5-дәріс. Ұлы ғалым Ньютонның және оның ғылыми жолы



бет3/64
Дата27.11.2023
өлшемі12,34 Mb.
#128684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Қолжазбаларды зерттеу. Жалпы барлық әдебиеттер көзі екіге бөлінеді:

  • біріншілік;

  • екіншілік.

Біріншілік көздер болып қолжазбалар, хаттар, бақылау журналдары және т.б. жатады. Олар өте үлкен тарихи құндылықтар болып саналады. Өйткені, ол жазбаларды автордың ойы, сызбалары, бақылау іздері бәрі көрсетілген.
Екіншілік көздер болып жарыққа шыққан жұмыстар табылады. Бұларда автордың кейбір ойлары өзгертіліп жазылуы немесе баспалық қателер жіберілуі мүмкін. Сондықтан біріншілік көздерді оқып-зерттеу өте маңызды.
Мәнді тарихи эксперименттерді үлгілеу. Бұл әдіс, мысалы ізделіп отырған заңның ашылуы үшін танымал тәжірибе дәлдікке сәйкес келмейді, осыны көрсететін керемет қорытындыларды береді.
Статистикалық әдіс. Соңғы уақытта көп қолданылуда. Жаңа облыстарды пайда болған қазіргі заманғы физиканың дамуын талдауда табысты қолданылып жүр.
Интервью әдісі. Бұл әдіс те қазіргі заманда қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бұл әдіс біріншілік көздерді негізге алады, яғни оқымыстылардың ойлары мен идеяларына сілтеме жасайды.
Тарихи ғылымдардың бәрінде даму кезеңдері болатындықтан, физика тарихының да даму кезеңдері анықталған. Ол төрт кезеңге бөлінеді:
1-кезең. Алғашқы физикалық оқудың пайда болу дәуірі: б.э.д. XVI ғасыр. Оған ежелгі заман, антикалық кезең, Орта ғасыр (Еуропада және Шығыста) және қайта өрлеу дәуірі кіреді.
2-кезең. Физиканың ғылым ретінде қалыптасу дәуірі. XVII ғ. басынан XVIII ғ. соңына дейінгі кезең болып анықталған. Осы уақытта физиканың негізі салынып, жеке ғылым болған.
3-кезең. Классикалық физика дәуірі. Шамамен 1800 жылдан басталып 1912 жылға дейін созылған және материяның құрылысымен қоршаған орта туралы біздің түсінігімізді көтерілістік тұрғыда өзгерткен, кванттық және релятивистік түсініктердің пайда болу кезеңімен аяқталады.
4-кезең. Кванттық-релятивистік және субатомдық физика дәуірі. 1900-1905 жылдардан осы кезеңге дейін созылады. Бұл кезеңнің қашан аяқталатынын айтып болжау мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет