5-дјріс Микроорганизмдер экологиясы. Адам организмніѕ ќалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз


Вируленттілік – патогенділіктің жоғары дәрежесі немесе сандық мөлшері, ол арнайы бірліктермен (DLM, DCL, LD 50) өлшенеді



бет2/5
Дата02.11.2022
өлшемі183,5 Kb.
#46895
1   2   3   4   5
Байланысты:
5-дәріс Инфекция туралы ілім

Вируленттілік – патогенділіктің жоғары дәрежесі немесе сандық мөлшері, ол арнайы бірліктермен (DLM, DCL, LD 50) өлшенеді.

  • Вируленттілік – патогенділіктің жоғары дәрежесі немесе сандық мөлшері, ол арнайы бірліктермен (DLM, DCL, LD 50) өлшенеді.
  • DLM (dosis letalis minima) – тірі микробтардың өлім туғызатын ең аз дозасы, жұқтырылған жануарлардың 80-90% өліммен аяқталады.
  • DCL (dosis certa letalis ) – сөзсіз өлім туғызатын дозасы. Жұқтырылған жануарлардың 100% өліммен аяқталады.
  • LD 50 – жануарлардың 50% өлім туғызатын доза.

Вируленттілік факторлар:

  • Адгезия – жабысу, ол микробтарда арнайы адгезиндердің (рецепторлардың), кірпікшелердің тейхой қышқылы (гр+бактерияларда) ЛПС және липопротеидтер (гр- бактериялар) сыртқы қабатында мембаналық ағуыздардың (капсула құрамындағы) болуымен байланысты.
  • Колонизация – шырышты қабаттарда жылдам өсіп-өніп, микробтық қабықша құрып, патологиялық процесс қоздыру қаблеттілігі .
  • Пенентрация – эпителиялық жасушалардың, лейкоциттердің немесе лимфоциттердің ішіне енуі.
  • Инвазия – шырышты қабаттар және дәнекерлік тіндер арқылы өтіп, аймақтық тіндерге таралу қабілеті.
  • Патогендік ферменттер – гиалуронидаза, нейроминидаза, коагулаза, фибринолизин, лейкоцидин, уреаза, лецитиназа, протеаза, ДНК-аза, дикарбоксилаза т.б.

Вируленттілік факторлар:

  • Антифагоциттік белсенділік – фагоциттердің әсеріне қарсы тұру қабілеттілігі, ол көбінесе капсула түзетін бактерияларға тән (пневмококктар, оба таяқшасы, клебсиелла, т.б)
  • Агрессиндер – органимзнің қорғаныс күшін басып тастайтын және қоздырғыштың патогенділігін күшейтетін заттар
  • Токсиндер (ақуыздар, липополисахаридтер) – микроб жасушасының ішінде эндотоксин немесе сыртқы ортаға бөлініп шығатын экзотоксин улы заттар.
  • Экзотоксин – химиялық табиғаты бойынша – ақуыздар: термолабильді, органотропты, улық антигендік және иммуногенді қасиеті күшті: формолиннің әсерінен анатоксинге айналады.
  • Эндотоксин – химиялық табиғаты бойынша ППС термостабильді: органотроптылығы жоқ, улық, аентигендік және иммуногендік қасиеті төмен: формолиннің әсерінен анотоксинге айналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет