Бағыты: “Фауна экологиясы” Баяндама: Туған өлкемнің фаунасы



Дата18.10.2023
өлшемі377,37 Kb.
#118597

Бағыты: “Фауна экологиясы” Тақырыбы: Туған өлкемнің фаунасы


«Т. Жароков атындағы орта мектебі» КММ
Орындаған: Шарафутдинова Мадина
Жәнібек-2023жыл

«Туған өлкемнің фаунасы»

  • Мақсаты:Туған өлкемнің фаунасын зерттеу.
  • Міндеті:
  • 1.Өз өлкемімнің фаунасының ерекшеліктерін ашу.
  • 2.Қызыл кітапқа енген жануарларды таныстыру.

Қазақстанның фаунасы.

  • Қазақстанның қазіргі Фаунасы төрттік кезеңде қалыптасқан әр түрлі Фауна кешендерінен (тайга, орман, дала, шөлейт, шөл, палеотропиктік т.б.). Республика Фаунасы балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің түрлеріне бай. Республика жерінен көптеген қазба жануарлар табылды. Қазақстанның табиғи аймақтарына қарай олардың Фаунасы да әр алуан.Жануарлар дүниесі: Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүткоректілердің 178, кұстардың 489, балыктын 104 және омырткасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.

Сирек кездесетін жануарлардың мекендейтін жерлері
БҚО аудандарында кездесетін жануарлардың түрі мен көрсеткіші
Батыс Қазақстан Облысының фаунасы.
Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310 – ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді. Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Қамысты – қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр (су тышқаны) мекендейді.Орқоян кең таралған, ал облыстың солт. бөлігінде аққоян мен дала шақылдағы кездеседі.оңтүстік – батыстағы адырлы құмдарда жабайы мысық бар, кейде бұл ауданда жанат тәрізді ит кездеседі.Облыс фаунасының Республика Қызыл кітабына енген түрлер саны көбейді: омыртқалылар 53 (оның ішінде сүтқоректілердің 5 түрі, құстардың 41 түрі, жорғалаушылардың 2 түрі, балықтардың 4 түрі, дөңгелек ауыздылардың 1 түрі ) мысалы: алып соқыр тышқан, сұңқылдақ аққу, сарыбауыр қара шұбар жылан, ақ балық, каспий миногасы және т.б.
Жәнібек ауданының фаунасы.
Жәнібек ауданында жануарлардың,жыртқыш аңдардың әр түрлі түрлері бар. Мысалы, түлкі, қасқыр, дала қыраны,борсық, қаршыға, қоян, күзен,қарақұс, қарсақ, сарышұнақ және т. б. Сонымен қатар Жәнібек ауданында Қызыл Кітапқа еңген жануар киік бар.Киік– дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар.Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.[2] 2006 жылы Халықаралық табиғатты қорғау одағы “жойылу қаупі бар” деген санатпен Қызыл кітапқа енгізген еді.Бірақта киіктердің саны бүгінде 1 миллион 318 мың басқа жеткен. Әсіресе, киіктердің Орал популяциясы қатты өскен. Осыған байланысты Батыс Қазақстанда киіктер санын реттеу бойынша мәселе туындап отыр. Ал өңірлердегі шаруалар киіктер қаптап, егінді таптап жатыр деген шағым айтуда.Сондықтан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді атуға рұқсат берілгенін мәлімдеді.Ал киік санын реттеу шаралары жануарларды атуды да қамтиды.“Ғалымдар киіктер мәселесін реттеу қажет екенін айтып отыр. Бұл – Орал популяциясы. Қазір Орал популяциясының саны 800 мыңнан асады, соның он проценті реттеледі. Яғни 80 мың бас киік атылады”, - деді экология министрі.

Қазіргі таңда көптеген жануарларға қауіп төніп тұр. Оларды қорғау біздің қолымызда. Сондықтанда қазір облысымызда 3 республикалық және 5 облыстық қорықшалар, 1 қорықты аймақ, 2 табиғат ескерткіші бар.Қазір облыстың барлық қорғалатын аумағы 450мың гектар жерді алып жатыр, шамамен обылс жерінің 3%-ын қамтиды.Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау іс-шаралары ҚР 09.07.2004 жылғы № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңымен реттеледі. Жануарлар дүниесін қорғаудың негізгі мақсаттарының бірі – оларды антропогендік факторлардың болмауын қамтиды.Жануарлар дүниесін қорғау – қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптары, жануарлар дүниесін қорғау талаптарына таралады.

Қазіргі таңда көптеген жануарларға қауіп төніп тұр. Оларды қорғау біздің қолымызда. Сондықтанда қазір облысымызда 3 республикалық және 5 облыстық қорықшалар, 1 қорықты аймақ, 2 табиғат ескерткіші бар.Қазір облыстың барлық қорғалатын аумағы 450мың гектар жерді алып жатыр, шамамен обылс жерінің 3%-ын қамтиды.Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау іс-шаралары ҚР 09.07.2004 жылғы № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңымен реттеледі. Жануарлар дүниесін қорғаудың негізгі мақсаттарының бірі – оларды антропогендік факторлардың болмауын қамтиды.Жануарлар дүниесін қорғау – қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптары, жануарлар дүниесін қорғау талаптарына таралады.

Жобамды зерттей келе, мен мынадай ұсыныстар ұсынғым келеді:

1.Жас экологтардың жұмысын жандандыру керек!

2.Ауданмыздың жануарларын, өсімдіктерін іріктеп бүлдіршіндерге таныстыру!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет