Байланысты: ӘДЕБИЕТ ТАРИХ 3 КУРС ҚЫСҚАСЫ, 5 ТАҚЫРЫП
Абайдың поэтикалық тілі-бізде кең зерттелген тақырып. Ол туралы академик Қ.Жұмалиевтың «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деген монографиясы 1946 ж. жеке кітап болып басылып шықты. «Абай поэзиясы тілі» атты еңбектің алдына қойған мақсаты Абайды қазақ әдеби тілінің негізін салушы, жаңалықтар енгізуші ретінде дәлелдеу болатын.
Қорыта айтқанда. Абай-жалғыз қазақ әдебиетінің шеңберіндегі ғана ақын емес, ХIХ ғасырдың екінші жарымындағы бүкіл шығыс әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі. Сол дәуірде Европа, орыс халықтарының шоң ойшылдары көтерген прогресивтік, жалпы адам баласылық үлкен мәселелерге Шығыс әлемінен үн қосып, шылбыр берген санамалылардың да Абай алдыңғы сапында болды. Ойы терең, түрі көркем, өзінше айтсақ, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген. Абай-қазақ ғана емес, туысқан елдердің де алдыңғы қатардағы көптеген талантты ақындарына ұстаз. Абайдан кейінгі қазақ ақындарының көпшілігi қазақтың өз әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай, орыс, шығыс, батыс әдебиеттеріне еліктеулерінің негізгі бір себебі Абайдың әсері, Абайдың үлгісі болатын.