5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы



бет5/14
Дата06.01.2022
өлшемі293 Kb.
#16046
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
IV. Дирихле принципі

30. Сыныпта 15 оқушы бар. Туған күндерін бір айда тойлайтындай, кем дегенде, екі оқушыдан табылатынын дәлелдеңдер.

31. Қабырғасы 1 см болатын теңқабырғалы үшбұрыштың ішінде 5 нүкте орналасқан. Кейбір екі нүктенің арақашықтығы 0,5 см кем болатынын дәлелдеңдер.

32. 12 бүтін сан берілген. Олардың арасынан айырмасы 11-ге тең болатын 2 санды тандап алуға болатынын дәлелдеңдер.

33. Бүтін 9 сан берілген. Олардың арасынан айырмасы 8-ге бөлінетіндей, 2 санды тандап алуға болатынын дәлелдеңдер.

34. Сыныпта 35 оқушы бар. Олардың арасында тегі бір әріптен басталатын кем дегенде екі оқушы табылады, деп айта аламыз ба?

35. 42 бөлмесі бар, студенттік жатақханаға би кешіне 36 қонақ келді. Жатақханада бір де бір қонақ келмеген, бір бөлме табылатынын дәлелдеңдер.

36. Сыныпта 26 оқушы бар. Оқушылардың жартысынан артығы – ұлдар. Сыныпта 13 үстел болса, бір үстелде 2 ұлдан отыратынын дәлелдеңдер.

37. Орманда миллион шырша өсіп тұр. Әрқайсында 600000-нан кем ине бар екені белгілі. Орманда инелер саны бірдей болатындай екі шырша табылатынын дәлелдеңдер.

38. Қабырғасы 1 см дұрыс алтыбұрыштың ішінде 7 нүкте орналасқан. Кейбір екі нүктенің ара қашықтығы 1 см- ден кем болатынын дәлелдеңдер.

39. Кез келген үш бүтін санның арасындағы, екі санның қосындысы жұп болатыны дұрыс па?

40. Сыныпты 40 оқушы. Сол сыныптағы 4 оқүшыдан кем емес оқушылардың туған күндерін тойлайтын, жылдың бір айы табылама?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет