орталығының

 «Сөз мерген» үйірмесінің мүшесі , Жетекшісі Каратаева Еркежан Төлегенқызы 

Жаңақала ауданы



Ақмоншақ КАРИМОВА

В.И.Шубин атындағы орта мектептіің

 2 «б» сынып оқушысы.

Сырым ауданы



№5 (213)    17.03.2015 ж.

10

Алға

Өздерің жазған хаттардан

Сөйлемдер 

патшалығының 

қызықты оқиғасы

Ерте  заманда  Леп  деген  патша  болған.  Ол 

қызметшілеріне  әйнектен    зәулім  сарай  салдырған. 

Сарайдың  алдынан  қарасаң  ол  көзге  дұрыс  түсе 

бермейді.Жаулар    шабулдаса  оны  байқамай  өтіп 

кететін болған.Оның Нүкте деген әйелі, Сұрақ деген ұлы 

мен Үтір атты қызы бар. Сарайдың  іші алтындармен 

безендірген.Ол сарайдың бір ерекшелігі есігі жоқ. Тек 

қана жер асты  арқылы жүре аласың. Жер астындағы 

су  арналары  арқылы  қайықпен  баратын  жеріне  тез 

жете аласың.Ақылды патша мен еңбекқор қызметшілердің арқасында 

осындай  ғажап  әдемі  зәулім  тұрғызады,  ол  патша  жанұясымен 

бақытты ғұмыр кешкен.

Марина зЕКЕШОВА

Кеңсуат ЖОББМ-нің 2-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

«С» әрпінен басталған әңгіме

Анашым менің

Мен жан анашымды өте жақсы көремін. Анамның есімі – Мира. 

Менің анам өте мейірімді және ақылды. Мен анама барлық сырымды 

айтамын. Анам мені сабақтан келе жатқанда қарсылап алады. Мен 

анамды қатты-қатты құшақтаймын. Анадан артық дос бар ма?!

Сұлу ҚҰСПАНОВА,

Жалпы орта білім беретін 

Мереке мектеп-балабақшасының 2-сынып оқушысы

«Сүйікті  атам»

Менің  атамның  аты-Бақтығали.  Ол  өте 

мейірімді,ақылды  адам.  Ата-әжем  бізден  бөлек  

тұрса  да,  атам    маған    көп    уақытын  бөледі. 

Мені  еркелетеп,  ойнатып,  қыдыртады.  Атам  5 

наурызда 58 жасқа  толады. Атамды туған кунімен  

құттықтап,  денсаулық,  бақыт,  қуаныш    тілеймін. 

Мен  атамды  өте  қатты  жақсы  көремін.



Ильяс БАҚТЫҒАЛИ 

№31ОЖББМ МАД оқушысы

Мейірімге толы 

жүрегі


Ананың мейірімі-Сара Алпысқызы!

Ананың бақыттысы, сымбаттысы,

Халқының ардақтысы, қымбаттысы.

Өзін-өзі танытып, үлгі еткен,

Мың алғыс сізге, Сара Алпысқызы . 

  Әр  баланың  қабілеті  мен  дарындылығын 

ашуға  ат  салысқан,  бойларына  адамгершілік 

қасиеттерді дарытуда  көп еңбек сіңірген, әрдайым 

жүрек  жылуын  сыйлаған  шәкірттерінің  сүйікті 

ұстазы  бола  білген  адамгершіліктің  құндылық 

негізінде  өзара  түсіністік  пен  үйлесімділікте 

жүретін  Сара  Алпысқызын  мақтанышпен  айта 

аламын. «Балам» дейтін ана болмаса, «Анам» 

дейтін бала қайдан табылады демекші әлемге 

мейірімін  шашу  арқылы  мұңайғанда  қуантып, 

жылағанда  жұбатып  барша  халқымызға  күлкі 

сыйлаған  Сара  Алпысқызындай  мейірімді 

болайық ағайын!



Жанел КАРИМОВА

Мұхит атындағыЖОББМ-нің 4 «в» сынып 

оқушысы

Қаратөбе ауданы



Атам күткен 

саябақ


 

Мен  әрқашанда  игі  істер  жасағанда  жақсы 

көремін.  Қолымнан  келгенінше  үлкенге  де,  кішіге 

де  көмектескім  келеді.  Жақында  біздің  Сейітқали 

Меңдешев  атындағы  ЖОББМ-де,  бастауыш  сынып 

мұғалімі  Сисенова  Күмістің  ұйымдастыруымен    «100 

игі іс» атты апталық өткізілді. Бұл іс – шарада барлық 

сынып оқушыларының үлкенге ізеті, көмегі жәйлі айтса, 

сондай  –  ақ  ауыл  аға  –  апалаымыздың  ауыл  игілігі 

үшін  жасап  жатқан  ерен  еңбектері  суретке  түсіріліп 

көрсетілді.

 

Осы  еңбектерді  көргенде  атам  Құзырғали 



Абдрахмановтың  елі,  халқы  үшін  жасаған  игі  ісі  есіме 

түсті. Атам бұл дүниеде болмаса да, біздің көшеде «Атам 

күткен саябақ» бар. Ол саябақты өсіруге атамның еңбегі 

зор. Менің атам саябаққа кірген малдарды айдап, суарып, 

демалыста  ішінде  шашылған  қағаздарын  жинататын. 

Қазір жайқалып, ағаштары биіктеп келеді. Менің арманым 

атамның  еңбегін  бағалап,  саябақты  одан  әрі  күтімге 

алуымыз.


 

Қайран, атам! Сол кезде елге игі іс жасап кейінгі 

ұрпақтың қамын ойлаған екен ғой!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет