5-7 сынып оқушылары үшін сабақтан тыс шығаруға арналған математикадан есептер логика және тапқырлық



бет46/46
Дата24.08.2023
өлшемі436,5 Kb.
#105536
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Логикалық есептер жинағы, 5-7 сынып

14. 2-ден 6-ға дейін қалдықсыз бөлінетін сан -60. Оған 1 қосқанмен 7-ге бөлінбейді. Онда 60-ты 2,3,.... еселеп 1қосқанда ең кіші санды іздейміз. Ондай сан 301.
15. 40 басқышқа. Өйткені сіз бірінші этажда тұрсыз. Бір этажға көтерілсеңіз – екінші этажда боласыз. Ал 4 этажға көтерілсаңіз, 5-ші этажда боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек.
16.Санамақ ойнау үшін, санамақта неше сөз бар екенін білу керек. «Айыптысың» деген сөз ырғақпен 2-ге бөлінеді: айып – тысың. Сондай-ақ бастай+мыз. Сондықтан қазақша келтірілген санамақ 16 сөзден (не тіркестен, буыннан) тұрады. Ойынға қатысушы бірнеше бала болуы мүмкін. Өзіңіз бұрын шыққыңыз келсе:
1) Санамақ сағат тілінің айналу бағытымен болу керек.
2) Санамақтағы сөз санын балалардың санына бөлесіз. Егер қалдықсыз бөлінсе, сол жақта тұрған баладан бастайсыз. Екеу-ақ болсаңыздар – алдындағы баладан бастайсыз. Қалдықта – 1 қалса - өзіңнен баста. Қалдықта 2,3,4,...... қалатын болса, өзіңді 1, оңға қарай 2,3,4,..... деп санап, қалдыққа тең нөмірден бастап, сағат тілінің айналу бағытымен санап кете бересіз. Сонда өзіңіз шығасыз.
3) Келесі кімді шығарасыз? Оны өзім деп есептеп, жаңағы әдісті қолданасыз.
17. Ұлу тәулігіне 2 метрге (5-3=2) көтеріледі. 9 тәулікте 18 м, 10 – тәулщікте 18+5-3= 20 метрге, ал 11 күні кешке 20+5=25метрге көтеріледі.
18. 1) Бір рет қағазды ортасынан екіге бүктеңіз, 3, а – суретте бүктелген қағаз көрсетілген ( АВ тұйық жағы).
2) Бүктелген қағаздың тұйық жағын өзіңізге қаратып ұстап ортасынан (О нүктесінен) белгілеп алыңыз.
3) АО жағынан 72˚ бұрыш салыңыз ең болмаса жобалап алыңыз: ∟АОК = 72˚.
4) ОК сызығының боымен бүктеңіз (3, а-сурет). А нүктесі оң жаққа жоғары шықты.
5) Оң жақ бөлігін ОА жиегімен бүктеңіз (3, б – сурет). В бұрышы жоғары шықты. α1 , αбұрыштары тең болуы керек.
6) ОВ – ның бойымен тағы бір бүктеңіз (3, в-сурет).
7) Енді қиғаштап m=m (немесе n=n ) түзуінің бойымен қайшымен қиыңыз. φ бұрышы сүйірлеу, 25-30градус шамасы болу керек..
8) Қағазды жазып (ашып) қараңыз. Не шықты?
19. 1-тәсіл. 1) Тағы бір табақ алдырайық. Сонда әр табаққа 2 адамнан отырады.
2) Енді қайтадан 3-тен отыргғызғымыз келсе, 2 табақ артылу керек. Ол үшін 4 адам тұрып бір-бірден басқа табақтарға кіру керек. Сонда 3 адамнан 4 табақ болады екен.
3) Демек, қонақтар саны 3х4=12, ал табақтар саны (артылатын бір табақпен) бесеу. Сонымен 12 қонаққа 5 табақ тартылыпты.
2-тәсіл. 1) 3 адамға 1 табақтан тартқанда 1 табақ артылып қалатын болса, тағы 3 адаи керек.
2) Енді 1 табаққа 2 адамнан отырғызғымыз келсе, бұрын 2 адамға табақ жетпей қалса, енді 5 адамға жетпейді (тағы 3 адам керек еді ғой). Ол 5 адамды 3-тен отырған табақтардан 1 адамнан тұрғызуымыз керек. Демек табақтар саны 5.
3) 5 табаққа 3 адамнан отырғызсақ, 15 адам болу керек. Бірақ жетпеген үш адамды ескерсек, қонақтар саны 12 болғаны. 12 қонаққа 5 табақ тартыппыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет