5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет104/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары.
Көшпелілер о дүниеде адамдар 
өмір сүреді деп сенген. Қайтыс болған адамның тірі 
кезінде пайдаланған ыдыс-аяқ, қару-жарақ, әшекей 
бұйымдарына дейін бірге жерлеген. Олар дүниеден 
қайтқан адамды қоныс маңайындағы зиратқа ару-
лап жерлеген. Бір жыл өткеннен кейін еске алып, 
арнайы ас берген. Ас берудің өзіндік түрлі жоралғы-
лары жасалған.
Ойланыңдар 
Сынып оқушыларынан «Көкпар ойыны» деген 
мәтінді оқуды сұраңыз. Мәтіннен алған білімдерін 
пайдаланып, келесі тапсырманы жұппен орын-
дайды. Алдыңғы сабақта үйге қосымша тапсырма 
ретінде берілген салт-дәстүр түрлері бойынша жи-
нақтаған ақпараттарын пайдалануға болады. Беріл-
ген мәтін негізінде «Көкпар ойыны салт-дәстүрге 
қалай айналған?» деген сұрақ төңірегінде талдап, 
дәлелдеме келтіреді. Жұптасқан оқушылар келесі 
жұп оқушылармен өз дәлелдемелерімен бөліседі. 
Екі жұп бір-бірінің дәлелдемелерін толықтырады 
немесе өзгертеді.
Жауаптары. 
Көк бөрі үй жануарларына үнемі 
қауіп төндірген. Көшпелілердің өмірінде төрт түлік 
мал басты рөл атқарған. Рубасылар көк бөріні соғып 
әкелген адамға сыйлық беріп, оны дәріптеп, батыр 
деп атаған. Әр рудың адамдары аңшылыққа шығып, 
өз руының намысын қорғайтын болған. Мұндай 
бәсекелестік уақыт өте келе «көкпар» ойынының 
пайда болуына ықпал етті. Бұл ойын адамдардың 
бойындағы күш-қуатын, ептілігін, батылдығын қа-
лыптастырып, жылқының жүйріктігін арттырып кел-
ген.
Талқылаңдар 
Сынып оқушыларына «Саятшылық» деген мәтінді 
оқуды тапсырыңыз. Бұл тапсырма жұппен орында-
лады да, оқушылар өзара талдау жасайды. Сосын 
келесі жұппен талдайды. Одан кейін топпен тал-
дайды. Топтық талқылаудан соң, «Саятшылық кәсіп 
пе? Әлде өнер ме?» деген сұрақ қойыңыз. Оқушы-
ларға өз жауаптарына дәлелдеме келтіруді сұраңыз. 
Тапсырманы орындау барысында белгілі бір уақыт 
беріп, оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға 
бейімдеңіз.
Жауаптары
. Тасқа салынған суреттер ертедегі 
адамдардың саятшылық құрғандығының дәлелі бо-
лып табылады. Саятшылық күнкөріс әрі кәсіп көзі бо-
лып саналады. Аңшылар жыртқыш құстарды қолға 
үйрету арқылы отбасы мен руластарын азықпен 
қамтамасыз етті. Бертін келе бұл өнер дәстүрге ай-
налып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет