5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет17/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   274
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар сурет пен мәтін мазмұны негізінде 
"Алғашқы адамдар неге бірлесіп, топтасып өмір 
сүрді?" деген сұрақты жұбымен талқылайды. Оқушы-
лар тақырып бойынша жаңа ұғымдарды қаншалықты 
меңгергенін көрсетеді. "Себептерін анықтаңдар" 
тапсырмасында оқушылардан жауаптарды өзара 
бағалауды сұраңыз. Оқушылар стикерге жазылған 
себептердің ішінен ең маңызды деп санайтын себеп-
терге "+" белгісін қояды. Ең көп "+" белгісі қойылған 
жауаптар маңызды себептер ретінде аталады. Осы 
бойынша оқушылардың білімі бағаланады.
Қосымша тапсырма
Оқулықта алғашқы адамдардың рулық қоғамында 
бастапқы кезеңде аналардың беделі жоғары болға-
ны айтылған. Бірақ ол туралы арнайы тапсырмалар 
болмағандықтан, бұл мәселе кейбір оқушылардың 
қызығушылығын тудырады. Осы сұрақ бойынша 
оқушыларға қосымша ізденіп, археологтардың тас 
дәуіріне жататын аналардың мүсіндерін тапқандығын 
айтыңыз. Бұл мүсіндер қандай болған? Фотосурет-
терін жинап, фотоальбом жасауды қосымша тапсыр-
ма ретінде ұсынуға болады. 


14
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.1.
Алғашқы адамдардың өмірі (3-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін 
шығармашылық түрде көрсету.
Тірек сөздер
терімшілік
аңшылық
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. І том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жанайдаров О. К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. І том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006. 
Оқулық: Алғашқы адамдардың өмірі,
14-15-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
алғашқы адамдар қалай 
өмір сүрді?
 
Сабаққа дайындық
Сабаққа дейін стикерлер, Ежелгі Қазақстан та-
рихына арналған атлас, алғашқы адамның атынан 
"Менің бір күнім" тақырыбында күнделік жазу үшін 
жазылымға қажетті сөз тіркестерін дайындап қою 
қажет. Дайындалған сөз тіркестері осыған дейін 
алған ақпараттарды жинақтап, алғашқы адамдар-
дың өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтуы тиіс. 
Күнделікте жазылатын сөз тіркестерінің үлгілері 
мынадай:
• Мен таңертең ұйқыдан тұрып, жасайтыным ... .
• Менің қарным аш, сондықтан ... .
• Қазір аңға шығатын уақыт болғандықтан, ... 
• Күн батып бара жатқандықтан, ... .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет