М.М.Левин: «педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке тұлғаны дамыту».
Педагог-ғалым В.М.Шепель: ”Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер”
В.П.Беспалько:«технология - тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы».
Г.К.Селевко: «оқыту технологиясы − оқытудың тиімді жолдары мен үдерісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар».
Б.Т.Лихачев:”Педагогикалық технология – оқыту тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын психологиялық-педагогикалық установкалардың бiрлiгi, сондықтан да ол – педагогикалық процестiң инструментарийi болып саналады”.
Отандық ғалымдардың ой-пікірлері Ғ.М.Құсайыновпедагогикалық технологияны «мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижеге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі» деп санайды.
Ж.А.Қараевтің пікірінше: «Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты– білім алушылардың даралық тұлғасын дамыту. Енді осы ұғымға тоқталатын болсақ, педагогикалық технология техникалық және адами ресурстарды ескере отырып оқыту және білімді меңгерудің барлық үдерісін анықтап құру және қолданудың жүйелі әдісі, сонымен бірге білім берудің жолдарын айқындаудың бірі ретінде қарастырады.
Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі- оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады:
1) жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;
3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған.
2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;