5-дәріс. Ұлы ғалым Ньютонның және оның ғылыми жолы



бет2/64
Дата27.11.2023
өлшемі12,34 Mb.
#128684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Кіріспе


1-дәріс
Физика тарихының пәні, мақсаттары және зерттеу әдістері


Физика тарихының пәні – физикалық ғылымның бір бөлігі, қоғамдық құбылыс ретінде адам өмірінде қандай да бір орын алатын пайда болу және даму процесі болып табылады.
Физика тарихын қоғам мен табиғатты оқып-үйренуде ғылыми-жаратылыстық және гуманитарлық қадамдар синтезі ретінде қабылдау қажет. Ғылыми-жаратылыстық: нақтылықпен, негізділігімен, бөліктердің логикалық бастамаларымен, ал гуманитарлық: болып жатқан оқиғаларды эмоционалды сезінулермен ерекшелінеді. Сондықтан физика тарихын оқытудың ғылыми-жаратылыстық білімнің гуманитарлық бағыты ретінде қарастыруға болады.
Физика тарихын білу – физикалық білімнің толыққандылығы болып саналады.
Физика тарихын ғылым және оқу пәні ретінде қарастырғанда, бірнеше ұстанымдарға (принциптерге) тоқталамыз:

  1. физика тарихының курсын оқымас бұрын физика пәнін білу керек;

  2. физика XVII ғасырда философиядан (натурфилософиядан) бөлініп шыққанын естен шығармау керек;

  3. берілетін курстағы физика дамуы жеке қарастырылмайды, ол қоғамның даму тарихымен бірге біртұтас қарастырылады;

  4. физика тарихын оқи отыра, осы ғылымның эстетикалылығын ескермеу мүмкін емес;

  5. осы курсты оқығанда физиканың даму тарихымен танысамыз;

  6. ұлы ғылыми зерттеулермен қатар, сол ғылыми жаңалықтарға өз үлесін қосқан «ғылым қара жұмысшыларының» да еңбектерін қарастырамыз.

Ғылым ретінде физика тарихының мақсаттарын қарастырайық:

  • барлық тарихи ғылымдар сияқты физика тарихының басты мақсаттарының бірі – физиканың дамуын тарихи тұрғыдан сатылап көрсететін деректерді жинақтау;

  • жоғарыда айтылған мақсат физикалық зерттеулер тарихының барлық аспектілерін көрсете алмайды. Сондықтан оған физика ғылымының даму процесін оқытуды қосу қажет. Бұл мақсатта біріншіден, осы процестің басқадай емес, дәл осылай дамығанын түсіну үшін қажет;

  • физика тарихының келесі мақсаты – осы ғылымның даму заңдылығын зерттеу;

  • физика тарихының педагогикалылығы.

Ғылымның өзі қоғамдағы әлеуметтік өмірде үлкен рөл атқарады. Бұл әрине, адам өмірінің материалдық деңгейіне әсер етеді, ал ол физикадан жасалған ашулар мен оның болмыста қолдануымен тікелей байланысты.
Физиканың басқа ғылымдармен, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарымен байланысы өте маңызды. XVII ғасырда физика натурфилософияның бөлінбес аясы болған. Тек XVIII ғ. басында ғана еркіндік алып жеке ғылым атанды.
XVII жүзжылдықта көптеген оқымыстылар физик те, химик те, астроном да, математик те болған. Мысалы, олардың ішінде Роберт Боиль, Эдм Мариотт, Генри Кавендиш, Антуан Лавуазье, Гемфри Дэви бар. Атом түсінігін енгізерде химиктер де, физиктер де қатысқан. Осыдан барып «физикалық химия» ғылымы пайда болған.
Физика мен математика өте тығыз байланысқан. Математика табиғат заңдарының нақты ғылыми өрнегін шығару үшін физика үшін үлкен көмекші қару болуының негізі болды.
Физика мен техника да тығыз байланысқан. Техника – қолданбалы физиканың көзі болып табылады.
Физика мен философия. Біршама уақыт физикамен философтар айналысқан. Ежелгі заманда ғана емес, тіпті Рене Декарт, Вильгельм Лейбниц, Эммануил Кант, кейіннен Герман Гельгольц, Эрнст Мах, Анри Пуанкаре сияқты физиктердің өздері философтар сияқты шығып жүрген. Оларды алдымен танымдық теориясы физикаға жақын болғандықтан қызықтырды.
Физика тарихы несімен болашақ мұғалімге қажет? Тарихты білмей теорияны оқып-үйрену екіталай. Физика тарихын оқып-үйренуде мұғалім оқушының қызығушылығын арттыра алады. Физика тарихы ең алдымен мұғалімнің, содан кейін оқушының осы сабаққа деген көзкарасын өзгертіп, физикадан білімдерін тереңдете түсуге қабілеттерін арттырады.
Кез-келген ғылым ретінде физика тарихының да зерттеу әдістері бар. Соларға тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет