8. Микробтың организмнен өзара әсерленуінің ұзақтығы бойынгша:
жедел инфекция – қысқа мерзімде организм микробтан арылып жазылады
созылмалы – патологиялық процестің ұзақ уақытқы созылуы
бактериятасымалдаушылық жағдай
персистенциялану жағдайы
9. Клиникалық симптомдардың айқындығы бойынша:
манифестті инфекция – көпшілік инфекциялар жатады
симптомсыз (латентті) инфекция (ұшық).
Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері:
Вирустар облигатты паразиттер және олардың НҚ-ы инфекциялық процесс қоздыра алады. Вирустардың меншікті зат алмасц қабілеттілігі жоқ болғандықтан оларға (вируленттілік) терминін қолдану дұрыс емес, оның орнына «инфекциондық» немесе «инфекциоздық» терминдерін қолданған жөн.
Вирустардың спецификалығы және органотроптылығы бар (құтыру вирусы- жүйке жасушаларында, қызылша вирусы тыныс алу органдарында, гепатит вирустары – бауыр гепатоциттарында).
Көптеген вирустардың РНК және ДНК жасуша хромосомасына тіркеліп интегративті инфекция (вирогения) қоздыра алады (гепатит В, аденовирус, герпес, ЖИТС). Вирогения кезінде вирустардың репродукциялану, құрастырылу және шығу стадиялары болмайды. Мутациялық жағдайда - шексіз бөліне бастайды.
Барлық жағдайда вирусемия болады (нейрогенді вирусты инфекцияларда болмайды).
Көбінесе вирустар иммундық жүйені зақымдайды да, иммунды тапшылық пайда болады (грипп, қызылша, ЖИТС, ұшық вирустары).
Ядроішілік немесе цитоплазмаішілік қосындылар түзуді (шешек, құтыру, ұшық, қызылша т.б.), олардың диагностикалық маңызы бар.
Вирусты инфекциялардың түрлері
өнімді (продуктивная) инфекция- жедел түрде өтеді, жасушада вирустар репродукцияланып жасушаның лизистенуіне әсер етеді, ол- ошақты және генерализацияланған түрде болады.
персистенциялану латентті (симптомсыз) және баяу инфекция (вирус бөлінбейді), созылмалы (организмнен вирус бөлініп отырады) түрде болады.