Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар. Ынтымақтастық педагогикасы (технология), Ізгілендіру принциптері. Ш. А. Амонашвилидің жеке ізгілікті технологиясы



Дата30.01.2023
өлшемі21,67 Kb.
#63715
Байланысты:
Педагогикалық қарым-қатынас




Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар. Ынтымақтастық педагогикасы (технология), Ізгілендіру принциптері. Ш.А.Амонашвилидің жеке ізгілікті технологиясы
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебіндеынтымақтастық педагогикасын əзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-əрекетінің өзіндік қорытындысы болып табылады.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары:
- Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тəрбиелеу жəне дамыту, қалыптасуына ықпал ету.
- Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
- Баланың танымдық күшін дамыту жəне қалыптастыру.
- Терең жəне толық көлемді білім алып, дағдыларды қалып- тастыру үшін жағдай туғызу.
- Тəрбие идеалы – өзін-өзі тəрбиелеу. Ерекшеліктері:
• ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
• бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;
• əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;
• рухани жетілдіру;
ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
• ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
• оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Бастауыш мектептегі ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық тұрғысынан қарау ережелері, баланың өмірде құбылыс ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның жоғары шығармашылығы болғандықтан, шексіздік пен мықтылықты көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы
– осының барлығы негізгі концептуалдық ережесі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу, жазу мен ауызша сөйлеу іс-əрекеттері, жоғарғы математикалық ұғымдарды түсініп, оны өмірде қолдана білу, кез келген іс-əрекетті жоспарлау, батылдық жəне шыдамдылық, ана тілімен қатар шетел тілдерін меңгеру, рухани байлық, табиғатты аялай білу сияқты білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы əдіс-тəсілдер керек. Ондай əдіс-тəсілдерге ізгілік, даралай оқыту бағыты, қарым-қатынас шеберлігі, оқу іс-əрекеті, жанұялық педагогика қоры жатады. Таратып айтатын болсақ, бала бақыты, таңдау бостандығы, танып- білу қуанышы, балаларға деген махаббат сезімі; жеке тұлғаны жəне өзін танып-білу, қабілеттерді дамыту, табыс педагогикасы; өзара қарым-қатынас жасау тəртібі, жариялылық; квазиоқу жəне
квазижазу, оқу жəне жазу үдерісінің материалдануы, балалардың əдеби шығармашылығы; жанұядағы салт-дəстүр, геронтология, ата- аналар сенбіліктері.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың іс-əрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық. Сабақ – тек оқу үдерісі емес, шығармашылық, ойын сабақ түріндегі балалар өмірінің жетекші формасы.
Сөйтіп, оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін өз орынында қолдану арқылы тұғаның бойындағы қабілеттерін аша отырып, рухани құндылықтарын байыта түсуге толық мүмкіндік туғызуға болатындығы анықталды.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты мен əдістерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
2. Ынтымақтастық педагогикасы мен білім беруді ізгілендіру технологияларының бір-бірінен айырмашылықтары қандай екендігін Венн диаграммасы бойынша салыстырыңыз.
3. Бастауыш мектептің пəндерін оқытуда білім беруді ізгілендіру технологиясын пайдаланудың тиімділігін көрсетіңіз

«Бəрі білім арқылы келеді!» – дейді мектеп теориясы мен практикасы. Бірақ əдебиет сабағында танымдық нəрсе түпкі мақсат емес, қайта бəрінен бұрын, адамгершілік білім ретінде адамгершілік тақырыпты өрбітіп, өткір өріп əкетудің шарты. Əлденені, тіпті көп нəрсені оқушының өзі үйде өз білімін белсене жетілдіруі арқылы жəне ендігі жерде шамадан тыс күш жұмсамай-ақ «жинақтай» алады. Арнаулы білімді жеке-жара жинақтауға да болады.
Ал адамгершілікке бірлескен жағдайда ғана қол жетеді. Ұжымда əсіресе, тəртіптің адамның адамға қарым-қатынасының моральдық
негіздеріне жақсы қол жеткізіледі. Адамгершілік жайт «тақырып»,
«проблематика» тасасында қулана тығылып қалмай, сабақ бетіне ашық қалқып шыға келгенде, балалардың кез келген тапсырманы ынталана орындайтынын байқайсың. Бастауыш сынып оқушылары оқулықты оқып, пікір таластырып, тапсырманы орындап қана қоймайды, сонымен бірге мектеп дəлізіндегі кабинетті безендіреді, түрлі ойындарды, жарыстарды да белсене өткізіп, экскурсияға аттанады. Ия, сабақ «сəттерімен» емес, бүкіл мəнісімен тəрбиелейді. Бірақ, алайда, сəттер болмайынша мəннің өзі де болмайды. Бастауыш сынып оқушыларын осы жерде «уыстан шығарып алмаймыз ба?».
Сабақ – бұл жəрдем. Əлдекімге жедел жəрдем, əлдекімге шұғыл жəрдем, ал əлдекім əзірше күте тұрады... Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімге деген зейін деңгейін, мұғалімнің олардың əрқайсысына əдеби кейіпкердің бір сəттік қана емес, сонымен бірге этикалық тағдырын оқушының көңіліне ұялататын пікірлерге деген ықыласының нəтижесімен айқындайды. Сол себептен де барлық 30- 40 оқушы сабақта болады.
Кез келген сабақты өткізгенде өмірлік, эстетикалық, адамгершілік тағылымдар болады. Тағылым ажырамастай ұштасқанда ғана ол тəрбие сабағына айналады.
«Кітапты сүйіңдер.. ол сіздерді... үйретеді...» М. Горькийдің бұл сөздерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқушыларына əрдайым айтып отырады.
Бастауыш сынып оқушылары қандай да бір ертегіні оқып шығып, оның талқылауын оқушылардан күтіп отырмай, қайта талқылау арқылы жаппай оқып шығуға итермелеу қажет. Талдау арқылы талдау үшін жағдай жасалады. Ертегіні түсініп оқып шығуға мəжбүр ететін кітаптағы бетті тауып, оған қоса қызықты етіп талдап шығу керек. Бастаған бет бүкіл ертегіге баурап кететіндей болуы керек. Сабақта бастауыш сынып оқушыларын ертегіні оқуға қарай жетелеу керек. Тəжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ең негізгі сыры – ертегі кітабын тезірек ашып, бəрін соған бағындыру. Сыныппен тілдесу – кітаптағы ертегіні сөйлетпейінше қыңыр тірлік. Сабақтың міндеті, ертегі кітабын түгел қамту емес, қайта ішінара талдау арқылы оған ықылас туғызу. Кез келген бастауыш сынып мұғалімі сабақ барысында оқушыларды қызықтыра отырып, баурап əкету принципін қалыптастыруы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет