5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы



бет8/14
Дата06.01.2022
өлшемі293 Kb.
#16046
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
5-6 сынып о ушыларына математика п нінен сыныптан тыс саба тар а

VII. Арифметикалық есептер

99. 100 деген санды

а) алты бірдей цифрлармен;

ә) тоғыз әртүрлі цифрлармен жазыңдар.(+,: белгілерін пайдалануға болады).

100. 20 бестерді тізбектеп жазыңдар: 555......5. Қосындысы 1000-ға тең болатындай, кейбір цифрлардың арасына қосу белгісін қойыңдар.

101. 11 мындық, 11 жүздік және 11 бірліктердің қосындысынан тұратын санды жазыңдар.

102. Ондық цифрлары бірлік цифрлардан артық болатын, қанша екі таңбалы сандар бар.

103. Бірінші жүздіктің жұп сандарының қосындысы, сол жүздіктің тақ сандарының қосындысынан қаншаға артық?

104. Тізбекте 12 тоғыз жазылған: 999999999999. Олардың арасына: қосу, азайту, бөлу, көбейту білгілерін қойыңдар, 2000 саны шығатындай.

105. Жазылуында 5 деген цифра ең болмағанда бір рет кездесетіндей, 100-ден кем, қанша натурал сандар бар?

106. 3 деген цифрді пайдаланып 1000000 санын жаз, арифметикалық амалдар белгілерін және қажет болса жақшаны пайдалануға болады. Осы жазуды бөлу амалысыз жазуға болама?

107. Цифрларының қосындысы үшке тең болатындай, қанша барлығы бестаңбалы сандар бар? Жәнеде әр саннын жазылуында, 1 деген цифра бір реттен артық кездеспейді.

108. Дұрыс теңдік орындалатындай өрнекке жақшаларды қойыңдар:

270+120+390:3*5=1120

109. Тізбектеп барлық натурал сандар жазылған:

1234567891011121314.........

2005-ші орында қандай цифра жазылады?

110. Көбейтінді неше нөлмен аяқталады 1*2*3*4*5....99*100?



111. Есептеңдер:

112. Есептеңдер: (2+4+6+...+2006) – (1+3+5+...+2005).



113. 11*21*31*41*51*...*2001 – 1 деген сан 10-ға бөлінеме? Неге?

114. Бөлімі 19-ға тең бөлшекті табыңдар, -тен артық, ал -ден кем болатындай.

115. Көбейтінді неше нөлмен аяқталады? 1*2*3*...*2001*2002*2003.

116. 2002 натурал сандардың қосынды – тақ сандар. Осы сандардың көбейтіндісі тақ сан болама, әлде жұп сан болама?

117. Есептеңдер: -90-89-88-...-1+0+1+2+...+98+99+100.



118. 4000538 деген санында бес цифрді сызып тастаңдар, қалған сан ең үлкен болатындай.

119. -ден артық және 1-ден кем болатын, бөлімі 15-ке тең барлық жай бөлшектерді жазыңдар.

120. Санның 1/3 бөлігін 16-ші бөлігіне бөлгенде, қалдық 100-ге тең болады. Сол санды тап.

121. 11*21*31*41*….*91-1 саны 10-ға бөлінеме? Неге?

122.Шеңбер бойымен 5 бүтін сан жазылған, сонда ешбір көршілес екі санның және ешбір қатар тұрған үш сандар қосындысы 3-ке бөлінбейді. Жазылған санның нешеуі 3-ке бөлінеді?

123. 2-ге көбейткеде цифрларының қосындысы өзгермейтін қанша екі таңбалы сан бар?

124. 52*2* жазуында жұлдызшалардың орнына тиісті цифрларды қойыңдар, шыққан сан 36-ға бөлінетіндей. Барлық мүмкін шешімдерін көрсетіңдер.

125. 15 деген санға оң жағынан және сол жағынан бір цифрдан жазыңдар, шыққан сан 15-ке бөлінетіндей.

126. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары берілген. Оларды үшбұрыштың әр қабырғасындағы сандардың қосындысы 20-ға тең болатындай орналастыр.



127. Алты таңбалы санда бірінші цифра төртінші цифрамен бірдей, екінші – бесіншімен, үшіншісі – алтыншысымен. Сол сан 7,11,13 сандарына еселік екндігін дәлелде.

128. Көбейту амалын орындамай, бөліндіні табыңдар:

(1003*2005 – 1002) : (1003 + 2005*1002).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет