5-Дәріс Халықтар географиясы


Негроидтік нәсілдерге тән белгілер



бет4/6
Дата11.10.2024
өлшемі74,67 Kb.
#147637
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жарат-5

Негроидтік нәсілдерге тән белгілер
Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра, әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.[2]
негройдтық нәсіл
Раса[3] (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады. ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

  • Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;

  • адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;

  • адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;

  • адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;

  • ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Р-ларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Р. жігінде аралас кіші Р-лар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Р-лар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) Р. бар. Оның өзі мынадай үш антропол. нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропол. нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар);
3. Орналасудың жалпы сипаты. Тығыздығы. Дүниежүзінде халық мейлінше әркелкі орналасқан. Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%-ы тұрады. Сонымен қатар солтүстік жарты шар үлесіне Жер тұрғындарының 90%-ы, ал оңтүстік жарты шар үлесіне халықтың 10%-ы ғана келеді (26-сызбанұсқаны қараңдар). Жалпы алғанда, халық жеке аймақтар бойынша да біркелкі таралмаған. Құрлықтын 30%-ға жуығын ғана алып жатқан Азияда халыктың 61 %-ы тұрады, үлесіне құрлыктьң 6%-ы тиесілі Аустралия мен Мұхит аралдарының халқы дүниежүзі халқының бар болғаны 0,5%-ын құрайды (сызбанұсқаны қараңдар).
Халық саны мен жерінің ауданы арасындағы сәйкессіздік салдарынан аймақтар бойынша халық тығыздығының көрсеткіштері де айырма жасайды. Дүниежүзі бойынша орташа есеппен 1 км2 жерге 49 адамнан келеді. Еуропада бұл көрсеткіш – 32, Азияда – 127, Африкада – 32, ал Аустралия мен Мұхит аралдарында 4 адамға тәң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет