Вируленттілік – патогенділіктің жоғары дәрежесі немесе сандық мөлшері, ол арнайы бірліктермен (DLM, DCL, LD 50) өлшенеді.
DLM (dosis letalis minima) – тірі микробтардың өлім туғызатын ең аз дозасы, жұқтырылған жануарлардың 80-90% өліммен аяқталады.
DCL (dosis certa letalis ) – сөзсіз өлім туғызатын дозасы. Жұқтырылған жануарлардың 100% өліммен аяқталады.
LD 50 – жануарлардың 50% өлім туғызатын доза.
Вируленттілік факторлар:
Адгезия – жабысу, ол микробтарда арнайы адгезиндердің (рецепторлардың), кірпікшелердің тейхой қышқылы (гр+бактерияларда) ЛПС және липопротеидтер (гр- бактериялар) сыртқы қабатында мембаналық ағуыздардың (капсула құрамындағы) болуымен байланысты.
Колонизация – шырышты қабаттарда жылдам өсіп-өніп, микробтық қабықша құрып, патологиялық процесс қоздыру қаблеттілігі .
Пенентрация – эпителиялық жасушалардың, лейкоциттердің немесе лимфоциттердің ішіне енуі.
Антифагоциттік белсенділік – фагоциттердің әсеріне қарсы тұру қабілеттілігі, ол көбінесе капсула түзетін бактерияларға тән (пневмококктар, оба таяқшасы, клебсиелла, т.б)
Агрессиндер – органимзнің қорғаныс күшін басып тастайтын және қоздырғыштың патогенділігін күшейтетін заттар
Токсиндер (ақуыздар, липополисахаридтер) – микроб жасушасының ішінде эндотоксин немесе сыртқы ортаға бөлініп шығатын экзотоксин улы заттар.
Экзотоксин – химиялық табиғаты бойынша – ақуыздар: термолабильді, органотропты, улық антигендік және иммуногенді қасиеті күшті: формолиннің әсерінен анатоксинге айналады.
Эндотоксин – химиялық табиғаты бойынша ППС термостабильді: органотроптылығы жоқ, улық, аентигендік және иммуногендік қасиеті төмен: формолиннің әсерінен анотоксинге айналмайды.