Сандық ребустар 5. Мына жазуда кейбір цифрлар жұлдызшалармен ауыстырылған. Жазуды қайта қалпына келтір. БӨЛІНГІШТІК ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚ § 12 Жұп және тақ 1.Бүтін екі санның қосындысы тақ болса, олардың көбейтіндісі тақ па, жұп па? 2. Бүтін үш санның қосындысы жұп болса, олардың көбейтіндісі жұп па, тақ па? 3. а) «4» цифрынан ғана құрастырлған сан тек «3» цифрларынан тұратын санға бөліне ме? ә) Керісінше ше? 4. Мұғалім бір парақ қағазға 20 санын жазды. Отыз үш оқушы осы қағазды бір біріне беріп және әрқайсысы қалауы бойынша осы санға 1-ді қосады немесе одан 1-ді шегереді. Нәтижесінде 10 саны шығуы мүмкін бе? 5. Шахмат тақтасының сол жақ төменгі бұрышында тұрған ат, әрбір текшеде бір рет болып, бүкіл тақтаны аралап, оның оң жақ жоғарғы бұрышына келуі мүмкін бе? 6. Шахмат тақтасына доминоның 31 тасын әрбір тас екі текшені жауып және тақтаны қарама – қарсы бұрышындағы екі текше бос қалатындай етіп қоюға бола ма? § 13. Бөлінгіштік белгілері 1. Ковбой Джо барға кіріп, барменмен 3 доллорға 1 бөтелке виски, 6 доллорға шылым шегетін түтік, 3 пәшке темекі және 9 қорап сіріңке сұрады. Солардың бағасын білмейтін еді. Бармен 11 доллор 80 цент (1 доллорда 100 цент) сұрағанда Джо револьверін суырып алды. Бармен қайта санап, қатесін түзеді. Барменнің оны алдағысы келгенін Джо қалай білді? 2. 15 санының оң және сол жағына бір-бір цифрдан тіркеп жаз, сонда шыққан сан 15-ке бөлінетін болсын. 3. 45-ке бөлдінетін, ортаңғы екі цифры 97-ге тең төрт таңбалы сандарды тап. 4. 43 санының оң және сол жағынан бір-бір цифрдан тіркеп жаз, сонда шыққан сан 45-ке бөлінетін болсын. 5. Бес таңбалы 42 х 4y саны 72-ге бөлінетіні анық, оның х және у цифрларын тап. 6. Алғашқы екі цифры бірдей, ал үшіншісі 5-ке тең үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлгенде 8 қалдық қалды. Бөлінгішті, бөлгішті және бөліндіні тап.