Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар –
Маслоу мен Роджерс. 1970 және 1980 жылдары жазылған ересектерге білім беру жөніндегі көптеген теориялықеңбектер гуманистік психологияға негізделген. Бұл тәсілде адамның өсудегі әлеуетіне ерекше назар аударылады. Өзіне деген қарым-қатынас – «гуманистік психологияның негізгі белгісі»(Tennant, 1977). Бұл әдіс адамдарға оқу объектілері ретінде қарауға қарсы шығып, сол арқылыбостандық, таңдау, уәж және сезімдерді қамтитын эмоционалдық және субъективті әлем барекенін растады. Бұл ретте ең белгілі мысал – Абрахам Маслоудың қажеттіліктер пирамидасыболуы мүмкін. Оның ең төменгі деңгейінде физиологиялық қажеттіліктер, ең жоғарысындаөзін іс жүзінде таныту орналасқан. Зерттеушінің тұжырымына сәйкес, жоғарырақ деңгейге өтутек төмен орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.Оқудағы гуманистік тәсілді анағұрлым толығырақ зерттеген Карл Роджерс сияқты. Оныңзерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан, барлық тәжірибесімен,білімімен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды. «Осындай тәсілмен оқығанда, бізбүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз» (Rogers, 1983).