Оқу үдерісінде қолданылып жүрген педагогикалық технология бағыттары ізгілік, дамытушылық, жеке қарым-қатынастарға негізделген. Ал, бұл технологиялардың дидактикалық негіздеріне: белгілі бір мақсатқа байланысты проблемалық оқыту, студенттердің қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеру, оқу қызметін саралап басқару, оқу үдерісін демократиялық жолмен ұйымдастыруды айтуға болады Педагогикалық технологияға тән белгiлер: Негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт);
Жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы);
Басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы);
Тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес қолданылады: 1. Білім беру үдерісінің жариялылығы.
2. Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы.
3. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы. 4. Дамыта оқыту ұстанымы. 5. Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы 6.Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру. Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі Білім беру технологияларын әдіскер-ғалымдар 4-ке бөліп жіктейді. 1. тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиялары 2. дамыта оқыту технологиялары 4. ұжымдық өзара оқыту технологиялары 3. проблемалық оқыту Дамыта оқыту технологиясы – оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға үйретеді.
Дамыта оқыту – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоцкий, А.Дистервек, К.Ушинскиден басталған.
Бұл теорияны алғаш негіздеп дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Элконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б. тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.