№5 (213) 17 наурыз 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата09.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#8532
1   2   3   4   5   6

Айсұлу  СЕРІКҚАЛИ          

 Совхоз ЖБОМБ-нің 8-сынып оқушысы

Атамекен ауылы,Тасқала ауданы  

Атамның  ерлігі

Атам 1916 жылы 8 наурызда дүниеге келген. Соғысқа аттанарда 25 жаста болатын. 

Әскери  борышын  өтеп  келгенде,  соғыс  басталып,  атам  майданға  қайта  аттанды. 

Жақсылық  атам  Мәскеу,Сталинград,Днепр,Кавказ  үшін  шайқастарда  ерлік  көрсеткен. 

Киев,  Будапеш,  Варшава  қалаларын  жау  қолынан  азат  етуге  қатысқан.  Атам  Жеңісті 

Кенингсбург, қазіргі Калининград қаласында қарсы алды. Өзінің ерлігі үшін медальмен 

марапатталды.Туған  жеріне  1945  жылы  оралды.  1976  жылы  соғыста  алған  ауыр 

жарақаттың  аяғын  ампутацияға  ұшырады.  Атам  өз  немерелеріне  татулық,  достық, 

бауырмалдылық, кішіпейілділік секілді адами асыл қасиеттерді насихаттап отыратын. 

Өтірікті жаны сүймейтін. «Адамға жақсылық жаса, қолыңнан келсе көмектес. Біреудің  

ала жібін аттама, адамның наласына қалма», - деп отыратын. Жаны жайсаң атамды 

қатты  сағындым.  Оның  өсиет  сөздерін  жадыма  тоқып,  жақсы  адам  болуға  барынша 

тырысып, ізгілікті іс жасауға талпанып жүрмін. Өйткені, атамның жеңісі – менің жеңісім. 

Мен атамды мақтан тұтамын! Менің жүрегімде Жақсылық атамның орны бөлек. Жан ата 

, қатал әскери сынақ жылдары белсенді Отанын қорғағандардың қатарында болдыңыз. 

Сіздің Ұлы Отан соғысы кезіндегі жетістіктеріңіз бен ерліктері ңіз, біздің – жас ұрпақтың 

жадында  мәңгілік  сақталады.  Өміріңізбен  де,аталық  мейірімізбен  де,  жадымызда 

жатталған  әрбір  ғибрат  сөзіңізбен  де  тағылымды  тәрбие  тамыршысы  болдыңыз.  «Ер 

есімі-ел есінде», - деген сөзді халық текке айтпағанына көзім анық жетті. 

Замандастар, аға буынға Соғыс және Еңбек ардагерлеріне тағзым етейік! 

Райхан КАРАБАЛИЕВА

Амангелді орта мектеп-балабақшасының

4 «а» сынып оқушысы 

Амангелді ауылы,Тасқала ауданы



МЕРЕКЕҢМЕН, 

АНАШЫМ!

        Менің  анам 

жақсы  адам.  Үнемі 

барлығына  қамқор 

болып 

жүреді.   



Жаным, 

ботам 


деп 

еркелетеді. 

А н а м н ы ң 

д а й ы н д а ғ а н 

б е ш б а р м а ғ ы н ,  

картобын 

тағы 

басқа  тағамдары 



ұнайды.    Анам  мен  үшін  «Самал» 

газетіне, «Балақан » деген журналға  және 

«Асыл  сөз  деген  газетке  жазылған.  Осы  

газет-журналдарымды  асыға  күтемін. 

«Балақан» журналында біздерге арналған 

тапсырмалар көп . Соларды орындаймын. 

Ал  «Самал»  газетінде  жарияланған   

суреттерді 

қараймын. 

Анам 


сонда 

жазылған  ертегілер  мен  тақпақтарды 

оқып  береді.    Сүйікті  анам  мен  4  жасар 

Алина  есімді  қарындасымды  келе  жатқан 

мерекелерімен 

құттықтағым 

келеді. 

Олар  ешуақытта  ауырмаса    екен.Әкем 

екеуміз анамыз бен қарындасыма сыйлық 

дайындаймыз.



 әлімжан АСЫЛХАНҰЛЫ

Тегісшіл ЖББНМ-нің

Даярлық тобының оқушысы

Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылы  

Әже 

(эссе)

Әже немере үшін ең жақын аяулы адам. 

Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлесін қосып 

келеді. Анамның қолы босамай қалған жағдайда, 

әжем  жәрдемдесіп,  менің  қасымнан  табылады. 

Ол  өнегелі  ғұмырын  айтып,  тәрбиеге  бағыттап 

отырады.  Осындай  жаңына  жылу  сыйлайтын, 

аяулы  алақанына  салып  өсіріп  келген,  әжем 

жайлы айтпай кетуге хақым жоқ. Әжемді күндізгі жарқырып шығып, жылуды 

шашатын күнге, түңгі аспандағы жымындаған жұлдызға теңеп келемін. Әжем 

біздің  тек  қана  жақсылығымызды  көріп,  қызығымызға  тоймай  жүре  берсін 

деп, тілеймін.



Мадияр ИБАТОВ

Қ.Сәтбаев атындағы 

жалпы орта білім беру мектебінің 2 «а» сынып оқушысы 

Тасқала ауылы,Тасқала ауданы,

Менің  сыныбым

      Мен  3-сыныпта    оқимын.  Сыныпта    бес    ұл    үш    қыз    бар.  Ұстазымыз 

–  Гүлмира  Аманғалиқызы  өте  білімді  ұстаз.  Біздің    сынып    оқушылары  

ұйымшыл,  өнерлі.  Сыныпта  

бәріміз    татумыз.  Көптеген  

жарыстарға    қатысып,  

алдыңғы  қатардан  көрініп  

жүрміз. 


Есімбек ЖАСҚАЙРАТОВ

 Оян  ЖОББМ-нің 

3-сынып  оқушысы 

Тасқала  ауданы,

Оян  ауылы


№5 (213)    17.03.2015 ж.

5

«Ерлігі елге өнеге болған майдангер атам»

   Адамзат тарихындағы қанды қырғынға толы болған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 

жыл. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Туған елдің тәуелсіздігі 

мен  бостандығы  үшін  жанын  қиған  боздақтарымызды  мәңгі  есте  сақтаймыз!  Отан  үшін  жанын 

қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің 

ерлігін үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа жеткіземіз. 

     Нағашы атам  Айтасов Бекешұлы Хамит 1930 жылы 1 шілдеде Нарынқұмда «Ойтақан» 

пунктінде дүниеге келген. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы Бисен ауылында 

тұрады. 85 жаста. Еңбек ардагері. 

          1941  жылы  соғыс  басталғанда  11  жаста  болған.  Оқушы  бала  болса  да,  еңбекке  ерте 

араласқан. Колхозда пошта тасушы болып жұмыс істеген. Бұл міндетті атқару атам үшін өте қиын 

болған.  Өйткені  ауылда  қалған  үйлерге  көптеген  қаралы  қағаз  тасыған.  Көп  жылдар  бойы  ел 

басқарған, еңбек ері. Қазір еңбегін ел сыйлаған зейнеткер. Мен атамды мақтан тұтамын. Ардагер 

атамды Ұлы жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын.Зор денсаулық, отбасына амандық тілеймін. 

Елімізде бейбіт күн болсын!

Жадыра  ЖАНЗАХҚЫЗЫ  

№ 1 ОЖББМ-нің, 4 «А» сынып оқушысы , Жәнібек ауданы

Ардагерлерге тағзым

МайдангЕрлЕр

Ұзақ таңға қанша рет өксімедің?

Ешкімнен бір жылы сөз естімедің

Төрт жылғы ауыр сынға төтеп берген

Бас иеміз сендерге – текті ерлерім.

Жаралы дала жатты аңыранып,

Төсінде қан мен тердің дағы қалып,

Сен жүрдің ұзақты күн қан майданда

Арқаңа қаруыңды таңып алып

Әр таңның атушы еді айқасымен

Ауыр шақ бәрін саған міндеттеген

Майдангерлер, шыдамыңнан айналайын,

Кеудеңді оққа тосып мыңқ етпеген.

Майдангерлер келеді артып жылда бағаң

Уақытта қасиетіңді ұрламаған

Қайран жандар қиындық көп көрседе,

Еңбегін ешкімге де бұлдамаған.

Сендерді қалай жұртым демесін ер!

Бәрін, бәрін көтеріп келесіңдер

Ерлікпен сақтап қалған ұрпағыңа

Мейірімнің шапағатын төгесіңдер

Бәрін, бәрін көтеріп келесіңдер!



 Дәуренбек ЖҰМАБЕКОВ

  Тайпақ мектеп-гимназиясының 

8-сынып оқушысы

                   Тайпақ ауылы,Ақжайық ауданы

* * * * *

Жеңісті 

жақындатқан 

каhармандар

Соғыс....

Қандай жаман атауы

Ақырында желбіреді

Жеңістің қызыл жалауы.

Бауыржан, Талғат, Тоқтар, Рақымжан

Зәресін жаудың қашырған

Әлия атқан әрбір оқ,

Жауға өлім боп қадалған.

Мәншүк пен Хиуаздай қырандар

Сын сағатта сыналған.

Ардагерлер аз қалған,

Әрдайым аман болыңдар

Бас иіп мәңгі өтеміз

Ұрпақтарың ұмытпас

Фарида МАҚСОТОВА

Пятимар ЖОББМ-нің  6 «а» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

  Біз соғысты жек көреміз

Біз соғысты жек көреміз.Себебі соғыс талай адамды жылатты. Талай адам 

соғысқа қатысып қазақ тапты. Біз  соғыс ккезіндегі қиыншылықтарды көрген 

жоқпыз.  Бірақ  соғыс  деген  сөздің  мағынасы  түсінікті.  Ұлы  жеңістің  жетпіс 

жылдығына арнлған мерекелік шаралар біздің мектебімізде басталып кетті. 

Ұстаздарымыз сыныптарда ашық тәрбие сағаттарын өткізуде. Біздің болашақ 

үшін жанын берген жандарға біз қашанда қарыздармыз. 

    Біз  ендігі  болашақта  соғыс  көрмей,  бейбіт  өмір  сүруімізді  қалаймыз 

.Біз  осындай  өмірге  аталарымыздың,  ағаларымыздың,  апаларымыздың, 

әжелеріміздің  арқасында  жетіп  отырмыз.  Олар  өз  елі,  өз  жері  үшін  жанын 

қиюға әзір болды. Міне, олардың армандары орындалды. Олар бізге тәуелсіз, 

бейбіт өмір сыйлады. .Сол үшін біз, кейінгі ұрпақ батырларымызға өмір бойы 

бас иіп, тағзым етуіміз керек.



Жаннұр РАМАзАНОВА

Нурия ТАЛАПОВА 

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ-тің

5 «б» сынып оқушылары, Теректі ауданы

Біз жеңістің ұрпақтарымыз...

Григорьев  МБК–ң    1-сынып  оқушыларымен 

ұйымдастырылған  Ұлы  жеңістің  –  70  жылдығына 

арналған    «Біз  жеңістің  ұрпақтарымыз»  атты 

сыныптан  тыс  шара  өткізілді.  Шараның  басты 

мақсаты  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарынан  мәлімет 

беріп, 

қазақстандықтардың 



ерлік 

істерімен 

таныстыру, оқушыларға патриоттық тәрбие берумен 

қоса батырларымыздың ерлігін үлгі ету болды.

 

Бұл  шараға  ұстаздар  қауымы,  ата-



аналар    және  оқушылардың    әжелері  де  келіп 

қатысты.  Кішкентай бүлдіршіндер әжелерге соғыс 

жылдарындағы  түрлі  естеліктер  туралы  сұрақтар 

қойып  ,  олардың  жауаптарына  дән  риза  болды. 

Әжелері  өздерінің  ата-аналарын  да  еске  алып,  олардың  қиын  кезеңді  қалай  бастан  кешіргендері 

туралы да айтып өтті.  Шара қонағымыздың бірі  Гүлайхан 

мен  Тамерланның  әжесі  Насипханым  әжей  кішкентай 

бүлдіршіндерге  тілектерін айтып, еліміздің  амандығымен 

тыныштығын  тіледі.  Басқа  да  келген  қонақтар  мен 

әжелер  өз  жүрек-жарды  тілектерін  айтып  балаларға 

тәтті шашуларын да үлестірді. Шара соңында оқушылар 

«Сарбаздар» әні мен биін билеп қорытындылады.



Тұрсынай  ҮМБЕТАЛИЕВВА

Григорьев МБК-нің

Бөрлі ауданы.

Менің  атам  - Ғаббасов  Абайдың айтуынша 

ол  кісінің  әкесі  Мұжықпанов  Ғаббас  пен  оның 

інісі  Мұжықпанов  Жұбан  есімді  азаматтар 

болған. Ғаббас 1914жылы, ал Жұбан 1912жылы 

Батыс  Қазақстан  облысы, 

Қаратөбе ауданы, Қаракөл 

селосында  дүниеге келген. 

1942 

жылдың 


қаңтар 

айында    әскер  қатарына 

шақырылған.  Ғаббас  ата 

1942жылы  шілде  айында, 

ал  Жұбан  ата  1943жылы 

маусым  айында  ұрыс 

майданында қазақ тапқан.

Бүгінгі  бейбіт  күнді 

тарту  еткен  аталарыма 

арнап төмендегі өлең жолдарын арнаймын. 

Ұлы Жеңіс оңай жолмен келмеді

Талай боздақ жеңіс үшін терледі.

Елі үшін жанын кешкен боздақтарды

Мақтанышпен айта аламыз қозғап әлі.

Талай жастар аттанды ғой майданға

Күш жігерін жоғалтпады алайда

Жеңіспенен жоғалғалы еліне

Мерейтоймен тойланады қоғамда.

Воронеж қаласында жер жастанған,

Ерлікпен ұрыста қаза тапқан

Қатардағы жауынгер аталарым,

Жұбан менен Ғаббасты айта аламын.

Отан үшін от кешкен қаһарманды,

Құрметтеп қастерлейді қазақ мәңгі.

Есімдері сақталған ел есінде.

Есінен шығармайды ұрпақтары.



 Нұрәділ АБАЕВ

Алакөл ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы

Алакөл ауылы. 

Соғыстағы ата-

баба ерлігіне тағзым

Қан майданда етегімен қан кешкен,

Халқы үшін қас жауымен егескен.

Бар дәм-тұзын батырлармен бөліскен,

Елі үшін аштықпенен күн кешкен.

Ата-әжелер егін егіп,мал баққан,

Жас балалар отын жарып,от жаққан.

Жас жігіттер қолдарына ту алып,

Қаруланып жауларына оқ атқан.

Еліміздің тыныш күйін қалаған,

Елін,жерін жақсылыққа балаған.

Еліне күн туған кезде батырлар,

Жердің жаудан тазарғанын қалаған.

Жерімізді қорғап қалған немістен,

Түнде ұйқысыз жаудан елді күзеткен.

Жеңіс дәмін сезген аға – әпкелер,

Қуаныштан күн  өткенін сезбеген.

Рақымжан, Бауржандай  ағаларым,

Сіздерге арналады жыр жолдарым.

70 жыл бұрын сыйлап Жеңіс Туын,

Мінекей  тойлап жатыр балаларың.

Бүгінде міне біздер бейбіт елміз,

Бейбітшілік жолында біз келеміз.

Биік ұстап әрқашан Туымызды, 

«Мәңгілік ел» болуға серт  береміз.

 Альмира САПАРҒАЛИ

Абай атындағы мектеп – гимназия 

8 «ә» сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

* * * * *

ЕрліккЕ тағзыМ

Келді міне 70 жылы жеңістің. 

Ұмытылмас тарихы ерліктің

Отан үшін жанын берген жандардың

Мәрмарінде жылап тұрып тәу еттім.

Ардагерлер арамызда аз қалған

Омыраулары орден, медаль толы

Отан үшін кеуделерін қалқан етіп

Тоссадағы көрерлері бар сау қалған

Мың тағзым саған ардагер

Ақ таңым үшін арайлы.

Бас иіп, бүгін ұрпағың жүр

Сапта бол әлі көрерің бар шырайлы.

  Айжан ҚАНАТОВА

                                 №1 Подстепный 

ЖОББМ- нің 6 «А» сынып оқушысы 

Теректі ауданы



Патриоттық әндер байқауы

«Рухы күшті ел-алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Отан –қасиетті ұғым. Ұлы Жеңіс 

күнінің  70  жылдығына  арналған  Алмаз  орта  жалпы  білім  беретін  мектеп  –  балақашасында  

«Қазақтын елі, қазақтың жері» атты патриоттық әндер байқауы оздырылды.   1-5 сыныптар 

арасында  өткен  байқаудың    негізгі  мақсаты  оқушылар  бойына  отансүйгіштік,  елге,  жерге 

деген  құрмет  сезімдерін  ояту.  «Жас  Ұлан»  ұйымының  6-сынып  оқушылары    және  өзін-өзі 

тану пәні мұғалімі В.М. Токпаеваның жетекшілігімен өткізілген іс-шарада 1-сынып «Көк тудың 

желбірегені», 2-сынып «Елім менің», 3-сынып«Атамекен», 4-сынып «Қазақ жігіттері», 5-сынып 

оқушылары  «Әлия»  әндерін  нақышына  келтіре  орындады.  Нәтежесінде  І  орында  2-сынып 

оқушылары, ІІ орын 3-сынып оқушылары, ІІІ орынды 1-сынып және 4-сынып оқушылары бөлісті. 

Елім деп жүрегі соққан нағыз патриот бүлдіршіндерімізге бақытты балалық шақ тілейміз.

М. РАШКАЛИЕВА

Алмаз ОЖББМБ-ның аға тәлімгері, Шыңғырлау ауданы



ЖЕҢІС ОҢАЙ КЕЛМЕДІ

Ынтымағы жарасқан жанұя

      Елбасының «Ассамблея дегеніміз – бұл 17 миллион қазақстандық» - деген сөзінде терең сыр 

бар.    Елімізде  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің  бір  шаңырақ  астында  татулық  пен  достықта  бірге  тұрып 

жатырғанын жие кездестіреміз. Осындай жанұялардың бірі ауылдасым Прудченко Анатолий атаның 

отбасы.  1954 жылы Украина елінен  жұмыс бабымен  Қостанай қаласына көшіп келеді. Жүргізуші 

болып 5 жыл жұмыс жасап 1954 жылы Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылына ауысады. Осы 

ауылда Ресей қаласынан көшіп келген татар қызы  Невметова  Хасянямен отау құрады. 1960 жылы 

Алмаз ауылына қоныс аударып, 2 қыз 3ұл тәрбиелеп өсірді.  Қазіргі таңда балаларынан 3 немере 2 

шөбере сүйіп отыр. Ұлты басқа болса да қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ салтын ұстанған Анатолий 

ата  жыл сайын Құрбан айт мерекесін тойлап, соғым беріп,  Наурыз мейрамында дастархан жайып 

балалары, немерелері және көршілерімен бірге тойлайды. Қазақ дәстүрін жетік меңгірген Анатолий 

атаның  немере қызы Альбина қазақ жігіті Мерекемен отбасы құрып, Хасяня әже шашу шашып, 

бауыр-құйрық  жегізіп,  төс  қағысып  мың  жылдық  құда  болды.  Кең  пейілді,  ақжарқын,  қонақжай  

отбасының дастарханы ешқашан жиналмайды.  

    Алмаз ауылының байырғы тұрғынына айналған Анатолий ата мен Хасяня әженің деніне саулық, 

отбасына амандық тілеймін.

Н. ТОҚПАЕВА

Алмаз ОЖББМБ-ның 7-сынып оқушысы, 

«Жас тілші» клубының мүшесі 

Шыңғырлау ауданы

Енді соғыс болмасын

Мен тәуелсіз қазақстанда өмір сүріп жатырмын. Халқымыз көп қиыншылық 

көрді. Сол ауыр жылдардың бірі – 1941-1945 жылдары болған Ұлы отан соғысы 

болды. Сол кездегі аға-апалардың бәрі майдан,а аттанып, отанымызды жаудан 

қорғаған. Ал, еліміздегі еңбекке жарамды жандардың бәрі майдан үшін. Жеңіс 

үшін  еңбек  еткен.  Солардың  қатырында  менің  әжем  –  Сәбила  да  болған. 

Ол  жылдардың  ауыртпалығын  ерлеріміздің  біз  үшін  қиған  өмірлері  жайында 

ұстазым – Ақтоты Дәулетқалиқызы бізге айтып берді. 

 

Біз ардагерлерге шексіз ризамыз. Біздің жарқын өміріміз үшін жандарын қиған солдаттарға 



бас иеміз. Енді соғыс болмасын. Бейбітшілігіміз баянды болсын.

Меруерт  ТАЛҒАТ

№3 ЖОББМ-інің 2 «ә» сынып оқушысы, Жаңақала ауылы, Жаңақала ауданы



№5 (213)    17.03.2015 ж.

6

«Ауыл — елдің  алтын 

бесігі»

«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

Бұдан артық рахат табылмайды.

Бұлдырасын  сағымдай  өткен  бір 

күн,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы».

                                    М. Мақатаев.

Елбасымыздың: 

«Біз 

кез-

келген  ұлттың  түп-тамыры  ауыл 

жұртында 

жататынын 

естен 

шығармауга  тиіспіз»  ,-  деген  сөзі 

өте  дұрыс  айтылған.  «Ауыл  –  елдің 

алтын  бесігі»  атты  сабақ  өткізуді 

жөн  көрдім.  Мұндағы  мақсатым  – 

оқушылардың    өнегелілік  қасиеттерін  қалыптастыруға, 

отансүйгіштікке,еліне, жеріне деген махаббаттарын ояту, әдемілікке баулу болды.

Балаларымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағын сағынып жүреді.

Сабақтан әсеріміз туралы ой салсақ ...

Сәлім Ғайса:- Таяуда жүрегім алып – ұшып  үлкен сағынышпен ауылыма бардым.

Туған ауылым Бөкей Орда ауданы.Тарихи қала. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қолдауымен 

биыл Қазақ хандығына 550 жылдығы қолға алынып жатыр. Менің елімнің тарихына әлем 

назар аударса мен үшін үлкен қуаныш!

  Ауыл  –  қазақтың  алтын  бесігі,  салт-дәстүрі,  өлең-

жыры,  өнері,  мәдениет  пен  адамгершілік  ортасы. 

Сөз  өрнегін  оймақтап,  жырдан  кесте  тіккен  ақын-

жазушыларымыз  да,  әр  өрнегін  айшықтаған  сазгер, 

күйшілеріміз де, аты аңыздға айналған дана да ауылдан 

шыққан.

Ауыл — адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге 



келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны 

мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті  

АНА болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің 

нәрі.  Ауыл  —  халқымыздың  бойына  нәр  құятын  алтын 

бесігі, негізгі мекен –жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар 

көзі.  «Гүлденсе  ауыл,  гүлденеміз  бәріміз»  дегендей, 

ауыл  көркейсе,  халық 

өмірі 


жақсарады, 

әлеуметтік  жағдайы 

көтеріледі деген сөз. 

  Жусаны  мен 

жуасы  бұрқыраған, 

ауыл 


төсінде 

жайқалып  егін  өссе,  жайылып  мал  өрсе  –  ауылдың 

сәні емес пе?

Мен  өзім  жақсы  көретін  ақ  нармен  әкем,  анам 

үшеуміз суретке түстік. Ауыл табиғаты қандай тамаша! 

Қалада қазір оны сағынып жүрмін.

Алдағы уақытта барлық адамзат 

көрікті  ауыл,  келбетті  қалада  бақытты  тұрмыс 

кешуге тиіс.Терең білім алып өз ауылыма көмек берем 

деп ойлап жүрмін. Ауылдың көркеюі – ұрпақтың рухы 

мен ерлігіне, білімі мен билігіне байланысты. Сол үшін 

біз білім шыңына талаптануымыз керек!

Хайруллина Карина:- Менің ауылым, Жаңа таң ауылы. Ауылда балапан 

бағып  өсіріп  жүрмін.  Олар  мені  жақсы  көреді.  Мен  де  оларды  жақсы 

көремін. Міне, сондықтан да балалар, осы ауылды көркейтуге  келешекте 

өз үлестеріңді қосады,- деп ойлаймын.



 Бақыт ЖҰБАНЫШАЛИЕВА

№1 Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Бөкейордасы ауданы

Менің анам шұбатты 

шебер дайындайды.

Ауылға қашан келесің, а?

«Ауылым -алтын 

бесігім»

Мен,  Айнабұлақ  ауылында  тұрамын.Маған  өз 

ауылым    қатты  ұнайды.Біздің  ауылымызда  кең 

жайлау,мөлдір бұлақ,биік таулар бар.Достарыммен 

кең  жайлауда  ойнаймыз.Онда  ойнаған  өте 

қызықты.Менің  ауылым  өз  анам  сияқты  қымбат.

Менің  ауылымда  құстардың  түрлері  көп.Біздің 

ауылымызды  туған  жерімді  тамаша  деп  айтуға 

болдады.Әр  адамға  туып  өскен  жері  өте  қымбат. 

«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»-

деп  халқымыз  бекер  айтпаған.Мен  өз  ауылымды 

мақтан тұтамын. 



 Дильназ АЯПБЕРгЕНОВА, 

3-сынып оқушысы

Айнабұлақ ауылы,Тасқала ауданы

 Құт мекенім

Орал  қаласының  жетпіс    шақырым  жерде 

Айнабұлақ  ауылы  орналасқан.Тасқала  ауданына 

қарасты Айнабұлақ ауылының байрағы аты-Родник. 

Мен жалпы білім беретін Родник негізгі мектебінде 

биылдан  бастап  оқимын.Айнабұлақ  ауылында 

екіге  бөліп  тұрған  жыраны  қуалай  аққан  бұлақ 

бар.Родник  ауылы  сонау  1930-1931  жылдары  бас 

көтерген.Көшіп қон халықтармен Родник ауылында 

халқы  таласып,ірге  тасы  көтеріліп  келеді.Маған 

Айнабұлақ  ауылы  ұнайды.Ішетін  суы  мөп-

мөлдір,тап-таза.Ауылда  мал  өрісі  бар.Сонымен 

қатар, ауылда бөгет бар.Бөгетімізден адамдар ұсақ 

балық  аулайды.Ауылым  өте  тамаша.Ауылымның 

көркіне өз үлесімді қосамын.



Диас ОРЫНБАЙ 

Айнабұлақ ауылы,Тасқала ауданы

-Ей, адамдар, суды ластамаңдар.

Ол  бізге өте қажет.

Су жоқ болса, жан-жануар  қиналады.

Адам өмірі нашарлайды.

Сондықтан да суды аялап, қастерлеу керек.

 

3-топ. 3 «д»  сынып оқушылары

№42 «Ақ ниет» гимназиясы

Туған жердің 

табиғаты

   


      Әр  адамның  өзінің  туған  жері 

бар.  Әркім  туған  жерімен  әр  түрлі 

мақтанады.  Мысалы,  біреулері  ақын-

жазушыларымен, 

табиғатымен 

мақтанса,  кейбіреулері  тау-тасымен, 

мөлдір  бұлағымен,  қазба  байлығымен 

мақтанады. Ал мен болсам туған жерімнің 

табиғатымен  мақтанамын.  Әсем,  таза, 

әдемі,  тіпті  табиғатын  сөзбен  жеткізе 

алмаймын. Қысы да, жазы да, көктемі де, 

күзі де таң қаларлықтай. Мен оны қыста 

«ақ  көрпе  жамылған  қысым»  деймін. 

Көктемде «құлпырған айналам» деймін. 

Жазда  «әдемі  неткен  далам!»  деймін. 

Күзде «сары жапырағым» деймін. Менің 

туған жерім қашан да әдемі. 

Индира СИСЕНҒАЛИЕВА

«Үміт» гимназиясының 5-сынып 

оқушысы

«Жас қаламгерлер» үйірмесінің мүшесі



Теректі ауданы

ТАБИҒАТ

Жап-жасыл табиғат  

Жайнап тұр жалтылдап,

Аспандағы күніміз

Күліп тұр жарқырап.

РИзАТ КЕНЖЕгАЛИЕВ

№4 ЖОББМ-нің оқушысы

  Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

 Көктем


Көктем келді тамаша,

Құстар келді қуана.

Жылғалардан су ақты.

Көктем қандай көңілді.



                                                                    


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет