№5 (223) 28 мамыр 2015 жыл



жүктеу 29.12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі29.12 Mb.
  1   2   3   4   5

№5

(223)

28 мамыр

2015 жыл

Таралымы жазылу бойынша * Распространяется по подписке

www.ustazgazeti.kz

2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шығып келеді

Газет айына бір рет шығады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне

арналған Қалалық білім бөлімінің 70 түрлі іс-шаралар жос-

парына  сәйкес, 70 игі  іс  жоспары  аясында    2015  жылдың

08 мамыры күні №55 орта мектеп ауласында Гүл отырғызу

акциясы  «Жайқалсын  дала!»  ұранымен  жүргізілді.

Акцияға  қатысушылар  Қалалық  білім  бөлімінің  басшысы

Л.Уразбаева, қала мектептерінің директорлары және №55 орта

мектеп  оқушылары  мен  мұғалімдері.

Акцияның  мақсаты:  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  жолдау-

ынан  бастау  алған  «Жасыл  ел»  бағдарламасын    «Табиғатты

көркейтуге  өз  үлесімізді  қосамыз»  ұранымен  жалғастырып,  әр

мектеп ауласын гүлдендіру арқылы, болашаққа елеулі іс, мәрте-

белі із қалдыру.

Акция  салтанатты  ашылу  көрінісін  алды.  Мектеп  өнерпаз

оқушыларының қатысуымен қонақтар қарсы алынып, алғы сөзді

Қалалық білім бөлімінің басшысы Л.Уразбаева сөйлеп, баста-

ма берді.

Акцияның негізгі идеясын өрбітуші ҚББ басшысы Л.Уразбае-

ва жалпыға бірдей білім беру мектептерінің ұжымдарымен бірле-

се игілікті істі жүзеге асырды.

2015 жылдың 2 наурызында қалалық білім бөлімі тарапынан

құрылған 70 түрлі іс-шаралар жоспары  бойынша №32 мектеп-

гимназиясында  ардагерлер  қатысуымен  мерекелік  құттықтау

бастама  алған  болатын,  қаламызда  есепке  алынған  132  ұлы

отан  соғысының  ардагерлерін  үйлерінде 70 жылдық  мерекесі-

мен  құттықтау  жалпы  білім  беретін  мектептер  мен    мектепке

дейінгі  ұйымдар  және  қосымша  білім  беру  ұйымдары  тарапы-

нан қамқорлыққа алынып, ардагерлерді кішкене бүлдіршіндердің

мерекелік  ән-би  шашуымен  үйлерінде  құттықтаулар  ұйымдас-

тырылып, сыйақылар берілді. Ұстаздық жолды қызмет қылған

ардагер-ұстаздарымыз 70 игі  іс  барысында  қалалық  білім

бөлімімен бірлесе бірнеше мәрте кездесулер мен сұхбаттарға,

мерекелік  кештерге  қатысым  жасай  білді.  Олар  Уразғалиева

Ажар  апай    мен  Досмұратов  Сұлтан  ағай.  Бастауыш  сынып

оқушыларымен «Менің атам..» тақырыбында жоба қорғау ұйым-

дастырылып, әр бүлдіршін көзімен аталарының ерліктері еске

алынды.  Жерлесіміз батыр Әлияның мұражайында «Батыр қыз

ерлігіне  тағзым»  тақырыбында  мектеп  оқушыларының  арда-

герлермен  кездесу  саяхаты  өткізілсе,  №10  орта  мектебінде

«Жарқ  еткен  Жеңіс!»  тақырыбында  бейбітшілік  құсын  ұшыру-

мен ардагерлерімізбен кездесу, құттықтау кеші өз маңыздылы-

ғын көрсете білді. Сонымен қатар, «Жеңіс – балалар көзімен!»

тақырыбында  қаламыздағы  мектепке  дейінгі  ұйым

бүлдіршіндерінің бейбіт замандағы мерекелік көңіл күйі фести-

валь барысында көрініс алды. Мінекей, осындай  шаралардың

қорытындысы болған бүгінгі қала мектептерінің ауласында Гүл

отырғызу акциясы «Жайқалсын дала!» ұранымен 70 игі іс қоры-

тындысы  болмақшы.



Ақтөбе  қаласы.

ЖАЙҚАЛСЫН

ДАЛА!

Мереке


Мереке

Мереке


Мереке

Мереке


құтты  болсын!

құтты  болсын!

құтты  болсын!

құтты  болсын!

құтты  болсын!


28 мамыр 2015 жыл

2

Балалар бақшасы



Детский сад

А.Т.Мералина

№ 5 «Жұлдыз» әдіскері

Жалпы  ережесі:  Қоғамда  мектепке

дейінгі ұйым тәрбиешісі мамандығы тура-

лы жағымды көзқарас қалыптастыру және

мектепке  дейінгі  білім  берудің  басымды-

лықтарын  нығайту.

Байқау  міндеттері:

-Тәрбиешілердің  кәсіби  біліктіліктерін

жоғарылату, шығармашылық қабілеттерін

жетілдіру.  Теория  мен  тәжірибені  ұштас-

тыра  отырып,  кәсіптік  құзіреттіліктерін

нығайту.  Мамандықтарына  деген  жауап-

кершіліктерін арттыру, өзара тәжірибе ал-

масу.

Байқау бағдарламасы келесі турлардан



тұрады:

І ТУР «Өзін – өзі таныстыру презен-

тациясы» - тәрбиешінің шығармашылық

тұрғыда  өзін-өзі  таныстыруы  кезеңінде

қатысушы көрермендер аудиториясы ал-

дында өзінің ерекшеліктерін, мамандығы-

ның  қыр-сырын  көрсете  білуі  керек    (5

минут,  қолдаушылар  тобы 3 адамнан

артық емес)

Бағалау критерий:

-көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі;

-өз-өзін  таныстырудағы  шығармашы-

лық қадамы;

-сахналық  бейнеге  енуі;



ІІ ТУР  «Ойын –тәрбие және оқыту

тәсілі»  - тәрбиешіге басқа топ балала-

рымен қимылды ойын әрекетін көрнекілік

материалымен көрсету, 1 ойын (балалар-

дың жас ерекшеліктеріне сай).

Бағалау критериі:

-ойын әрекетін өткізу және ұйымдасты-

руда педагогтің кәсіби құзіртеттілігі (бала-

лар ерекшеліктеріне ойын мазмұны, қол-

данатын  әдіс-тәсілдерінің  сәйкестігі);

-ойын атрибуттары мен құралдары;

-ойын  әрекеті  барысында  балалардың

қызығушылығын  қолдау;

-топ балаларымен қарым-қатынас стилі;

-балалар  белсенділігін  қолдауы;



ІІІ    ТУР    «Ой  қозғау»  Тәрбиешіге  бұл

тапсырмада  өз  мамандықтарына  сәйкес

ситуациялық 1 сұрақ қойылады. Ал,  ситу-

ациялық сұрақты рольге еніп қойып береді

және шешу жолдарына жауап береді.

ІV  ТУР    «Шығармашылық  шеберха-

на» - Тәрбиеші  өз  қолымен  жасаған  бір

шығармашылық  жұмысының    (атрибут

құрал)   жасалу жолдарын суретке түсіріп,

слайд  презентация  дайындап,  қызықты

тұрғыда жарнама

жасау  - 2 минут

Бағалау  критерийі:

-жұмыстың көлемді, эстетикалық тала-

пқа сай болуы;

-шығармашылық  жұмысты  мектепке

дейінгі  ұйым  жұмысында  қолдануға

тиімділігі;



V ТУР  «Өнерлі өрге жүзер» - Тәрби-

ешінің өз қалауы бойынша өз бойындағы

өнерін көрсетеді.  (5-7 минут)

Байқау  қатысушыларын  марапаттау.

Байқау  тапсырмаларын  бағалау  нәти-

жесінде байқау жеңімпаздары анықтала-

ды.

- І, ІІ, ІІІ  жүлделі  орындар;



- Номинациялар;

Ақтөбе қаласы

А.Ж.Құлниязова

№ 32 «Қуаныш» МДҰ тәрбиешісі

Жаңа кезеңдегі білім  берудің  өзекті

мәселесі  жас  ұрпаққа-адамгершілік-руха-

ни тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие бо-

лу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру

оның  туған кезінен  басталуы  керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу  үшін  оған кө-

шет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен

ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп

бекер  айтылмаған. Сондықтан  баланың

бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,

қайырымдылық,  яғни адамгершілік  құнды

қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті

тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар  ше-

шуші  роль  атқарады.  Рухани  -адам-

гершілік  тәрбие-  екі  жақты процесс.

Бір  жағынан  ол үлкендердің,  ата-ана-

лардың,  педагогтардың  балаларға бел-

сенді  ықпалын,  екінші  жағынан-  тәрбие-

ленушілердің  белсенділігін  қамтитын

қылықтарынан,  сезімдері  мен  қарым-

қатынастарынан  көрінеді.  Сондықтан

белгілі бір  мазмұнды  іске  асыра,  адам-

гершілік  ықпалдың  әр түрлі  әдістерін  пай-

далана  отырып,  педагог  істелген  жұмыс-

тардың  нәтижелерін,  тәрбиелеушілерінің

жетіктістерін  зер  салып  талдау  керек.

Мектепке  дейінгі  жастағы баланың  ру-

хани-адамгершлік  дамуы  балабақшасы

мен  отбасы  арасындағы қарым-қатынас-

тың  тығыздығы артқан сайын  ойдағыдай

жүзеге  асады.  Әрбір  бала  қандай  да бол-

масын бір  міндетті  орындау  үшін,  өзіндік

ерекше  жағдайлар  жасалады.

Мәселен,  ойында  ұнамды  әдеттер,

өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік

сезімдер  қалыптасады,  еңбекте-еңбек

сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сон-

дай-ақ  ұйымшылдық,  жауапкершілік,  па-

рыздың  сезімі  сияқты қасиеттер,  патриот-

тық  сезімдер  жайлы  мағлұматтар.  т.  б.

қалыптасады.

Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды

адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі

міндеттері  мына  жайлармен  түйінделеді:

ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу,  балалар

мен  үлкендер  арасындағы саналы  қарым-

қатынас/  тұрмыстың  қарапайым  ереже-

лерін  орындау/  кеңпейілдік,  қайырымды-

лық,  ақын адамдарға қамқорлықпен

қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, бала-

лардың  өзара  ұжымда  қарым-қатынасын

қалыптастыру,  Отанға деген  сүйіспеншілі-

кке  тәрбиелеу,  әр түрлі  ұлт өкілдеріне

қадір  тұту және сыйлау.  Осылайша

мейірімділіктің  негізі  қаланады,  немқұрай-

дылықтың  пайда  болуына,  құрбыларына,

төңіректегі  үлкендерге  қалай  болса  солай

қарауға мүмкіндігі  жасалмайды.

Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысы-

ның  ерекшеліктерін  жетік білетін  ұстаз

халық  педагогикасын  ғасырлар  бойы

қалыптасқан салт-дәстүрлерді,  әдет-

ғұрыпты  жан-жақты терең білумен  қатар,

өркениетті  өмірмен  байланыстыра  отыры-

п, білім  берудің  барлық  кезеңдерінде

пайдаланғаны  дұрыс.  Ата-ананың  бола-

шақ  тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі  ұрпақ-

тан  ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан  ұяда  не көрсе,  ұшқанда  соны

іледі»дегендей,  ата-ананың  күн сайын

атқарып  жүрген  жұмысы-  балаға үлкен

сабақ.  Жас  балалардың  үлкендер  айтса,

соны  айтатынын,  не істесе  соны  істегісі

келетінін бәріміз  де білеміз.  Баланың

үйден  көргені,  етене  жақындарынан  есті-

гені-ол  үшін  адамгершілік  тәрбиесінің  ең

үлкені,  демек  жақсылыққа ұмтылып,  жа-

ғымды  істермен  айналысатын  адамның

айналасындағыларға көрсетер  мен  берер

тәлімі  мол  болмақ..Балаларды  адамгер-

шіліке  тәрбиелеуде  ұлттық  педагогика

қашанда  халық  тәрбиесін  үлгі  ұстайды.

Ал, адамгершілік  тәрбиелеудің бірден-бір

жолы  осы  іске  көзін  жеткізу,  сенімін  арт-

тыру.  Осы  қасиеттерді  балаға жасынан

бойына  сіңіре білсек,  адамгершілік  қаси-

еттердің  берік  ірге  тасын  қалағанымыз.

«Еліміздің  күші-  патшада,  сәбидің  күші-

жылауында»  демекші, біздің  күшіміз,  қор-

ғанышымыз,  сеніміміз-  адамгершілігіміз-

де  болуы  керек.  Ол үшін  Ақанның  осы

үш қасиетін  бала  бойына  дарыта білсек-

ұлы жеңіс  болары  анық.



Ақтөбе  қаласы

Г.Ж.Уразбаева

№ 32 «Қуаныш»МДҰ

Мереке қарсаңындағы  көтеріңкі  көңіл—

күй. Орталықтан шыққан  әсем күй  әуені

балабақшаның  барлық топтарына  тарап,

тербеп  тұр.  Зал  іші    мерекеге  сай    әсем

шарлармен  әдемі  безендірілген.

Қазақстан  республикасының  мемле-

кеттік әнұраны орындалды.

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздерме, балдырғандар және

қадірлі  қонақтар!  Бүгін  біз  Егеменді

еліміздің тәуелсіздік мерекесін тойлағалы

отырмыз.  Тәуелсіздік – ең  басты  құнды-

лығымыз.  Тәуелсіз  күні  еліміздің  барлық

азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке

екенін  білеміз.  Балалар,  сендер  тәуелсіз

қазақ  елінің  жас  ұландарысыңдар!

 Ән: «Біз өмірдің гүліміз».

Ойын: «Қарапайым доппен ойнау».

Ойын шарты: Балалар дөңгелене тұрып,

бір  біріне  доп  лақтырып,  қала  аттарын

АДАМГЕРШІЛІККЕ

ТӘРБИЕЛЕУ

ҚҰРАЛЫ — ЕҢБЕК

ПЕН АТА-АНА ҮЛГІСІ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН

айтады. Мысалы: Ақтөбе, Ақтау, Шымкент,

т.б.


Жүргізуші: Балалар отан менің үйім, ата-

анам,  жерім,  елім,  біздің  отанымыз  кең

байтақ, біздің бір ғана отанымыз бар, ол

Тәуелсіз  Қазақстан!

Еркебұлан:  Осындай  еркіндікті  ел

тілесін,


Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.

Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,

Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін.

  Ойын: «Түстерді  ажырату»  әр  түрлі

түстегі паршюттарды ажыратып, ойын ой-

найық.


Ән: «Қазақстан».

Жүргізуші:Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне

орай өткізіп отырған «Тәуелсіз елім Қазақ-

стан » атты  ертеңгілігімізге  келіп,  коңіл

бөліп,  тамашалағандарыңызға  көп - көп

рахмет.  Әрқашан  күн  сөнбесін,  аспаны-

мыз ашық, көк туымыз аспанда желбіреп,

өзге елдермен, терезесі тең болайық



 Ақтөбе қаласы

МЕЙІРІМДІ,

КЕҢ ПЕЙІЛДІ

ТӘРБИЕШІ


28 мамыр 2015 жыл

3

БАЛАЛАР  БАҚШАСЫ



ДЕТСКИЙ  САД

Ә.Ж. Пірімбетова, №6 «Орман ертегі» МДҰ тәрбиешісі

Мақсаты:  Салыстыру, логикалық есептер, сандарды ретімен қою арқылы балалардың ойлау қабілет-

терін дамыту. Жұмбақ шешу, өтілген дыбыстар сөз, сөйлем құрау, ребус шешу, тақпақ, мақал-мәтелдер

айтқызу арқылы балалардың сөздік қорын байыту.  Балалардың білім деңгейін қорытындылай отырып

білімге деген құштарлығын арттыру.



Т.О.  Дильдина,  №38 «Әлем»  МДҰ  музыка  жетекшісі

Мақсаты:  Балаларға  «Дос  болайық  бәріміз»  әнін  үйрету.Әннің  сөзін

анық  дұрыс  айтуға,

мазмұнына  сай  көңілді орындауға үйрету, дыбыс тазалығына көңіл бөлу.-

Достар  арасындағы  сыйластық,достық,сүйіспеншілік  туралы  түсініктерін  ке-

ңейту.  Өзара  сыйластық  қарым-қатынастарын  дамыту.Бір-бірімен  тату,дос

болуға тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу,сұрақ-жауап,ән  орындау.

Қолданылатын  көрнекіліктер:  үн  таспа,музыкалық  аспаптар  суреттер-

і,слайд.


Балалар әуенмен музыка залына кіреді.

Музыка  жетекшісі:  Сә-ле-мет-сіз-дер-ме,  ба-ла-лар  (әуендете)

Балалар:  Сә-ле-мет-сіз-бе.

Шаттық  шеңбер:  Қайырлы  тан  ұстазым,

Қайырлы  күн  достарым.

Ойын ойнап ән салып,

Би билейік біз бүгін.

Достар бірге

Бірге ойнап күлеміз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан дос біргеміз.(балалар орындарына отырады)



Музыка жетекшісі:   1.Дос және достық деген сөзді қалай түсінесіздер?

2. Жақсы дос деп кімді айта аламыз?

- Балалар  өз ойларымен бөліседі.

Ән  тындау: «Дос  болайық  бәріміз»(слайдтан  достық  туралы  көрсеті-

леді)


Дауыс келтіру:  ноталарды  айта  отырып  дауыс  жаттығуын  айтады.

Ән айту:  Үйренген   әндерін   орындайды.

Ән:  «Тұлпарым»

Ойын: «Музыкалық  лото»

(Қай аспаптын  дауысы  естілсе  сол  аспапты  жетонмен  жауып  отырады)

Би: «Музыкалық   калейдоскоп»

Қорытынды:(әр санның артында сұрақтар қойыла отырып қорытындыла-

нады)

Қорытынды  сұрақтар:



1.Қандай  аспаптарды  еске  түсірдік?

2.Қандай билер биледік?

3.Қандай жаңа ән тыңдадық?

4.Қандай ойындар ойнадық?

5.Музыкалық  дыбыстарды  ата?

6.Дос болу керек па?



Музыка  жетекшіс:  Сау-бол-ың-ыз-дар    Ба-ла-лар  (әуендете)

Балалар:  Сау-бол-ың-ыз.

(әуенмен  залдан  шығып  кетеді)



Ақтөбе  қаласы

МЫСЫҚ ПЕН ТЫШҚАННЫҢ ДОСТЫҒЫ



Күтілетін нәтиже: Білу:   Санау , дыбыстық  талдау  жасауды   біледі. Игеру Жақсы іс-әрекет туралы

түсініктерінің болуы. Меңгеру: Өз білімдерін ортаға сала білуді.



Ақтөбе қаласы

ДОС БОЛАЙЫҚ

БӘРІМІЗ

Ж.  Қ.  Шакенова

«Аружан»  МДМ  тәрбиешісі

Мақсаты:Салауатты  өмір  салтын

ұстануға баулу,дене шынықтыру са-

бағына  қызығушылығын  артты-

ру.Әртүрлі  жаттығулармен  танысу-

,оларды  орындау  тәсілдерін  меңге-

ру,балалардың  икемділігін,шапшаң-

дығын  дамыту.

1.Ұйымдастыру  кезеңі

2.Негізгі бөлім.

Құрметті балалар,апайлар! Бүгінгі

«Қозғалыс-өмір нәрі» сайысына қош

келдіңіздер! Көңілді жарысқа екі топ

балалары  қатысады:

«Ақбота» және «Қарлығаш»

Ұстанған  салауатты  өмір  салтын,

Жасқанып,ешқашан  мойымайтын,

ҚОЗҒАЛЫС ӨМІР НӘРІ

Болашақ спортшылар келді ортаға,

Қол  соғып  қарсы  алайық,қане

қазір!


1 кезең:Үлкен доппен секіру

2 кезең:Кегли арасымен жүгіру

3 кезең:Екі обруч арқылы қозғалу

4 кезең:Доппен жүгіру

3.Марапаттау.

Салауатты  өмір  салтын  сақтай-

мыз,

Жаттығуды  ешқашан  да  қашпай-



мыз!- «Қарлығаш»  тобының  ұраны.

Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін!- «Ақбота» то-

бының  ұраны.

Әр  топты  әділқазы  мүшелері  ма-

рапаттайды.



Ақтөбе  қаласы

4

28 мамыр 2015 жыл

БАЛАЛАР  БАҚШАСЫ

ДЕТСКИЙ  САД

Дошкольное детство- короткий, но важный период становления личности.

В эти  годы ребенок приобретает первоначальные знания об окружающей

жизни, у него начинает формироваться определённое отношение к людям,к

труду,вырабатывается навыки и привычки правильного поведения, склады-

вается характер.

Основной вид деятельности детей дошкольного возраста- игра, в процес-

се которой

развиваются духовные и физические силы ребенка: его внимание, па-

мять, воображение, дисциплинированность, ловкость и т.д. Кроме того, игра-

это своеобразный, свойственный дошкольному возрасту способ усвоения

общественного опыта.В игре формируются все стороны личности ребенка,

происходят значительные изменения  в его психике, подготавливающие пе-

реход к новой, более высокой стадии развития. Этим объясняются огром-

ные воспитательные возможности игры, которую психологи считают веду-

щей деятельностью дошкольника.Особое место занимают игры, которые

создаются самими детьми,- их называют творческими или сюжетно- роле-

выми. В этих играх дошкольники воспроизводят в ролях все то, что они

видят вокруг себя в жизни и деятельности взрослых. Творческая игра наи-

более полно формируют личность ребенка, поэтому является важным сред-

ством воспитания. Детское творчество проявляется в замысле игры и в

поиске средств для его реализации. Сколько выдумки требуется, чтобы

решить, в какое путешествие отправиться, какой соорудить корабль или

самолет, какое подготовить оборудование!В игре дети одновременно высту-

пают как драматурги, бутафоры, декораторы, актеры. Творческая коллек-

тивная игра является школой воспитания чувств дошкольников. Нравствен-

ные качества, сформированные в игре, влияют на поведение ребёнка в

жизни, в то же время навыки, сложившиеся в процессе повседневного об-

щения детей друг с другом и со взрослыми, получают дальнейшее развитие

в игре. Требуется большое искусство воспитателя, чтобы помочь детям

организовать игру, которая побуждала бы к хорошим поступкам, вызывала

бы  лучшие чувства. Воплощение жизненных впечатлений в игре - процесс

сложный. Творческую игру нельзя подчинять узким дидактическим целям, с

её помощью решаются важнейшие воспитательные задачи. Игровую роль

дети выбирают в соответствии со своими интересами, своими мечтами о

будущей профессии. Они ещё по-детски наивны, не раз изменятся, но важ-

но, что ребёнок мечтает об участии в полезном для общества труде. Посте-

пенно в игре у ребёнка формируются общие представления о значении тру-

да, о роли различных профессий.»Чем же все-таки отличатся игра от рабо-

ты? ...


 Творческая игра одно из самых сложных разделов методики дошкольно-

го воспитания. Важнейшее условие успешного руководства творческими

играми - умение завоевать доверие детей, установить с ними контакт. Очень

важно не шаблонизировать игры, а давать простор детской инициативе. Важно,

чтобы дети сами придумывали игры, ставили себе цели...

 Задача воспитателя- помочь ребенку выбрать из массы жизненных впе-

чатлений самые яркие, такие, которые могут послужить сюжетом хорошей

игры. Опыт лучших педагогов убеждает в том, что единственно правильный

путь управления игрой- создание интереса к тому или иному событию жиз-

ни, влияние на воображение и чувство детей.



г.Актобе

Г.К.  Жаңбырбаева,  №6 «Орман  ертегі»  МДҰ  тәрбиешісі

Мақсаты:  Балаларды жалпы театр түрлерімен, қазақтың ұлттық ертегілерімен және кейіпкерлерімен таныстыру.

Мақал-мәтелдер тыйым сөздер, тақпақтар айтқызып, қойылымдар көрсетіп, ойын ойнау арқылы балалардың бойына

ұлттық  сезім  сіңірген  байланыстарын  сыйлау  қабілеттерін  дамытып,  дүниетанымдарын  кеңейту.  Өз  беттерінше

бірлесіп  жұмыс  жасауға  баулу.  Әсемділікті,  сұлулықты  сезіне  білуге  көркемдік  талғамын  қалыптастыру.  Ұлттық

тәрбие беру.

Л.Т.Табышева, №39 «Достық» МДҰ тәрбиешісі

Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттері: қамқорлық, сыйластық, мейірімділік

Мақсаты: Балаларға достық -сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеті:   - қамқорлық жасау туралы білім беру.

- өзара сыйластық қасиеттерін дамыту.

- айналасына мейірімді бола білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:  достық туралы суреттік бейне.



ҚОЖАНАСЫРДЫҢ ҚОРЖЫНЫ

Күтілетін нәтиже: Білу:  Театр түрлерін атауды  біледі. Игеру: Саханалық қойылымды ойнауды   игерді. Меңгеру:

Дүниетанымдылықты,  шеберлікті,  жан-жақтылықты  меңгерді.



Ақтөбе  қаласы

«ДОС БОЛАЙЫҚ, БӘРІМІЗ»

Күтілетін нәтиже:

Білу:  Қамқорлықты ешкімнен алмаймыз,сұрамаймыз, өз жүрегімізден шығарамыз.

Үйрену: Барлық тіршілік иесіне қамқор болуды.

Меңгеру:  Айналаға  мейірімді,  жанашырлықпен  қарауды.

Ақтөбе қаласы

ТВОРЧЕСКАЯ ИГРА

В ПЕДАГОГИЧЕСКОМ

ПРОЦЕССЕ ДЕТСКОГО САДА



Ш.Г.Нажмадинова

воспитатель ДО № 5 «Жұлдыз»

28 мамыр 2015 жыл

5

БАСТАУЫШ  МЕКТЕП



НАЧАЛЬНАЯ  ШКОЛА

Г.А.Байтұрсынова,  Сазды  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Құрамында Ң   ды-

быстары  бар  сөздерді  талдау,  оларды

ажырата білуге, ң дыбысы  жөнінде дұрыс

үғым алуға үйрету. Балалардың  тілдерін

дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу.  Та-

биғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрби-

елеу.  Олар  табиғаттың  бір  бөлігі  екенін

түсіндіру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сабақ  барысы:

 I Ұйымдастыру кезеңі.



Каталог: uploads -> archive
archive -> Завершилось проведение единого национального тестирования в казахстане
archive -> Конкурсы жарияланады. Конкурс мақсаты: діни экстремизммен күре суде педагогтардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру
archive -> №10 (240) 25 желтоқсан
archive -> 235 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> 239 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> 231 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> Таралымы жазылу бойынша Распространяется по подписке
archive -> №8 (226) 28 тамыз 2015 жыл
archive -> Таралымы жазылу бойынша Распространяется по подписке
archive -> 234 25 желтоқсан 2015 жыл


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет