5-7 сынып оқушылары үшін сабақтан тыс шығаруға арналған математикадан есептер логика және тапқырлық



бет6/46
Дата24.08.2023
өлшемі436,5 Kb.
#105536
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Логикалық есептер жинағы, 5-7 сынып

4. 5 шабадан және олардың кілтін алып келді, бірақ қай кілт қай шабадандікі екені белгісіз. Әр шабаданның өз нкілтін табу үшін, ең көп дегенде кілтті қанша рет салып көру керек?
5. Қорапта 7 қызыл және 5 көк қарындаш жатыр. Қарындаштарды қараңғыда алу керек. Олардың ішінде кемінде 3 көк және кемінде 2 қарындаш болу үшін, қанша қарындаш алу керек?
6. Жәшікте 10 қызыл, 8 көк және 4 сары қарындаш жатыр. Қараңғыда жәшіктен қарындаштарды аламыз. Олардың ішінде: а) кемінде 4 бір түсті қарындаш; ә) кемінде 6 бір түсті қарындаш; б) ең болмағанда әр түстен бір қарындаш; в) кемінде 6 көк қарындаш болу үшін ең аз дегенде қанша қарындаш алу керек?
7. Погребте бірдей 20 банкі тосап тұр. Олардың 8-і – құлпынай, 7-і – бүлдірген, 5-і – шие тосаптары. Погребте тағы да 4 банкі бір сортты және 3 банкі басқа сортты тосап қалатындай қараңғыд сенімді түрде көп дегенде қанша банкі алып шығу керек?
8. Еркін күрестен өткен жарысқа 12 адам қатысты. Олардың әрқайсысы қалғандарымен бір реттен кездесу керек. Жарыстың кезкелген мезетінде саны бірдей күреске түскен екі күрескер бар екенін дәлелде.
7. Геометриялық қоспа
Сіріңкемен жасалатын жаттығулар.
1. Сіріңкеден «үй» тұрғызылған. Екі сіріңкені қозғалтып «үйді» келесі жағына бүру керек.
2. 15 сіріңкеден суретте көрсетілгендей фигура жаса. Тең бес квадраттан құралған фигура шығатындай етіп, 2 сіріңкені ауыстырып қою керек.
3. 4 сіріңкені қозғалтып үш квадрат жасау керек.
4. Суретте көрсетілгендей фигурадан екі квадрат шығатындай етіп, 5 сіріңкені ауыстырып қою керек.
Жол таңдау
5.Сызық бойымен солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай қозғала отырып, А-дан В-ға қанша тәсілмен баруға болады? (суретті қара)
6.Саяхатшылар тобы А елді мекенінен В мекеніне барғылары келді (суретті қар әр жолдың тұсында оны жүріп өтуге кететін уақыты көрсетілген). Бұған ең кем дегенде қанша уақыт кетуі мүмкін?
7. Демалыс күні Мақсат өзінің достарына барғысы келді, олар: Ақан, Бекет, Әділ, Думан, Берік, Жеңіс, Кәрім, Серік. Ол балалардың үйлерінің өзара орналасуын және оларға апаратын жолдарының сызбасын сызды (суретті қара). Ол балаларды келесі ретпен аралады: Ақан, Бекет, Әділ, Думан, Берік, Жеңіс, Кәрім, Серік. Егер Мақсат әр үйге бір реттен ғана барған болса, онда қай үй кімнің үйі екенін анықтау керек. Мақсаттың М үйде тұратындығы және ең соңында R үйге барғаны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет