Байланысты: ӘДЕБИЕТ ТАРИХ 3 КУРС ҚЫСҚАСЫ, 5 ТАҚЫРЫП
Абай әуелі ел ішіндегі дін мектептерінде оқып, он жасында Семей қаласындағы Ахмет-Риза медресесіне түседі. Мұндағы оқудың бәрі де ескіше, дін сабағы еді. Онда Абай небәрі 3 жыл мұсылманша және 3 ай орыс мектептерінде орысша оқиды. Араб, парсы, түрік елдердің даңқты ақындарының еңбектерін оқиды. Науайы, Сағди, Физули, Қожа-Хафиз т.б. ақындардың еңбектерін оқиды. Ол жас кезінен бастап, араб, парсы, түркi ақындарының өлеңдеріне еліктеп, өзі де өлең шығара бастайды.
«Физули, Шамси, Сайхали», «Юзі раушан» атты өлеңдерін осы кезде жазған. 13 жасында Абайды әкесі ел басқару ісіне қосады. Абайдың жас кезіндегі өлеңдері жоқтың қасы. «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» атты өлеңі мен араб, парсы, түрік ақындарына еліктеп жазған өлеңдердің алдыңғысы 1854-1855 жылдары, соңғысы 1858-1859 жылдары жазылған. 1864 жылы 19 жасында «Әліпби» өлеңін жазады.