Орталық Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған. Бұл уакыт тарихи дәуірлеу бойынша б.з.б. 5-3 ғ-лар аралығы. Олар негізінен терімшілікпен, аңшылықпен, сонымен қатар балықшылықпен де косымша айналысқан. 15-25 адамнан тұратын алғашқы адамдар қауымдық тобырларды құрады, Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар патекантроптың замандастары еді. Олар отты пайдалануды, мамонт сүйегінен, мал терісінен карапайым үй салуды үйренді.
Уақыт өткен сайын алғашқы адамдар тасты өңдеу техникасын жетілдіре түсті. Орта тас ғасыры — мезолитте ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар-минролиттер пайда болды. Адамдар тас кұралдардың жаңа түрлерін жасауды менгерді. Оны Қент тауларындағы Ақынбек тұрағынан табылған пластиналар, қырғыштар, сүргілер мен пышақтар, кескіштер, тескіштер, тағы басқа еңбек кұралдары дәлелдейді. Сонымен катар Қарағанды-15 тұрағынан жебе ұштары, микролиттер табылды. Еңбек кұралдарын жасауға кремний, кварцит, алевролит тастар пайдаланылды. Тас индустриясының гүлденген дәуірі б.з.б. 7-6 ғғ. жаңа тас ғасыры — неолит кезеңіне сәйкес келеді. Бүгінгі белгілі мәліметтер бойынша Орталық Қазақстанда, оның ішінде Жезқазған- Ұлытау және оған іргелес жерлерде неолит дәуіріне жататын Маханжар мәдениетіне тән ескерткіштер тобы айқындалған. Бұл осы өңірді кең-байтақ Қазақстанның басқа жерлері сияқты адамдардың ерте заманнан мекендегенін дәлелдейді. Олар негізінен мал шаруашьшығымен айналысқан. Энеолит, яғни мыс-тас кезеңі бұрынғы тас дәуіріндегі иңдустрияның негізінде б.з.б. 4-3 мынжылдықтарда палеолиттен қола дәуіріне өту кезеңін бастайды. Яғни, бұрынғы табиғаттың дайын өнімін тұтынудың орнына өнім өндіруші шаруашылықка кәшті, аңшылықтан мал шаруашылығына, терімшіліктен егіншілікке көшеді. Біздің өңір үшін мезолит және неолит дәуірлері аздаған түзетулерді кажет етеді. Алғашқыда мыстан жасалған қарулар — тескіштер, біздер, моншақтар, пышақтар болса, кейіннен мыстан жасалған садақтың ұштарын, найзаларды дайындады.
Энеолит дәуіріндегі адамдардың ұзақ уакыт бойы тұрған қоныстары мен бір жерге шоғырланған зираттары сирек кездеседі. Тек қана Қарқаралы ауданының Аманжолов селолық округіндегі Қарағаш зиратынан б.з.б. 3 мыңжылдықта өмір сүрген ескерткіш табылды. Бұл Енисей бойынан Оралға қарай көшкен энеолит дәуірі тайпаларьшың ескерткіштеріне ұксас келеді. Өлкенің ежелгі тарихын ондаған жылдар бойы зерттеген академик Ә.Х. Марғұлан осы өңірде мыстың, қалайының, корғасынның және басқа да металдардың ерте кезеңнен бастап игерілгенін айтады. Өңір тұрғындары мысқа қалайы, қорғасын сияқты металдарды коса отырып, қола құймалар алды. Бұл археологиялық кезең қола дәуірі деп аталады. Қола дәуірінде Орталық Қазақстан ежелгі мал шаруашылығымен қатар кен байлығының көптігіне байланысты көне металлургия өнеркәсібі кеңінен дамыған аймақ ретінде белгілі болды. Оны мекендеген тайпалар бау-бақша, егіншілікпен де айналысқан.
Сөйтіп олардың рухани және материалдық мәдениеті өз кезеңінде жоғары деңгейге жетіп, ғылымда кенінен белгілі Андронов мәдениетінін негізгі орталықтарынын біріне айналды. Қола дәуірі ескерткіштерінің таралған жері батыста Жезқазған—Ұлытау—Арғанаты—Терісакқан өзендерінің бойын алып жатыр. Бүгінде бұл өңірден қола дәуірінің 150 ірі қорымы зерттелінді. Қола дәуірі қоныстар мен зираттармен анықталып, алғашқы кезеңі — б.з.б. 18-16 ғғ. Алакөл—Атасу мәдениеті деп аталады. 2-ші кезеңб.з.б. 15-13 ғғ-ды қамтиды. Бұл Нұра кезеңі. 3-ші кезеңге б.з.б. 12-8 ғғ. ескерткіштері жатады. Бұл — Беғазы-Дәндібай мәдениеті және Доңғал кезендері. Қола кезеңіңде мал шаруашылығы басым болды (кой, сиыр, кейіннен жылқы). Қола дәуірінің еңбек кұралдары қоладан жасалған орақтар, тескіштер, пышақтар, балталар, біздер, тастан жасалған садақтың және найзаның ұштары, қырғыштар, сүйектен — ұршықтар, қалақтар, т.б. заттар. Металлургиямен және тау-кен шаруашылығымен айналысушылардын негізгі кұралдары тастан жасалған балталар, балғалар, келілер, кайлалар болған. Қола дәуірінің соңғы кезінде алғашқыда жартылай көшпелі, кейіннен көшпелі мал шаруашылығы пайда болды. Б.з.б. 1 мынжылдықтан бастап темірді адам баласы суықтай өндеу әдісімен өндіре бастады. Осындай темір қорыжан 4 пештің орны Қарағанды мемлекеттік университетінің экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Кент тауындағы қола дәуірінін соңғы кезеңіне жататын Алат қонысынан табылды. Қола дәуірінің мыс қорьггып, металлургиямен айналысқан қоныстарына Атасу, Мыржық, Бұғылы-І, Қопа-І, Қент, Әкімбек, Иекпен-1, 3 корымдары, Қарағаш, Сатан, Нұртай, Майтан, Дәндібай, Саңғыру-1,2, Тегісжол деп аталатын тұрақтар жатады. Ежелгі темір дәуірі б.з.б. 8-7 ғ-дан басталып, біздін заманымыздың 5-ғ-ымен аяқталады. Бұл ерте орта ғасырлар дәуірі. Қөптеген авторлар ерте орта ғасырлар дәуірін ғұн-сармат кезеңіне жатқызады. Ежелгі темір дәуірі Еуразия даласында сақ кезеңіне жатады. Орталық Қазақстанда бұл кезеңнің ескерткіштері Тасмола мәдениеті (б.з.б. 7-1 ғғ.) деп аталады. Орталық Қазақстанда ғұн-сармат кезеңдері зерттелмеген (к. Ақсу-Аюлы IIкешені, Археологиялық ескерткіштер, Ертедегі суландыру жүйесі; Қалашықтар, Обалар)
2 Нәсіл (фр. race, итал. razza— туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Нәсілдерді зерттейтін ғылымды антропология деп атайды.
Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1] Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:
Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.
Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.
Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.