Латын Америкасы мен Африкадағы халық тығыздығын есептеп, басқа аймақтардың көрсеткіштерімен салыстырыңдар. Қазакстанда бұл көрсеткіш қаншаға тең? Халық тығыз орналасқан (1 км2 жерге 100 адамнан артық) аудандар қатарына Батыс Еуропа (солтүстігі мен таулы аудандарын қоспағанда), Үнді-Ганг ойпаты, Оңтүстік Үндістан, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, Ніл анғары және Нигер өзенінің төменгі ағысы, АҚШ-тың солтүстік-шығысы, Бразилия мен Аргентинаның Атлант мұхиты жағалауы жатады. Сахара, Орталық Азия, Арабия, Аустралия шөлдері, климат жағдайлары қатал Канада мен Ресейдің, Еуропаның солтүстігі, калың орманды, батпақты Амазонияда халық өте сирек тұрады.
Халыктың орналасу сипатына ерте кезден бері табиғат жағдайлары ықпал еткен. Климаты жылы, вегетациялық мерзім ұзаққа созылатын, топырағы құнарлы, ылғал жеткілікті болатын немесе қолдан суаруға мүмкіндік бар аудандарда халық ежелден тығыз орналасқан. Адамзат тарихындағы алғашқы өркениеттер осындай аудандарда пайда болды. Қоныстануға ауданның жер бедері де әсерін тигізген; халықтың 80%ы теңіз деңгейінен 500 м-ге дейінгі жазықтарда (құрлык ауданындағы үлесі 28%) тұрады (кестені қараңдар).
Халықтың биіктік белдеулер бойынша таралып орналсуы (% есебімен)
Осыған қарамастан таулы аймақтарында халқының басым көпшілігі тұратын елдер де бар. Табиғат жағдайлары қолайсыз болғандыктан құрлықтың 10%-дан астамын адам мүлде қоныстанбаған.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен ауданның көлік қатынасына қолайлылығы да халыктың орналасуына әсер еткен. Қазіргі кезде дүниежүзі халкының 1/3 бөлігі теңізден 50 км-ге дейінгі аралықтағы құрлық жолағында (бұл кұрлыктың жалпы ауданының 12%-ы) шоғырланған. Теңіз жолдары тоғысатын аралдар мен түбектерде де, әдетте, халық тығыз орналасады. Америка мен Африканың жағалауларында халыктың тығыз орналасуы еуропалық отарлаудың ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ал XVII-XX ғасырларда өнеркәсіп жедел өркендеген аудандарда халық тығыздығы артты. Халықтың шоғырлануына өнеркәсіптің белгілі бір саласын дамыту үшін қажетті табиғат ресурстарының қолайлы үйлесуі шешуші ықпал етті. Қазіргі кезге дейін Еуропа мен Американың ежелгі өнеркәсіп орталықтарында көршілес аудандармен салыстырғанда халық тығыз орналасқан.