5-дјріс Микроорганизмдер экологиясы. Адам организмніѕ ќалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз



бет5/5
Дата02.11.2022
өлшемі183,5 Kb.
#46895
1   2   3   4   5
Байланысты:
5-дәріс Инфекция туралы ілім

Инфекцияның түрлері

  • 8. Микробтың организмнен өзара әсерленуінің ұзақтығы бойынгша:
  • жедел инфекция – қысқа мерзімде организм микробтан арылып жазылады
  • созылмалы – патологиялық процестің ұзақ уақытқы созылуы
  • бактериятасымалдаушылық жағдай
  • персистенциялану жағдайы
  • 9. Клиникалық симптомдардың айқындығы бойынша:
  • манифестті инфекция – көпшілік инфекциялар жатады
  • симптомсыз (латентті) инфекция (ұшық).

Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері:

  • Вирустар облигатты паразиттер және олардың НҚ-ы инфекциялық процесс қоздыра алады. Вирустардың меншікті зат алмасц қабілеттілігі жоқ болғандықтан оларға (вируленттілік) терминін қолдану дұрыс емес, оның орнына «инфекциондық» немесе «инфекциоздық» терминдерін қолданған жөн.
  • Вирустардың спецификалығы және органотроптылығы бар (құтыру вирусы- жүйке жасушаларында, қызылша вирусы тыныс алу органдарында, гепатит вирустары – бауыр гепатоциттарында).
  • Көптеген вирустардың РНК және ДНК жасуша хромосомасына тіркеліп интегративті инфекция (вирогения) қоздыра алады (гепатит В, аденовирус, герпес, ЖИТС). Вирогения кезінде вирустардың репродукциялану, құрастырылу және шығу стадиялары болмайды. Мутациялық жағдайда - шексіз бөліне бастайды.
  • Барлық жағдайда вирусемия болады (нейрогенді вирусты инфекцияларда болмайды).
  • Көбінесе вирустар иммундық жүйені зақымдайды да, иммунды тапшылық пайда болады (грипп, қызылша, ЖИТС, ұшық вирустары).
  • Ядроішілік немесе цитоплазмаішілік қосындылар түзуді (шешек, құтыру, ұшық, қызылша т.б.), олардың диагностикалық маңызы бар.

Вирусты инфекциялардың түрлері

  • өнімді (продуктивная) инфекция- жедел түрде өтеді, жасушада вирустар репродукцияланып жасушаның лизистенуіне әсер етеді, ол- ошақты және генерализацияланған түрде болады.
  • персистенциялану латентті (симптомсыз) және баяу инфекция (вирус бөлінбейді), созылмалы (организмнен вирус бөлініп отырады) түрде болады.
  • абортивті инфекция- вирустың репродукциялануы тоқтайды.
  • онкогенді вирусты инфекция- жасуша вирустың әсерінен өзгеріске ұшырап қатерлі ісікке айналады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет