5. Абай Құнанбаев өмірі, шығармашылығы

бет15/15
Дата07.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#19736
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ӘДЕБИЕТ ТАРИХ 3 КУРС ҚЫСҚАСЫ, 5 ТАҚЫРЫП

Қорыта айтқанда. Абай-жалғыз қазақ әдебиетінің шеңберіндегі ғана ақын емес, ХIХ ғасырдың екінші жарымындағы бүкіл шығыс әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі. Сол дәуірде Европа, орыс халықтарының шоң ойшылдары көтерген прогресивтік, жалпы адам баласылық үлкен мәселелерге Шығыс әлемінен үн қосып, шылбыр берген санамалылардың да Абай алдыңғы сапында болды. Ойы терең, түрі көркем, өзінше айтсақ, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген. Абай-қазақ ғана емес, туысқан елдердің де алдыңғы қатардағы көптеген талантты ақындарына ұстаз. Абайдан кейінгі қазақ ақындарының көпшілігi қазақтың өз әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай, орыс, шығыс, батыс әдебиеттеріне еліктеулерінің негізгі бір себебі Абайдың әсері, Абайдың үлгісі болатын.

Қазақ халқының жаңа әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, қазақтың өлең құрылысын бұрынғы қалпынан өзгертіп, әлденеше жаңа түр кіргізуші, өзінің даңқты ұлы еңбектерімен қазақ халқын басқа елдердің мәдениетімен қоян-қолтықтастыруға басшылық еткен, елін мәдениет, білім- өнерге шақырып, сол жолда бойындағы бар асылын аямай жұмсай біліп, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай 1904 жылы 23 июньде қайтыс болады.

Назарларыңыз үшін рақмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет