««5 әдістен» «50 әдіске»!!!


«Бір минуттық әңгіме» тәсілі



бет10/10
Дата19.11.2023
өлшемі27,56 Kb.
#124899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
50 әдіс

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі
Иен Майлс бойынша

Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.



Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

СТО, диалогтік оқыту,

30

«Кинометафора» әдісі
Харизма бойынша
(Н.Баринова)



Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

СТО, диалогтік оқыту, АКТ

31

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс

Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту.

Оқушының оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал етеді.

Сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады

ОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту

32

«Бес саусақ» әдісі

Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.

Бас бармақ – басты мәселе
Балалы үйрек – бірлесу
Ортан терек – ойлану
Шылдыр шүмек – шынайылық
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ОүБ. Кері байланыс

33

«Ашық микрофон» әдісі
Саймон Браунхилл бойынша

Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.

Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

ОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту, СТО

34

«Шахмат» әдісі
Саймон Браунхилл бойынша



Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу.

Маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптасады.

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.

ОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту, СТО

35

«Төрттік» әдіс
(әке, ана, бала, дос)
Сергіту сәті, топқа бірігу түрі

Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.

Оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады.

Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасауға болады.

ЖАДА

36

«Ханшайым, айдаһар, Ханзада» сергіту сәті
Харизма бойынша
(Н.Баринова)

Қандай да бір ақпарат алуда шапшаңдыққа баулу.



Оқушының шапшаң ойлауы арқылы жылдам шешім қабылдауына ықпал болады.

Екі топқа бірігіп, қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ ханзада болып, бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен ханзада болу арқылы т.с.с бірнеше рет қайталау арқылы сергіту жаттығуы жүргізіледі.

ЖАДА

37

«Сұрақ ілмегі» әдісі

Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру.

Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады.

Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.

ОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту, СТО

38

«Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі

Оқушының ойлау қабілетін дамыту

Оқушының өзіне тест құрастыру арқылы уақытты тиімді пайдаланады.

Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады.

ОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту

39

«Жалғасын тап» сергіту сәті



Оқушыны жылдам ой қорытуға баулу

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті жаңа сабақты бекітуге немесе үй тапсырмасын сұрауға да пайдалануға болады.

ОүБ, кері байланыс, диалогтік оқыту, СТО

40

«Буклет» әдісі
Саймон Браунхилл бойынша

Ақпаратты жинақтау

Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады.

Бұл әдіс топпен жасалады және «Автобус аялдамасы» әдісімен түсіндіріледі.

диалогтік оқыту, СТО



41

«Тормоз» ойыны
Сергіту сәті
Қостанай МПИ тьюторлары бойынша



Ойын сергіту, тыңдалымды дамыту, шапшаңдыққа үйрету

Бұл жаттығу арқылы топта ЖАДА қалыптасады, тыңдалым мен зейін дамиды

Шеңберде тұрып, ретімен саналады. Жүргізуші өз санын айтып, санын шапалақтайды, барлығы солай қайталайды. Сосын басқа әріптестің санын айтады, сол кезде сол әріптес әрі қарай жалғастыру керек.

диалогтік оқыту, СТО, ЖАДА



42

«Шеринг» әдісі
Харизма бойынша
(Н.Баринова)



Ой бөлісу

Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.

Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

ЖАДА, кері байланыс



43

«Ит па, мысық па?» ойыны
Сергіту сәті
Харизма бойынша
(А.Подгузов)

Ойын сергіту, тыңдалымды дамыту, шапшаңдыққа үйрету

Бұл жаттығу арқылы топта ЖАДА қалыптасады, тыңдалым мен зейін дамиды

Барлығы шеңберде тұрады, топ 2 шағын топқа бөлінеді. Жүргізуші сол жағына «Ит па?», ал оң жағына «Мысық па?» деп сұрақ жібереді. Жіберген сұрақ тез, жылдам келсе, жүргізуші растап, «Ия, ит» немесе «Ия, мысық» деп жауабын жібереді. Қай топтан тез жауап келсе, сол топ ұтады.

ЖАДА



44

«Эйлер шеңбері» әдісі
А.Ж.Егизбаев бойынша

Тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап, саралау.

Идеялар жинақталып, сараланады

А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады.

ОүБ, кері байланыс, СТО



45

«МИКС» жаттығуы
А.Ж.Егизбаев бойынша



Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасау.

Идеяларды жинақтау, түйіндейді. Әр топ шығармашылық көзқарас білдіреді.

Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.

ЖАДА, кері байланыс, ОүБ

46

«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі
Харизма бойынша
(Н.Баринова)

Ойды жинақтау, тақырып бойынша қажеттіліктерін анықтау.

Тақырып бойынша ойларды түйінделеді.

Шеңберде бірнеше бөлік болады. Әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны талданады.

ОүБ, кері байланыс

47

«Кувёртка» әдісі
Иен Майлс бойынша

Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру

Идеялар талқыланады, жинақталады

А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі.

Кері байланыс, Диалогтік оқыту

48

«Желпуіш» әдісі
(Веер)
Саймон Браунхилл бойынша

Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру

Идеялар талқыланады, жинақталады

А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.

Кері байланыс,
Диалогтік оқыту

49

«Ұшақ» әдісі
Саймон Браунхилл бойынша

Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру

Идеялар талқыланады, жинақталады




Кері байланыс

50

«Жасырын сөздер» ойыны

Идеяларды қорытындылау және кері байланыс жасау үшін

Идеялар талқыланады, жинақталады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

1 адам ортаға шығады, жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек.

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет